Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Психофизикалық әдістермен түйсікті зерттеу.

Мәліметтерді алғаш және қайта өңдеу туралы жалпы ұғым. | Тақырып 5. Корреляциялық зерттеулерді жоспарлау. | Тақырып 6. Психологиядағы зерттеудің әдіс-тәсілдері туралы түсінік. | Психологиялық- педагогикалық эксперимент.. | Тақырып 7. Вербалды-коммуникативті әдістер | Тақырып 9. Тестілеу | Тестік тапсырмаларды талдау және өңдеу. | Жұмыс мақсаты | Барлық қарастырылѓан модельдер экспериментті тексеру нәтижесімен дәлірек сәйкес келеді (Налимов). | Тақырып 12. Рангтік корреляция әдісі. |


Кез- келген эксперименттің өзінің ғылыми зерттеуі, әдістемесі, эксперимент пен теория байланысы, психологиялық эксперименттегі этика проблемасы, тест шкалалары мен стандарттау, беріктілігін тексеру т.б. эксперименталды қарым- қатынастан тұрады. Соның бірі- психофизикалық әдістермен түйсікті зерттеу.

Қоршаған орта туралы мәліметтерді түйсік арқылы аламыз. Түйсік деген сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның сезім мүшелеріне әсер етуінен пайда болатын бейне. Түйсік қоздырғыштың энергиясы организмнің нерв процестерінің энергиясына ауысқанда пайда болады. Түйсіктің физиологиялық негізі ретінде адекватты анализаторға, қоздырғыштың әсерімен ынталандыратын нерв процесі болады. Түйсік шартты сипатта болады. Біздің организмнің афферентті жүйелері бізді қоршаған әлемнің жағдайын, сондай- ақ аз немесе көп дәлдікпен біздің денеміздің жағдайын бейнелейді, яғни азды- көпті сезімтал болады. Эксперименталды түрде ең аз түйсік пайда болатын қоздырғыштың минималды интенсивтілігін анықтауға болады. Бұл қоздырғыштың минималды интенсивтілігін психофизиканың негізін салушы Г.Т. Фехнер сезім мүшелерінің сезімталдығының абсолютті табалдырығы деп атаған. Сезімталдықтың абсолютті табалдырығымен сезім мүшелерінің сезімталдығы арасында кері пропорционалдық байланыс: табалдырық төмен болған сайын, сезімталдық жоғары болады.

Оны былай жазуға болады: 1__

Е= RL

мұндағы Е- сезімталдық; RL- сезімталдықтың абсолютті табалдырығы.

Сезім мүшелері арқылы адам қоздырғыштардың бар немесе жоқтығы туралы ғана емес және де қоздырғыштарды сапасы және күші арқылы айырады. Түйсіну интенсивтіліктердің айырмашылығына әкелетін қоздырғыштардың 2 интенсивтіліктері арасындағы минималды айырмашылықты айыру табалдырығы немесе сезімталдықтың айырмашылық табалдырығы деп атайды (DL). Айыру табалдырығымен кері пропорционалдықта болатын шама айыру сезімталдығы (Ed): табалдырық төмен болған сайын, ол жоғарылайды:

__ 1_

$$$ 1 Ed = DL

ХІХ ғ. неміс физиологы Э. Вебер минималды қосымша қоздырғыштың шамасының (∆R) ынтаның бастапқы мәніне (R) қатынасы тұрақты болғандықтан, сезімталдықтың айыру табалдырығының шамасы салыстырмалы екенін дәлелдеген: ∆R

R = const.

Осы заңға сүйене отырып және интенсивтіліктің өсімшесін өте аз шама ретінде алуға болатынын ескере отырып, Фехнер интенсивтіліктің өзгеруін физикалық қозғарғыштың күшіне байланыстылығын мына формуламен көрсеткен: Еd = c log r

мұндағы Ed- сезімталдық айырымы; с- натуралды логарифмнен ондыққа көшкендегі тұрақты; r- әсер ететін қоздырғыш шамасының сезімталдықтың қатынасы, яғни ___ R__

$$$ 2 R = RL

 

Психофизикалық заңды Г.Фехнер былай тұжырымдаған: түйсіну шамасы ынта шамасына пропорционал емес, ал ынтаның шамасының логарифміне, егер ол өзінің табалдырық шамасы арқылы берілсе, яғни соңғы шама түйсіну пайда болып және жоғалып кеткен жағдайдағы бірлік. Сезімталдық табалдырығының абсолютті және айырма шамалары оларды өлшеу жағдайына байланысты. Оны анықтайтын негізгі фактор болып өлшеулер жағдайына сезім мүшелірінің бейімделуі. Бейімделу деп- бұл жағдайда өзгермелі сыртқы жағдайларға анализатордың қалыптасуы.

Сезім мүшелерінің бейімделуінің, сезімталдықтың абсолютті табылдырығының өзгеруіне әсер етуін көздік қараңғылық және көздің жарыққа бейімделу мысалынан көреміз.

Г. Фехнер сезімталдықтың абсолютті және айырма табалдырықтарын есептеудің бірнеше әдістерін көрсетті. Олар аз ғана түйсінуді бейнелейтін қоздырғыштың интенсивтілігін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл әдістер арасындағы айырмашылық- қоздырғышты ұсыну тәсілінде және зерттеудің алғашқы нәтижелерді статистикалық өндеу тәсілінде.

Сезімталдықтың абсолютті табалдырығын анықтау әдістері. Ең алдымен минималды өзгеру немесе шекаралар әдісін қарастырайық. Әдістің мазмұнын атынан көруге болады: таңдалған ынталар континуумын оның дискретті мәндердің айырмашылығы минималды болатындай қылып алу керек.

Ынталарды ұсыну өспелі және кемімелі ретте болады. Әрбір ынтаны ұсыну тізбегіне жауаптар ауысу шекарасын көрсетеді. Табалдырықты өлшеуді ынталардың кемімелі тізбегінен бастайды, яғни бастапқы мән ретінде анық қабылданатын ынтаны алады. Табалдырық ынта аралық интервалдың ортасында орналасқан, яғни әлі қабылданатын және қабылданбайтын ынталардың ортасында. Осылай өспелі ынта қатарын да анықтайды. Өспелі және кемімелі қатарға жауаптар шекаралары сәйкес келмейді. Ол тек зерттелетін адамдарда қайталанатын қателер- үйрену және тосу қателері болған кезде байқалады. Әрбір өспелі және кемімелі қатарда 1 зерттеуде 6 дан 15 ретке дейін тексерді. RL сезімталдықтың абсолют табалдырығы ретінде пайда болу және жоғалу табалдырығының орта арифметикалық мәні есептеледі: ∑L__

RL= N

мұндағы: RL- сезімталдықтың абсолют орта табалдырығы: L- әрбір ынта қатарындағы табалдырықтың мәні; N- ынта қатарының жалпы саны. Зерттелетін адамның жауаптарының вариативтілігін орта квадраттық ауытқу көмегімен анықтайды. Жіберілген қатенің орта мәнін қалыпты деп атайды:

δ

δ RL= √N-1

мұндағы δ – RL- дің орта квадраттық ауытқуы; N- іріктеу көлемі.

Сезімталдықтың абсолютті табалдырығын анықтайтын 2- әдіс- тұрақты қоздырғыштар әдісі немесе тұрақтылар әдісі. Бұл әдіс табалдырықты шекара диапазонын анықтауға бағытталған тәжірибе өткізуді талап етеді.Табалдырықты шекара деп зеріттелетін адам әрқашан ынтаның әсерін сезе бастайды немесе сезбейтін шекаралардың қоздырғыш интенсивтілік диапазоны. Тәжірибеден табылған шекараны интервалдарға бөледі (5 тен 9 дейін). Сондықтан табалдырықты шекарада барлық ынталар шамаларының айырымы бірдей.Тәжірибе жүзінде бұл интенсивтіліктілер тұрақты болады. Тәжірибе кезінде әртүрлі интенсивтілікті ынталарды кез- келген ретте ұсынады, әрбір интенсивтіліктің ынталарын бірдей ретте ұсыну керек.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 1060 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрістер| Тақырып 3. Интерпретация және зерттеу нәтижесін өңдеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)