Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәрістердің қысқаша жазбасы

Пәннің мақсаты | Пәннің міндеттері | Пәннің мазмұны | Негізгі әдебиеттер тізімі | Осымша әдебиеттер тізімі | Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілушілік | Тақырып. Сенімділікті бағалау. | Тақырып. Өнім сапасын бақылау. Сапа деңгейін тиімділеу. | Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері. | Тақырып. Дәлдік шек бірліктері. Дәлдік қатарлары (дәлдік шек қатарлары). Қондырғыларды есептеу және таңдау. |


Читайте также:
  1. Дәрістін қысқаша курсы
  2. Домалау мойынтіректерінің даму тарихынан қысқаша мәліметтер және жалпы түсінік
  3. Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат
  4. Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат
  5. Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат
  6. Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат

Тақырып. Кіріспе. Ғылым ретінде квалиметрия пәні және оның мазмұны. Квалиметрия анықтамасы. Квалиметрия ұғымының жүйесі.

Дәріс жоспары

Квалиметрия анықтамасы.

Квалиметрия объектілері

Квалиметрияның түсініктерінің жүйесі.

 

Квалиметрия анықтамасы. Квалиметрия (латынша qualis —сапасы бойынша қандай және...метрия) — әртүрлі объектілердің сапасының сандық бағалайтын әдістерін біріктіретін ғылым саласы. Квалиметрияның басты мәселесі: сапа көрсеткіштерінің номенкла­турасын негіздеу, объектілердің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері мен олардың оптимизациясын, типо­размер оптимизациясы мен параметрлік өнімін жетілдіру, жалпы сапа көрсеткіштерінің принциптерінің құрылуын жетілдіру және сапа көрсеткіштерін басқару мен стандартизация мәселесінде оларды қолдану шарттары.

Квалиметрия объектісі болып кез келген «сапа» түсінігіне келетін объектілер бола алады. Көптеген өнеркәсіптік өнім объектілеріне қолданатын ережелер мен әдістер ауылшаруашылық өнімдері объектілеріне де жарайды, сонымен қатар «табиғи» өнімдерге де (олар табиғатпен өндірілетін өнімдер —саңырауқұлақ, жеміс, жабайы жеміс, дәрілік шөптер, балықтар, құстар және т.б.) жарайды.

Шекарадан әрі квалиметрия өнімді өндіруші фирмалардың тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген ұмтылысы өнімнің өтісі мен максималды пайда табуды қамтамасыз ету үшін дамуы жоғары бәсекелестікпен шарттастырылған. Бұл жетілдірушілерді бәсеке өнімдерін талдатады, оны сәйкес бағалау әдістемелерінсіз жасау мумкін емес. Көптеген мемлекеттерде, мысалы АҚШ-та, жоба алды өнім сапасының бағасы сапаны қамтамасыз ету барлығымен мойындалған принциптерінің бірі болып табылады. Квалиметрия мәселелері 1971 жылдан бастап Еуропалық сапа басқару мекемесінде – ЖЕМ халықаралық конференцияларда талқыланады.

Квалиметрия объектілері.Квалиметрия объектілері болып:

1.Өндірістік үрдіс, технологиялық үрдіс, технологиялық жүйе немесе оның элементтері (технологиялық комплекс, технологиялық жабдық т. б.).

2.Өнім.

2.1. Бұйым (машина жасаудың, жеңіл өнеркәсіптің және т.б.).

2.2.Мағлұмат.

2.3. Өнім (химиялық,биологиялық т.б.).

3. Қызмет (мекемеге, халыққа,жеке адамға деген),жұмыс.

4.Зиялылық өнім.

4.1.Технологиялық әдіс.

4.2.Бағдарламалық өнім.

4.3. Ғылыми өнім (концепция, әдістеме және т. б.).

4.4. Басқа материалдық емес өнімдер (ұйымдастыру жүйесі, схема, карта және т.с.с).

Халықаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын өнім мен қызметті қамтамасыз ету мен баға саласындағы негізгі түсініктер мен ережелер ХСМ мен ХЭК халықаралық мекемелер мен Қазақстан Республикасының Мемлекттік стандарты құжаттарымен анықталады

Стандарттаудың халықаралық ұйымы Стандарттаудың халықаралық ұйымы (СХҰ) — International Organization for Standartization —1947жылы құрылған. Оның мақсаты – стандарттаудың дүниежүзілік масштабқа араласуы.

Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) 1904 жылы болған Халықаралық электротехникалық конгресстің шешімі бойынша 1906 жылы негізделді. Оның мақсаты – электроника, радиоэлектроника және байланыс салаларында стандартизация мен ұқсас сұрақтар мәселесінде халықаралық қызметтестікке итермелеу. ХЭК өзінің ұлттық сатандарттау бойынша жұмыстарында әр түрлі мемлекеттерде қолданылатын ұсыныстар мен стандарттарды шығарады.

Стандарттаудың халықаралық ұйымының стандартында 8402 — 94 «Сапаны басқару мен сапаны қамтамасыз ету.Сөздік» «сапа» сөзіне мынадай түсініктеме беріледі:

Сапа — орнатылған және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі бар объектінің мінездемелерінің жиынтығы.

Сапа мына көрсеткіштермен сипатталады:

Өнімнің сапа көрсеткіші — өнімнің қасиетінің бір не бірнешеуінің оның сапалық қасиетін құрайтын сандық сипаттамасы.

Өнім сапасының дара көрсеткіші — өнімнің сапасының қасиеттерінің біріне мінездеме беретін көрсеткіш.

Өнім сапасының комплексті көрсеткіші — өнімнің сапасының бірнеше қасиеттеріне мінездеме беретін көрсеткіш.

Мінездеме беретін қасиеттеріне байланысты сапа көрсеткішінің бірнеше тобын атап көрсетуге болады:

1. Техникалық эффектінің көрсеткіштері (арналуы) — арналуы бойынша өнімнің қолданылуынан пайдалы эффектіге мінездеме беретін және оның қолдану саласын шарттастыратын көрсеткіштер.

2. Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік көрсеткішіне мінездеме беру үшін алдымен түсінктерді қарастырып шығу керек:

Сенімділік—объектінің бекітілген уақыт аралығында оның параметрлерінің мәндерін сақтай алу қасиеті.

Тоқтаусыз жұмыс істейтіндік — объектінің белгілі бір уақытта үздіксіз жұмысқа қабілеттілік қалпын сақтау қасиеті.

Жұмысқа қабілеттілік күйі, жұмысқа қабілеттілік — Объектінің параметрлері бекітілген шектерде болатын күйі.

Тоқтап қалу — Жұмысқа қабілеттілік күйінің бұзылу оқиғасы.

Ремонтқа жарамдылық — объектінің жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыру мен көтермелеуге бейімді қасиеті.

Ремонтқа жарамдылыққа сипаттама беру үшін ремонттың орташа ұзақтығы (қиындық келтіру, ақы) қолданылады.

Екі қасиеттің бірлесуі – тоқтаусыз жұмыс істейтіндік пен ремонтқа жарамдылық үшін дайындық коэффициенті мен техникалық қолдану коэффициенті қолданылады. Дайындық коэффициенті – бұл объектінің арналуы бойынша қолданылуы қажет кезде кез келген уақытта ремонтқа жарамдылық күйде болу ықтималдығы. Техникалық қолдану коэффициенті – бұл объектінің белгілі бір уақытта жұмысқа қабілеттілік қалпында болу уақытының матеметикалық күтуінің объектінің жұмысқа қабілеттілік қалпында және сол уақытта ремонт пен техникалық қызметтің әсерінен іссіз тұрып қалуы қалпындағы уақыттың математикалық күтуінің қосындысына қатынасы.

Сақталу — объектінің сақтау мен тасымалдау кезінде және арналуы бойынша қолдану уақытының үзілісінде жұмысқа қабілеттілікті сақтау қасиеті.

Сақталуға мінездеме беруде тоқтаусыз жұмыс істейтіндікке сипаттама бергендегі көрсеткіштерді қолдануға болады, бірақ жұмыс режиміне емес, сақтау режиміне қатысты алғанда.

Көпке төзу — объектіге орнатылған техникалық қызмет пен ремонт жүйесінде жұмыс істеуге немесе белгілі бір уақыт аралығында шек мәнге келтірмеу қасиеті.

Көпке төзу көрсеткіші болып шекті қалыпқа келуге кеткен орташа уақыт – орташа ресур табылады. Көпке төзудің басқа көрсеткіші болып орташа жұмыс жасау уақыты – шекті қалыпқа жетуге дейінгі күнтізбе уақыты табылады.

3. Ресурстарды үнемді қолдану көрсеткіштері – бұл өнімді дайындау мен тасымалдау кезіндегі материалдық шығынға мінездеме беретін көрсеткіштер: өнім массасы; отын шығынының пайдалы жұмыстың бірлігіне қатынасы; операторлар, агрегатқа қызмет көрсетуші саны

4. Эргономикалық көрсеткіштер — адамның қолданылуына қолайлығы жағынан өнімнің сапасына мінездеме беретін көрсеткіштер.

Оларды үш топқа бөлуге болады:

Антропометриялық көрсеткіштер – адам денесінің формасы мен өлшемі жағынан қарағандағы өнімді сипаттайды. Ондай көрсеткіштердің мысалдары — автомобильдегі жүргізушінің отыру орнының жоғарылығы, отыру орнының арқа жағының еңкейіс бұрышы, басқару рычагтарына дейінгі ара қашықтық.

Физиологиялық көрсеткіштер өнімге адамның күшінің мүмкіндігі, оның мүшелерінің мүмкіндіктері жағынан – көру, есту жағынан сипаттама береді. Мысалы, механизмнің тұтқасына, руль дөңгелегіне түсіретін күш, датчиктер ақпаратының әр түрлілігі

Гигиеналық көрсеткіштер өнімнің гигиеналық қасиеттеріне – шу, діріл, сәулелену, температура, ылғалдылық, шаң басып қалу деңгейіне сипаттама береді.

5. Эстетикалық көрсеткіштер — эстетикалық көрсеткіштерге – форманың ұтымдылығы, композиция тұтастылығына мінездеме береді. Тұрмысқа арналған өнімдер үшін бұл тауар өңі, сәнге сәйкес келуі. Эстетикалық көрсеткіштер әдетте баллмен бағаланады, оларды бақылау арнайы эксперттік комиссиямен өткізіледі.

6. Экологиялық көрсеткіштер өнімді қолдану кезіндегі табиғатқа келтіретін зиянды факторлардың деңгейіне сипаттама береді. Бұл әсерлер атмосфераға зиянды заттарды шашу, жердің және судың ластануы түрінде көрінеді. Мұндай көрсеткіштер мысалдары — автомобильдердегі жарамсыз газдардағы көмірқышқыл газының құрамы.

7. Өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштері қызмет көрсетуші қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолдану кезінде түйіндес объектілерге сипаттама береді. Мысалы, қысқаша тұйықталу кезінде қорғаныстың дереу жұмысқа келуі, автомобильдің кабинасының төзімділігі, таулы жерлерде қолдануға арналған трактор тұрақтылығы.

Атап өткен көрсеткіштер топтарының ішінде өнімнің сапасына сипаттама беретін өнімнің өз спецификасымен қатар, оның қолданылу жағдайы спецификасымен шартталған басқа қасиеттерге сипаттама бере алатын көрсеткіштер қолданыла алады, мысалы, бөгеттен қорғалу, жасампаздық, сәулеленуден қорғау, күн радиациясы және т.б. көрсеткіштер, сонымен қатар, өнімді жасау, жетілдіру мен тасымалдау жағдайларына байланысты көрсеткіштер: стандарттау мен унификация көрсеткіштері, патентті-құқықтық, технологиялылықтық, ғылымилық, тасымалдауға болатындылық және т. б.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СДЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары:

1. Квалиметрия жүйесінің түсініктері.

2. Өнім сапасы. Сапаға деген негізгі талаптар.

3. Квалиметрия қарастыратын мәселелер.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 428 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі| Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)