Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Дәлдік шек бірліктері. Дәлдік қатарлары (дәлдік шек қатарлары). Қондырғыларды есептеу және таңдау.

Пәннің міндеттері | Пәннің мазмұны | Негізгі әдебиеттер тізімі | Осымша әдебиеттер тізімі | Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілушілік | Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Дәрістердің қысқаша жазбасы | Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері. | Тақырып. Сенімділікті бағалау. | Тақырып. Өнім сапасын бақылау. Сапа деңгейін тиімділеу. |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  4. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  5. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  6. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  7. Lt;variant>ие болмайды және жатпайды

Дәріс жоспары

Рұқсаттама бірліктері.

Дәлдік қатарлары (рұқсаттама қатарлары).

Отырғызбаларды таңдау және есептеу.

 

Өңдеу қателіктері өңделетін диаметрдің үлкеюінен өседі және дайындаманың берілген дәлдігін алу қиынырақ болатынын тәжірибе көрсетті. Арнайы зерттеулер арқылы әр түрлі өңдеу түрінде диаметрмен дайындама қателігі арасында тәуелділік түрі орнатылған. Бұл мәліметтер өлшеміне байланысты бөлшекті дайындау қиындығын сипаттайтын рұқсаттама бірлігі (і) - өлшем деп аталатын өлшемді орнату арқылы РОБЖ құрылу негізіне жатады.

Бұл рұқсаттама бірлігі өлшемдерге рұқсаттама шамасын есептеу үшін қолданады.

РОБЖ жүйесінде 500 мм-ге дейінгі өлшемдер үшін

мұндағы — әрбір интервалдан шеткі өлшемдердің орташа геометриясы, мм; i — рұқсаттама бірлігі, мкм.

Мысалы, 6-дан 10 мм-ге дейінгі интервал үшін . 3 мм-ге дейінгі бірінші интервал үшін .

Рұқсаттамалар жүйесінде әр номиналды өлшем үшін қабылданған функцияларды орындаудағы бөлшектің нормаланған элементінің қандай рөл ойнайтынына байланысты рұқсаттаманың әр түрлі шамасының тағайындалу мүмкіндігін қарастыру. Бұл әбден көрініп тұр, себебі дайындаманың диаметріне рұқсаттама, мысалы, бұрайтын аспап үшін сабы номиналды өлшемдері бірдей болатын, яғни бір өлшем интервалдарына жататын сорғыш поршенінің немесе гидравликалық домкраттың рұқсаттамасынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс.

Бұл жағдай әрбір өлшем интервалдары үшін мүмкін болатын рұқсаттамалар мәні қатарынан керек рұқсаттаманы таңдау мүмкіндігін беруін қажет етеді. Рұқсаттамалар қатары РОБЖ-да квалитет деп аталатын дәлдік қатарларын орнату мүмкіндігінің орындалуын қамтамасыз етеді.

Квалитет (дәлдік класы, дәлдік дәрежесі) — барлық номиналды өлшемдер үшін дәлдіктің бір деңгейіне сәйкес келетін рұқсаттамалар жиынтығы.

Әрбір квалитеттердегі рұқсаттама мәні дәлдік коэффициенті а деп аталатын тұрақты рұқсаттама бірлік санымен сипатталады. Рұқсаттама келесі формула бойынша анықталады:

Т = а • i,

мұндағы Т — нақты рұқсаттама жүйесіне қатысынсыз рұқсаттама белгіленуі; а — берілген квалитет, дәлдік класы және дәлдік дәрежесі үшін анықталған рұқсаттама бірлік саны; i — нормаланған өлшем мәніне байланысты рұқсаттама бірлігі.

РОБЖ-да 20 квалитет қарастырылған (01; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17 и 18). Квалитет нөмірінің өсуі рұқсаттаманың өсуіне сәйкес келеді. Рұқсаттама, мысалы, 8 квалитет бойынша былай белгіленеді: IT8 (IT - International Tolerance (халықаралық рұқсаттама)).

РОБЖ үшін кейбір квалитеттер үшін рұқсаттама бірлігінің саны 1 кестеде көрсетілген.

 

Кесте 1

Квалитет                            
а мәні                            

 

Механизмдердің қажет қанау қасиеттері бөлшектердің бір-бірімен қосылуы кезінде сәйкес отырғызба таңдауын қамтамасыз етеді. Отырғызба таңдауы техникалық қана емес, сонымен қатар экономикалық есеп болып табылады, оның дұрыс шешімі көбінесе өнім сапасының қамтамасыздандырылуына ғана емес, және де өндіріс тиімділігіне де әсер етеді.

Әдетте құрастырушылар өздерінің тәжірибесінде рұқсаттама жүйесінде қолдануға ұсынылған отырғызбалар көптігіне қарамастан, отырғызбаның әр түрінің кейбір шамасын (10-нан көп емес) қолданады. Отырғызбаның қажет параметрлерін анықтау үшін негіз аналитикалық есептеулердің, эксперименталды зерттеулердің, сонымен қатар жиналған өндірістік тәжірибе нәтижелері болып табылуы мүмкін. Келтірілген әдістердің қайсысына жоғары баға беру керектігі бір текті сұрақ емес, себебі, өте көп мәселелерді қозғайды. Бірақ өте жиі жұмыс шарттары бәріне мәлім және тәжірибеде қолдану өзін-өзі ақтаған ұқсас қосылыстарға қарап отырғызбаларды таңдайды. Көбінесе дайындаушы мен ұйымның өзіндік тәжірибесі қолданылады, ал білімді жинаудың бірінші периодында басқалардың тәжірибелерін есептеу тиіс.

Сериялы өндіріс шарттары үшін жауапты қосылыстарды отырғызбаларды таңдауда қолданатын эксперименталды зерттеулер нәтижелеріне ұшыратады.

Отырғызба параметрлерінің аналитикалық есептеудің осы күнгі әдістемесі негізінде жуықталған болып табылады, себебі, әр түрлі жорамалдар кезінде отырғызба қасиеттеріне әсер ететін барлық факторларды есептей алмайды. Есептеудің мұндай әдістемесі (сонымен қоса ЭЕМ-ге де) өнімнің болжанатын қанау шарттарында берілген функциялардың орындалуын қамтамасыз ете алатын отырғызбалардағы саңылау немесе кертпелердің шамаларын алдын-ала анықтау үшін қолданады.

Қазіргі уақытта отырғызба таңдауына негіз болатын өндірістік тәжірибе мен эксперименталды мәліметтер екенін айтып кету керек.

ЭЕМ-нің көмегімен автомататты жобалау жүйелерінде (АЖЖ) тәжірибеде өзін-өзі ақтаған бөлшек элементтерінің отырғызба мен рұқсаттама алаңдарын көрсетумен қоса дайын конструкторлық шешімдер таңдалады.

Рұқсаттама мен отырғызбалардың дұрыс таңдалуы өнімнің дайындау квалификациясының китерийлерінің біріне қызмет етуі мүмкін, және осы деңгейдің көтерілуі қабылданған шешімдер нәтижелерінің тұрақты талдауында және өндірістік тәжірибені зерттеуге негізделген.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СӨЖ-на арналған бақылау сұрақтары

1. Отырғызбалардың белгіленуі.

2. Рұқсаттама алаңы, оның құрылу әдістері, шартты белгілері.

3. Рұқсаттама мен отырғызбаларды таңдау барысында қандай түсініктер есептелуі тиіс?

4. Саңылаумен, ауыспалы және кертпемен отырғызбалардың қолдану аймағы.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 752 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері.| Тақырып. Форма дәлдігіне және беттің орналасуына, кедір-бұдырлығына қойылатын талаптар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)