Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері.

Пәннің мақсаты | Пәннің міндеттері | Пәннің мазмұны | Негізгі әдебиеттер тізімі | Осымша әдебиеттер тізімі | Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілушілік | Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Тақырып. Өнім сапасын бақылау. Сапа деңгейін тиімділеу. | Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері. | Тақырып. Дәлдік шек бірліктері. Дәлдік қатарлары (дәлдік шек қатарлары). Қондырғыларды есептеу және таңдау. |


Читайте также:
  1. D. Бірөлшемді және көпөлшемді
  2. Lt;variant> азаматтық іс қозғау және іс бойынша қорытынды беру үшін
  3. Lt;variant> ол басқа дәлелдермен бірге тексерілуі және бағалануы керек
  4. Lt;variant> сот және іске қатысушы тұлғалар
  5. Lt;variant>өтінішті қайтарады және талапкерге оның қай сотқа жүгіну керектігін түсіндіреді
  6. Lt;variant>басқа тұлғалардың мүдделері үшін өтініш бере алады және іс бойынша қорытынды беру үшін
  7. Lt;variant>ие болмайды және жатпайды

 

Дәріс жоспары

1. Сапаны (қасиеттерді) өлшеу түсінігі.

2. Шәкілдеу кейіптеуі және шаманың шиыршықтану кейіптеуі. Квалиметриялық шәкілдерін жіктеу.

3. Сапаны функцияның ерекше типы ретінде бағалауы. Бағалау принципі

4. Тиімділік - сапа шамасының ерекше типі ретінде.Сапаны бағалаудың төрт компонентті жүйе моделі.

Сапа көрсеткішінің деректі мәндері метрология әдістері көмегімен анықталады.

Метрология — өлшеулер, олардың бірлігі үшін керекті әдістер мен шаралары және қажетті нақтылыққа жеткізетін тәсілдер – МЕСТ 16 263 – 70 ӨМЖ. «Метрология. Терминдер мен анықтамалар».

Өлшеу — техникалық шараны қолдану бойынша қолдануға неғұрлым жайлы формада осы шаманың мәнін алу мақсатында(немесе ол туралы ақпарат) өлшенетін шаманың бірлігі мен өлшеу шаманы салыстыруға (ашықтан-ашық және ашықтан-ашық емес) негізделген шаманың физикалық бірлігін сақтаушы операциялар жиынтығы.

Физикалық шама — көптеген физикалық шамаларға сапалық қатынаста жалпы, бірақ сандық қатынаста әр объект үшін жеке физикалық объект (физикалық жүйенің, құбылыс немесе процестің) сипаттамаларының қасиеттерінің бірі.

Физикалық шаманың бірлігі — сандық мән 1-ге тең берілген біртекті физикалық шамалар үшін қолданылатын фиксациялық өлшемді физикалық шама.

Техникалық өлшеу — өлшеудің жұмыс тәсілі көмегімен өтетін өлшеу.

Метрологиялық өлшеулер — жұмысшы өлшеу тәсілдеріне физикалық шамалардың бірліктерінің өлшемдерін беру үшін оларды жаңғырту мақсатында эталондар мен үлгілі өлшеу тәсілдері көмегімен өтетін өлшеулер.

Абсолюттік өлшеу — бір немесе бірнеше негізгі шаманың тікелей өлшеуіне және (немесе) физикалық константалардың мәндерін қолдануға негізделген өлшеу.

Қатыстық өлшеу — шаманың бірлік рольді атқаратын бір атаулы шамаға қатынас өлшеуі немесе бастапқы болып қабылданған шаманың өлшеуні бір атаулы шамаға қатысты өлшеуні.

Тікелей өлшеу — ізделінді физикалық шаманың мәні тікелей алынатын тікелей әдіспен өткізілетін өлшеу.

Жанама өлшеу — физикалық шаманың ізделінді мәні басқа физикалық шамалардың ізделінді шамамен функционалды байланысқан тікелей өлшеуі негізінде жанама әдіспен өткізілетін өлшеу.

Өлшеу сапасы — өлшеу шарты, әдістемесі, әдіс-тәсілдерінің сәйкестігін шарттастыратын өлшеу қасиеттерінің және өлшеу есептеріне (техникалық қауіпсіздік, дәлдік, экологиялық және басқа да факторлар жағынан) талаптардың бірлік өлшеу күйінің жиынтығы

Өлшеулер нақтылығы — өлшеу нәтижесінің ауытқуын нөлге жақындығын бейнелейтін өлшеу сапасының көрсеткіші.

Өлшеулер бірлестігі — сапа мінездемелерінің нәтижелері орнатылған шекте жаңғыртылатын бірліктер өлшемдеріне тең, ал өлшеу нәтижелерінің ауытқулары берілген ықтималдықпен танымал және орнатылған шектен аспайтындай болатын заңды бірлікте болатын өлшеулердің сапалық сипаттамасы.

Сонымен, бұл кезеңде квалиметрия әдістерімен алынған нәтижелер, яғни, регламенттеу үшін тандалған сапа көрсеткіштері мен сандық мәндері, метрология әдістерімен алынған нәтижелермен, яғни, осы сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерімен салыстырылып көрсетіледі. Бұлай салыстырып қарау бұл білім салаларының арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді: квалиметрия метрологияның бір бөлігі болып табылмайды, сол сияқты, метрология да квалиметрияның бір бөлігі емес. Бұл білім салалары бірлесіп стандарттау мәселелерін шешу мен сапаны қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Метрологияда да, квалиметрияда да параметр түсінігі қолданылады. Метрологияда параметр деп бағалайтын объектінің сипаттамасы үшін ең маңызды физикалық шаманы атайды. Квалиметрияда өнім параметрі деп өнімнің арналуының қасиеттерінің бірінің сандық мінездемесін атайды. Осы параметрлердің, әдетте оның арналуын анықтайтын, мысалы, резистор кедергісі, конденсатор сыйымдылығы, жүкті машинаның жүк көтергіштігі негізгі параметрі таңдалынады. Бұл параметр өнімнің параметрлік қатарының негізі болып табылады – бір бірінен негізгі параметрдің сандық мәндерімен ажыратылатын өнім бірліктерінің жиынтығы.

Метрология мен квалиметрия үшін шәкілдер түсінігі ортақ.

Метрологияда шәкіл — бұл байланысқан нумерациямен бірге өлшеу тәсілінің шаманың мәндерінің тізбектелген қатарына жататын тәртіпке салынған жолақты беретін санақ құрылғысының бір бөлігі. Яғни, бұл өлшеу тәсілінің бір бөлігі. Квалиметрияда шәкіл түсінігі математикалық мағынада қолданылады, яғни, әр түрлі объектілердің қасиеттерін бағалау мен салыстыру әдісі ретінде. Квалиметриялық шәкілдер 3-ке бөлінеді: ретті шәкіл, интервалдар шәкілі және қатынас шәкілі.

Ретті шәкіл – бұл бағаланатын параметрлер, көрсеткіштер, немесе басқа бағалау объектілері параметр (көрсеткіш) мәні немесе объектінің қасиетінің үлкею немесе кішірею бойынша орналасатын бағалаудың түрі, мұндаорналасу тәртібінің әдісін анықтау бағаланатын объектінің кез келген сандық сипаттамасымен байланысты емес. Ретті шәкіл қолданылатын бағалаудың классикалық мысалы ретінде Моос шәкілі негізінде минералдардың қаттылығын бағалауын келтіруге болады.

Интервалдар шәкілі – бұл бірлік шәкіліндегі орнатылуы мүмкін санмен өрнектеле алатын бағаланатын параметрлердің мәндерінің арасындағы айырым болатын мінездемелі бағалау әдісі. Сонымен, санақ басы еркінше алынады. Цельсия температура шәкілі интервалдар шәкілінің мысалы бола алады.

Қатынас шәкілі — бұл өлшеу бірлігі қолданыла алынатын бағалау әдісі, демек, бағаланатын параметр шамасын төмендегідей көрсетуге болады:

Q = qN,

мұндағы Q – бағаланатын параметр шамасы,

q - өлшем бірлігі,

N – осы параметрдің сандық мінездемесі болып табылатын нақты оң сан.

Сапаның сол немесе басқа көрсеткіші өлшенетін шәкіл өнім сапасының дәрежесін бағалауда ескерілуі керек.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СӨЖ-на арналған бақылау тапсырмалары:

1. Сапа шамасы және сапа көрсеткіші.

2. Сапа мен стандартизация бойынша нормативтік құжаттар.

3. Өнімнің өмір циклінің сатысы.

Тақырып. Өнім сапасының деңгейін бағалау әдістері. Әдістерді жіктеу, оларды қолдану аймағы. Бұйымның техникалық деңгейін бағалау.

Дәріс жоспары

1. Сапаның деңгейін бағалау. Әдістердің жіктелуі

2. Эксперттік квалиметрия ерекшелігі.

3. Эксперттік процедуралардың ұйымдастыруын анықтайтын негізгі факторлар.

4. Ықтималдық статистикалық квалиметрия.

 

Өнім сапасының дәрежесін бағалау деп бағалау нәтижесін айтады, яғни, негізгі мәндер мен бағаланатын өнімнің сапа көрсеткішін салыстыру.

Бұл бағалау сандық және сапалық түрде көрсетілуі мүмкін.

Сандық түрде баға сапаның өнімнің көрсеткішінің белгілі бір жиынтығын көрсететін комплексті көрсеткішінің мәнін беретін бір санмен өрнектеледі.

Сапалық түрде бағалау қарастырылған қасиеттер жиынтығы бойынша белгілі нарықтың талаптарының дәрежесіне өнім сәйкестігі, олардан асады ма, әлде, аспайды ма бекітпе түрінде беріледі.

Негізгі мәндер салыстыруға тандап алынған көрсеткіштер болып табылады. Әдетте, бұл көрсеткіштер өнімнің ұқсасы болып табылады. Ұқсас өнім — бұл ұқсас функционалдық мәнді өнім.

Бағалауды жүргізгенде көрсеткіштер классификациялық, шектеуші және бағалаушы көрсеткштерге бөлінеді.

 

Классификациялық көрсеткіштер өнімнің қолданылу облысы мен тағайындалуын сипаттайды. Осы көрсеткіштердің мәнімен бағаланатын өнімге ұқсас топ жинайды.

Шектеуші көрсеткіштер — бұл халықаралық және отандық стандарттар талаптарын, басқа нормативтік актілерді, мысалы заңдарды қанағаттандыратын экологиялық тазалықтың және қауіпсіздіктің көрсеткіштері.

Бағалаушы көрсеткіштер нақты арнайы қолданыстарды қанағаттандырумен және өнімнің үлгісін сәйкестендіруге қолданатын өнімнің құрамын сипаттайды.

Әр бағалаушы көрсеткіштер өнім сапасына әсер ету бағытымен сипатталынады: егер, өнімнің сапасын көтеруге көрсеткіштер мәнінің ұлғайуы сәйкес келсе, онда оларды «позитивті», егер кему сәйкес келсе «негативті» деп атайды.

Сапа деңгейінің бағасы шешім қабылдау үшін орындалады:

1) өңдеу немесе өнімді жаңарту жайында, егер бұл шешім қабылданса, онда ол жаңа өңдеу немесе өнімді жаңарту барысында нұсқа таңдау үшін;

2) нақты саудаға шығу жайында.

Сапаны бағалау –бұл бағалау обьектісінің құндылықтарын жинақтауға арналған басқару функциясының ерекше типі.

Өнім сапасының (ӨС) көрсеткішінің мәнін анықтау үшін келесі әдістер ұсынылады:

- өлшеуші;

- тіркеуші;

- эргонометриялық;

- аналитикалық;

- сараптамалық;

- қиыстырылған.

Өлшеуші – ӨС көрсеткішін анықтау өлшеу құралдарын қолдануға сүйенеді.

Тіркеуші – арнайы құбылыстарды, заттарды және шығыстарды санау және бақылау негізінде орындалады.

Эргонометриялық – сезім мүшелерінің қабылдауының сараптауы негізінде орындалады. Ол кондитерлік, парфюмериялық, табак өнімдерінің сапа көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

Аналитикалық әдіс ӨС жекелей немесе кешенді құрамын сипаттайтын өнім сапасының көрсеткішін оның бағалау көрсеткішін анықтау параметрлеріне аналитикалық –есептеу тәуелділігін, сонымен қатар, бағалаудың соңғы нәтижесін құрауды пайдалануды ұсынады. Статистикалық әдіс бағаланатын өнімнің параметрлері жайында статистикалық ақпарат жинау және оның базалық үлгілерін статистикалық іс шаралар арқылы өңдеуге негізделген.

Сараптамалық әдіс бағаланатын өнімнің параметрлері және құрамы жайындағы ақпаратты бақылауға және базалық үлгілерін сараптамалық іс шаралар арқылы өңдеуге негізделген. Өнім жайында ақпарат жоқ кезде қолданылады.

Қиыстырылған әдіс аналитикалық, статистикалық сараптамалық әдістердің ұқсастықтарының жиынтығын құрайды.

Сапа көрсеткішінің деңгейін бағалауда қолданылуына байланысты мынадай әдістер болады:

- дифференциалды;

- кешенді;

- интегралды;

- аралас.

Дифференциалды әдіс бағаланатын өнім мен базалық үлгілерді жекелеген көрсеткіштер (жекелей және кешенді) бойынша сәйкестендіруден тұрады. Мұнда, бағалау нәтижесі әр бағалау көрсеткішіне жеке беріледі. ӨС бағалаудың дифференциалды әдісі келесі нәтижелерді алуға мүмкіндік береді:

1. Бағаланатын өнімнің сапасы базалық үлгі сапасынан озады, егер, өнім кейбір көрсеткіштері бойынша басқалардан озбай ерекшеленсе.

2. Бағаланатын өнімнің сапасы базалық үлгі сапасынан озады, егер, өнім базалық үлгіден қандай да бір белгімен басқаларынан озбай ерекшеленсе.

3. Бағаланатын өнімнің сапасы базалық үлгі сапасына сәйкес келеді, егер, сәйкес сапалық көрсеткіштері бірдей болса.

Кешенді әдіс өнім мен базалық үлгіні бір сипаттағы топтың бірлестігін қамтитын немесе әр түрлі сипаттағы топтың бірлестігін қамтитын бірінші кешенді көрсеткіші бойынша бағалаудан тұрады.

Кешенді көрсеткіш бірінші немесе кешенді көрсеткіштердің функцияларынан тұрады және былай ұсынылады:

1. Өнімнің жарамдылығын сипаттайтын, оған қажеттілігін қанағаттандырылуын көрсететін басты көрсеткіш.

2. Өнім сапасының қарапайым және күрделі құрамының қатысты маңыздылығын ескере отырып шығаратын, бірінші және кешенді көрсеткіштерді бір мәнге біріктіретін орташа есепті көрсеткіш.

Кешенді әдіспен бағалауда бағаланатын өнім сапасы жайында жалпы шешім және алынған бағалау нәтижесіне сәйкес басқару шешімін алуға болады.

ӨС бағалаудың интегралды әдісі бағаланатын өнімді базалық үлгімен пайдалы әсер қатынасының оның тұтыну және сәйкес пайдалануын сипаттайтын бір өнім сапасының көрсеткішімен сәйкестендіруден тұрады.

К инт = Э /(3 С+ 3 Э),

Мұнда, суммалық пайдалы эффект Э өнімнің пайдалану мерзімінде табиғи немесе ақшалай формада беріледі, ал суммалық шығын 3 = З С + З Э ақшалай формада беріледі, мұнда З С — өнімді өндіруге кеткен қаржылық шығын, З Э — өнімді пайдаланысқа еңгізуге немесе өнімнің қызмет ету мезріміне кеткен шығын. ӨС бағалаудың аралас әдісі қарастырылған әдістердің әр түрлі сәйкестіктерін біріктіре отырып қооданудан тұрады.

 

Ұсынылатын әбиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СӨЖ арналған бақылау сұрақтары:

1. Сарапаптамашылар сұранысының әдістері.

2. Өнім сапасы деңгейінің картасы.

3. Статистикалық үлгілеудің типтері және оларды машино- және аспап жасау салаларында өнім сапасын бағалауда қлдану мысалдары.

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1348 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрістердің қысқаша жазбасы| Тақырып. Сенімділікті бағалау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)