Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Сенімділікті бағалау.

Пәннің мақсаты | Пәннің міндеттері | Пәннің мазмұны | Негізгі әдебиеттер тізімі | Осымша әдебиеттер тізімі | Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілушілік | Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Дәрістердің қысқаша жазбасы | Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері. | Тақырып. Дәлдік шек бірліктері. Дәлдік қатарлары (дәлдік шек қатарлары). Қондырғыларды есептеу және таңдау. |


Читайте также:
  1. Дәріс. Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері.
  2. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница
  3. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница
  4. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница
  5. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница
  6. Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері.
  7. Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері.

Дәріс жоспары

1. Сенімділік құрамы: істен шықпағандық, жөндеуге жарамдылық, сақталуы, ұзақ мерзімділігі.

2. Сенімділік көрсеткіштері.

 

Жөңдеуге келмейтін өнімнің ең ортақ сипаттамасы болып істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы P (t), болып табылады, яғни, t уақытқа дейін істен шығудың болмау ықтималдығы.

Байқағандай, жұмыс істейтін өнімге Р (0)=1.

Сонымен қатар егер t2>t1 онда P(t1)>P(t2). Сәйкесінше, P(t) функциясының жалпы түрі 1-суретте көрсетілгендей болады.

1 –сурет - Істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы P (t)

 

Бұл құрамның сандық сипаттамасы мыналар болуы мүмкін:

1) P (t p) – берілген уақыт аралығында істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы, t pt p жұмыс істеу аралығында объектінің істен шығуы болмау ықтималдығы.

2) Т – істен шығуға дейінгі орташа жұмыс істеуі — обьектінің бірінші істен шығуына дейінгі жұмыс істеуінің математикалық күтімі.

Статистикалық берілістер бойынша істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы мына формуламен анқыталады:

- t p моментіне іске қосылған объектілер саны;

N 0 - бастапқы уақыт моментіне іске қосылған обьектілер саны.

Тәжірибеге қойылған өнім істен шығу болғанға дейін жұмыс істейді, тәжірибе негізінде алынған статистикалық беріліс бойынша, істен шығуға дейін орташа жұмыс істеу мына формуламен анықталады:

мұндағы t i - іске жарамды элементтің істен шығуға дейінгі жұмыс істеу уақыты;

N 0 – тәжірибеге қойылған элементтер саны.

l (t) шама істен шығудың интенсивтілігі деп аталады және жалпы түрде бұл уақыт функциясы.

Көп элементтерге l тәуелділігі t дан 3-суреттегідей түрге ие болады, а – жұмыс істеу периоды, в – қалыпты қызмет көрсету периоды, с – тозу периоды.

 

 

3 –сурет істен шығу интенсивтілігінің уақытқа тәуелділігі

 

Қалыпты қызмет көрсету периодында l (t) = l = const.

Бұл сенімділікті есептеуді жеңілдетеді. Бұл жағдайда, істен шығуға дейін жұмыс уақытын таратудың экспоненциалды заңы маңызды орын алады, сәйкес сипаттамалар келесі түрге ие болады:

 

 

Экспоненциалды тартудың жалпылануы Вейбула жалпылануы болып табылады, мұнда:

.

a=1 болғанда бұл заңдылық экспоненциалдыққа ауысады.

Жөндеуге жарамды өнімнің істен шықпауын зерттеу үшін кездейсоқ ағымның математикалық аппаратын қолдану керек.

Кездейсоқ ағым — кездейсоқ уақыт моментінде туындайтын оқиғалардың тізбектілігі. Ағымның сипаты 2-суретте көрсетілген. Жұлдызшалармен кездейсоқ оқиғалар көрсетілген. 2 тізбектей уақиғаның арасындағы уақыт кездейсоқ шама болып табылады.

 

 

2 – сурет. Кездейсоқ ағымның үлгісі.

 

Бір кездейсоқ шамамен құрылған ағым орнына келтіру процессі деп аталады.

Сақталудың сипаттамасына істен шықпаулықты сипаттайтын сақтау режиіміне байланысты формулаларды қолданады.

Жөндеуге жарамдылықта жиі қолданылатын көрсеткіштер болып мыгалар табылады: ұзақтығы бойынша - орташа мән – жөндеудің орташа ұзақтығы, бағасы бойынша – жөндеудің орташа бағасы, жұмыс көлеміне байланысты – жөндеу жұмысының орташа көлемі.

Ұзақ мерзімділік көрсеткішін анықтау барысында іске қосылу басталғаннан шектік қалыпқа жеткенге дейінгі ұзақтық кезедйсоқ шама болатын фактіні ескеру керек. Шектік қалып деп нәтиже соңында өнімді қолдануға келмейтін және мүмкін емес жағдайды айтады.

Ұзақ мерзімділік көрсеткіші ретінде кездейсоқ шаманың орташа мәні немесе квантиль қолданылады – іске қосылу басталғаннан кейін шектік қалыпқа жеткенге дейінгі уақыт ұзақтығы. Қызмет көрсетуде ұзақ мерзімділік ресурс деп аталады, күнтізбелік уақыт бойынша – қызмет көрсету мерзімі деп аталады. Осылайша, ұзақ мерзімділік, орташа ресурсты, қызмет етудің орташа мерзімін, сонымен қатар, гамма-процентік ресурсты және гамма-проценттік қызмет көрсету мерзімін сипаттауы мүмкін. Сенімділіктің сандық көрсеткіштерін қарастырғандағы нәтижелер 1-кестеде келтірілген. Жинақы дайындық коэфиценті - бұл жұмыс басталғандағы келтірілген моментте істен шықпай жұмыс істеу ықтималдығы.

 

1 – кесте

Қасиет Көрсеткіш Белгіленуі
Тоқтаусыз жұмыс істейтіндік Жөнделмейтін Тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы Бас тартуға дейінгі орташа жұмыс істеу Бас тартудың интенсивтіілігі Р(t) T l
  Жөнделетін Істен шығуға жұмыс істеу Істен шығулар ағынының параметрі T l
Ремонтқа жарамдылық Ремонттың орташа ұзақтығы Ремонттық орташа бейнеттілігі Ремонттың орташа бағасы Трем Qрем Срем
Тоқтаусыз жұмыс істейтіндік + ремонтқа жарамдылық Дайындылық коэффициенті Техникалық қолдану коэффициенті Шапшаң дайындылық коэффициенті КГ К ТИ К ОГ
Сақталу Сақталудың отраша уақыты Т хр
Көпке төзу Орташа ресурс Гамма-проценттік ресурс Орташа қызмет уақыты Гамма-проценттік қызмет уақыты Т РЕС Тg РЕС Т СЛ Тg СЛ

 

Техникалық құрылғының сенімділік көрсеткішін таңдау үшін бұл құрылғының функциялау үлгісін қарастыру керек. Үлгінің сараптамасы көмегімен алынған нәтижелердің іс жүзіндегі құны үлгінің нақты жағдайға сәйкес келуімен және онда зерттелетін құбылыстың негізгі анықтаушы қасиеттерінің болуымен анықталады.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СӨЖ-на арналған бақылау сұрақтары

1. Істен шығулар классификациясы.

2. Сенімділікті есептеу.

3. Резервтеу. Электрондық аппаратура сенімділігін резервтеу арқылы жоғарлату

 


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 821 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері.| Тақырып. Өнім сапасын бақылау. Сапа деңгейін тиімділеу.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)