Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Өнім сапасын бақылау. Сапа деңгейін тиімділеу.

Пәннің мақсаты | Пәннің міндеттері | Пәннің мазмұны | Негізгі әдебиеттер тізімі | Осымша әдебиеттер тізімі | Оқу-әдістемелік қамтамасыз етілушілік | Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі | Дәрістердің қысқаша жазбасы | Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері. | Тақырып. Дәлдік шек бірліктері. Дәлдік қатарлары (дәлдік шек қатарлары). Қондырғыларды есептеу және таңдау. |


Читайте также:
  1. Студенттің ғылыми қажеттілігі деңгейін талдау үлгісі
  2. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 1 страница
  3. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 2 страница
  4. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 3 страница
  5. Тақырып. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық iлiмдер 4 страница
  6. Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері.
  7. Тақырып. Өлшеу және бағалау теориясының негіздері.

Дәріс жоспары

1. Өнімнің сапасын бақылау.

2. Бақылау түрлері.

3. Өндірістік техникалық бақылауды ұйымдастыру.

4. Сапаны статистикалық бақылау.

5. Тиімділеу тапсырмалары. Тиімділеу тапсырмаларын шешу. Жүйеге келтіру.

 

ИСО 8402 — 94 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету. Сөздік.» терминалогиялық стандартына сәйкес, бақылау — бұл тәжірибені, тексеруді, өнімнің бір немесе бірнеше қасиетін өлшеуді және оларды сәйкестікті анықтау мақсатында қабылданған талаптармен салыстыру өткізуді қамтитын әрекет.

Бақылаудың түрлерін әр түрлі критерийлерге бөліп қарауға болады:

1. бақыланған өнімді қолдану мүмкіндігіне байланысты бұзушы бақылау және бұзушы емес бақылау болып бөлінеді.

2. бақылау көлеміне байланысты:

тегіс бақылау, мұнда өнімнің барлық бірліктері бақыланады;

таңдаушы бақылау мұнда өнімнің жиынтықтан, ол жататын көп емес бірліктер бақыланады. Ықтималдық теориясы заңдарына және математикалық статистикаға сүйенген таңдаушы бақылау өнім сапасының статистикалық бақылаушысы деп аталады.

3. Өнімді дайындау процессінде бақылаудың орнына байланысты:

қабылдаушы бақылау (дайын өнімге міндетті емес), өнімнің жарамдылығы жайында шешім қабылдауға орындалады;

—технологиялық процесстің статистикалық реттеуі өнім сапасын бақылауды, технорлогиялық процесстің қалпын қажет болса кейін жөндеумен бірге бақылау үшін туындайды.

4. өнімді дайындау барысында бақылаудың орны бойынша:

—шикі затты, материалды, өнімді құраушыны кіріс бақылау;

операциондық бақылау;

дайын өнімді бақылау, кейде мәрелік деп аталады. Бақылаудың бұл түріне инспекционды және ұшушы бақылау қиысыды.

Статистикалық бақылаудың екі түрі бар: көп тараған түрі болып альтернативті белгі бойынша бақылау болып табылатын сапалық белгі бойынша бақылау және сандық белгі бойынша бақыла.у

Альтернативті белгі бойынша бақылау топтамадағы барлық бұйымдар екі топқа бөлінеді: жарамды және кемістік. Топтаманың бағасы таңдамадағы кемістік бұйымдардың бөлігінің үлкендігі бойынша өткізіледі.

Топтаманың сапасының альтернативті белгі бойынша бақылаудағы негізгі мінездемесі болып кемістік бұйымдардың бөлігінің үлкендігі табылады.

 

 

мұндағы М — топтамадағы кемістік бұйымдардың саны; N — топтаманың көлемі.

п көлемінің таңдаманың тексерісі кезінде т кемістік бұйымдар байқалады. т шамасы бойынша топтаманың қабылдау немесе жарамсыз деп табу туралы шешім қабылданады.

Сапа деңгейін оңтайландыру. Белгілі арналуы бар өнім әр түрлі нұсқаларда орындалуы мүмкін.Бұл нұсқалардың әр түрлі сапа көрсеткіштері мен әр түрлі тиімділігі болады. Сондықтан одан да тиімді болатын қойылған функцияларды басқалардан жақсы атқара алатын нұсқа жайында сұрақ пайда болады. Басқаша айтқанда, сапа көрсеткішінің оңтайландыруының қажеттілігі пайда болады. Оңтайландырудың мәселесі былай болады: бұйым (материал, өнім) қолданылу кезінде әлдебір нәтиже беруі керек. Бұл нәтиже өнімнің жобалау, дайындалу мен қолдануға кететін шығын арқылы жеткізіледі. Осы бұйымның максималды тиімділігін қамтамасыз ету керек. Тиімділіктің шарты болып нәтиже мен шығынның функциясы болып табылатын арнаулы функция табылады.

Математикалық түрде бұл есеп келесі түрде келтіріледі: сапа дәрежесінің оңтайландыруының арнаулы функциясы нәтиже мен шығынға тәуелділік түрінде болады:

Ц = f 1(Э, Z).

Э нәтижемен Z шығыныны Pi (i =l, 2,..., n), n – көрсеткіштер саны сапа көрсеткіштерімен тәуелділігі бар.

Э = f 2(P 1, P 2, …, P n)

Z = f 2(P 1, P 2, …, P n)

Сапа көрсеткіштерінің тәуелділіктері бар

E j = f j(P 1, P 2, …, P n),

j=1, 2,..., m, m – тәелділік саны.

Мәселе - есептеу жолымен арнаулы функция экстремалды (арнаулы функция түріне байланысты максималды немесе минималды) мәніне жететін P 1, P 2, …, P n сапа көрсеткіштерін анықтауда.

Өлшем бірліктері мен жалпылау сипаты бойынша оңтайландыру шарттары келесі түрлердің біріне жатуы мүмкін:

Бірінші түрі (техникалық немесе қарапайым) — физикалық бірліктермен (данамен, салмақпен, көлеммен, өнімділігімен және т.с.с) немесе бірлік немесе комплексті сапа көрсеткішімен көрсетілетін шарт.

Екінші түрі (ақшалы түрді қолданумен экономикалық тиімділік) — ақша түріндегі немесе физикалық бірліктердегі шамалар ақшалай түрдегі шамаларға қатынас түріндегі нәтиже мен шығындар арасындағы тәуелділігі түріндегі шарттар.

Үшінші түрі (пайдалылығы) — өлшеудің шартты бірліктердегі немесе тіпті артық көру фактісі бойынша, яғни, тәртіп шкаласындағы шарттар. Жобаланатын бұйымының сапа деңгейін оңтайландыру есептерінің шешуі келесі баспалдақпен жүзеге асырылады.

1. Нәтиже мен шығыны мен сапа көрсеткіші арасындағы белгілі байланыстылық түрлері анықталады.

2. Жобаланатын объектінің конструкциялық шешімі анықталады. Онда объектінің сапасының көрсеткішіне әсер ететін олардың негізгі сапа көрсеткіші қолданылатын элементтер, түйіндер, блоктар, материалдардың тізімі құрастырылады. Жобаланған объектінің сапа көрсеткіштері көрсетілген.

3. Формуланың белгілі түрі бойынша нәтижені есептеу үшін жобаланатын объектінің қолдануынан нәтиже есептемесі жүргізіледі.

4. Жобаланатын жобаның дайындалу мен қолданумен байланысты шығындары есептеледі.

5. Оңтайландыру шартының сандық мәні анықталады.

6. Жобаланған бұйымның басқа элементтердің, түйіндер мен блоктардың, конструкцияның, материалдардың қолданылуын қарастыратын мүмкін болатын өзгерістердің тізімі құрастырылады.

7. Мүмкін болатын өзгерістерді ескеріп, объектінің жаңа нұсқалары дамытылып жатыр.

8. Нұсқаның әрбіреуіне қатысты 1 – 5 пунктерінде сипатталған процедура орындалады.

9. Әр нұсқа үшін алынған оңтайландырудың шартының сандық мәндері салыстырылады.

10. Шарттың мәні максималды (минималды) болатын объектінің нұсқасы жүзеге асырылатын негізгі нұсқа ретінде алынады.

Көптеген өнімдер параметрлік қатар түрінде шығарылады, яғни, сәйкес қойылған қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған элементті жиынтықтар, бірақ олардың бір-бірінен параметрлердің сандық мәнінде айырмашылығы болады және алмастырулары шектеулі болады.

Шектелген алмастыру деп қатардың элементін ең болмаса басқа біреуімен алмастыру. Бұл алмастыру кейбір өндірістен нәтижені азайту мен берілген қатардың қолданылу немесе өнімнің қосынды, дамыту, дайындау мен қолдану шығындарының көбейтуімен шартталған шығындармен байланысты.

Параметрлік қатарлар түріндегі өнімді дамыту унификация бір түрі – әр түрлі өнімді және оны жаңғырту тәсілдерін типоөлшемдер, марка, форма, қасиеттерінің рационалды минимумына келтіруге бағытталған қызмет. Унификация (уни... сөзінен латинша facio — істеймін) — бір түрге, бір формаға немесе жүйеге келтіру.

Параметрлік қатар — физикалық өлшемдердің бірдей бірліктер түріндегі және белгілі заңдылық бойынша көрсетілген негізгі параметрлердің дискреттік мәндерінің шектелген жиынтығы. Параметрлік қатарды негізгі конструкциялық, қолданбалы немесе технологиялық сипаттамалар анықтайды.

Параметрлік қатардың элементтері болып комплекстер, машиналар, түйіндер, бөлшектер, мысалы, автомобиль двигательдері, жүк автомобильдері, электро - және радио элементтері болуы мүмкін. Параметриялық қатардың оңтайландырылуы өнімдегі берілген қажеттіліктер ең кіші қосынды шығындарымен қанағаттандырылатын параметрлер мәндері бар өнімнің (бұйымның) жиынтығын табуда қорытылады.

Тәжірибеде кездесетін параметрлік қатарлардың оптимизация есептері осы есептерді шешу үшін нәтижелі есептеме алгоритмдерін құру қасиеттеріне ие.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СӨЖ арналған бақылау сұрақтары

1. Өнімнің сапасын бақылау тәсілдері.

2. Өнімнің бақылауға көрсетілу тәсілдері.

3. Таңдамаға өнімнің бірліктерін таңдау әдістері.

4. Таңдаманың жіктелуі.

5. Статистикалық бақылаудың жоспары.

6. Ең жиі қоланылатын арнаулы функциялар.

7. Параметрлік қатарды оңтайландыру есептері.

Тақырып. Сапаның негізгі көрсеткіштерінің бірі ретіндегі дәлдік. Дәлдікке қойылатын талаптарды нормалау мақсаттары. Өзара алмастыру. Өзара алмастыру түрлері.

Дәріс жоспары

1. Дәлдік - сапаның негізгі көрсеткіштерінің бірі ретінде.

2. Дәлдік түрлері.

3. Өзара алмасушылық, оның мәні мен түрлері.

Өнімнің сапасы депоның тағайындалуына байланысты белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруын жарамдылығын шарттастыратын өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. Сонымен, өнімнің кез келген түрінің сапасы сенімділігі пен бағасы ескерілген оның қасиеттерімен, құрамымен, өлшемдерімен және басқа параметрлерімен анықталады. Бұйымның сапасын бағалау мен сапалылығына кепіл беру тек олардың сапалық көрсеткіштері нақты анық болғанда және заңдастырылғанда ғана болады. Сапалық керекті көрсеткіштер және әр түрлі өнімнің көрсеткіштері конструкциялық, технологиялық, қолданбалы және құжаттардың тағы басқа түрлері жататын нормалы-техникалық құжаттармен орнатылады. Бұл құжаттар сәйкес стандарттар талаптарына сәйкес болуы керек.

Бұйымның дұрыс жұмыс істеуінде маңызды рөлді олардың геометриялық параметрлеріне нақты талаптарын сақтау атқарады.

Техникадағы дәлдік — өнімнің, үрдістің және т.б. параметрінің оның қойылған мәніне жақындау дәрежесі.

Дәлдікке қойылған талаптар механикалық өңдету дәлдігіне немесе басқа бұйымның өңдету түріне, механизмдер мен машиналардың дәлдігіне, автоматтандырылған басқару жүйелерінің дәлдігіне, өлшеулердің дәлдігіне және т.б. жатуы мүмкін.

«Дәлдік» териминінен басқа «ауытқу» терминін жиі қолданады, сондықтан осы терминдерді ажырату мен оларды қолдану салаларының шекаралары туралы кейбір анықтамалар беру керек. «Дәлдік» терминін қолданғанда, әдетте берілген мәннен осы көрсеткіштен ажыратылатын сапа көрсеткішін айтады. Дәлдік туралы айтқанда «жоғары дәлдік», «төмен дәлдік» және т.б. лебіздерін қолданады. Бірақ, «дәлдік» сияқты түсініктерді параметрдің мәнінің берілгенге жақындаудың нормалау дәрежесі үшін қолдану келмейді.

«Ауытқу» терминін дәлдіктің сандық бағалауы үшін қолданады. Ауытқу — белгілі шаманың жақын мәні мен оның нақты мәнінің арасындағы айырымы. Бұл анықтама абсолюттік ауытқуға сәйкес келеді, ол әдетте машина жасауда дәлдік сипаттамасы үшін мөлшерленеді. Сонымен, қатаң айтқанда, ауытқу дәлдіктің көрсеткіші болып табылады. Дәлдік «төмен» немесе «жоғары» деп тапқанда ауытқудың мәндерін көрсету керек. «Дайындалудың жоғары дәлдігі» деп осы дайындықтың ауытқуын көрсетпеген жағдайда айта алмаймыз.

Бұымның дайындалуының дәлдігі емес, оның элементтерінің дайындалуының дәлдігі туралы айту қажеттілігіне назар аударыңыз. Кез келген, тіпті ең қарапайым формалы бұйым бірнеше элементтің жиынтығынан тұрады. Солай ең қарапайым деген цилиндрлік білікше үш элементтен құралған: бір цилиндрлік бет пен дәлдікке талаптары әр түрлі екі торшетжақ жалпақ беттерден. Цилиндрлік білікше сатылы болып келуі мүмкін, және әр түрлі диаметрлі саты дайындау дәлдігі әр түрлі, өйткені, бөлшектің элементтерінің әрқайсысында әр түрлі функционалдық қызметтері бар.

Машина жасауда ең жиі бөлшектің элементінің дәлдігіне мөлшерлейді, тек кейде ғана механизмді түгелдей.

Машина жасаудағы бөлшектердің элементтері үшін дәлдікті мөлшерлеуге болады және оны мөлшерлеу керек, яғни, бірнеше параметрлер (көрсеткіштер) бойынша функционалды немесе қолданбалы қасиеттерді анықтайтын және осы параметрлердің дәлдіксіздіктің пайда болу себебі арасындағы байланысын орнататын берілген мәндерге жақындау дәрежесін орнату. Еске сала кетсек, мәселе бөлшектің элементтерінің геометриялық параметрлерінің дәлдігі туралы болып отыр. Осындай бөлшектің элементінің геометриялық дәлділігіне сипаттама беретін параметрлердің түрі – төртеу(сурет 1).

Өлшемнің дәлдігі. Бөлшектің әр элементінің өлшемі белгілі шектен аспауы керек және берілгеннен бір өлшемнен көп аспауы керек. Өлшемнің дәлдігін мөлшерлеу қойылған өлшемнен мүмкін ауытқуын көрсетуде қорытылады.

 

 

Сурет 1 – Дайындалғаннан кейінгі өлшемдердің бұрмалаушылығы және цилиндр формасы

 

2. Беттің формасының дәлдігі. Бөлшек элементтерінде берілген номиналды (идеалды) геометриялық (жазықтық, цилиндр, конус, сфера және т.б.) формасы болуы керек. Бұл жағдайда форманың дәлдігіне қойылатын талаптары идеалды дұрысымен салыстырғанда форманың мүмкін бұрмалаушылығын анықтайды. Форманың мүмкін бұрмалаушылығы берілген шектерден шықпайды. Форманың дәлдік мөлшерлеуі идеалды формадан мүмкін мәндерінде қорытылады, ал кейде форманың бұрмаланған түрі мөлшерленеді.

3. Бөлшектердің элементтерінің қатыстық орналасу дәлдігі. Кез келген бөлшек белгілі формалы беттердің (элементтердің) жиынтығын береді. Бөлшектің элементінің әрқайсысы басқаларға қатысты берілген жағдайда орналасу керек. Мұны орындау абсолютті мүмкін емес, сондықтан, бір беттердің басқаларға қатысты орналасуының мүмкін ауытқуларын анықтау қажет. Осы параметрлерді мөлшерлеу кезінде салынған міндетті функцияларымен бөлшектердің беттері орналасуы мүмкін шектерді көрсету керек. Мысалы, цилиндрлік білікшеде шетжақ беттер цилиндр осіне перпендикуляр болуы керек, бірақ практикада абсолютті нақты оны жасау мүмкін емес, сондықтан, бұйымда осы білекшенің атқаратын функцияның сипатына байланысты орналасуының дәлдік талаптарын орнату қажет.

4. Беттің кедір-бұдырлығының дәлдігі. Кез келген өндеу түрінде бұйымның беттерінің өндеу іздері қалады – беттердің функционалдық қасиеттеріне әсер ететін, әсіресе сығылу кезіндегі бүртік. Сондықтан дәлдікті бұйымның бетінің кедір-бұдырлығы, бетінің кедір-бұдырлығының шын мәнінің идеал бетінің кедір-бұдырлығынан ауытқу дәрежесі, ең алдымен, беттің бүртігінің биіктігі бойынша мөлшерлеу керек. Бұрын беттің бүртігінің биіктігіне деген талаптарды «беттің тазалығына» деген талаптар деп атаған, енді беттің «кедір-бұдырлығының» талаптары деп атайды. Беттің кедір-бұдырлығы үшін дәлдікті мөлшерлеу дегеніміз – қарастырылатын беттерде микробүртіктердің рұқсат мәндерін орнату.

Бұйымның элементтерін абсолютті бірдей жасай алмау себептері көп. Негізгілері болып машина жасауда бұйымды дайындау кезіндегілері:

1. Құрал-сайман жағдайы мен оның дәлдігі.

2. Технологиялық жабдықтың сапасы мен жағдайы.

3. Өндеу режимі.

4. Дайындықтың материалының біртексіздігі және әдістің әртүрлілігі.

5. Температуралық шарттар.

6. Бұйымның, станоктың, құралдың серпінді деформациялары.

7. Жұмысшының квалификациясы мен субъективті қателігі.

Жоғарыда айтылғандай, бөлшектің элементтерінің абсолютті дайындық дәлдігіне қол жеткізу техникалық мүмкін емес және экономика жағынан орынсыз және барлық жағдайда дәлдікке жоғары талаптар қою да орынсыз.

Тағы бір өндіріс үшін алдында қойылған геометриялық параметрлер бойынша дәлдікке деген талаптарды мөлшерлеу керектігі жайында айта кететін жайт. Бұл өзара алмасушылық принцибі қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

Өзара алмасушылық депбөлшектердің, түйіндердің, кұрастыру кезінде қолданылатын механизмдердің элементтерінің өлшемдеріне қойылатын талаптарының мөлшерлеу принципін айтамыз. Осы механизмдер арқасында оларды тәуелсіз дайындау мүмкіндігі туады және жинау немесе бұйымның техникалық талаптарын орындаған кезінде қосымша өндеусіз алмастыруды орындайды.

Әр түрлі классификациялық белгілері бойынша өзара алмасушылықтың бірнеше түрін атап көрсетуге болады:

1. Толық және толық емес (шектелген) өзара алмасушылық. Толық өзара алмасушылық дегеніміз – бұл өзара алмасушылық, жоғарыдағы анықтамаға сәйкес, дәлірек айтсақ, толық өзара алмасушы деп жинау кезінде қосымша өндеу операцияларынсыз орнатылатын, реттеусіз және іріктеусіз, яғни, қажет етілсе тек бекітілетін бөлшектер мен түйіндерді айтамыз.

Толық емес (шектелген) өзара алмасушылық жинау кезінде бөлшекті орнату немесе тек белгілі өлшемді (белгілі топ өлшемдері) түйіндерді орнату кезінде – топтық өзара алмасушылық (селективті жинау, ол мысалы, тербеліс подшипниктерін өндіру кезінде) немесе бөлшектің бір элементін қосымша өндеуі кезінде қолданылады. Мысалы, егер теледидарда бір плата немесе басқа бір элемент жұмыс істемей қалса және ремонт кезінде оларды алмастыру ғана қажет болса, онда, демек, осы элементтер бойынша теледидар толық өзара алмасушылыққа ие. Ал, егер теледидарда кинескоп жанып кетсе, онда жаңа кинескопты ескі корпусқа сол жерге (өлшемдері бойынша толық өзара алмасушылық) орнатады, бірақ, әдетте кейбір мінездемелерді реттеу, оларды керекті дәрежеге жеткізу керек, яғни, осындай элементтер бойынша теледидар толық өзара алмасушылыққа ие.

Түйіндерді жинау және алмастыру жағдайларында барлық мүмкін өтемдер, шайба, орнатулар немесе кейбір жөндеу қажет кезінде бұл толық емес өзара алмасушылық.

2. Өлшемді (геометриялық) және параметрлік өзара алмасушылық. Келтірілген кинескоп мысалының ақырғысы өлшемді өзара алмасушылыққа ие болды, бірақ параметрлік өзара алмасушылыққа ие болған жоқ, өйткені, кинескоптың белгілі параметрлерін ескерумен электрлік тізбектің реттелуінің қажеттілігі туды.

Параметрлік өзара алмасушылық көбінесе қолданудағы қасиеттері оптикалық, электрлік және басқа механикалық емес физикалық параметрлермен сипатталатын құрылғыларда кездеседі

3. Сыртқы және ішкі өзара алмасушылық. Бұл түсініктер бөлшектерге емес, түйіндер мен бұйымға жалпы қатысты.

Сыртқы өзара алмасушылық — бұл түйіннің шығыс берілгендері бойынша өзара алмасушылық: оның қосынды өлшемдері мен қолданбалы параметрлері бойынша. Жұмыс істемейтін тербеліс подшипнигі басқа типті өлшемді басқа подшипникпен алмастырылуы мүмкін. Солай жанып кеткен электр двигательді алмастыруға болады. Бұл мысалда алмасу түйіндері сыртқа өзара алмасушылыққа ие.

Ішкі өзара алмасушылық — бұл түйіндерге кіретін бөлшектердің немесе бұйымға кіретін түйіндердің өзара алмасушылығы.

Егер сіз талқандалған тербеліс подшипнигінде тербеліс заттарын (шариктер немесе роликтер) алмастырғыңыз келсе, онда тербеліс подшипнигінің ішкі не сыртқы сақиналарының жолдарының өлшемдерімен сәйкестелген шариктер мен роликтердің белгілі өлшемдерін қолдану керек. Подшипникті түйіннің осы элементтерінің өлшемдерінің ара қатынасы айналу дәлдігі анықтайды. Айналу дәлдігі – тербеліс подшипнигінің негізгі параметрі. Басқаша айтқанда, тербеліс подшипнигі ішкі өзара алмасушылыққа ие бола алмайды.

Өзара алмасушылық дегеніміз не? Өзара алмасушылықты тек тәуелсіз дайындалған бөлшектер мен түйіндерді жинаудың жеңілдету әдісі деп қарастыруға болмайды, өзара алмасушылық – бұл бұйымды экономика талаптарының есекерілуімен жобалау, дайындау және қолданумен қоса өндірістің барлық мәселелерін қамтитын қазіргі кездегі өндірістің идеологиясы.

Өзара алмасушылықтың негізгі тағайындауы өндірісті керекті сапалы бұйымдармен минималды шығын шығатындай етіп қамтамасыз ету.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.

 

СӨЖ арналған бақылау сұрақтары

 

1. Бөлшектің элементтерінің геометриялық дәлдігіне мінездеме беретін параметрлер.

2. Бөлшектің элементтерінің геометриялық параметрлерінің ауытқуының пайда болу себебі.

3. Өзара алмасушы өндірістің артықшылығы.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 2487 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Сенімділікті бағалау.| Тақырып. Өлшемдік талдау және функционалдық өзара алмастыру. Өлшемдер, ауытқулар, дәлдік шектер, ДШҚБЖ (ЕСДП) принциптері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)