Читайте также:
|
|
Дәріс жоспары
1. Өлшемдер, ауытқу және отырғызулар туралы негізгі түсініктер.
2. Жуытулар мен отырғызулар туралы жалпы түсінік.
3. Жуытулар мен отырғызулар жүйесінің негізгі белгілері.
Бөлшектердің элементтерінің геометриялық өлшемдерінің дайындалу дәлдігі белгілі бөлшектердің немесе ілесулердің функционалды арналуымен анықталады. Құраушы адамдар жобалау кезінде машина, құрал және механизмдердің бөлшектерін өзара алмасушы, яғни, жинау мен ремонт кезінде басқа сондайлармен жеңіл ауыстырылатындай етіп құрастыруға ұмтылады..
Осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін әр түрлі сипатты қосылулардың қолдануының теориялық ізденістерімен қатар, практикалық тәжірибесінде құралған жуытулар мен отырғызулардың ортақ жүйесі бейімді.
1. Өлшем – тандалған өлшем бірліктердегі сызықты шаманың (диаметрінің, ұзындығының және т.б.) сандық мәні. Басқаша айтсақ, бөлшек элементінің өлшемі деп осы элементтің екі сипаттамалы нүктесі арасындағы ара қашықтықты түсіндіріледі. Бұған ерекше назар аудару керек, себебі, бөлшектің элементтері көлемді денелер болып табылады.
2. Жуыту қателігімен өлшеумен белгіленген элемент өлшемін нағыз өлшем деп атайды. Егер бұл өлшем белгілі бір нормативті құжатпен анықталған нағыз қателікпен анықталған болса, бұл эксперименталды жолмен, яғни, өшеумен анықталатын өлшем нағыз болып табылады.
3. Шын өлшем – бұл дайындау нәтижесінде алынған және мәні әлі анықталмаған, бірақ ол бар болатын өлшем. Шын өлшемді білуге өлшеудің дәлдігін жоғарлату арқылы келеміз, сондықтан «шын өлшем» түсінігін қойылған мақсат жағдайында шын өлшемге жақын болатын «дұрыс өлшем» түсінігімен жиі алмастырады.
4. Шекті өлшемдер - аралығында нақты өлшем тұруға тиісті (немесе оған тең болуы тиіс) элементтің екі шекті мүмкін болатын өлшемдері. Анықтамадан көрініп тұрғандай, бөлшектің жарамды элементінің өлшемін өзінің функцияларын дұрыс атқара алатындай екі шекті мәндерді береді. Бұл өлшемдерді ең үлкен шекті өлшем (бөлшек элементінің рұқсат етілетін ең үлкен өлшемі) және ең кіші шекті өлшем (бөлшек элементінің рұқсат етілетін ең кіші өлшемі) деп атайды.
5. Номиналды өлшем – ауытқуларды анықтауға қатысатын өлшем.
6. Ауытқу – номиналды өлшем мен сәйкес (шекті немесе нақты) өлшемдер арасындағы алгебралық айырымы.
Өлшем номиналды өлшемнен үлкен де, кіші де бола алатындықтан, оның дәлдігінің талаптарын нормалау кезінде «жоғарғы» және «төменгі» ауытқу терминдерін қолданады.
Жоғарғы ауытқу – ең үлкен шекті өлшем мен номиналды өлшемнің алгебралық айырымы.
Төменгі ауытқу – ең кіші шекті өлшем мен номиналды өлшемнің алгебралық айырымы.
Ауытқу әрқашан да (+) немесе (-) белгісіне ие болады.
7. Рұқсаттама (әдетте «Т» деп белгіленеді) – ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырымы немесе жоғарғы және төменгі ауытқулардың алгебралық айырымы.
Рұқсаттама– бұл оң таңбалы шама, ол теріс таңбалы бола алмайды. Бұл бөлшек элементінің жарамды өлшемі орналасуы тиіс өлшемдер мәндер интервалы.
Неғұрлым рұқсаттама кіші болса, соғұрлым бөлшектің нормаланған элементі дәлірек болуы тиіс және соғұрлым оның дайындалуы қымбат, қиын және күрделі болады. Неғұрлым рұқсаттама үлкен болса, соғұрлым бөлшек элементіне талаптар тұрпайы болады және соғұрлым оның дайындалуы арзанға түседі.
Мүмкін болатын жағдайларда үлкен рұқсаттамалардың қолданылуы тиіс, себебі, бұл өндіріс үшін экономикалық жағынан тиімді, бірақ бұл шығарылатын өнімнің сапасына әсер етпейтіндей шектерде тиімді. Сондықтан рұқсаттама таңдалуы дәлелденуі тиіс.
Машина механизмдерін жасау кезінде екі немесе бірнеше бөлшектердің бір-бірімен қосу қажеттілігі туады. Қосылыс сипаттамалары олардың функционалдық міндетімен мәжбүр етіледі және жиналғаннан кейін олардың қатыстық орын ауыстыруының мүмкін дәрежесін анықтайды. Нормалау кезіндегі дәлдік пен өзара ауыспаушылықты қамтамасыз етуде шешілетін негізгі есептер бөлшектердің қосылу сұрақтарымен, яғни отырғызбалардың құрылуымен байланысты. Мұнда қосылу элементінің конфигурациясынан байланыссыз шарт бойынша бір элементті «вал», ал келесісін - «тесік» деп атау қабылданған.
Вал – сыртқы (алып түсетін) бөлшек элементтерін, оған қоса жазық беттермен шектелген элементтерді белгілеу үшін шартты қолданылатын термин.
Тесік – ішкі (алып түсуші) бөлшек элементтерін, оған қоса жазық беттермен шектелген элементтерді белгілеу үшін шартты қолданылатын термин.
Отырғызба – бұл саңылау және кертпелердің алынатын мәндерімен анықталатын бөлшектердің қосылу сипаттамалары. Саңылау – бұл егер тесік өлшемі вал өлшемінен үлкен болған жағдайдағы жинауға дейінгі тесік пен вал арасындағы айырмасы. Кертпе – бұл егер вал өлшемі тесік өлшемінен үлкен болған жағдайдағы жинауға дейінгі вал пен тесік арасындағы айырмасы.
Бөлшектердің қосылуының қатысты орын ауыстыруының мүмкіншілігіне және олардың өзара орын ауыстыруының кедергі дәрежесіне байланысты отырғызбаларды үш түрге бөледі:
- саңылаумен отырғызба,
- кертпемен отырғызба,
- ауыспалы отырғызбалар.
Рұқсаттама алаңы – бұл рұқсаттаманы және оның номиналды өлшемге қатысты орнын анықтайтын ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдермен шектелген алаң.
Өлшем дәлдігіне қатысты нормативті құжаттарда барлық әлем елдерінде вал мен тесік алаңдарын орнатуда бостандықты шектеуге принципиалды қолайлы жол қолданылады. Бұл шектеу – тесік жүйесі және вал жүйесі түсініктерінде тұжырымдалған. Бұл жүйелерде отырғызбалардың үш түрінің де пайда болуында элементтің қосылуындағы қатысушының бірінің орналасу рұқсаттамасына шектеу енгізіледі, яғни рұқсаттама алаңының (вал немесе тесік) біріне тұрақты жағдай қабылданады, сонымен қатар вал немесе тесік шектеу өлшемдерінің бірі номиналды өлшеммен сәйкес келетін болады. Мұндай тесіктер мен валдар негізгі түсінігіне ие болды.
Негізгі тесік – төменгі ауытқуы нөлге тең тесік. Негізгі вал – жоғарғы ауытқуы нөлге тең вал.
Бөлшектердің қосылуы кезінде қажет отырғызбаны олардың өлшемдерінің номиналды өлшемнен әр түрлі ауытқулары кезінде алуға болады. Сауда және бөлек зауыттар мен салалары арасындағы кооперацияның және техниканың дамуымен жұмыс істеуші өндірістерге өзара алмасушылық принциптерін енгізуге және оның барлық жетістіктерімен қолдануға болатындай вал және тесік дәлдігінің нормалау талаптарына бірыңғай қолайлы жолды дайындау қажеттілігі туды.
Бөлшек элементтері дәлдігінің нормалау талаптары мұндай бірыңғай қолайлы жол рұқсаттамалар мен отырғызбалар жүйелерінің құрылуымен жасалған.
Рұқсаттамалар мен отырғызбалар жүйелері өзара байланысқан көп сұрақтардың өзіне шешу нәтижелерін қосуы тиіс. Бұл жүйе әр түрлі өлшемдердегі рұқсаттамаларды тағайындау кезіндегі және осы рұқсаттамалардың номиналды өлшемге қатысты орнын анықтау кезіндегі бір үлгідегі қолайлы жолды қарастыруы керек.
Рұқсаттамалар мен отырғызбалар жүйелері деп заңды түрде құрылған стандартталған рұқсаттамалар мен бөлшек элементі өлшемдерінің шеткі ауытқулары және де стандартты шекті ауытқуларға ие болатын вал мен тесіктерден құрастырылған отырғызбалар жиынтығы.
Рұқсаттамалар мен отырғызбалар жүйесінің ерекшелігі оның құрылуы уақытында жиналған өндірістегі өлшемдер дәлдігін нормалау тәжірибесін санауы және әрбір жүйеге тиесілі көптеген өзара байланысқан элементтердің белгілі бір жүйеде біріктіретін ғылыми негізделген шешімдерді қолдануы тиіс.
Бостандықты шектеу тәжірибесі, бөлшек элементтері үшін ауытқуларды таңдау кәсіпорындарда әр түрлі салалардың, мемлекеттік стандарттардың және кәсіпорындардың нормативті құжаттарында болады. Әр түрлі елдерде және әр түрлі кәсіпорындарда өзара жақын болса да, бірақ бірдей емес талаптар орнатылған. Ал кез келген жүйе бір шешімді талап етеді, бірақ сол уақытта ол барлық қолданушыларға келуі тиіс, сондықтан жүйеде сипаттамалары бойынша әр түрлі өндірістердің қызығушылықтарын есептейтіндей, жүйеге енгізілген жорамалдар мен ауытқулар бар.
Осыған байланысты өндірістік тәжірибе, эксперименталды зерттеулер, теоретикалық қорытындылар және стандарттар түрінде рәсімдеу негізінде заңды түрде құрастырылған рұқсаттамалар және отырғызбалар қатар жиынтықтары деп рұқсаттамалар және отырғызбалар жүйесіне тағы бір анықтама беруге болады.
Осыдан“СЭВ Рұқсаттамалар және отырғызбалар бірлік жүйесі, қысқаша СЭВ РОБЖ немесе жай ғана РОБЖ (ЕСДП)”, аталатын бірлік жүйе өңделген.
Кез келген рұқсаттамалар және отырғызбалар жүйесі қалай аталмаса да, жүйе құрылуының маңызды сұрақтарын шешуінің анықталған тәсілдерімен сипатталуы тиіс, яғни кейбір белгілерге иеленуі тиіс. Рұқсаттамалар мен отырғызбалар жүйесі үшін келесідей алты белгіні бөліп көрсетуге болады:
1. Өлшемдер интервалдары.
2. Рұқсаттама бірліктері.
3. Дәлдік қатарлары (рұқсаттамалар).
4. Тесіктер мен валдардың рұқсаттама алаңы.
5. Тесік және вал жүйесіндегі отырғызбалар.
6. Қалыпты температура.
ГОСТ 25346—89 «Рұқсаттамалар және отырғызбалар бірлік жүйесі. Жалпы ережелер, рұқсаттамалар және негізгі ауытқулар қатарлары» және ГОСТ 25347—82 «Рұқсаттамалар және отырғызбалар бірлік жүйесі. Рұқсаттама алаңдары және ұсынылатын отырғызбалар» қабылданған РОБЖ (ЕСДП) негізгі ережелерін көрсетеді. Бұл стандарттардың әсері 3150 мм-ге дейінгі өлшемдерде қолданылады. Мазмұнына сәйкес ГОСТ 25348-82 3150-ден 10000 мм-ға дейінгі өлшемдерді алады.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 7.
СӨЖ-на арналған бақылау сұрақтары
1. Өлшемдер мен ауытқулардың графикалық көрінісі.
2. Нөлдік сызық нені білдіреді? Рұқсаттама алаңы графикалық түрде қалай бейнеленеді?
3. Материалдың максимум және минимум шектері дегеніміз не және вал мен тесікте олар қандай өлшемдерге сәйкес келеді?
4. Негізгі тесік және негізгі вал дегеніміз не? Олардың негізгі ауытқуларының нормалау принципі.
Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 867 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Өнім сапасын бақылау. Сапа деңгейін тиімділеу. | | | Тақырып. Дәлдік шек бірліктері. Дәлдік қатарлары (дәлдік шек қатарлары). Қондырғыларды есептеу және таңдау. |