Читайте также:
|
|
Әдетте технологиялық процесс күйі оператор пультіне сандық немесе символдық күйде шығуы керек. Мысалы жеті сегментті индикатор алайық, Сандарды осындай индикаторға шығару үшін оларды 2_10 санақ жүйесіне келтіру керек. Бұл жүйеде бір регистрде тек екі ондық сан орналасуы мүмкін, олардың әрбіреуі жарты байтты алады. Екілік жүйеде көрсетсек 00000000 санынан бастап 10011001 санына дейін. Сонымен, бір регистрге екі ондық сан жазуға болады және 00-ден 99-ға дейінгі сандарды көрсетуге болады [2].
Біз алдыңғы жұмыстарда қолданған ішкі программалар void типінде болған, яғни шақырған программаға ешқандай мәлімет қайтармайды. Шақырған программаға бір байттық мәлімет қайтаратын ішкі программа жазайық. Бұл ішкі программа әдетте жеті сегментті цифрлық индикаторға қолданылады.
8.2 суретте санды ауыстыру алгоритмінің бір бөлігінің блок-сұлбасы келтірілген.
8.2 сурет – Блок-сұлба
Көптеген цифрлық индикаторлар қажетті сегменттерді таңдап қосу принципімен жұмыс істейді (8.3-суретті қараңыздар). Мәліметті беретін порттың разрядтары санмен белгіленген. Әдетте бұл сегменттер жарықдиодтары немесе сұйық кристалдан жасалған элементтердің электродтары болады.
8.3 сурет – Жеті сегментті индикатор
Ішкі программаның жүйелік көрінісі 8.3,а суретінде келтірілген. Кіріс сигнал мұнда W жұмысшы регистрде орналасқан 4-битті екілік код. Ал осы W жұмысшы регистрге қайтатын шығыс мән сәйкес 7-битті код, ол қажетті сәйкес битті көрсетеді (Vyb_Seg ішкі программасы). PIC микробақылауыштарының гарвард архитектурасы программа жадысының мәндерін мәліметтер ретінде қолдануға мүмүкіндік бермейді. Оның орнына түрлендіру кестесі retlw командаларының жиыны ретінде іске асырылады, олардың әрбіреуі бір байтты константаны береді. Жетінші бит нүкте үшін қолданылады.
Дата добавления: 2015-07-19; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жұмысты орындау тәртібі | | | Зертханалық жұмыс тапсырмасы және берілгендер |