Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ішкі істерді басқарудың құқықтық – ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істер органдарындағы қызмет. Полиция.

Читайте также:
  1. Tl ертінділерінен бөліп алу әдістері
  2. Азақстан Республикасының ішкі істер органдары
  3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  4. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  5. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  6. Гра відбувається під патронатом міністерства освіти і науки, молоді та спорту України
  7. Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер

Негізгі ұғымдар: Қорғаныс, Қауіпсіздік,, Ішкі істероргандары, әскери қызмет

1. Әкімшілік – саяси аядағы салалар жүйесі: Қорғаныс, Қауіпсіздік, Әділет

Сыртқы істер, Ішкі істер. Қорғанысты басқару.

Қорғаныс – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік – құқылық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі.

Қорғанысты басқару органдарының жүйесі. ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас штабы, Әскери округтер, Әуе қорғанысы әскерлері, әскери - әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің бөлімдері, Округтар мен флоттарға бағынатын құрамалар, жекелеген бөлімдер, әскери, оқу орындары мен мекемелері, ҚР – ның Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери оқу орындары, мекемелер.

ҚР Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штаб бастықтары комитеті бейбіт уақытта Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштернің стратегиялық басқаруын және мемлекеттік органдардың мемлекеттік қорғауы және әскери қауіпсіздік мәселелері бойынша қызметін бағыттауын жүзеге асырады. Соғыс уақытта Қарулы Күштерінің стратегиялық басқарудың негізгі органы Жоғарғы Бас басқарманың Ставкасының басқаруымен жүзеге асырылады.

Әскери қызмет - Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметшiлердiң мемлекеттік қызметiнiң ерекше түрі;

әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

әскери мiндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шектi жасына дейiн запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

Әскери қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда белгiленедi.

Әскери қызмет:

1) шақыру бойынша әскери қызметтi;

2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi қамтиды.

Шақыру бойынша әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының мерзiмдi әскери қызметi;

2) Жиырма тоғыз жасқа дейінгi, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін шақырылған офицерлердің әскери қызметi;

3) жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты және әскери жиындардан өту кезiндегi әскери қызмет жатады.

Келiсiм-шарт бойынша әскери қызметке:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өткеретiн әскери қызметшілердің әскери қызметi;

2) әскери оқу орындары курсанттарының және тыңдаушыларының әскери қызметi мен оқуы жатады.

3. Әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер әскери қызмет мiндеттерiн атқарады.

4. Азаматтардың iшкi iстер, қаржы полициясы органдарының, қылмыстық-атқару жүйесi оқу орындарының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты мерзiмдi әскери қызметті өткеруге теңестiріледi.

5. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.

Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.

Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жеке құрамы әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарынан тұрады.

Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар шақыру бойынша әскери мiндеттілік негiзiнде аумақтан тыс және аумақтық принциптердi ұштастыра отырып және осы Заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерiктi түрде (келiсiм-шарт бойынша) кiру жолымен әскери қызметшiлерден жасақталады.

Азаматтық персонал Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес қабылданады.

Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс жағдайы енгiзілген кезде, соғыс уақытында жасақтау әскери қызметке шақыру негiзiнде жүзеге асырылады.

Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытындағы құрамы мен санына дейiн толықтыра жасақтау және өрiстету үшiн бейбiт уақытта әскери мiндеттілер қатарынан әскери үйретілген резерв құрылады.

Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер құрамы 1) сарбаздар (матростар);

2) сержанттар (старшиналар); 3) офицерлер құрамдарына бөлiнедi.

ҚР – ның Қарулы Күштері – Қазақстан қорғанысының негізін құратын мемлекеттік әскери ұйым.

ҚР – сы Қарулы Күштерінің түрлері:

- Құрлықтағы әскерлер

- Әуе қорғанысы әскерлері

- Әскери - әуе күштері мен әскери – теңіз күштерінің бөлімдері

- Қорғанысты қамтамасыз ету мақсаттарында тартылатын ведомстволық әскери құрылымдар

- ҚР – ның шекара әскерлері

- ҚР – ның ішкі әскерлері

- ҚР – ның республикалық ұланы

 

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі.

Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп қатер – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы.

Ұлттық қауіпсіздік объектілері – жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы.

Ұлттық қауіпсіздік субъектілері – өз өкілеттігін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар ман ұйымдар.

ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері:

- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;

- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштерінің бір-біріне жедел хабардар етіп отыруы және келісілген іс-қимыл жасауы;

- Ұлттық қауіпсіздіктің барлық түрлерінің бірлігі, өзара байланысы және теңестірілгендігі;

- Саяси, экономикалық және ақпараттық шаралардың басымдығы;

- Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

- Ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-әрекеттің күллі жиынтығын іске асыруды бақылау.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қолданылып жүрген заңдардың негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде оны қамтамасыз ететін, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын күштер, өз құзіреті ш егінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бүкіл жауапкершілікті толық мойнына алатын өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар құрайды.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасызету күштеріне: ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлерімен әскери құрамалары; Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі істер, Сыртқы бақылау, Әскери және қаржы полициясы органдары, ҚР Президентінің Күзет қызметі, Салық және кеден қызметтері, Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтері жатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн Республика Президентi құрады, таратады және қайта құрады және ол Республиканың орталық атқарушы органдарының жүйесiне кiрмейдi. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы Ережемен айқындалады.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволары ұлттық қауiпсiздiк органдарына олардың қызметiнiң жекелеген бағыттары бойынша жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн құрылады.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ведомстволарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

Әскери қарсы барлау органдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi шешу үшiн құрылады;

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң әскерлерi бейбiт кезде және соғыс уақытында ұлттық қауiпсiздiк органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға арналған.

Арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер террорлық актiлердi және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке аса қауiптi қол сұғушылықты тыю үшiн құрылады

 

3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары – ҚР заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Ішкі істер органдарының міндеттері: қоғамдық тіртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету; қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу жәнетергеу, сондай-ақ қылмыскерлкрді іздестіру; заңдарда белгіленген өздерінің құзіреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру; әкімшілік жазалауларды орындау; әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау; кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю; қажет болған жағдайда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсеті; жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау және т.б.

Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін ҚР Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін департаментер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар.

Ішкі істер органдарының құрамында крминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.

Крминалдық полиция, әкімшілік және полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды және таратудыҚР Ішкі істер министрі жүзеге асырады.

Ішкі істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын ҚР Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша ҚР Үкіметі бекітеді.

ҚР Ішкі істер министрлігі – министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері бойынша мемлекеттік басқару болып табылады.
Крминалық полицяның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу,оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және ҚР-ның заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық әртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, ҚР-ның заңдарында белгіленген құзыіретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кес; жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау және т.б.

Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшіліер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтауу, олардың алыдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.

Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.

 

 

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:

Нормативтік актілер:

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ж.)

2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» ҚР Конституциялық Заңы 1995 ж. (өзгертулер мен толықтырулар енгізілген ж.)

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Заңы 18.12.1995ж.

4. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның Заңы. 23.07.1999ж.

5. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 24.03.1998 ж. (2001.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 30.01.2001ж. № 156-II (2011.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

7. «Соғыс жағдайы туралы»Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы

8. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 Заңы

9. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-ІІІ Заңы

 

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Баянов, Е. Әкімшілік құқық Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Есмұқан Баянов.- Алматы, 2007.- 408 б.

2. Баянов, Е. Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары Оқу құралы / Есмұқан Баянов.- Алматы, 2002.- 176б.

3. Баянов, Е. Мемлекеттік қызмет Оқу құралы / Е. Баянов.- Алматы, 2005.- 40бет.

4. Григорьев, В. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы (жалпы бөлім) Оқу құралы / В. Григорьев, Қ. Тоқтабаева.- Астана: Фолиант, 2008.- 80б.

5. Жатқанбаев, Е.Б. Мемлекеттiк басқаруды ұйымдастырудың теориясы және практикасы Оқу құралы / Е.Б Жатқанбаев.- Алматы: Казак ун-ті, 2001.- 65 б.

6. Ихданов, Ж. Мемлекеттік басқару теориясы Оқу құралы / Ж. Ихданов, Ғ. Сансызбаева, Р. Есенжігітова.- Алматы: Экономика, 2007.- 216бет.

7. Искакова, Г. Қазақстан Республикасындағы адам құқығы Оқу құралы / Г. Искакова, Н. Ғазизова; Сембаева А.Б.- Астана: Фолиант, 2008.- 296б.

8. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқығы Оқу- әдістемелік құрал.- Алматы: Жетi жарғы, 2000.- 28б.

9. Қызылов, М. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы Оқу құралы / М. Қызылов.- Астана: Фолиант, 2009.- 504б.- (Кәсіптік білім).

10. Қызылов, М. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. (Схемалар) Оқу құралы / М. Қызылов, А. Карпекин.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 464б

11. Заң терминдерінің сөздігі Құраст. Оразалинов С., Айымбетов М., Бодаубай Б., Ақыпбекұлы Ө.- Алматы: Жетi жарғы, 2004.- 656б.

12. Изимулы, М. Толковый словарь юридических терминов / Максат Изимулы.- Алматы: Сөздiк-Словарь, 1999.- 312 с.

13. Нәрікбаев, М. С. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау Оқулық / М. С. Нәрікбаев, Ғ.Қ. Өтебаев, М.М. Әлиев.- Астана: Әділет, 2005.- 396бет.

14. Сәбікенов, С. Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша орысша-қазақша сөздігі. 17000 жуық термин. А-Я / С. Сәбікенов, Г. Сәбікенова.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 688 бет.

15. Административное право Республики Казахстан.Часть особенная Алматы: Жетi жарғы, 1998.

16. Алпысбаева, М.А. Правовое положение УВД области в системе органов внутренних дел РК Учеб.пособие / М.А Алпысбаева.- Алматы: Данекер, 2000.- 70 с.

17. Байменов, А. Государственная служба. Международный опыт. Казахстанская модель / А. Байменов.- Астана: Фолиант, 2000.- 152с.

18. Бахрах, Д.Н. Административно-правовые меры борьбы с пьянством / Д.Н Бахрах.- М.: Юридическая литература, 1986.- 127 с.

19. Григорьев, В.И. Административное право Республики Казахстан.Общая часть Альбом схем и толковый словарь(учебно-наглядное пособие) / В.И. Григорьев.- Алматы: Юрист, 2003.- 102 с.

20. Григорьев, В.И. Понятия и термины по оперативно-розыскной и административной деятельности Толковый словарь / В.И. Григорьев, В.С. Плетнев.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 128с.

21. Жетписбаев, Б.А. Административные правонарушения, посягающие на общественный порядок и нравственность Учебное пособие / Б.А. Жетписбаев, Т.М. Айкумбаев.- Алматы: Юридическая литература, 2008.- 190с.

22. Жетписбаев, Б.А. Административный процесс:производство по делам об административных правонарушениях в Республике Учеб / Б.А Жетписбаев.- Алма-Ата: Юл, 2002.- 220 с.

23. Жетписбаев, Б. А. Предупреждение административной деликатности несовершеннолетних Учебное пособ. / Б. А. Жетписбаев, О. А. Бектенов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 196с.

24. Жетписбаев, Б.А. Система мер административно-правового принуждения Монография / Б.А. Жетписбаев.- Алматы, 2005.- 184с.

25. Жетписбаев, Б. Административная ответственность в РК: Альбом схем / Б Жетписбаев.- Алма-Ата: Данекер, 2000.- 149 с.

26. Ибрагимов, Х.Ю. Административное право РК. Общая часть Учеб.пособие / Х.Ю Ибрагимов.- Алматы: Данекер, 2002.- 256 с.

27. Ибрагимов, Х. Ю. Правохранительные органы РК Учеб. - метод. пособ / Х. Ю Ибрагимов.- 2. изд.- Алматы: Данекер, 2001.- 220 с.

28. Лобков, А.Х. Административная ответственность за правонарушения в сфере бизнеса [Текст]: практическое пособие предпринимателя / А.Х. Лобков.- Алматы: LEM, 2008.- 80с.

29. Мусина, Б. Б. Административное право РК Курс лекции / Б. Б. Мусина.- Алматы: НИЦ КОУ, 2007.- 100 с.

30. Стахов, А.И. Административная ответственность [Текст]: Учебное пособие для студ.высш.учеб.заведений. / А.И. Стахов, В.П. Иванов.- 2-е издание перераб. и доп.- Москва: ЮНИТИ-ДАНА, 2006.- 111с.

31. Таранов, А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс / А.А. Таранов.- 2-е изд., перераб. и доп.- Алматы: Норма-К, 2003.- 256с.

32. Таранов, А.А. Комментарий к Кодексу Республики Казахстан об административных правонарушениях. В 2-х книгах. Книга 1.: Статьи: №1-341с. А.А. Таранов.- Алматы: НОРМА, 2002.- 464с.

33. Exploring Constitutional and Administrative Law MyLawChamber pack.

Roger Masterman, Colin Murray. Sep 2013

34. Freyburg, T. The two sides of functional cooperation with authoritarian

regimes: a multi-level perspective on the conflict of objectives between political stability and democratic change // DEMOCRATIZATION Volume: 19 Issue: 3 Special Issue: SI Pages: 575-601 DOI: 10.1080/13510347.2012.674363 Published: 2012.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 457 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)