Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Автотрофты қоректену түрлері
  5. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  6. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  7. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Негізігі ұғымдар: атқарушы билік органы, Үкімет, министрлік, агенттік, ведомства

1. Атқарушы билік – заңдардың орындалуын, олардың құқықтық нормаларын өмірге енгізумен, мемлекеттік органдардың тоқтаусыз қызметін қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белгіленген мемлекеттік биліктің тіршілігін көрсететін абстрактілі саяси-құқықтық категория.

Атқарушы билікті екі негізгі аспектіде түсіндіруге болады:

1) заңдылық аспектіде, ресми басшылардың біреуді басқаруы, басқа

тұлғаларды өз еркіне бағындыру, биліктік актілер шығару құқығы және мүмкіндігі деп санау;

2) политологиялық аспект тұрғысынан, бұл ұғым саяси-құқықтық

құбылыстар кешенін және көпшілік әкімшілігін (атқарушы билік органдар жүйесін), олардың органдары мен қызметкерлерінің құзіретін және қызметін қамтиды.

Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект.

Атқарушы билік органы – бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі.

Атқарушы билік органының белгілері:

1) атқарушы билік органының бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі

2) мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері болуы

3) тиісті құзыреті болуы

4) мемлекеттік биліктің заңға тәуелді органы

5) заңдық актілер шығарады

6) ішкі ұйымдастырылуы, құрылымы болуы

7) белгілі бір аумақта қызмет атқарады.

2. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі принциптері:

1) Заңдылық – атқарушы билік органдары қызметінің қағидасы ретінде осы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметінің заңға тәуелсіздігінен тікелей туындайды.

2) Халық билігі қағидасы – мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық болып табылады, ол өз билігін тікелей, сондай-аақ мемлекеттік билік органдары, оның ішінде атқарушы билік органдары арқылы жүзеге асырады.

3) біртұтас билікті бөлу және өзара тежемелік әрі тепе-теңдік қағидасы – мемлекеттік биліктің үш тармағы – заң шығарушы, атқарушы сот билігі болатындығын және олардың дербестіктерін білдіреді.

4) Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық және жеке-дара басшылықты дұрыс үйлестіру қағидасы – мемлекеттік басқару қызметінің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді амтамасыз етеді

5) Жеке (дербес) жауапкершілік қағидасы - әрбір лауазымды адам мен мемлекеттік қызметшінің өзіне тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін сақтаудың маңыздылығы.

6) Атқарушы билік органдарының жариялылық қағидасы - өздерінің жұмысының оның ішінде нормативтік-құқықтық актілерінің неғұрлым маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңіненжариялап отыруды, жұртшылықтың назарына жеткізіп отыруды болжайды.

7) Жеке адам құқықтарының басымдығы мен кепілдендірілгендік қағидасы – Қазақстан заңнамалары мен әкімшілік практикасы үшін жаңалық болып табылады.

8) Атқарушы билік органдарының жүйесіне орталықтандыру қағидасы – төменгі тұрған органдардың жоғары тұрған органдарға бағыныстылығы.

Атқарушы билік органдары жүйесі деп бір-біріне бағынышты органдардың өз араларында құзіреттерді бөлу негізіндегі құрылым саналады. Ол жүйеге мыналар кіреді:

- Үкімет

- Министрліктер, агенттіктер, комитеттер

- Жергілікті мемлекеттік басқару органдары

ҚР-сы Үкіметі - республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкіметтің құрамы: 1) ҚР-ның Премьер-министрі; 2) ҚР-сы Премьер министрінің орынбасары; 3) министрлер; 4) өзге де лауазымды адамдар.

Министрлік- тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республикалық орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктер:

1) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2) ҚР Білім және ғылым министрлігі

3) ҚР Қорғаныс министрлігі

4) ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

5) ҚР Сыртқы істер министрлігі

6) ҚР Ішкі істер министрлігі

7) ҚР Ауылшарушалығы министрлігі

8) ҚР Әділет министрлігі

9) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

10) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

11) ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

12) ҚР Қаржы министрлігі

13) ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

14) ҚР Мәдениет министрлігі

15) ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі

16) ҚР Туризм және спорт министрлігі

17) ҚР Мұнай және газ министрлігі

18) ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі

ҚР-ның агенттігі - Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

ҚР-ның ҰҚК – республика президенті құратын, тарататын және қайта құратын және Республикалық орталық атқарушы органдарының жүйесіне кірмейтін, Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік орган.

Республика комиссиялары: 1) ҚР-ның Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия – Сағынбек Тұрсынов төрағасы; 2) ҚР-ның Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия.

Ведомство - Республикалық орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау – қадағалау міндеттерін сондай-ақ саларалық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республиканың

маңызы бар қаланың астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган

 

3. Атқарушы билік органдары мемлекеттердің билік тармағының бір түрін жүзеге асырушы ретінде саналады. Оларсыз мемлекеттік-басқару қызметінің, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.

Атқарушы органдар әлеуметтік-саяси, әлеуметтік мәдени, шаруашылық және салааралық жалпы басқару, нақты және күнделікті жедел басшылық функцияларын жүзеге асырады.

Атқарушы билік органы заңмен белгіленген тағайындау тәртібінде құрылады.

Атқарушы билік органдарын қызметтік мазмұны мен нақты бағытталған қарай бірнеше түрде саралауға болады.

1. Қызметінің әкімшілік-аумақтық бөлігіне қарай орталық атқарушы билік органы және жергілікті мемлекеттік басқару органдары болып бөлінеді. Республика деңгейінде өз құзіретін атқарушы билік органдары ретінде Үкімет, министрліктер, агенттіктер және комитеттер саналады.

Жергілікті мемлекеттік басқару органына әкімдік қызметі жатады.

2. Құзіретінің сипаттамасына қарай атқарушы билік органдары:

- жалпы құзіретті, яғни, мемлекеттік басқару қызметінің функциялары мен өкілеттіктері барлық атқарушы билікті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға таратады. (Үкімет, облыстық әкімдік);

- салалық құзіретті, яғни басқару саласында (білім және ғылым қорғаныс, ішкі істер және т.б.) саласында өздерінің функциялары мен өкілеттіктерін жүргізетін органдар (министрліктер);

- салааралық құзіретті, орталық атқарушы органы құзіреті шегінде арнайы атқару және бақылау қадағалау міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласына (аясына) салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асырады.(Агенттіктер мен комитеттер).

3. Құру тәртібіне қарай атқарушы билік органдары:

ҚР Президенті құратын, ҚР-ның Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес, үкіметті ҚР Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

4. Ведомствалық сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:

- алқалық органдар өкілеттіктерінің негізгі сұрақтары орган мүшелерінің көпшілік дауысымен шешіледі. Мысалы, Үкімет құрамына Үкімет мүшелері – республика Премьер-Министр,оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды тұлғаларды кіреді.

- Үкімет мүшелерінің ішінде үштен екісі Үкімет отырысында қатысса, отырыс шешімі заңды болып саналады. Министрліктерде, агенттіктерде консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады.

- Дара басшылық, органның басшысы негізгі сұрақтарды шешу өкілеттігі арқылы басшылықты жүргізеді және өз құзіретінің шегінде шешім қабылдауда дербес және органның қызметі үшін жеке жауапты болады.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 1019 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)