Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Ақшалық қанағат жүйесі.
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  6. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  7. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы

Қолданылып жүрген заңдарда <<құқық қорғау органдары>> деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекттік органдар үшін жалпылама болып табылады. Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез- құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық- пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:

құқық қорғау міндетінің болуы;

құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;

заңмен қатаң түрде регламенттеу;

белгіленген рәсім- іс жүргізу тәртібі болып табылады.

Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа да қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық <<Барлау>> қызметінің негізгі міндеті- еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қызметінің бір қатар белгілері(заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органдары емес. Құқық қорғау қызметінің мақсаты- құқық пен міндетті қорғау – олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.Міндеттер айқындалған соң, оның негізгі бағыттары:

1. конститутциялық бақылау;

2. сот төрелігі;

3. прокурорлық қадағалау;

4. әділет органдарының қызметі;

5. қылмыстық қудалау;

адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді. Конститутциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конститутциясының барлық заңдардан, зандарға тәуелді және өзгеде нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз етуболып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі жүзеге асырады. Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негізболып табылады. Ол құқықтуралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдануға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін. Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысанасы, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік- құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына, жедел- іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтау жөніндегі міндетті жүзеге асырады, сот әділдігін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін шешіп, оның міндеттеріне тікелей жәрдемдеседі. Олардың жекелеген қызметтері, бөлімшелері азаматтық құқықтар мен фактілерді куәландырумен (нотариатты, жылжымайтын мүлік агенттігінің, АХАЖ мекемелерінің азаматтық- құқықтық мәмілелерді, заңды тұлғаларды тіркеумен) айналысады.Қылмыстық қудалау құқық бұзушылықтың әлеуметтік ең қауіпті түрлері- қылмыстарға қарсы күреске бағытталған. Ол қылмыстарды табу мен ашу, оларды жсауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және оларды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шараларды жүзеге асырудан көрінеді. Адвокатураның қызметі көмек сұраған азаматтар мен ұйымдарды білікті заң көмегін көрсету жолымен құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге тиіс, ондай көмек, мысалы, сотта азаматтық және өзге де істер бойынша олардың мүдделерін білдіру, негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және т. б. арқылы көрінуі мүмкін. Құқық қорғау қызметі белгілі бір дәрежеде барлық құқық қолдану субъектілеріне тән, бірақ ол біреулер үшін негізгі, басқалар үшін екінші дәрежелі қызмет болып табылады. Құқық пен қоғамдық қатынастардың тұрақтылығына мүдделі мемлекет құқық қорғау үстемдік ететін, кейде бірден-бір міндеті болатын органдарды арнайы құрады. Мысалы, прокуратура заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды,қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалауды жүзеге асырады,сот органдарында мемлекеттің мүдделерін білдіреді.Ал құқық қорғау шараларына қатысатын басқа органдар,айталық,Парламент немесе Үкімет олар сияқты емес,өйткені олардың негізгі міндеттері тиісінше заң шығарушылық және атқарушылық болып табылады.Демек,құқықтық нормалардың сақталу мен дұрыс өолданылу жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде арнайы өкілеттік берілген,құқық қорғау міндеттері басым болатын органдарды құқық қорғау органдары деп түсіну керек.Мәселен,Конституциялық Кеңесті,сотты,прокуратураны,юстицияны,адвокатураны,қылмыстық қудалау органдарын құқық қорғау органдары мен мекемелеріне жатқызуға болады.

Егер алғашқы бес мекеме дербес,тәуелсіз құрамалар болса,анықтауды және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын қызметтердің көпшілігі өз кезегінде құқық қорғау шеңберіне сыймайтын едәуір кең көлемді өкілеттік тобы бар басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.Мысалы,оларға Мемлекеттік кіріс министрлігінің салық полициясы,кеден комитетінің анықтау қызметтері және басқалар жатады.

Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарын олардың құқық қорғау шараларымен айналысатын бөлімшелерінің басқа құрамалар арасында едәуір көп үлес салмағы бар деген пікірлер бойынша толығымен құқық қорғау органдарына жатқызуға болады.

Жалпы алғанда,құқық қорғау органдары ауқымының олардың құзыреті мен міндеттерінің үнемі өзгеріп отыратынын атап өткен жөн.Уақыт пен тәжірибе өз түзетулерін енгізіп отырады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 259 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)