Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақшалық қанағат жүйесі.

Читайте также:
  1. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  2. Лпа қабынуының жүйесі.
  3. Тісжегінің жүйесі.
  4. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі.

Артықшылығы:

Әскери қызметкер өз жеке сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті азық-түліктерді, тағамды сатып алады.

Кемшілігі:

Жауынгер тағам есебінен үнемдеп, жеткіліксіз тамақтануы мүмкін. Көбінесе, ақша офицерлер арасында ғана қанағаттық деңгейде болады.

Солтүстікте тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктері. Жаңа піскен көкөніс, жеміс-жидектердің болмауы, консервілерді пайдалану – солтүстіктегі еңбек жағдайларының ерекшелігі. Жеке құрам витаминдердің жоғары нормасымен қамтамасыз етілуі тиіс, сондай-ақ Д витамині тек балаларға ғана емес ересектерге де қажет.

Жергілікті азық-түліктерді қолдану кезінде кейбір азық-түліктердің маусымдық ерекшеліктерін ескеруді талап етеді, мысалы: ақ аюдың бауыры әрқашанда улы, ал морж бен қоянның бауыры уақытша маусымға байланысты улы болуы мүмкін.

Жабайы өсетін витаминдер көздері: полярлық сарымсақ, морошка, ягель.

Ыстық климаттық жағдайларда тамақтануды ұйымдастыру және санитарлық-гигиеналық бақылау ерекшеліктері. Еңбек пен тұрмыстың сипатына сәйкес тамақтану режимі қамтамасыз етілуі тиіс. Гипертермия кезінде, суды көп мөлшерде жоғалту себебінен асқазан-ішек жолдарының перистальтика қызметі төмендейді, сілекей бөлінуі тежеледі, асқазан сөлінің бөлінуі мен қышқылдылығы төмендейді, ұйқы безі секрециясының көлемі қысқарады. Ас қорытуға түсетін ферменттердің абсолютті мөлшерінің азаюына байланысты, ыстық кезеңде тамақтық заттарды сіңіру төмендейді. Ас қорыту сөлі секрециясының тежелу орталық нерв жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан, ыстық климаттық ауа райында жұмыс істеу кезінде тәбеттің төмендеуі тамақтық заттардың сіңірілуінің төмендеуіне әкеледі.

Соғыс уақытында әскердің тамақтану гигиенасы. Қазіргі заманда соғыс кезіндегі тамақтану бойынша зерттеулер дүние жүзінде жүргізілмеген, сондықтан біздің қорытындыларымыз, есептеулеріміз эксперименттерге негізделген.

Радиактивті заттар азық-түліктерді ластау мүмкіндігі 80%-тен асады деп есептеледі. Осы кезде уландырғыш заттар тағамдарда, ыдыстарда, техникалық құралдарда және т.б. болады.

Кейбір мамандар, азық-түліктердің радиактивті заттармен (РБЗ) ластануынан еш қауіп жоқ, себебі сыртқы сәулелену сіңірілген дозаны анықтауда тағамдардың сіңіру дозасы өте төмен екенін көрсетті.

Бірақ гигиенистер, РБЗ тамақтық азық-түліктерді қорғау керек дейді, әсіресе тылда, өйткені онда жер үстілік қуатты жарылыстар қолданылады және тамақтық азық-түліктердің РБЗ ластануы жоғары болады.

Қазіргі уақытта 20-40% азық-түліктер жабық ыдыста шығарылады, РБЗ және уландырғыш заттардан (УЗ) толығымен қорғалады, ал бұл көрсеткіш тамақтық азық-түліктерді дайындау технологиясын жетілдіру жағдайында 80%-ға дейін артуын күтуге болады. Азық-түліктердің, судың соғыс уақытындағы нормалары гигиеналық көрсеткіш емес, ол тіршілік ету нормалары. Бұл нормалар 2 апта бойы соғысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін қарастырылған (майдан операцияларын орындау кезінде). Гигиенистер бұл нормаларды қайта қарауды ұсынады, өйткені соғыс бұл мерзімнен де ұзақ болуы мүмкін.

УЗ қатысты нормалау, тіршілік пен соғысқа қабілеттілікті сақтау нормаларымен бірдей.

УЗ қолдану негізінде жеке құрамның тыныс алу жолдарымен, тері арқылы әсері есептеледі. Тамақтық азық-түліктердің, судың ластануы арнайы табельдік құралдары жоқ болғанда 50 %-ды құрайды.

Тағам мен суды ластау үшін көбінесе Vi-газы, зарин, иприт қолдану мүмкін.

УЗ талдау табельдік құралдармен (ПХР-МВ, МПХЛ) жүргізіледі. Табельдік құралдардың УЗ анықтау сезімталдығы мен тиімділігі аса жоғары емес.

Соғыс уақытында алиментарлы аурулардың алдын алу мәселесін шешуге тура келеді (алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, тамақтық уланулар).

Алиментарлы дистрофия – тамақтық ресурстардың жеткіліксіз салдарынан туындайды. Ашығу уақытында бұл патология әрқашанда орын алады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жауынгерлер азық-түлік жетіспеушілігіне ұшырайды.

Егер Бірінші дүниежүзілік соғыста орыс армиясында жаппай цингамен сырқаттану орын алған болса, Ұлы Отан соғысында жаппай цинга ауруы болған жоқ. Өйткені, Ұлы Отан соғысында дәрігерлер 1 млн. литрден астам витаминдер тұнбаларын дайындаған.

Бірақ әскердің тамақтанрын ұйымдастыру кемшіліктері орын алды, әсіресе, Ұлы Отан соғысының 1-ші кезеңінде. 1941 жылы Шығыс майданында жүргізушілердің 90%-ы «су қараңғы» (куриная слепота) ауруына ұшыраған, өйткені рационда А витаминнің жетіспеушілігі кеңінен тараған. Анықталған сәттен түбегейлі шаралар қолданыла бастады: препараттармен қоса А мен С витамині бар тұнбалар ұжымдық түрде қолдану ұсынылды.

Жеке құрам арнайы тапсырмаларды орындау кезінде, шектелген соғыс операцияларында немесе басқа да қарулы қақтығыстарда №17 норма бойынша тамақтандырылуы тиіс (кесте 6).

Кесте 6 – Ұсақ топтарға арналған тамақтану рационы құрамындағы азық-түліктер жиынтығы (№17 норма).

Азық-түлік атауы Көлемі, грамм (дана, пакет).
2 адамнан тұратын топ үшін (3 тәулікке) Дербес тамақтану рационы Арнайы бөлімдер және әуе десанты әскерлері үшін
Нан      
Әртүрлі ет қосылған өсімдікті консервілер      
Балық консервілері -   -
Қызанақ тұздығы -   -
Пісірліген ас бұршақ -   -
Құрғақ сүт сусыны -   -
Жеміс повидлосы -    
Шоколад - -  
Сусынға арналған концентрат -    
Ерігіш кофе -    
Ет қосылған бірінші ас консервілері   - -
Әртүрлі бірінші ас концентраттары   - -
Құрғақ картоп пюресі   - -
Әртүрлі ет консервілері      
Тез дайындалатын макаронды өнімдер   - -
Қант қосылған қойылтылған сүт   -  
Әртүрлі тіске басар көкөніс консервілері   - -
Шақпақ қант      
Жаңғақ қосылған қара өрік - -  
Қатты кәмпит - -  
Қант қосылған ерігіш шәй      
Стерильденеген сиыр майы   - -
Кепкен жемістер   - -
Поливитаминдер, дана (драже)      
Жылытқыш құрал, жиынтық, дана -    
Қағаз салфеткалар, дана -   -
Консерві ашқыш, дана -   -
Гигиеналық салфеткалар -    
Желге, ылғалға төзімді сіріңке, жиынтық -    
Пластмассадан жасалған қасық, дана -   -
Суды залалсыздандыру құралы, дана -    
Пантоцид, дана   - -

Арнайы әскери жүктерді тасымалдау барысында күзетуші жеке құрам № 22 норма бойынша тамақтандырылады (кесте 7).

 

Кесте 7 – Арнайы әскери жүктерді күзетуші жеке құрамға арналған тамақтану рационы (№22 норма).

 

Азық-түлік 1 адамға тәулігіне, г
  Ірі тартылған ақ бидай ұнынан немесе 2 сұрыпты ақ бидай ұнынан дайындалған галеттер  
  Әртүрлі ет консервілері  
  Бірінші асқа арналған ет аралас консервілер  
  Екінші асқа арналған әртүрлі ет аралас консервілер  
  Шақпақ қант  
  Шәй  
  Жеміс – жидек шырындары  

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)