Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Ақшалық қанағат жүйесі.
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  6. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  7. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.

1. Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшіні сайланған ҚР Жғарғы Кеңесінің ІІ сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс ерекше орын алады.Азамттық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі,1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі,1997 жылғы 11 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін тексеру қажет.

Азаматтық Кодекстің 3-бабында ҚР азаматтық заңдарының жүйесі анықталған.Ең алдымен, ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылдаған ҚР өзге де заңдарынан,ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтарынан,Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан,сондай-ақ Азаматтық Кодекстің 1- бабының 1,2 тармақтарында аталған қатынастарында реттейтін ҚР Президентінің жарлықтарынан, ҚР Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормалативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілері бекітілуі мүмкін.Бұл орайда «Нормативтік құқықтық актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы ҚР Заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.

2.Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның-бабында ҚР қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың,өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың залықаралық шарттық және өзге де міндеттемелердің, сондай+ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары да белгіленген.

ҚР Конституциясында азаматтық құқық нормалары барАтап айтқанда - бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген.Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституциясының 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған.Азаматтың ар-ожданы, қадір қасиеті және абыройлы есімі, оның бостандығы мен жеке өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телегрф және өзге де хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізі ҚР Конституциясының 16-18 баптарында жатыр.

Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған. Заң күші жағынаназаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын ҚР Азаматтық Кодексін атап өткенбіз.Азамттық Кодекс 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді.Ол 405-бапты біріктіретін 24 тараудан тұрады.Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негіз етіп алынғаны болып табылады.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес заң актіелеріне: конституциялық заң,ҚР Президентінің конституциялы заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы,ҚР Парламентінің қаулысы,Сенат пен Мәжілістің қаулылары жатқызылған.

«Қазақстан Республикасының Президентіне және жергілікті әкімшіліктердің басшыларына қосымша өкіліктерді уақытша беру туралы» 1996 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес, ҚР Президентіне жаңадан сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сесиясы жұмысын бастаған мерзімге дейін Конституцияның негізінде және оны орындауүшін заң күші бар актілер шыңаруңа құқық берілді.Жоғарыда аталған заңның 1-бабында бұл актілер ҚР тиісті заңдары қабылданғанына дейін қолданылады деп белгіленген. Сөз жоқ, азаматтық құқық үшін ҚР Президентінің мынадай заң күші бар Жарлықтарының зор маңызы бар: 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тркеу туралы»,1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы «ҚР банктер және банк қызметі туралы»,1995 жылғы 3 қазандағы «Сақтандыру туралы», 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы»,1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәлімелерге құқықтарды мемелекеттік тіркеу туралы»,1995 жылғы 22 желтоқсандағы «Жер туралы», және басқалар.

3.Заңға сәйкес нормативтік актілер. ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтарымен қатар,Президенттің азаматтық құқық нормалары бар әдеттегі жарлықтары болады,мысалы, Президенттің «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқықтарын қорғау туралы» 1998 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары да заңға сәйкес нормативтік акті қатарына жатады,олардың көбінде азаматтық құқық нормалары болады.Мәселен, ҚР Министрлер Кабинетінің мына қаулыларын атауға болады:1994 жылғы 7 қыркүйектегі «Дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындары қаржы-экономикалық сауықтыру, қайта ұйымдастыру, тарату жөніндегі шараларды іске асыру туралы»,1996 жылғы 19 сәуірдегі «ҚР аумағында сақтандыру қызметін лицензиялау туралы ережені бекіту туралы», 1996 жылғы 27 мамырдағы «ҚР жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу және оларды орындау жөніндегі ҚР Үкіметінің Құзыетті органы туралы ережені бекіту туралы»,1996 жылғы 27 мамырдағы «Пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерін және тұрғын үй-жағдайлардағы тұрғын емес жайларды дмыту жөніндегі шаралар туралы», 1996 жылғы 6 маусымдағы «Ипотекалық несиелерді қамтамасыз етуде жер учаскелері мен жер пайдалану құқығына жеке меншік құқығын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулылар.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің,мемлекеттік комитеттері ен ведомстволарының нормативтік актілерінде де азаматтық құқықтық нормалар болуы мүмкін.Олар ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп аталып кеткен және оларды тіркеу 1994 жылғы 16 наурызда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген «Ведомстволық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы» ереже негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтық кодекстің 3-бабының 5 –тармағында Азаматтық кодексте және азаматтық заңдарының өзге де актілерінде көзделген жағдайлар мен шекте министрліктерн мен өзге де орталық атқарушы органдар жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген.

Ведомстволық азаматтық құқықтық нормативтік актілер алуан түрлі.Мысал үшін 1994 жылғы 10 қазанда ҚР Қаржы Министрінің Бұйрығымен бекітілген «Тәркіленген,иесіз мүлікті, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, көмбелерді, олжаларды, сондай-ақ қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалауға және сату тәртібі туралы нұсқауды» атауға болады.

ҚР аумақтарын салу, тұрғын үй және құрылыс салу министрлігі 1994 жылғы 30 наурызда «Бас мердігерлер ұйымдарының кіші мердегерлік ұйымдарымен өзара қатынастары туралы ережені»,1994 жылғы 9 наурызда «Қазақстан Республикасындағы күрделі құрылысқа мердігерлік шарттар туралы уақытша ережені» және 1994 жылғы 7 қазандағы «Құрылыста мердегерлік конкурстар мен сауда+саттық әзірлеу мен өткізу жөніндегі уақытша ережені» бекітті.

4.Азаматтық заңдар және халықаралық құқық нормалары. 1995 жылғы ҚР Конституциясының 8-бабында былай деп баянды етілген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау,олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады».

Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтық кодексін дамытады.3-баптың 8-тармағында маңызды принциптері бекітілген.Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады.Халықаралық шартта оны қолдану үшін республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады.Жоғарыда аталған ереженің Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға енуі үшін зор маңызы бар.

5.Азаматтық заңдар, іскерік дағдылар, іскерлік айналым ғұрыптары, мораль және адамгершілік ережелері. Азаматтық кодекстің 3-бабының 4- тармағында азамттық қатынастар ғұрыптарымен, соның ішінде, егер Қазақстан Рспубликасының аумағында қолданылатын азаматтық заңдарға ұайшы келмесе, іскерлік айналым ғұрыптармен реттелетін ережелермен белгіленетін атап өту маңызды.

Азаматтық кодекстің 272-бабында іскерлік дағдылардың қолданылу мүмкіндігі көзделген.Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттеменің ережелері мензаңдарының талаптарына сәйкес, ал мұндай ережелер мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік айналым ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.Сонымен, азаматтық айналымда орнықан мінез-құлық ережелері іскерлік дағдыла деп түсініледі.Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызмет саласында іскерлік айналым ғұрыптары кең таралып отыр.Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының Пленумы мен Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік соты Пленумының 1996 жылғы 1 шілдедегі «Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі бірінші бөлімнің қолданылуы байланысты кейбір мәселелер туралы» қаулысының 4-тармағында мынадай түсіндірме беріледі.Азаматтық кодекстің 5-бабына сәйкес іскерлік қызметтен туындайты дауды шешу кезінде соттың қолданылуы мүмкін іскерлік айналым дағдысы де заңдарда немесе шартта көзделмеген, бірақ қалыптсақан, яғни мазмұны жағынан жеткілікті дәрежеде айқындалған, кәсіпкерлік қызметтің қайсыбір саласында кеңінен қолданылатын мінез-құлық ережесін түсіну керек.

Іскерлік айналым ғұрпы оның қайсыбір құжатта көрсетілгенінде қарамастан қолдануы мүмкін.

Мораль мен адамгершіліктің өзінен-өзі азаматтық құқық деректемелері болып табылатын ережелерді олардың қолданылуы азаматтық заңдар жүйесіне кіретін әлдебір нормативтік актіде орнықтырылоған жағдайда ғана сондай облады.Мәселен, Азаматтық Кодекстің 158-бабында мазмұны заңдарының талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқық тәртібінің немесе адамгершіліктің негіздерінде көрінеу қарсы мақсатпен жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылады.

Азаматтық кодекстің 245-бабында мораль мен адамгершіліктің 245-бабында табылған затты оны жоғалтқан адамға немесе оның меншік иесіне қайтару қажеттігі туралы мораль мен адамгершілік ережесі нығайтылған.

6.Азаматтық заңдар, сот пленумының қаулылары, сот практьикасы және сот преценденті. Батыстың көптеген елдерң үшін азаматтық құқық деректемелері ретінде сот төрелік практикасы қолданылуы мүмкін

1995 жылғы ҚР Конституциясының 4-бабында сәйкес елімізде республиканың Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ғана қолданыстағы құқық деп танылады.Мысал ретінде ҚР Жоғарғы сотының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы пленумының «Соттардың моральдық залалдың орнын толтыру туралы заңдарды қолдануы туралы» қаулысын атауға болады.

Қазақстанна айырмашылығы-Ресей Федерациясында Жоғарғы соттың Пленумы мен Жоғары төрелік сот Пленумының түсіндірмелі нормативтік актілер емес, қайта құқық қолдану актілері болып табылады.Сот пленумының қаулылары тек қана азаматтық азаматтық заңдарының мағынасын ұғындыруға және түсіндіруге, бірақ азаматтық құқықтың жаңа нормаларын жасамуға тиіс.Сот пленумда қаулыларының азаматтық құөқық деректемелрі болмайтыны сондықтан.Ресейдің заң әдебиетінде проф.Ю.Х.Калмыковтың сот пленумдарының қаулыларындағы бассшылық түсіндірмелері азаматтық құқық деректемелрі деп санау керек деген пікір айтқанын атап өткен жөн.

Ресейдегі сияқты, Қазақстанда да соттың нақты іс бойынша шешімі деп ұғылатын сот үрдісі де азаматтық құқық деректемелері қатарларына жатқызылмайды.Біздің жоғарыда атап өткеніміздей, сот үрдісі Ұлыбританияға тін.В.Ансонның «Шарттық құқық» деген кітабына жазған алғы сөзінде проф.О.Н.Садиков жалпы және әсірее, шарттық құқықтың кодталмай қалып отырғанын атап өтеді.Парламент қолданылатын заңдарының саны соңғы жылдарды біршама өскенімен, ола шарттық қатынастардың жекеленегн жақтарын регламенттейді.Құқықтың негізгі көзі болып үрдіс-соттардың шешімдері қалып отыр, олардың ішінде Ұлыбританияның жоғарғы сот сатысы- лордтар палатасынынң шешімдеріне заң күші берілген.Соттың құқықтық мәселелерді шешуде атқаратын басты ролі мен соттық даулар көп болғанда бағдар алуға және белгілі бір үрдісіне сүйене отырып, өзінің қажетті айғақтарды бере алатыны көрсетуге қабілетті практик-заңгердердің маңызды рөлі тергеу болып табылады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 339 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)