Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.

Читайте также:
  1. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  4. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
  5. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
  6. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.

1. Кез келген құқық қатынасы оның субьективті құқықтары мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтық байланысы болып табылады.Сондықтан субьективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады.

2.Субьективті құқық дегеніміз құқық берілген тұлғаның ықтимал мінез - құлық шамасы.Субьективті азаматтық құқық мазмұны жағынан әр түрлі. Субьективті құқықтың мазмұны субьектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды.

Мысалы, меншік құқығы:а)белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін; ә) басқа адамдардың бәрінен олардың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б)меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды (Азаматтық кодекстің 188-бабы).

Міндетті тұлғаның тиісті мінез - құлық шамасы азаматтық құқықта міндеттеп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әр түрлі болатыны ескеру керек.

Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозивтік сипатта болады.Алайда, азаматтық заңдарда тиым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тиым салу нормалары азаматтық құқық қатынастарына қатысушыларждың міндеттерін де айқындайды. Мысалғы, тараптарға шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін біржақты өзгерту (Азаматтық кодекстің 401-бабы).

Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып 2 - ге бөлінеді. Екі тараптың екеуіне де бүр тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бүрлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқық қатынастарына белгілі бір тұлғалар қатысу мүмкін, алайда кейбір құқық қатынастарына міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті).

Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысының бүр мезгілде құқық берілген және міндетті тарап болуы жиі кездеспейді.Мысалы, сатып алу сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.

Азаматтық құқық талабына қатысушылар құрамының өзгеруі мүмкін, мұның өзі атап айтқанда, құқықтық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың (сондай-ақ құқықтар мен міндеттердің) бір тұлғадан- құқықтық із ашардан екінші тұлғаға- құқықтық мирасқорға ауысуы түсініледі, бұл ретте сңғысы құқық қатынастарында өзінің құқықтық ізашарының орнын басасды.

Құқықтық мирасқорлық әмбебап (жалпы) не сенгулярлық (жекеше) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бүр заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқық қатынастарында (құқықтық мирасқорлыққа) жол берілмейтінін қоспағанда құқықтық ізашарының орынын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері, Азаматтық кодекстің 46-бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүліктік құқық қатынастарының субьектілеріне айналады.Жеке құқықтық мирасқорлық- қандай да болсын бір құқық қатынасындағы немесе бірнеше құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық.Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады (Азаматтық кодекстің 348- бабы). Жеке сипатта болатын құқық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т.б. құқықты басқа адамдарға ауыстыруға болмайды), сондай-ақ былайша ауыстыруға заңмен тиым салынған барлық жағдайларда құқықтық мирасөорлыққа жол берілмейді.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 175 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)