Читайте также:
|
|
Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгiлердiң бiрi, оның негiзгi қағидалары рөлiнiң үдемелi дамуында, басқаша айтар болсақ, ол белгiлi бiр қатынастардағы халықаралық құқық субьектiлерiнің тәртiптерiне негiзделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық құқықтың белгiлi бiр обьектiсiне қатысты нақты құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетiн құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратады. Құқықтық нормамен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзiмдi, әрi өзгерiп тұратын мән-жайлардың әсерiне көп ұшырамайды. Сонымен бiрге, нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ мерзiм iшiнде қалыптасады.
Қағидалар дегенiмiз - қандай да бiр жүйенiң негiзiн қалайтын идеялар, нақты жүйенiң барлық нормалары бағынатын, әрекетi көлемдi нормалар болып табылады.
Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - халықаралық құқықтың өзiнiң пайда болуы кезеңiмен сәйкес келмейтiн санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгiлi бiр сатысында пайда болады. Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - бұл халықаралық- құқықтық салада болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi айқын бейнелейтiн негiзгi бастаулар. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелерi болып табылады, оның халықаралық-құқықтың толық нормалары мен арақатысын заңдағы нормалардың конституциялық қағидаларының арақатысымен салыстыруға болады.
Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - өзiндiк сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Бiрiншiден, қағидалар барлық құқықтық жүйеге таралады. Екiншiден, - олар мiндеттi (императивтi) сипатта jus cogens. Үшiншiден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртiншiден, қағидаларға заңдылық критерийi тән болады.
Халықаралық құқықта қағидалардың екi түрлi санаты бар: Жалпы, негiзгi қағидалар; және тар мағынадағы тәртiп ережелерiн бекiтетiн арнаулы қағидалар.
Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары, ең бiрiншiден Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекiтiлген. Бiрақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын тұжырымдау жөнiнде арнайы мақсатты көздемегендiктен, олардың кейбiреулерi өте қысқа мазмұндалған. Сондықтан, бiрқатар мемлекеттердiң бастамашылығымен, бiрнеше негiзгi қағидалардың мазмұнын айқындау үшiн БҰҰ-да бiрсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.
1970 жылғы Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:
* Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.
* Iшкi iстерге араласпау қағидасы.
* Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы.
* Мемлекеттердiң бiр-бiрлерiмен мiндеттi ынтымақтасу қағидасы.
* Халықтардың теңдiк және өзiн-өзi басқару қағидалары.
* Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы.
* Мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.
Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумау керек. 1975 жылы Хельсинкиде болған жалпы еуропалық жиналыстың Қорытынды Актiсiнде 10 қағида бар. 1970 жылғы Декларациядағы тiзiмге келесiлер қосымша енгiзiлдi: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негiзгi мiндеттерiн құрметтеу қағидасы. Айтып өтетiн бiр жәйт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектiлерiнiң басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгiлеудi өзiне мақсат тұтпайды. Әрбiр жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүрiп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигiзбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерiн еркiн зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану қағидалары және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе хабарламаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидасы; заңсыз қол сұғу актiсiнен әуе кемелерiн қорғау және т.б. қағидалар негiзгi қағидалар болып табылады.
Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негiзгi қағидаларын былайша жiктейдi:
Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жһйелерiнен тәуелсiз, бейбiт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады.
Келесi топқа халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi тiкелей қолдайтын қағидалар кiредi. Мұндай қағидаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; халықаралық дауларды бейбiт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымыстық қағидасы жатады.
Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады: мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы; мемлекеттердiң ынтымақтасу қағидасы; халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.
Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жүйелерiнен тәуелсiз түрде бейбiт қатар өмір сүру қағидасы.
Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдауға, сондай-ақ өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға мiндеттi. Бұл қағиданың сипаттамалық белгiсi - ол халықаралық құқықтың көптеген негiзгi қағидаларының мән-маңыздарының үйлесуi. Сондықтан да, қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларының барлық жүйесi бейбiт қатар өмір сүру қағидаларының жүйесi деп атала алады. БҰҰ Жарғысында “бейбiт қатар өмір сүру” нақты терминмен негiзделмегенiне қарамастан, оның мазмұны Кiрiспенi толықтай қамтиды және өзге де жарғылық ережелерде мәнi ашылады. Бейбiт қатар өмір сүру қағидасы бейбiтшiлiктi сүйетiн кез-келген мемлекеттiң сыртқы саясаттағы конституциялық қағидаларының негiзiн қалайды.
Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы. Алғаш рет бейбiтшiлiк туралы Декретте жарияланған басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасы, ең бiрiншi 1935-1939 жылдарда жасалған шабуыл жасамау және бейтараптық туралы шарттарда заңи бекiтiлген болатын. Осы қағида 1933 жылғы агрессияны айқындау жөнiндегi Лондон Конвенциясында; басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасын халықаралық құқықтың жалпыға мiндеттi нормасына айналдырған 1928 жылғы Париж шартында онан әрi бекiтiле түстi. БҰҰ Жарғысының қабылдануы - күш қолданбау қағидасын бекiтудiң келесi маңызды сатысы болды. БҰҰ Жарғысында бекiтiлген күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының Екiншi дүние жүзiлiк соғысқа дейiн қалыптасқан басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасына қарағанда екi елеулi ерекшелiгi бар. Бiрiншiден, тек қарулы күштердi ғана емес, сондай-ақ, түрлі әскери емес мәжбүрлеу нысанындағы, яғни саяси, экономикалық мәжбүрлеуге де тыйым салынады. Екiншiден, тек күш қолдану ғана емес, кез-келген күшпен қорқытуларға да тыйым салынады. БҰҰ Бас Ассамблеясының “басқыншылықты айқындау туралы” 1974 жылдың 14 желтоқсанындағы 3314 Резолюциясы күш қолданбау қағидасының бекiтiлген және кодификацияланған маңызды халықаралық нормативтiк актiсi болып табылады. Аталмыш Резолюцияның 1 бабына сәйкес, басқыншылық - бұл бiр мемлекеттiң басқа бiр мемлекеттiң тәуелсiздiгiне, аумақтық мызғымастығына, саяси дербестiгiне қарсы қарулы күш қолдануы. Қарулы күштi бiрiншi, себепсiз қолдану – басқыншылық актiсiне тән. 3 бапта, мемлекеттiң соғыс жариялауына қарамастан, басқыншылық актiсi ретiнде саналуы мүмкін әрекеттердiң тiзiмi берiлген. Оларға мыналар жатады:
* аумаққа қарулы күштердiң күшпен кiруi және шабуыл жасауы, кез-келген әскери басқыншылық,;
* басқа мемлекеттiң аумағын бомбалау немесе кез-келген қаруды қолдану;
* мемлекеттiң порттарын немесе жағалауларын басқа мемлекеттiң қарулы күштерiнiң қоршауға алуы;
* мемлекеттiң қарулы күштерiнiң басқа мемлекеттiң теңiз, әуе, құрлық немесе әуе флоттарына шабуыл жасауы;
* келiсiмнiң талаптарын бұзғаны үшін басқа мемлекеттiң аумағында тұрған қарулы күштердi қолдану немесе келiсiмнiң бiтуiне қарамастан осы аумақтағы әскери күштердi талап етудi жалғастыру;
* үшіншi мемлекеттерге қатысты басқыншылық актiсiн жүзеге асыру үшін өз аумақтарын пайдалануға беретiн мемлекеттердiң әрекеттерi;
* мемлекеттiң атынан қаруланған бандыларды, жалдамалыларды, реттеу күштерiн жiберу.
Әрекеттердiң жоғарыда аталған тiзiмi толық емес. Басқыншылық актiсiн саяси, экономикалық сипаттағы ешқандай ақталулар ақтай алмайды. Басқыншылық актiсi - бұл халықаралық қылмыс, ол үшін халықаралық жауапкершiлiк жүктеледi. Тәуелсiздiк үшін күрес басқыншылық актiсi болып есептелмейдi.
Көпшiлiк мойындаған қағида - консенсус негiзiнде жасақталған басқыншылық анықтамасын мақұлдай отырып – БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық мемлекеттердi түрлі басқыншылық актiлерiнен және БҰҰ Жарғысының ережелерi мен халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы 1970 жылғы Декларациясына қайшы келетiн күш қолданудың басқа да түрлерiнен тыйылуға шақырды.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав