Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Quot;Қоршаған орта" ұғымына нені жатқызуға болады
  3. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  4. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  5. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

Қаржы әрқашан мемлекеттің өсіп –дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған.Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттін материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде «қаржылар»ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай)қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашан мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізгі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процесіне араласа, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу көздеріндк оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың объектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады. «Қаржы» термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады: 1.материалдық мағынада; 2.экономикалық категория ретінде.

Материалдық (ақшалай) мағынада «қаржы» деп мемлекеттің, өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процесіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы-ақшалар болып табылады. Ақшалар 2 нысанда болады: қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарды түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Қаржылардың елімиздін әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады.

1) бөлу және қайта бөлу функсиясы;

2) Бақылау функциясы.

Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процесінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етеді.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады,ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді.

1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады.

2. Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;

3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;

4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;

5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады;

6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық-құқықтық қатынастар түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қаржылық құқық деп, мемлекеттің қаржыларын,яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды үйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын.

Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2әдісі қолданылады:

1)Мемлекеттік-өктем, императивтік әдіс; 2)Қаржылық-шартты, диспозитивтік әдіс;

Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтық нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады.Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесіден өздеріне тән белгілермен сипатталады.

1)Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады.

2) қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып саналады;

3) қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік –өктем сипатта болды;

4)қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субъектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады;

5)қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін,олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлғалар болып табылады.

Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінің барысында тундайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 225 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)