Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  6. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.
  7. Азаматтық құқық туралы ұғым

1.Азаматтық құқық қатынастарының туындауына заңдық фактілер негіз болып табылады. Азаматтық кодекстің 7-бабында әр түрлі заңдық фактілер азаматтық құқық қатынастары негізінде көзделген.Бұл түзбенің бәрін түгел қамтымайтынын атап өту қажет. Өйткені азаматтық құқықтар мен міндеттер қолданылып жүрген заңдарға түкелей көзделмеген өзге де заңдық фактілер негізінде пайда болып, өзгеріп және тоқталып отырады, бірақ оның жалпы негізі мен мағынасына қайшы келмейді.

Профессор О.А.Красавчиковтың атап өткеніндей, заңдық фактіге мынадай 3 жәй тән:

1) заңдық айғақ - нақты шыңдық фактісі, яғни біздің санамыздан тыс және оған тәуелсіз материалдық дүниенің белгілі бір құбылысы. Заңдық фактілерді зерделей келгенде, фактілердің басталған немесе кем дегенде осы кезге дейін жалғасып отырған құбылыс екенін әрқашан есте ұстаған жөн. Бірақ басталуы қажет екендігі күмән туғызбайтын болса да шын мәнінде орын алған құбылыста немесе мән жайды факт ретінде қарастыруға болады.

2) заңдық факт - азаматтық құқық нормаларында көзделгн факт. Өмір шындығының толып жатқан жалпы құбылыстарында қандай фактінің заңдық күші болатыны және қандайының заңдық күші болмайтынын нақ сол нормалар анықтайды.

3)заңдық факт - азаматтық құқық нормалары негізінде белгілі бір заңдық салдарға әкеп соғатын факт.

2. Заңдық фактілерді топтау. Заңдық фактілерді түрлері бойынша жалпы жұрт қабылдаған басты бөлінісі олрда адамдардың ықтиярымен болатын әрекеттер қатарына және адамдардың ықтиярына қарамай, оған тәуелсіз болатын оқиғалар қатарына жатқыза отырып, әдетте бір бірінен шыққан кезі бойынша шектелетін оқиғалар мен әрекеттерге бөлу болып табылады.Бірақ ықтиярдан тыс болған оқиғаларды сол сияқты барлық жағдайларға қолдануды дұрыс деп тануға болмайды.Мәселен, адамның ажалы кісі өлтірушіден өрт жіберушінің әрекетінен болуы мүмкін. Сайып келгенде ықтиярлық актілер іс-әрекеттің себебі ғана емес, сонымен қатар оқиғалардың себебеі де болуы ықтимал сондықтан оқиғалардың айырмасын олардың шығу көзінен емес, қайта процесстің сипатынан іздестіру керек: оқиғалар өздерінің пайда болу себептеріне қарамастан, өз барысында ықтиярсыз сипатты болады, ал әрекет өзінің себебі бойынша ғана емес, өз барысында да ықтиярды түрде жасалады.

Әрекеттер өз кезегінде заңды және заңсыз болып бөлінеді.Қолданылып жүрген заңның немесе басқа нормативтік құқықтық актілердің нұсқамалары бұзылатын әрекеттер заң жүзінде теріс әрекеттер деп түсініледі. Зиян келтіру жөніндегі әрекеттер құқық тәртібінің немесе адамгершіліктің негіздеріне көрінеу қарсы мақсатпен жасалған мәміле және т.б.заңсыз болып табылады (азаматтық кодекстің 158-баптың 1-тармағы.)

Азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес келетін әрекеттер заң жүзінде дұрыс әрекеттер болып табылады. Мысалға заңға сәйкес жасалған сатып алу сату, сыйға тарту, тасымалдау, жеткізіп беру және т.б. сияқты әр түрлі азаматтық құқықтық мәмілелерді алуға болады.

Өз кезегінде заңды әрекеттердің бәрі заңдық актілер мен заңдық қылықтырға бөлінеді.Азаматтық құқықты азаматтық құқық қатынастарына пайда болуына өзгертілуіне немесе тоқталуына бағытталған заң жүзінде дұрыс әрекет заңдық актілер деп түсініледі. Азаматтық құқық заң актілері негізгі түрі мәміле (шарт) болып табылады. Азаматтық құқытың 147- бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді анықтауға өзгертіге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп тагылады.Сол сияқты азаматтық кодекстің 380- бабында шарт жасасқан кезде азаматтар мен заңды тұлғалар ерікті болады деп көрсетілген.

Заңды қылық-заңды белгілі бір әрекет нақ сондай зардап шектіруге бағытталғанына немесе бағытталмағанына қарамастан белгілі бір заңдық зардаптарға байланыстырылатын заң жүзінде дұрыс әрекет. Мәселен, заңды қылықтыр қатарына шығармашылық кәсіп қызметкерлерінің сайып келгенде әдеби немесе музыкалық туындылары жасалатын әрекеттері жатады.

Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген,науқастанған,мүгедек болған жағдайда және өзгеде заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар,мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде сондай-ақ медидциналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медедциналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.Орта білім алу міндетті.Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келу керек.мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға,жиналыстар митинглер мен демонстрациялар шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы бұл құқықты, пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік қоғамдық тәртіп денсаулық сақтау басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісісн басқаруға,қатысуға.мемлекеттік оргондар мен жергілікті өзін өзі басқару оргондарына тікелей өзі жүгінуге сондай ақ жеке және ұжымдық өтінігштер жолдауға құқығы бар.Әр азамат Қазақстан Республикасының Констстутциясын және заңдарын сақтауға басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.Заңды түрде белгіленген салықтарды адамдарды және өзгеде міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 466 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)