Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.

Читайте также:
  1. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  4. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
  5. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
  6. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.

1.Азаматтық құқық қатынастары әдетте:а) мүліктиік және мүліктік емес; ә)абсолютті және салыстырмалы; б)заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.

Былайша бөлудің негізіне әр түрлі белгілер алынғандықтан, бір,ана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы, меншік құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.

Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін (есімін, ар - ожданы және басқаларын қамтамасыз етеді).

Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүлікті құқықтардың ретінде әрекет етеді.Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы мүмкін.Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқығы, авторлық құқық осындай болады.

2. Құқұық қатынастарда тағы да абсолютті және салыстармалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысшылардың байланысы болып негізделген. Субьективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынастары) және жеке мүліктік емес қатынастары (мысалы, туындыға немес өнертабысқа авторлық пен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болу мүмкін. Бұл арада меншікті заттардың бір субьектісі, туындының немесе өнертабыстының авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндеті келеңсіз болып табылады және меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына, автор құқығын бұзбауға келіп саяды.

Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бүрақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар және заңды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.

3. Заттың және міндеттемелік құқық қатынастары.

Профессор М.И. Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын заттық немесе міндеттемелік болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарындағы маңызын сақтап қалған. Егер де институтциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде (мысалы, француз азаматтық кодексі) былайша бөлу онша айқын көрінбесе, пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (герман азаматтық заңдар жинағынан Ресей Федерациясының кодексіне дейін) оның маңызы бар.

Мейлінше жалпылама түрінде "заттық" және "міндеттемелік" құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғындардың енжарлығын керек етеді.Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның іс әрекетә болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)