Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Читайте также:
  1. Ақпараттың өлшем бірлігі.Бит, байт ұғымдары.
  2. Адам,тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасы
  3. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  4. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  5. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  6. Азаматтық заңдардың қолданылуы.

Р “мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы” Заңы

Опубликовано - 29 Қараша 2011 11:42. Раздел Нормативтік Құжаттар

Азақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңы

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн реттейдi және бақылау мен қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған.

Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын берудi, тiркеу есебiне қоюды, сондай-ақ тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi нысанасына байқау және тексеру жүргiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар және олардың аумақтық бөлiмшелерi;
2) жедел ден қою шаралары – Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерiлетiн субъектiлерге қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерудi жүзеге асыру барысында және тексерулердiң нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi;
3) мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға олардың қызметiнiң сәйкестiгi нысанасында тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
4) мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) – мемлекеттiк органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелерi бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның iшiнде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн;
5) тәуекел – тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
6) тәуекелдердi бағалау жүйесi – бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулердi жоспарлау мақсатында жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
7) тексерiлетiн субъектiлер – қызметiне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)