Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азаматтық заңдардың қолданылуы.

Читайте также:
  1. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  2. Азаматтық құқық қатынасының мазмұны.
  3. Азаматтық құқық туралы ұғым
  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  5. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  6. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

1.Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы.Қазақстан Республикасының Конститутциясы 4-бабының 4-тармағына сәйкес, барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар деп жарияланады.Азамттардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы Қазақстан Республикасы заңының 31- бабында Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысында және ресми басылымдар болып табылатын "Егемен Қазақстан", "Казакстанская правда", "Заң", "Юридическая газета" газеттерінде жарияланады.

2. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде:

1. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары - олар алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін егер актілердің өздерінде немесе олардың күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, күнтізбелік 10 күн өткен соң;

2.Қазақстан Республикасы Парламенті, оның палаталарының қаулылары - егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап;

3.Қазақстан Республикасы Контитутциялық Кеңесінің қаулылары - олар қабылданған күннен бастап;

4.Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына енетіндердің де, енбейтіндердің де, соның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғары сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері - егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енгізіледі.

Нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерін, тарауларын, баптарын күшіне енгізудің тұтас алғанда бүкіл акті үшін белгіленгенінен өзнеше мерзімдері көрсетілуі мүмкін.

Егер заңдардың өзінде оларды күшіне енгізудің өзгеше тәртібі белгіленбесе, азаматтық заңдар өздері жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бір мезгілде күшіне енеді.Азаматтық заңда күшіне енгізудің арнаулы тәртібі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлім күшіне енгізу туралы" 1994 жылы 27- желтоқсанындағы қаулысында көзделген. Бұл қаулыда оны күшіне енгізу уақыты, яғни 1995 жылғы 1- наурыздан бастап деп көзделген.

Азаматтық кодекстің 4-бабында азаматтық заңдардың кері күші болмайтыны және олар күшіне енгізілгеннен кейін болатын қатынастарға қолданылатыны туралы ереже белгіленген. Азаматтық заң актілерінің ол күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға заңдық күші юұл онда тікелей көзделген жағдайларда қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің "Шетелдік инвеститциялар туралы Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" қаулысын мысалға келтіруге болады, оның 2-тармағында заңның 6-тармағының күші (заңдардың өзгеруі мен саяси жағдайдан кепілдік) осы заңды күшіне енгізуге дейін пайда болған құқық қатынастарына да қолданады деп белгіленген.

Азаматтық кодекстің 4- бабының 2- тармағында азаматтық заң актісі күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастар бойынша ол оны күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған құқықтар мен міндеттерше қолданылады деген ереже белгіленген. Азаматтық кодекстегі жоғарыда келтірілген ережеде ерекшелік жасалған. Мәселен, Азаматтық кодекстің 383-бабында тараптар үшін шарт жасалғаннан кейін заңдарда шарт жасалған кезде қолданылғаннан гөрі өзгеше міндетті ережелер көзделсе, жасалған шарт ол шарттар жасалмастан бұрын пайда болған қатынастарға қолданылады делінген. Бұл жағдай тиісінше "pacta sunt servanda" - " шарттар орындауы тиіс" деген принципке сүйенетін ереже қолданылады.

4. Азаматтық - құқықтық нормативтік актінің күшіне ену кезімен қатар оның қолданылуын тоқтату кезінің де маңызы зор. Көптеген жағдайларда азаматтық-құқықтық нормативтік актілер бұрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік актінің қабылдануы нәтижесінде өз күшін жояды.Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңеснің "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы" 1994 жылы 27-желтоқсандағы қаулысымен "Меншік туралы", "Кәсіпорындар туралы", "Кепіл туралы" заңдардың күші жойылды деп танылды.

5. Азаматтық заңдардың кеңістікте және адамдар тобы бойынша қолданылуы.Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.Алайда Азаматтык-құқықтық нормативтік акт шығарған орган сол актінің қолданылу аумағын шектеу мүмкін.

6. Азаматтық заңдар адамдардың тобы бойынша да нақ осылайша қолданылады. Атап айтқанда, заңдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына қолданылады. Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағында шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар нақ сондай құқықтарды сатып алуға құқықты емес және заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді орындауы міндетті.

Кейде нормативтік актінің өзінде оның барша жұртқа емес, белгілі бір адамдар тобына ғана қолданылатыны белгіленеді. Мысалы, "шетелдік инвестициялар туралы" заң шетелдік инвесторларға қолданылады, оларға мыналар жатқызылады: шетелдік заңды тұлғалар; өздері азаматтығында тұратын немесе тұрғылықты жері деп санайтын елде шаруашылық қызметін жүргізу үшін тіркелген жағдайда шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары; шет мемлекеттер; халықаралық ұйымдар.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 403 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)