Читайте также:
|
|
Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың маңызды бөлімі болып табылады. Бюджеттік құқық қаржылық-құқықтың институт ретінде мемлекетімізде қалыптастырылатын бюджеттерге байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Мемлекетіміздегі бюджет жүйесі республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бөлінеді, сондай-ақ осы бюджеттер өте мол ақша қоры түрінде көрініс табады.Бюджеттік құқықтың құқықтық реттеу аясында- пәніне мыналар жатады:
1)бюджеттің кірістерінің құрамын анықтау;
2)бджеттің шығыстарының бағытын(құрамын) анықтау;
3) мемлекеттік бюджеттің құрылысын анықтау;
4)республикалық және жергілікті өкілді органдардың бюджет саласындағы құзыреттерін анықтау;
5)бюджеттік процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілеу.
Бюджеттік құқықтың өзіне тән құқықтық нормалары,яғни бюджеттік құқықтық нормалары бар.
Бюджеттік құқықтық нормалар мына келесідей белгілермен ерекшеленеді:
1) бұл нормалар мемлекет тарапынан белгіленеді және олардың атқарылуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;
2) бұл нормалар қатынастарға қатысушыларға заңи міндеттер жүктейді және өктем билік береді;
3) бұл нормалар әрқашанда мемлекеттік құзыретті органдардың қандай да болмасын құқықтық нормативтік актілерінде заңдарда, жарлықтарда,өкімде, қаулыда көрініс табады;
4) бұл нормалар қоғамдық және мемлекеттік мүдделері қамтамасыз етуге бағытталған;
5) бұл нормалардың құрамында өте сирек кездесетін норма түрлері есептеу нормалары (кірістер мен шығыстардың сандық көрсеткіштері,т.б.) ұшырасады;
6) бұл номалар көбнесе өктем –әмірлі сипатта болады;
7) бұл нормалардың біршама бөлігі құзырет белгілеу нормаларын құрайды;
8)бұл нормалардың көбі бастапқы кездерінен тиісті заңдарға байланысты,бір жылдың көлемінде ғана заңи күшінде болады.
Міне осы құқықтық нормаларының жиынтығы бюджеттік құқықты құрайды.Сонымен, бюджеттік құқық деп мемлекет аумағындағы бюджеттерді қалыптастыру және бөлу, сондай-ақ осы бюджеттерден бөлінген ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Мемекеттегі бюджеттерді қалыптастыру және бөлу процесіндегі қатынастар екі құқықтық реттеу әдісінің көмегімен реттеледі: біржақты-өктем-өмірлі (императивтік) әдіс және қаржылық –шартты (диспозитивтік) әдіс.
Мемлекетіміздің бюджет жүйесінен әртүрлі,әр деңгейдегі бюджеттер өз орындарын алады. Олар республикалық бюджет, облыстық бюджет, аудандық бюджет,қаладағы аудандық бюджет және т.б.
Негізінде бюджет жүйесі күрделі құрылым болып табылады және көптеген құрамдас әлеуметтердің жиынтығынан түрады. Сондықтан бюджет жүйесі деп, мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру,бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу,қарау,бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының,бюджеттік қатынастардың тиісті қаржылық-құқықтық актілерден, бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқада мемекеттік уәкілетті органдардың, сондай-ақ бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.
«Бюджет»терминін ғылыми құқықтық тұрғыдан алып қарасақ,оның өзіне тән құқықтық және экономикалық маңызына байланысты бірнеше мағынадан көрініс табатынын байқаймыз.
Материалдық мағынада,бюджет дегеніміз мемлекеттің шығыстарына жұмсауға арналған орталықтандырылған ақша қоры, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі шығыстары қамтамасыз етуге арналған жергілікті орталықтандырылған ақша қорлары. Экономикалық мағынада бюджет деп, мемекеттік орталықтандырылған ақша қорын және жергілікті бюджеттерді қаыптастыру, сондай-ақ жұмсау барысындағы экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.Құқықтық мағынада, бюджет дегеніміз мемлекеттің ең басты, негізгі қаржылық жоспары,былайша айтқанда кіріс және шығыс баланысы.Ал заңи техникалық мағынада бюджет деп, мемлекеттің негізгі қаржылық заңын, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың қаржылық-құқықтық актілерін айтамыз. Енді осы бюджеттерді қаржылық жоспар ретінде қарастыруымыз қажет.
Бюджетті қаржылық жоспар түрінде әзірлеу, қарау,бекіту және атқару процесі бюджеттік жоспарлау деп аталады.Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлардың құрамдас бөлігі болып табылады және күрделі, айырықша біліктілікті қажет қылатын қызмет түрі ретінде ерекшеленеді. Құқықтық ғылым аясында бюджеттік жоспарлаудың орнына көбінесе бюджеттің қаржылық жоспар түрінде белгілі бір сатылардан өтуі. Бюджеттік процестің басты сатылары мыналар:
1)бюджеттің жобасын әзірлеу;
2)бюджеттің жобасын қарау;
3)бюджетті бекіту;
4)бюджетті атқару және атқарылуына бақылау жүргізу:
5)бюджетті жабу және атқарушы жөнінде есеп беру.
Бюджеттік процесті жүзеге асыру барысында алға қойылған мақсат тек жоспарлау, яғни бюджеттің жобасын әзірлеу ғана емес, сонымен қатар оны орындаудан (атқарудан) тұрады. Ос аяда қолданылатын ең басты әдістің бірі- баланыстық әдіс, яғни бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін теңдестіру болып табылады.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 276 | Нарушение авторских прав