Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісжегінің жүйесі.

Читайте также:
  1. Ақшалық қанағат жүйесі.
  2. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  3. Лпа қабынуының жүйесі.
  4. Тісжегінің даму себептері туралы қазіргі көзқарастар.
  5. Тісжегінің даму себептері туралы теориялар.
  6. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі.

Адам организмінде орын алатын кез-келген аурулар сияқты тісжегіге де белгілі клиникалық белгілер тән және олардың білінуі тісжегінің даму сатысына байланысты. Осыған орай тісжегінің бірнеше жүйесі ұсынылған.

Тістің қатты тіндерінде тісжегі үрдісінің тереңдеуіне байланысты оның төрт сатысын ажыратады:

2. бастапқы тісжегі немесе дақты тісжегі (начальный кариес, кариозное пятно – caries incipiens, caries maculosa)

2. жоғары тісжегі (поверхностный кариес – caries superficialis) немесе кіреуке тісжегісі (кариес эмали – caries enamelum)

2. орта тісжегі (средний кариес – caries media)

2. терең тісжегі (глубокий кариес – caries profunda)

Бұл тісжегінің анатомо-топографиялық жүйесі. Сонымен қатар анатомиялық жүйесі де орын алған: 1) кіреуке тісжегісі (кариес эмали), 2) дентин тісжегісі (кариес дентина), 3) цемент тісжегісі (кариес цемента). Тіс беттерінде орналасу ерекшеліктеріне қарай: жүлгедегі тісжегі (фиссурный кариес), жанасу беттегі тісжегі (апроксимальный кариес), тіс мойнында ораналасқан тісжегі (пришеечный кариес). Тісжегі кезінде ұлпада клиникалық белгілер тудыратын өзгерістер болмаса жәй тісжегі (простой кариес – caries simplex) немесе асқынбаған тісжегі (неосложненный кариес – caries complicata), ал ұлпа және периодонтта патологиялық үрдіс туындаса, асқынған тісжегі (осложненный кариес – caries complicata) деп атайды.

Клиникалық тәжрибеде ертеде қойылған пломбының төңірегінде тісжегі қуысы пайда болса, екіншілік тісжегі (вторичный кариес – caries secundaria) немесе қайталама тісжегі (рецидивный кариес – caries recidiva) деген термин қолданылады. Ол көбінесе жүргізілген емдеу шараларында жіберілген қателіктер нәтижесінде дамиды. Болашақта емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін екіншілік қуыстың да тереңдігін дұрыс анықтаған жөн.

Біраз авторлар даму ағымына қарай жедел тісжегі (острый кариес) және созылмалы тісжегі (хронический кариес) деп бөледі. Жалпы медициналық көзқарас бойынша бұл терминдерді қолдану орынды емес. Себебі жедел дамыған үрдіс болғанның өзінде тіс кіреукесінде деминералданудан бастап, қуыс пайда болғанға дейін бірнеше ай өтеді. Мұндай ұзақ уақыт медицинада қабылданған жедел дамыған патологиялық үрдістердің уақыт шеңберіне сия бермейді. Сонымен бірге әртүрлі адамда тісжегінің даму қарқынының бірдей болмайтыны дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Осыған байланысты тісжегі үрдісін даму жылдамдығына байланысты қарқынды дамыған және баяу дамыған тісжегі деп бөлуге болады.

Қарқынды дамыған тісжегі (интенсивно текущий кариес)тістер тісжегіге көбірек ұшырайтын жаста (3-7 және 12-17 жастар аралығы) кездеседі.

Кіреукені жарақаттаған тісжегі үрдісі дентинге жеткеннен кейін аз уақыт ішінде кеңейе және тереңдей жайылады және біраз аймағында дентинді тіректен айрылған кіреуке сына келе тісжегі қуысы үлкен көлемге ие болады. Екі-үш ай ішінде тісжегі қуысы тереңдеп, ұлпада қабыну үрдістері дамиды. Тісжегінің қарқынды даму үрдісінде организмнің реактивтігінің төмендігі, жылтыр және орын басушы дентин құру қызметі азайған тіс тіндерінің құрылымдық ерекшеліктері маңызды орын алады.

Баяу дамыған тісжегі (медленно прогрессирующий кариес) кезінде тіс тіндеріндегі патологиялық үрдіс сылбыр және баяу дамиды, ұзақ уақыт кіреукеден әрі аспайды. Мұның өзі мөлдір және орынбасушы дентиннің қалың және үлкен аймақта құрылуын қамтамасыз етіп, тісжегінің тереңдеуіне кедергі болады. Патологиялық үрдіс ұлпаға жеткетше 2-3 жыл уақыт өтеді. Жанасу беттерінде дамыған тісжегі кезінде науқас тісінің бұзылып жатқанын көп уақытқа дейін байқамауы да мүмкін.

Өте қарқынды дамыған тісжегі (острейший кариес – caries acutissima) гүлденген тісжегі (цветущий кариес – caries florida) немесе жүйелі тісжегі (системный кариес – caries generalis) көбінесе тісінің қатты тіндері толыққанды қалыптаспаған, жедел және созылмалы жұқпалы аурулармен жиі ауыратын, рахитпен ауырған балаларда, қан аздығынан зардап шеккен адамдарда, тамақ рационында көмірсулы тағамдар басым тұрғындар арасында жиірек кездеседі.

Тісжегінің бұл түріне көптеген тістердің мойындарын айнала жарақаттайтын айналмал тісжегіні (циркулярный кариес – caries circularis) жатқызуға болады. Аталған жүйелерден басқа ДДҰ-ы 9-рет қайта қарап ұсынған жүйесімен де таныс болған орынды.

Тісжегінің ДДҰ ұсынған жүйесі (классификация ВОЗ, 9-переосмотр).

1. кіреуке тісжегісі, бор түстес дақты қосқанда (кариес эмали, включая «меловое пятно»);

2. дентин тісжегісі (кариес дентина);

3. цемент тісжегісі (кариес цемента);

4. тоқталған (тежелген) тісжегі (приостоновившийся кариес);

5. одонтоклазия (одонтоклазия)

6. басқалай (другой);

7. дәлелденбеген (неуточненный);

Тісжегіні жергілікті емдеу шараларын дұрыс жүргізу үшін тісжегі қуыстарының Блек (1884) ұсынған жүйесін де жақсы білу қажет. Орналасу ерекшеліктеріне қарай Блек тісжегі қуыстарын 5 классқа бөледі:

I класс – барлық тістердің табиғи сайлары мен ойықтарында (көбінесе кіші және үлкен азу тістердің, жоғарғы екінші күрек тістердің) орналасқан тісжегі қуыстары.

II класс – кіші және үлкен азу тістердің жанасу беттерінде орналасқан тісжегі қыстары;

III класс – күрек тістер мен сүйір тістердің жанасу беттерінде орналасқан және олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырлары бұзылмаған жағдайдағы тісжегі қуыстары;

IV класс – күрек тістер мен сүйек тістердің жанасу бетінде орналасқан, олардың сауыттарының тістеу бұрыштары мен қырларының бұзылуына әкеп соғатын тісжегі қуыстары;

V класс – барлық тістердің мойын аймақтарында орналасқан тісжегі қуыстары;

Қазіргі кезде VI кластық тісжегі қуыстарын да қарастырып жүр.

VI класс – жоғарыда көрсетілген шартты аймақтардан басқа жерлерде орналасқан, аумағы мен тіс тіндерінің жарақтануы ерекшеліктері жағынан жоғарыда келтірілген анықтамаларға сай келмейтін тісжегі қуыстары. Алтыншы кластық тісжегі қуыстарына атипиялық қуыстар немесе атипиялық тісжегі (атипичный кариес – caries atypica) деп атауға болады. Бұл тісжегі тіс сауыттарының тісжегіден басқа аурулары (тіс гипоплазиясы, тіс флюорозы, сынаға ұқсас ақауы сияқты) дамыған аймақтарда, шайнау төмпешіктерінде, тістеу қырларында дамиды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)