Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісжегінің даму себептері туралы қазіргі көзқарастар.

Читайте также:
  1. А. жер жүзінлегі тіршіліктің қазіргі жағдайы мен болашақ қамын ойлау
  2. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  3. Азаматтық құқық туралы ұғым
  4. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  5. Дебиеттің үш тегі туралы қазіргі көзқарастар.
  6. дыси хадис туралы түсінік 1 страница
  7. дыси хадис туралы түсінік 2 страница

Қазіргі кезде тісжегі кіреукеде минералсыздану үрдісінен басталатын ешкімде күмән туғызбайтын ақиқат екені белгілі. Минералсыздану кіреукенің сыртқы қабаты сақтала тұра, астыңғы қабатында жүреді. Минералсыздандыру үрдісінің тікелей себепкері – тіс қағының құрамындағы микроорганизмдер ферменттерінің көмірсулы тағамдар қалдығын ыдыратуынан пайда болған органикалық қышқылдар.

Соңғы жылдардағы біраз ғалымдардың (Боровский Е.В., Леус И.А., 1979) зерттеулері тісжегінің бастапқы кезеңінде (тісжегі дағы) жарақат ошағында біршама минералсыздану үрдісі орын алатынын дәлелдеді. Аталған авторлар тісжегінің бастапқы даму кезеңін былай деп түсіндіреді: белгілі жағдайларда (тістер дұрыс тазаланбаған жағдайда, ас қалдықтары тістердің беттерінде көп жиналған кезде, сілекейде мөлшерлік және сапалық өзгерістер байқалса) тіс беттерінде жұмсақ тіс қағы немесе микробты қақ (микробная бляшка) құрылады және көмірсулар ыдырауынан пайда болған қышқылдардың әсерінен қақ астындағы ортада рН кіреуке төзгісіз деңгейге дейін (критический уровень 4,5-5,0) төмендейді. Сонымен қатар тіс қағының ферменттік жүйелері әсерінен кіреукенің органикалық қабықтары (пелликула және кутикула) бұзылып, қышқылдар кіреукеге тікелей әсер ете бастайды. Сутегі иондарының (Н+) кіреуке төзгісіз деңгейі ұзақ сақталған кезде кіреуке бетінің кейбір тұрақсыз аймақтарында (призмааралық кеңістіктер, Ретциус жолақтары аймақтары) апатит кристалдары ери бастайды.

Қышқылдар енді кіреукенің астыңғы қабатына өтіп, ондағы минералды компоненттерді де еріте бастайды. Құрамындағы апатит кристалдары еріп, бұзылысқа ұшырай бастаған кіреуке призмаларының физикалық қасиеттері өзгеріп, сәуле сындырғыштығы төмендеуі нәтижесінде оның мөлдірлігі жойылып, бетінде ақбор түсті күңгірт тісжегі дағы пайда болады. Астыңғы қабаттағы минералсыздану ошағы біртіндеп жанжаққа қарай кеңейе береді, және призмааралық кеңістіктердің кеңеюіне байланысты микрооргнизмдердің кіреуке ішіне енуіне жағдай туып, енді қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысады. Тісжегінің бұл кезінде кіреукеде минералсыздан үрдісі оның сыртқы бетіне параллелді аймақта және ішке қарай дамығандықтан жарақат ошағы конусқа ұқсас болып құрылады. Қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысқанымен оның сыртқы қабаты көпке дейін бұзылмайды, мұның өзі оның құрылымдық ерекшеліктеріне (фторапатиттің басым болуы) және сілекей құрамындағы бейорганикалық компоненттер әсерінен қайта минералданып отыруына байланысты.

Кіреуке ішінде минералсыздан ошағының ұзақ сақталуы тұрақты сыртқы қабаттың біртіндеп еруіне және тісжегі қуысының пайда болуына әкеп соғады. Сонымен қатар тісжегі қуысы басқа жолмен де пайда болуы мүмкін. Астыңғы қабаттағы минералсыздан үрдісі дамыған сайын сыртқы қабат жұқара келе механикалық әсерлерден сынып барып, тісжегі қуысы немесе кіреуке қабатында ақау пайда болады.

Тісжегі үрдісінің бастапқы белгілерінің дамуында тістің қатты тіндерінің тұрақтылығының (резистенттігінің) үлкен маңызы бар. Бұл тұрақтылық олардың құрылымдылық, химиялық құрамдық ерекшеліктерімен және генетикалық ізқуарлығымен қамтамасыз етіледі. Тісжегінің пайда болуына ықпалын тигізетін факторларды төмендегідей топтастырған.

Жалпылай әсер ететін ықпалдар:

А. Сапасыз астық тағамдар мен ауыз суы.

Б. Организмнің жүйелері мен ағзаларындағы функционалдық ауытқулар.

В. Экстремалдық жағдайлар.

Жергілікті ықпалдар:

А. Тіс қағы.

Б. Ауыз сұйығының құрамының және қасиеттерінің бұзылыстары.

В. Көмірсулы ас қалдықтары.

Тіс тіндерінің тұрақтылығы (төзімділігі – резистентность)

А. Құрылымының толыққандылығы.

Б. Химиялық құрамының толыққандылығы.

В. Генетикалық кодының оңтайлылығы.

Тісжегі туындатушы ықпалдар (жалпылай және жергілікті) тіс тіндерінің төзімділігі сияқты әртүрлі жағдайларда әртүрлі қарқындылықпен әсер етуі мүмкін. Тісжегі бұлардың әрқилы қатынастық жағдайында дамуы мүмкін, бірақ тісжегіні туындататын бірден-бір қауіпті кезең – тіс тіндерін үнемі минералсыздандырушы сутегінің бос иондарының (Н+) жоғары концентрациясының түзілуі. Ауыз іші ортасы жеген тамақтың табиғатына, ішкен судың құрамына, организмнің жүйелері мен ағзаларының функционалдық жағдайына, әртүрлі ауруларына байланысты өзгеріп отырады.

Егер кіреукенің қалыпты жағдайы онда толассыз жүретін және тепе-теңдікте сақталатын минералдану және минералсыздану үрдісімен байланысты болатынын түсінсек, бұл ықпалдардың тісжегінің дамуындағы рөлін түсіну қиынға соқпайды. Егерде тіс тіндеріндегі минералдану және минералсыздану тепе-теңдігін бұзатын жағдай туған болса және минералсыздану үрдісі басым болатын болса, кіреуке қабаты өзгеріске ұшырап, дақты тісжегіге тән белгілер дамиды. Минералсыздану үрдісінің толассыз дамуы кіреуке мен дентинде әртүрлі тереңдіктегі қуыстардың қалыптасуына әкеп соғады. Ал ауыз іші жағдайын жақсартып, организмнің функционалдық қасиетін жоғарылатар болса, бұзылған тепе-теңдік қайта қалпына келіп, минералсыздану үрдісі тежеліп, патологиялық үрдіс кері дамуы (ақ дақ толығымен жойылады) немесе тоқталуы (ақ дақ қоңыр түске боялады) мүмкін.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 56 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)