Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тісжегінің даму себептері туралы теориялар.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  2. Азаматтық құқық туралы ұғым
  3. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  4. Дебиеттің үш тегі туралы қазіргі көзқарастар.
  5. дыси хадис туралы түсінік 1 страница
  6. дыси хадис туралы түсінік 2 страница
  7. дыси хадис туралы түсінік 3 страница

Осы уақытқа дейін жүргізілген көптеген зерттеулердің тісжегі үрдісінің даму механизмін толық түсіндіре алмауы – оның аса күрделілігінің дәлелі. Құрамында қан тамырлары, нервтік элементтері жоқ, тек өзіне тән минералдану деңгейі өте жоғары кіреукеде жүретін патологиялық үрдістерді бірде-бір басқа ағзаларда немесе тіндерде жүретін үрдістермен салыстыруға болмайды.

Өте ерте уақыттың өзінде де тісжегінің себептерін анықтауды көздеген көптеген талпыныстар болған. Қазіргі жыл санаудың І ғасырында Скрибоний тістерді бұзушылар-құрттар деген шешімге келген. Медицинаның әкесі болып саналатын атақты Гиппократ (жаңа эраның V ғасыры) тісжегінің дамуы адам организмінде бұзылған шырындардың («дурные соки») пайда болуына байланысты және олар көптеген ағзалардың (бауыр, асқазан, өкпе, көк бауыр және б.) патологиялық өзгерістерге ұшырауы нәтижесінде құрылады деп түсіндірген.

17 ғасырда тісжегінің дамуының химиялық теориясы қалыптасты. Бұл теория тістер ауыз ішіне түскен қышқылдардың әсерінен дамиды деп, органикалық және бейорганикалық қышқылдарда кіреукенің еритінін дәлелдеді және «қышқыл болмаған жерде тісжегі де болмайды» деген ұғымды уағыздады. Сонымен қатар тісжегі дамуының паразитарлық немесе микробтық теориясы дами бастады. Оған негіз болған – микробиология ғылымының дамуы және тіс қақтарында микрооргнизмдердің көптеп табылуы. Тісжегі – ауыздағы микрооргнизмдердің қатысуымен дамитын шіру үрдісі деген көзқарас қалыптасты.

Миллер ұсынған химико-паразитарлық теория (химико-паразитарная терия Миллера)

Алғашқы ұсынылған уақытынан бастап (Miller, 1984) бұл терия кең тарады және қолдау тапты. Себебі ол өз уақытындағы дәлелді және алдыңғы қатардағы (прогрессивті) көзқарасты қалыптастырды. Клиникада байқалған көптеген факторларға түсініктеме берді және эксперименталдық зерттеулермен дәлелденді.

Миллердің ұйғаруынша, тістер ауызда көмірсулы тағамдар болғанда микроорганизмдердің әсерінен бұзылады. Тісжегінің басталу үрдісін көмірсулы тағамдар қалдығының микроорганиздердің қатысуымен ыдырауынан пайда болған органикалық қышқылдардың – пирожүзім, алма, сірке және сүт қышқылдарының әсерімен байланыстырда. Сонымен қатар тамақтық заттар құрамында келетін басқа қышқылдардың да әсерінен теріске шығарған жоқ. Тісжегінің дамуын екі кезеңге бөлді: оның ойынша бірінші кезеңде ауыз сұйығының РН-ы төмендеуі немесе қышқылды ортаға ауысуына байланысты кіреуке мен дентин минералсызданады. Тек минералды заттардан тұратын кіреуке қышқылдар әсерінен толығымен ериді. Екінші кезеңде дентиннің органикалық заттары микробтар бөліп шығаратын ферменттердің әсерінен ыдырайды. Қышқылдар мен бактериялардың рөлін ескере отырып, Миллер тісжегінің дамуына қолайлы факторларға

(сілекейдің мөлшері мен құрамы, тамақтану ережесі және тамақтың құрамы сияқты) аса мән берді. Тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін, кіреукеніің қалыптасу кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайларды да назарынан тыс қалдырған жоқ.

Миллер өзінің теориясын эксперименталдық жолдармен дәлелдеді. Адамның жұлынған тістерін жақсы шайналған наннан, сілекейден және 2-4% қант ертіндісінен тұратын қоспаға орналастырып, 37°C температуралы термостатқа қояды. Бірнеше (4-6) аптадан кейін тісті алып байқағанда, кіреукеде тісжегі кезінде орын алатын минералсыздану үрдісін анықтайды.

Миллердің теориясы клиникалық дәлелге де ие болды. Ол – тістің беттеріндегі табиғи сайлар мен ойықтарда, жанасу беттерінде және мойындарында (тамақ қалдықтары жиі орналасатын аймақтар) көмірсулы тағамдарды жиі пайдалағанда тісжегінің жиі дамуы.

Автордың теориясының ең әлсіз жері – тісжегінің дамуындағы ауыз сұйығының РН-ның (реакциясының) төмендеуі көптеген сыни пікірлер мен таластар туғызады. Шынына келсек, сілекейдің буферлік қасиетіне байланысты ауыз сұйығының реакциясы әрқашанда бейтарапты немесе әлсіз сілтілі (рН 6,8-7,0) ортаға тең және кез-келген қиын жағдайлардың ықпалы кезінде де кіреукені минералсыздандыратын қауіпті деңгейге дейін (рН 4,5-5,0) ешуақытта төмендемейді.

Дегенмен бұл теория тісжегінің дамуын түсіндіретін теориялардың (400ге жуық) ішіндегі ең маңыздысы болды және көптеген клинико-лабороториялық зерттеулердің нәтижесінде жаңа мағлұматтармен толықтырылып, тісжегінің пайда болу себептерін дәлелдей алатын қазіргі кездегі көзқарастың қалыптасуына негіз бола алды.

Қазіргі кезде тісжегінің пайда болуын тістің бетінде қалыптасқан тіс қағының немесе микробты қақтың астындағы шағын аймақта ғана қышқылды ортаның қалыптасуымен байланыстырады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 48 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)