Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі

Читайте также:
  1. Ақшалық қанағат жүйесі.
  2. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  3. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  4. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  5. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  6. Азақстан Республикасының ұлттық қаауіпсіздік органдары

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мелекеттің ішкі және сырқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішіндегі және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республика Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келсіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкешілігін қамтамасыз етеді (40-бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл тұруы және туысынан сол елдің азаматы болуы тиіс.

Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қазақстан Республикасының Парламенті - Қазақстан Республикасы заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы – Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы – Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады (51-бап).

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.

Сот билігі – сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын аралысуға жол берілмейді және ол заң жауапкешілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшысы органның немесе байқаушы кеңсенің құрамына кірумен сыйыспайды.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)