Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Қазақ тілін оқыту жүйесіндегі дәстүрлі әдістер

Читайте также:
  1. Tl ертінділерінен бөліп алу әдістері
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  5. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  6. Азақ тілінен емтихан сұрақтары
  7. Взвод командирінің міндеттері (топ, мұнара) оқыту әдістемесі.

Дәріс жоспары:

1. Қазақ тілін оқытудың формалары мен жүйелері. Қазақ тілі сабағының құрылымы.

2. Қазақ тілін оқыту принциптері мен қазақ тілін үйрету әдістері

3. Қазақ тілін үйрету әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері

4. Қазақ тілінің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын, сөзжасамды оқыту әдістемесі

5. Тілдік білім беру – лингвистикаға қатысты білім жинақтау, ережелері, тілдік заңдылықтар

6. Қазақ тілін оқыту әдістеменің ұстанымдары.

7. Қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін (компентенция) қалыптастыру

8. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері

9. Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері.

 

Қазақ тілін оқытудың формалары мен жүйелері. Қазақ тілі сабағының құрылымы. Әрбір тілдік материалдар методикалық жүйе теориясы бойынша орналасады. Әр сыныптың шамасына қарай сұрыпталған тілдік материалдардың өзіндік белгілерін оқыту тәртібін жүйе деп атайды. Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі бір тәртіп бойынша орналасады. Алдымен орта мектепте фонетика оқытылады. Фонетикалық материалдардан кейін лексика саласы өтіледі. Лексика сөзінің түрлі мағыналық ерекшелігін қарастырады. Дыбысты және сөзді білген оқушы әр сөзге қосылатын қосымшалардың ерекшелігін білуге талпынады, осыдан кейін морфология саласы өтіледі. Алдымен сөз құрамдары, тақырыптары, содан соң сөз таптары материалдары оқытылады. Сөзді және қосымшаларын білген оқушыға сөз бен сөздің байланысын, сөйлем мен сөйлемнің үйлесімін білдіру қиынға соқпайды. Сондықтан да, синтаксис тақырыптарының оқытылуы осы орында беріледі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беруде тілдік материалдарды меңгертудің сатылы басқыштары зор қызмет атқарады: 1. Меңгертудің аналитикалық басқышы. Әр сөйлемде немесе мәтінде неше дыбыс, неше әріп бар екендігін меңгерту үшін, әуелі жеке сөздерді буынға бөлдіреді, сонан соң дыбысты буынға, буынды сөз, сөздерге бөледі. 2. Меңгертудің синтетикалық басқышы. Бұл кезде оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа қарай талдап, жинақтау дағдысын үйренеді. Жазу мен оқу нәтижесінде сөздерді есту мен көру бейнелері біріне бірі ықпалын тигізіп, есту бейнесі көру бейнесінсіз жұмсалмайтындығы аңғарылады. Белгілі бір сөздерді көргенде, оған есту бейнесінің де қосылатындығы байқалады. 3. Меңгерудің аналитикалық-синтетикалық басқышы. Бұл процес кезінде оқушылар кез келген объектіні талдап, жинақтау дәрежесіне көтеріледі. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің негізгі процестері мыналар: 1. Қазақ тілі материалдарын еске түсіру. Қазақ тілі тақырыптарын оқушыларға танытуда және оны оқушылар ойына қалыптастыруда психикалық әрекет пайда болады. Осы сезімнің негізінде қазақ тілі тақырыптарын оқушылар ойында қалыптастырудың дағдылары пайда болады. 2. Қазақ тілі материалдарын түсіндіру. Жаңа құбылысты таныту арқылы оқушылардың дыбыс жүйесінің ой-өрісі, білім аясы, білімдік дәрежесі кеңейеді. Оқушыларға жаңа материалдардың өзіндік белгілерін қалыптастыруда, оларда мынадай түсінік пайда болады: 1. Өтіліп отырған материалдардың тақырыбын біледі. 2.Өткен материалмен жаңа тақырыптың байланысын табады. 3.Жаңа тақырыптың жасалу жолдарын, ережелерін меңгереді. 3. Қазақ тілі материалдарына дағдыландыру. Бұл процесте қазақ тілі материалдарының өзіндік белгілерін түгел қамтитындай дағды түрлері іске асырылады. Бұл жұмыс процесі негізінде оқушыларда толық түсінік қалыптасады. Қазақ тілі тақырыптарын дағдыландыру, пысықтау, қайталау сияқты жұмыс процестерін өз ішінде қамтиды. Оқушылардың дағдысын қалыптастыруда жұмыстың мынадай түрлері орындалады: Мұғалімнің дайындаған карточкелері іске асырылады, жаттығулар орындалады, ауызша мысал, сөйлемдер құрастырылады, жазба жұмыстары жазылады, сөздіктер пайдаланылады. Дағды жұмыстарын орындау үстінде оқушылар белсенді түрде қазақ тілі фактілеріне бақылау жасайды, өзіндік белгілерін салыстырады, ой қорытындысын жасайды. Қазақ тілінен берілетін білімді жүйелі меңгертуде оларды оқушылар ойында сақтауда дағдыландыру процесінің мәні күшті.

Қазақ тілінен өтілетін сабақтың негізгі топтары – сабақ құрылымдары элементтерінің жиынтығы. Сабақтың бұл құрылымы әртүрлі методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Сабақтың құрылымдық элементтері тәлім-тәрбие беру мақсатына, материалдың өту тәртібіне, өсімдік белгілерінің санына, оқушының дайындық дәрежесіне қарай ауысып отырады. Мұғалім әр сабақтың құрылымдық элементтерін түрлі бағытта іске асырады. Мысалы, жаңа материалдың өзіндік белгілері ауырлау болған кезде, мұғалім материалды бірден, тақырыптың жасалу жолы, айырмашылықтары, дидактикалық мысалдарын түсіндіруден бастайды. Содан кейін тақырыптың анықтамалары мен ережелерін шығарады. Оқушыларды іздендіріп, практикалық жаттығулар жүргізеді. Мұғалім өткен материалдарды еске түсіріп, үй тапсырмасын тексереді. Өткен материалдармен байланыстырып, жаңа материалдың өзіндік белгісін түсіндіреді. Қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтері мыналар:

1. Өткенді еске түсіру

2. Тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру

3. Бекіту және қайталау мақсатындағы жаттығу жұмыстары

4. Үй тапсырмасын беру

5. Үй тапсырмасын тексеру

6. Оқушылар жұмысын бақылау

7. Оқушылар еңбегін бақылау.

Қазақ тілін оқыту принциптері. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты білім беруде мұғалімдердің ескеретін жұмыстары көп-ақ. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық принциптер мен методикалық заңдылықтарға сүйенеді. Дидактикалық принциптер:

- ғылыми принцип

- жүйелі принцип

- көрнекілік принципі

- саналылық пен белсенділік принципі

- теорияны практикамен байланыстыру принципі

- жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.

Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-біріне ұштастырып отырады. Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен екі түрлі принциптің орындалатындығы байқалады. Біріншісі- оқушылардың қазақ тілі материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі-оқу материалдың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе мұғалімнің белсенділігі аңғарылады. Сабақты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып табылады.

Ғылыми принцип. Қазақтілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі- ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тілдік мәлімет беруде жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалық жағдайларды да ескерген мақұл.

Жүйелі принцип. Жүйелі принцип – жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде біріккен сабақ құрылымында білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда үй тапсырмаларын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Қазақ тілі материалдарын меңгерту көрнекі түрде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Содан кейін өтілетін тақырып дауыстап оқылып, материалдың өзіндік белгілері салыстырылып, анализ-синтез жасалынады.

Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі – көрнекілік принципі. Бұл принцип оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын әрі қарай нығайту үшін қолданылады. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды. Сөйтіп көрнекілік: а) дауысты және дауыссыз дыбыстардан берілетін білімнің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді; ә) орфографиялық объектілердің жете меңгерілуіне, буын,екпін және үндестік заңын оқушылар ойында тұрақты қалдыру үшін пайдасын тигізеді; б) орфографиялық тақырыптарды терең меңгерту үшін жағдай жасайды; в) жергілікті тіл ерекшеліктерін болдырмаудың мүмкіндіктерін жүзеге асырады; г) морфологиялық тақырыпты танытуда септігін тигізеді; ғ) оқушылардың тілге деген құмарлығын асырады; д) олардың бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады.

Саналылық пен белсенділік принципі. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгерту үшін мынадай жұмыстарды іске асырған жөн: 1) тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл; 2) түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындау керек; 3) күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар тұсында өткен материалдарға байланысты толық жауап болуы тиіс; 4) орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені білгені дұрыс; 5) күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгергені жөн.

Теорияны практикамен байланыстыру принципі. Мектепте қазақ тілінен алған теориялық білімді күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны практикамен байланыстыру принципі болып табылады. Осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделікті өмір қажетіне жаратады. Оқушылар ауызша мазмұндаудың бірнеше түрлерін де меңгереді. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім мынадай практикалық мақсаттарды жүзеге асырады: 1) тілден алған теориялық білімін ауызша және жазбаша мақсатта қолдана білу; 2) түрлі талдаулар жасай білу; 3) орфография мен орфоэпиядан алған білімді ауызша түрде сауатты іске асыру.

Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі. Мектеп оқушыларына тілдік факторлерге байланысты білім мен дағдыларды жетік әрі берік меңгертуде түсінуге жеңіл қолайлылық принципін қолданған жөн. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдер жаңа қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сияқты психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі. Түсінуге жеңіл қолайлылық принціпін іске асыруда мұғалім мынадай методикалық жүйені пайдаланады: Алдымен қазақтілінен тақырыптарды дәл таңдап алып, оны жеңіл мысалдармен түсіндіріледі; тілдік тақырыптардың өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға айтқызып, ауызша мысалдар келтіреді; бұл мысалдарын тақтаға жаздырып, талдау жасатады; талдау үстінде тақырыптың өзіндік белгілерін саралап айтқызып, қорытынды пікір шығаруға төселдіреді.

Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беруде олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескеріледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылардың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материалмен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырып өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім бақылап отырады. Нашар және орта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде түрлі жұмыстар жүргізіледі. Алдымен үйге берілген тапсырмаларды бақылап, тексеріп шығады. Сонан соң жаттығудың шартын дұрыс және бұрыс орындағандарына назар аударады.

Қазақ тілін үйрету әдістері. Қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтама ережелерін меңгертумен қоса, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлемі, өткізілетін сабақтын құрылымына қарай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Ол мектеп бағдарламасының көлеміне, сынып оқушыларының жас, ой дәрежелеріне сәйкестендіріледі. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім мен оқушының өзара қарым қатынасын анықтау әдісі - әңгіме әдісі. Мұны кейде сұрақ-жауап әдісі деп атайды. Қазақ тілінен өтілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасады: білім алу талабына сай белсенділігі артады, тіл ұстарту негізінде сөйлем құруға, айтуға жаттығады, қорытынды шығаруға үйренеді. Бұл дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабаққа мынадай талаптар қойылады: мұғалім әңгімесінде ой тиянақты, толық болуы керек, мұғалім сөз саптауы, сөйлем құрауы, түсіндіруі жеңіл болуы қажет, әңгімеге оқушының өзі қатынасып отыруы керек, мұғалім жауап алу процесінде оқушы тілінің мазмұнды логикалы болуын қадағалайды. Сабақты әңгіме әдісімен өткізуде дидактикалық материалдардың мәні күшті. Оқушыларға қазақ тілінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен методикалық бақылау жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, мынадай құрылымдық элементтерден тұрады: оқушылардың тілдік материалдарды бақылауы, сұрақтар негізінде меңгеруі, сұрақ-жауап бойынша тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне орай ережелер мен анықтамалардың шығарылуы. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдардың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Өздігінен меңгеру үшін ереже мен анықтамалар қиындық келтірсе, онда оны мұғалімнің өзі айтып береді. Хабарлау әдісінде қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде, тілдік материалдардың жалпы заңдылығын, өзіндік белгілерін нақты мысалдар арқылы хабарлайды. Тілдік фактілердің жалпы қасиеттерін хабарлай отырып, оның жасалу жолдарына көздерін жеткізеді. Хабарлау әдісі оқушылардың өздерін ойландырып, алғашқы айтылған пікірінен жалпы ой қорытындысын шығаруға бағыттайды.

Қазақ тілі материалдарын хабарлау әдісімен меңгеруде оның құрылымдық элементтері де зор қызмет атқарады: дидактикалық материалдарды оқушылар толық ұғынады, анықтама мен ережелерді мұғалім өзі айтып береді, өзіндік белгілерін біртіндеп хабарлайды, практикалық дағдылар жүйесі орындалады. Білім мен дағдыларды меңгертуде түсіндіру әдісінінің атқаратын ролі үлкен. Түсіндіру әдісі білім беру мен алу мақсатына қарай екі түрге бөлінеді: мұғалімнің түсіндіруі және оқушының түсіндіруі. Мұғалімнің түсіндіруі көбінесе түсініксіз объектілерді ұғындыру, қиын тақырыптарды баяндау, өзіндік жұмыстарды жүргізу, талдау, жаңа теориялық білімді таныту, практикалық дағдылар жүргізу кезінде қолданылады. Оқушының түсіндіруі мынадай орындарда жүзеге асады: Қазақ тілі тақырыптарын талдау, сұраққа жауап беру, сабақ айту, жаттығу жұмыстарын орындау, үй жұмысын түсіндіру, өтілген материалдарды қайталау барысында орындалады. Тәжірибе әдісі қазақ тілін оқытуда жиі кездеседі. Қазақ тілі материалдарын тікелей көрсету кезінде орындалады. Тәжірибе әдісі қазақ тілінің лингвистикалық негіздері мен психологиясына сүйенеді. Бұл әдістің жасалуындағы негізгі көздер мыналар: қазақ тілі материалдарының ғылыми ерекшеліктері, айту мен есту тұсындағы меңгерген білімнің кеңеюі, көрнекілік тәсілінің ықпалы, оқушылардың есінде ұзақ сақтауын ескеру, олардың іздендіру мүмкіндіктерін шамалау. Кітапты пайдалану әдісі оқушыларға берілетін теориялық білімнің оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізілуі. Олар әрбір сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына негізделеді. Мұғалім материалдардың ерекшеліктерімен қоса анықтамалар мен ережелерді оқытып, жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде жүзеге асырады. Кітапты пайдалану тұсында жүргізілген жұмыс оқушылардың қазақ тілі бойынша алған білімі мен дағдысын тұрақты еске қалдырады. Кітапты пайдалану оқушылардың психологиялық дағдыларын қалыптастырады: оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, алған білімін пысықтайды, есту, көру қабілетін дамытады, сөздік қоры, сөз саптау мүмкіндіктерін арттырады. Кітапты пайдалану әдісі сабақтың мына түрлерінде жиі қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіру, бекіту, біріккен сабақты жүргізу, қайталау сабағы, үй тапсырмасын беру, тексеру. Бұл әдістің құрылымдық элементтері де сабақ жүргізуде ерекше маңызға ие.

Қазақ тілін үйрету әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері. Қазақ тіліноқыту методикасын зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әр түрлі. Білім беру әдітері мектепте қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Ал зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасы туралы ғылыми методикалық еңбектер және практикалық методикасын жасау үшін қолданылады.

Зерттеу әдістері қазақ тілін оқыту методикасын теориялық жағынан байытуда жиі пайдаланады. Бұл ретте мынадай тәсілдер жүзеге асырылады.

1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім беру және оны практикалық дағдылар арқылы іске асыруда қолданылады. Қазақ тілінен теориялық білімді мектеп оқушыларына меңгертуде түрліше психикалық дағды жұмыстар болып табылады. Олар мыналар: үй тапсырмасының мақсаты, шартты түрде үйге тапсырылатын жұмыстың көлемі, олардың орындаудың методикалық жүйесі. Мұны тәжірибе жасаушы мұғалім сабақта және сабақтан тыс орындарда бақылау жасайды.

2.Эксперимент әдісі. Бұл әдісте ғылыми-методикалық еңбек жасау үщін жүргізіледі. Эксперимент –ғылыми тәжірибе деген сөз. Бұл барлық ғылым саласында, ал қазақ тілін оқыту методикасында тым жиі қолданылады. Теориялық және практикалық еңбектер сол арқылы жазылады. Эксперимент әдісі қазақ тілін оқыту методикасында, негізінен 1960 жылдардан кейін қолданылады. Бұл әдіс бойынша қазақ тілі фонетикасын, синтаксисін, орфографиясын, пунктуациясын оқыту методикалары жасалды. Эксперимент өзінің іске асыылуы мақсатына қарай төмендегі түрлерге бөлінеді:

а) бақылау эксперименті - кейін жүргізілетін методикалық эксперименттер материалын іске асыру үшін жүргізіледі. Алдымен экспериментке қойылатын объектінің жағдайын, мақсатын, мазмұнын, түрлерін анықтайды;

ә) кластық эксперимент - мектептің бірнеше кластарында іске асады.Экспериментке қойылатын жұмыстың мақсатын,мазмұнын, негізгі істелетін жұмыстың барысы мен негізгі нәтижелерін анықтайды;

б) кең таралған эксперимент. Мұнда кластық эксперименттің нәтижелері бірнеше мектептің бірнеше кластарында сыннан өткізіледі. Әр сабақта әр класта эксперимент материалдары іске асырылады. Негізгі мақсаты: біріншіден экспериментке қойылатын жұмыстың мазмұнын; екіншіден оқушыларға берілетін білім мен дағдының көлемін; үшіншіден, эксперимент объектісіндегі білім беру әдістерінің түрлері мен құрылымдық элементтерін; төртіншіден, экспериментке қойылатын материалдардың сабақ түрлері мен элементтерінде жүзеге асатындығын анықтайды. Методикалық эксперимент жұмысы төмендегіше өткізіледі:

1) эксперименткеқойылатын материалдардың болжамы жасалынады;

2) бұдан кейін екі-үш мектептің бірнеше класы таңдалады;

3) осы таңдалған кластарда тәжірибе жасаушы мұғалім сабақ өткізеді. Методикалық материалдың нұсқау болжамынасабақтың күрделі жоспары жазылады, ондаэкспериментке қойылатын объектінің мақсаты және оның мазмұны, оны іске асыру әдістері, жұмысты жүргізудің жүйесі айтылады;

в)методикалық жұмыстың негізгі қорытындылары бірнеше мектептің бірнеше кластарында сыналады;

г)экспериментке қойылатын материалды сынап көру үшіналдымен бақылау, мұнан кейін эксперимент кластары таңдалады. Жұмыстың барлық түрі эксперимент кластарда жүргізіледі. Эксперимент кластарында методикалық нұсқау болжам бойынша оқытылады, оған лайықты материалдың көлемі мен жүйесі таңдалады. Эксперименттің нәтижелері бақылау жұмыстары бойынша өлшенеді. Ол процентпен немесе цифрмен көрсетіледі.

3. Методикалық мұраларды үйрену әдісі. Қазақ тілін оқыту методикасының тарихында методистер Сейіл Жиенбаев, Шамғали Сарыбаев, Қ.Жұбанов, Д. Әлімжановтар елеулі орын алады. Бұлардың методикалық көз қарастары, ұсыныстары сабақ беруде үнемі қолданылады. Сондай-ақ осы күнгі методистеріміз Қ.Жолымбетов, Х.Арғынов т.б. пікірлері, методикалық еңбектері зерттеу жұмыстарын жүргізу процесіне ескеріледі. Сондай-ақ методика теориясына арналған қазақ тілі синтаксисі мен мен қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз болады.

4. Методикалық тәжірибелерді талдау әдісі. Қазақ тілін оқыту методикасынан зерттеу жұмысын жүргізуде мұғалімдер тәжірибесі зор рөл атқарады, сондықтан мұғалімдер тәжірибесін жинақтау, олардың практикалық тәжіреибелерін теорияға айналдыру зерттеу жұмысының басты бағыты болуға тиіс. Мұғалімдер мен методистердің тәжірибелері екі жақты жарияланып отырады. Біріншісі, газет пен методикалық журналдарда басылады. Екіншісі, методикалық әдіс бірлестіктерде талданады, мұғалімнің тәжірибелері әрбір мектептің әдіс бірлестігінде қаралады. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеушілері мұғалімдердің құнды тәжірибелерін талдап, мектеп ауқымында насихаттайды

Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі. Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Мектеп окушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы өту арқылы әдеби тілдің жазылу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Адам баласы бір-бірімен сөйлесім әрекеті арқылы қатынас жасайды, пікір алысады.

Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу -түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей қатынас та жүзеге аспайды. Фонетикалық дағдыларды меңгеру - сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Яғни, бұл дұрыс сейлей білу мен сөйленген сөзді дұрыс түсіне білу дағдыларын меңгеру дегенді білдіреді. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей, ортақ. Өйткені әрбір тілдің дыбыстық материалы мен оның жазылуы, айтылуы сол тілде сөйлеушілердің барлығына бірдей. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері - тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі кұбылыс. Оны жеке адамдар өзгерте алмайды. Фонетикалық материалдардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің дұрыс қолданылуы сөйлеуші үшін, тыңдаушы үшін де ортақ.

Фонетикалық дағдылар тілдік дыбыстардың екі жағына сәйкес келеді:

1. Тілдік дыбыстардың айтылуы.

2. Тілдік дыбыстардың естілуі.

Осы екеуінің бірігуінен дыбысталу түзілімі жүзеге асады. Дыбысталу түзілімі ауызша сөйлеумен тікелей қатысты. Демек, ауызша сөйлеуді үйрену үшін, сөздер мен сөйлем құрамындағы дыбыстардың айқын және дұрыс дыбысталуын білу керек. Тілдік дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын меңгеру қажет. Тілдік дыбыстың материясы сөздің негізгі кірпіші, басты кұралы болып табылады.

Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Басында сөздердің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе оны кейін түзету өте қиын. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды.

Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтежеге жетсе де, кейіннен тоқтап қалмай, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Фонетикалық дағдыларды игеруді күн сайын, сабақ сайын жетілдіріп отырған жөн. Бұл мәселелер әсіресе сөйлеу кезінде анық байқалады. Сондықтан сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрлері арқылы іске асуы дыбыстардың артикулациялық базасына қатысты болады. Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктері фонациялық ауаның қозғалысына қарай танылады. Дыбыстарды айту, сөздерді дауыстап жеткізу фонациялык ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мүгалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондыктан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады.

Дыбыстардың естілуіне қатысты ерекшеліктер олардың жасалуы мен айтылуынан келіп шығады. Дыбыс алдымен жасалып, сонан соң айтылғаннан кейін барып естіледі. Естілген дыбысты дұрыс қабылдағанда, оның айтылу ерекшелігін білгенде ғана сөз түсінікті болады.

Осыдан кейінгі өтілетін күрделі тақырыптардың бірі –буын. Буын туралы мәлімет және оның түрлері оқытылады. Тасымал –буынға тығыз байланысты. Сондықтан оның буыннан соң өтілуі заңды. Сөз бөлшектерінің тасымалдануы буынның түрлеріне тікелей қатысы бар. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні әрқашан сөздің соңында, соңғы буында болады. Екпіннің, негізінен, буынға түсуіне, буында болуына байланысты буын мен тасымалдан кейін өтілгені мақұл. Екпін көптік жалғауында тұрсын немесе басқа қосымшаларда болсын соңғы буында болады. Сондықтан екпін буын мен тасымалдан кейін оқытылады.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың емлесін және буын мен тасымалды, екпінді өтіп болған соң, осыларға жанастыра үндестік заңы өтіледі. Үндестік заңы мынадай мәселелерді қамтиды: 1) кейбір орфография- лық мәселелер; 2) орфоэпиялық мәселелер; 3) буынға және 4) екпінге қатысты мәселелер. Сондықтан үндестік заңының дыбыс жүйесі материал- дарының ақырында оқытылуы орынды.

Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген. Жоғарыда атап өтілген тілді үйретудегі дыбыс белгілерінің барлығы сайып келгенде оның ең басты ерекшелігін - дыбыстарды сөздің, сөйлеудің құрамында дұрыс қолдана білу ережелерін меңгерудің алғы шарттары болып табылады. Қазақ тілінің жалғамалы тіл ретіндегі заңдылықтарының бәрі түбір мен қосымшаның қандай дыбыс, фонема, буында аркылы жалғануына байланысты екенін мұғалімдер білуі қажет.

Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшіі графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекші көңіл бөлгені жөн. М.Дүйсебаева фонетикалық талдауға мынадай талаптар қояды:

1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сейлем түрінде алмай, жеке сөз, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру тиімді.

2. Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поәзиялық шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

Дыбыс пен әріпті үйреткенде бастауыш сыныптарда алған білімдерін естеріне түсіре отырып, түсіндірген тиімді. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді.

Қазақ тілінің лексикасын оқыту әдістемесі. Өзі өмір сүріп отырған қоғам мен ана тілінің, тіл мен мәдениеттің өзара байланысын түсінуде оқушыға тілдегі сөздердің мағынасы мен мәнін меңгерудің маңызы зор. Халықтың рухани мәдениеті мен салт - дәстүрін, халық педагогикасын сана - сезімдеріне сіңіруде тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын үйретудің мәні айрықша. Қазақ лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең қабаттарындағы тылсым қырларын меңгеруге мүмкіндік алады. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының сөйлеу мәдениеті де жоғары болмақ.

Әдіскер А. Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: "Ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын,қыр - сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болады. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге, қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді түсініп талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады. Лексиканы оқудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек."

Лексиканы оқытуда сөзге үлкен мән беріледі. Тілдің ең кіші бөлшегі сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын жете түсіндіру қажет. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын саналы түсінуге, әр сөзді орынды қолдану арқылы өз ойын жүйелі, түсінікті жеткізуге үйренеді.Тілдегі сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдануға тырысады. Көркем әдеби тілдің әуезділігін, әсерлігін түсінуге дағдыланады. Лексиканы өткен кезде сөздің тура және ауыспалы мағынасына ерекше мән беріледі. мынадай мысал келтіре отырып, салыстыру әдісін пайдалана отырып түсіндіруге болады: 1) Ол ата-анасын құрмет тұтады (тура мағынада). 2) Отан ананы қорғайық!(ауыспалы мағына) Сөз мағынасын түсіндіргенде сөз бен ұғымды түсіндіру, олардың тепе-тең екендігін мысалдар келтіре отырып түсіндірген жөн. Сөз біткеннің бәрі мағына бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет.

Лексиканы оқытудағы мүндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек. Омоним, антоним, синонимдерді өткен кезде көбінесе салыстыру әдісін пайдалануға болады.

Мұғалімнің көркем әдебиеттен мәтіндерді оқып, синоним сөздерді тапқызып, орнына басқа синонимдес сөздерді қойғызып, мәтіннің көркемдік ерекшелігіне талдау жасатқызуы да өз нәтижесін береді. Синоним сөздерді мағыналық реңкінің өзгеруіне қарай қойғызу,сөйлем ішіндегі синонимді басқа сөзбен алмастыру, оның өзгеру процесін дәлелдету тәрізді жұмыстарды орындатқан тиімді. Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияны түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды.

Бұлайша түсіндіру - лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды дұрыс ажыратып, сөздердің қолданылу аясын терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сөздікпен жұмыс істеуге үйрету керек. Сөздіктерді қолдана отырып, сөздердің шығу тарихын, мағыналарын меңгерткізу, сабаққа деген қызығушылықты арттырады. Сабақтарда өткен тақырыптың ішінен түсініксіз сөздерді таптыртып, мағынасын сөздіктен таптырып отырса, пән аралық байланыс жүзеге асып, белсенділігі артады.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары

Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай актив және пассив сөздер болып екіге бөлінеді.

Негізгі сөздік қор қазақ тілі шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады.

Негізгі сөздік қордың басты белгілері көрсетіледі.

Қазақтың байырғы төл сөздері. Төл сөздер тек қазақ тіліне тән және түркі халықтарына ортақ сөздерден тұрады. Байырғы төл сөздер дегеніміз халқымыздың

шаруашылығы, дүниетанымына байланысты жалпы халықтық сипат алған сөздер екендігі түсіндіріледі. Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдарына тоқталады.

Сөздік жұмысы ұғымы қазақ тілінде Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.Көбеев, Т.Шонанов, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев сынды әдістемеші-ғалымдардың әдістемелік еңбектерінен бастау алған. Бұл еңбектерде сөздік жұмысын жүргізудің нысаны ретінде мағынасы түсініксіз сөздер қолданылған. Ал кейінгі Р.Сыздық, Т.Қордабаев, С.Рахметова, К.Бозжанова, И.Ұйықбаев, А.Әбілқаев, Т.Әбдікәрім, Г.Уәйісова, Ә.Исабаев, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаевтардың зерттеулерінде – түсініксіз сөздер мен қиын сөздер терминдері қатар қолданылғанымен, екеуінің ара жігі ашылмаған. Зерттеуші ғалымдар мұндай сөздерді әр түрлі деңгейде қарастырып келеді. Ал қазіргі кезде «түсініксіз сөздер» ғылымда «қиын сөздер» ұғымымен қатар аталынып жүр. ТМД елдерінің зерттеу еңбектерінде де осы екі атау қатар берілетіндігін байқауға болады. Парсы тіліндегі алғашқы түсіндірме сөздіктері − фархангтер (ІХ-ХҮ ғғ) өткен дәуірлердегі парсы әдебиеті классиктерінің шығармаларында кездесетін ұғынуға қиын сөздерді түсіндіру мақсатына арналған. Бүгінгі таңдағы ғылымға белгілі фархангтердің ұзын саны екі жүзге жетіп отыр. Ағылшын тілінің тұңғыш түсіндірме сөздігі де [Cawdrey 1604] тілдегі қиын сөздерге түсінік берген. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «қиын», «түсініксіз» сөздері былай түсіндіріледі: Қиын 1. Машақаты көп, жеңіл емес. 2. Қыр-сыры мол, күрделі ауыр. Түсініксіз. Түсінікті емес, анық емес, күңгірт. Байқап отырғанымыздай, «түсініксіз» ұғымы сөздің мағыналық жағына қатысты айтылып, «қиын сөз» ұғымы сөздің тек мағынасының түсініксіздігімен шектелмейтіндігін аңғартады.Оқушылар тілдегі лексикалық құбылыстарды меңгеруге кіріскен кезде жеке күйінде-ақ жинақтау процесінің жемісі болып табылатын сөздерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай тағы да жинақтайды. Сөйтіп жеке тұрғанда өздеріне бұрыннан таныс алыс, шалғай сияқты сөздердің синонимдер деп аталатынын бірдей айтылғанмен мүлде екі түрлі мағына білдіретін ара (жәндік), ара (құрал) сияқты сөздердің омонимдер деп алатынын, сондай-ақ қарама-қарсы мағынадағы үлкен – кіші, биік – аласа сөздерінің антонимдер деп аталатынын түсінеді. Мектепте балалардың қарсы мәндес сөздер туралы түсініктері де кеңейеді. Көпмағыналы сөздің мағыналары сөздікте бөлшектеніп, жеке-жеке беріледі. Бұл жеке мағыналар сөздің лексика-семантикалық варианты болып табылады. Демек, лексика-семантикалық вариант – көпмағыналылығынан ажыратылған, контекстегі мағынаны иеленіп отырған сөз. Демек, сөз мағынасымен жұмыс – күрделі жұмыс.Мектеп оқушыларының қиын сөздерді меңгеруі үшін қиын сөздер сөздігі мен жаттығулар қамтылды. Біз бұл жерде әр сыныпқа арналған қиын сөздер сөздігінен тек «мәуе» сөзімен жүргізілген жұмыстан үзінді беріп отырмыз. Мәуе: Жеміс, жидек, миуа Т үбірлес сөздер: мәуелі, мәуеле Тіркесу қабілеті: мәуелі ағаш, мәуелі жеміс Сөйлем: Бауының мәуесін көрген бағбанның көңіл-күйі көтеріңкі («Қаз.әдеб»). Мақал: Мәуелі ағаш майысқақ (мақал). Семген ағаш мәуесін бермейді, Қысыр сөзден ешкім пайда көрмейді (мақал). Өлең: Балдырған, балғын балалар,

Мойнына қызыл байланған.

Майысып сұлу мәуесі,

Түрлерің гүлдей жайнаған (Жамбыл).

Миуасы піспей жасыл жас,

Ағаштың түсі ашылмас.

Ашылса қанық бояуы,

Қарасаң көңілің тояды (М.Әлімбаев).Оқыту тәжірибесі барысында жүргізілген сабақтар ең алдымен мәтінде кездескен қиын сөздерді арнайы «Қиын сөздер» сөздігімен жұмыс істеу арқылы түсіндіруден басталды. Сөздікпен жұмыс істеудің сөздік қорды байытуда қаншалықты маңызды, керекті екендігіне алғашқы сабақтан-ақ оқушының көзін жеткізу маңызды орын алады. Ол үшін сөздікпен жұмыс істеу әдістемесімен қаруландыру қажеттілігі нақтылана түсті.

Қазақ тілі сөздік құрамының кірме сөздермен толығуы.

Сөздердің пайда болуы түрлі себептерге,тарихи оқиғаларға байланысты. Қазақ халқы да әр дәуірде түрлі халықтармен байланыста болып сөздік құрамын байытып отырған. Тілімізде басқа тілден енген сөздердің ішкі және сыртқы себептерге байланысты пайда болғандығы туралы айтылады. Орыс тілі және орыс тілі арқылы енген сөздердің түрлі ұғымға байланыстылығы.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының қолданылу ерекшеліктері

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер қолданылу аясына қатысты жалпы халыққа түсінікті және таралу аясы тар, диалект, термин, кәсіби сөздер екендігі туралы. Диалект сөздердің әдеби тілге қатысына қарай түрлері. Кәсіби, термин сөздер жайында мысалдармен түсіндіру.

Сөзжасамды оқытудың әдістемесі. Сөзжасам проблемасының немесе жаңа сөз тудыру мәселесінің әр түрінің негізгі ерекшелігі, басты қасиеті неде деген сұрақ — бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі. Ал, ең алдымен, соны айқындап алу қажеттігі туғанда, біз сөзжасамның негізгі лексикалық-грамматикалық қасиеті арқылы тілдік құрылымының қай деңгейінен орын алатынын анықтаймыз. Осы жағынан келгенде, лексика-семантикалық тәсіл (қосымшалар қосылу) негізінде де, аналитикалық тәсіл (сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру) негізінде де сөз тудырудың (сөзжасамның) ең басты мәні, ерекше сипаты жаңа мағыналы сөз (мейлі жалаң сөз, мейлі туынды сөз, мейлі күрделі сөз болсын) жасап, сол арқылы, біріншіден, жаңа ұғымның атауы пайда болып, екіншңден, қазақ тілінің сөздік құрамын байыта түседі. Демек, сөзжасам проблемасы, ең алдымен, тікелей лексикалық мағынамен, соны жасаумен байланысты да, сол арқылы одан кейін грамматикалық байланысты.

Сонымен, қандай тәсілмен жасалса да, сөзжасам проблемасының ең бірінші және ең басты мәні, негізгі ерекшелігі — бір, жаңа сөз тудыру, сөйтіп тілдің сөзжасам қатарын кеңейту, тілдің сөздік құрамын байыту. Осы қасиеттердің негізінде сөзжасам тәсілдері мен түрлерінің белгілі бір тілдік үлгі ретінде, біріншіден, өнімділік - өнімсіздік, екіншіден, құнарлылық – құнарсыздық, сондай-ақ, үшіншіден, қолданыстық (жанрлық-стильдік) сипаттары анықталды.

Қосымшалар арқылы сөз жасау, сөз мағыналарының өзгеруі, басқа тілден енген кірме сөздер, т.б. — тіл дамуындағы негізгі өнімді жолдар. Қазақ тілінің жалғамалық табиғатына сай косымшалар арқылы сөз жасаудың орны ерекше десек, сөздік мағыналық өзгеруі — жаңа сөздің семантикалық мазмұнына сай келгенде ғана мүмкін болады. Сондықтан да сөз мағынасының өзгеруі — тарихи-эволюциялық құбылыс.

Ана тілінің ішкі потенциалды мүмкіндіктерін пайдалану орынды. Бұл орайда сөзжасамның атқарар рөлі ерекше.

Тіліміздегі сөздік құрамның басым көпшілігі туынды сөздер екендігі белгілі. А. Ибатовтың «Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігінде» (1988,А.,) он төрт мыңдай сөз қамтылған.

Қазақ тіл білімінде сөз тудыру барлық грамматикаларда морфология құрамында берілген, ол жөнінде басқа пікір ұсынушылар, пікір таласы кездеспеді. Бірақ ғылымдағы соңғы,жаңа көзқараспен санаспауға болмайды

Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу; оқушы білімін дұрыста шынайы тұрғыдан бағалай білу; бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу; оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру; оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс. Сөздің негізгі мағына білдіретін бөлшегін түбір дейміз. Мысалы: қолға, малшылар, өнерпаздар, шекарадан, қолма-қол, ауыл-аймағы, колхоздан дегендердің түбірі — қол, малшы, өнерпаз, шекара, қолма-қол, ауыл-аймақ, колхоз. Түбір сөздің құрамы, осы мысалдардағыдай, әр түрлі болады: қол — негізгі түбір, малшы, өнерпаз — туынды түбір, шекара — біріккен түбір, қолма-қол, ауыл-аймақ — қосарлы түбір, ал колхоз — екі сөзден тұжырымдалған қысқарған түбір.

Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы, осылайша, 5 түрге бөлінеді:

1.Негізгі түбір.

2.Туынды түбір.

3.Біріккен түбір.

4.Қосарлы түбір (қос сөз).

5.Қысқарған түбір (қысқарған сөз).

Сөздің басқа сөзге бөлшектеуге келмейтін ең негізгі тұлғасын негізгі түбір дейміз. Мысалы: ал, кел, жүр, ақы, кітап, адам, көше, жер, жапырақ.

Негізгі түбірге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөз тұлғасын туынды түбір дейміз. Мысалы: етік- ші, өнер- паз, қон- ақ.

Негізгі түбірге жалғанған жалғау және сөз түрлендіруші жұрнақтар туынды түбір жасамайды.

Бір түбірге түрлі жұрнақ жалғану арқылы бірнеше түбір жасауға болады.

Бір түбірден тараған туынды түбірлерді түбірлес сөздер дейміз.

Екі я одан да көп сөз бірігіп, жаңа лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын біріккен сөз дейміз. Мысалы: Болатбек, Тасболат, Ақтөбе, тасбақа, ашудас, әркім.

Біріккен сөздердің құрлысы екі түрлі болады:

1. Кіріге біріккен. Мұндайға жеке сөздердің бұрынғы түрі сақталмай, өзгеріске ұшырап барып жымдасқан сөздер жатады. Мысалы: бүгін (бұл күн), сексен (сегіз он), апар (алып бар), ашудас (ашу тас), белбеу (бел бау), Дәметкен (дәме еткен).

2. Тұтаса біріккен. Мұндайға бастапқы түр-тұрпаты сақталып жаңа мағынада қосылып айтылатын, бірігіп жазылатын сөздер жатады. Мысалы: Тасбақа, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Бесарық, Олжабай, Сырдария.

Екі сөз қосарланып (я бір сөз қайталана қосарланып), бір лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын қос сөз дейміз. Мысалы: ыдыс-аяқ, киім-кешек, төбе-төбе, әке-шеше, сауыт-сайман, туған-туысқан.

Қос сөздер тұлғасына қарай 3 түрге бөлінеді:

  1. Қосымшасыз қос сөзі. Мысалы: ата-ана, тарс-тұрс, тау-тау, ине-жіп.

2. Қосымщалы қос сөз. Мысалы: үйді-үйіне, қолма-қол, бет-бетіне.

3. Күшейтпелі буынды қос сөз. Мысалы: қып-қызыл, ап-ашық, жап-жақсы.

Морфологияны оқыту әдістемесі. Мектеп программасында морфология материалдарын оқытудың өзіндік мақсаты бар. Морфологиялық заңдылықтарды оқыту дидактикалық принцип негізінде іске асырылады. Морфология – сөз және оның грамматикалық көрсеткіштері туралы ілім. Әрбір сөздің контексте нендей өзгеріске түсіп, грамматикалық қандай мағына мен қызметке ие болып тұрғаны ескеріледі. Морфологияны оқытуда мұғалімдерден қазақ сөздерінің қандай топқа бөлінетінін, ол топтардың әрқайсысының өзіне тән қандай грамматикалық сыр-сипатының барлығын және контексте қандай қызмет атқаратынын оқушыларға білдіру талап етіледі.

Морфология бөлімінің объектілері ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, нақтыланған, осыған орай, морфологияны оқыту мәселесі де методикалық жақтан қарастырылуы аз емес.

Атап айтсақ, Жиенбаев С. (Қазақ тілі методикасы, 1946), Сарыбаев Ш. (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері, 1956, 1959), Әлімжанов Д., Маманов Ы. (Қазақ тілі методикасы, 1965), Ұйықбаев И. (Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар, 1957), Кәтенбаева Б., Нұрғалиева М. (Морфологияны оқытудың методикасы, 1975), Еліктеу сөздерді оқыту, 1974; “Мұғалімдерге қазақ тілінен көмек”, 1972; “Қазақ тілі методикасының мәселелері” (1969) тақырыпты күрделі еңбектердің бәрінде де қазақ тілі морфологиясының объектілерін оқыту мәселесі әрқилы әдіс-тәсілдермен, индукция, дедукция және аналитикалық, синтетикалық, сұрақ-жауап әдістері, салыстыру, әңгімелесу, ізденіс жасату, ойландыру, сөйлеу әдістері арқылы оқытудың жолдары жан-жақты сөз болады.

Морфологияны өткен кезде ең бірінші сөз құрамы, сонымен байланысты түбір, түбірлес сөздерге ерекше назар аударылады. Сөз құрамын схема арқылы меңгерткен ыңғайлы. “Сөз құрамындағы бөлшектерін: негізін, түбірін, жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше – оқушылар сөз таптарын, орфографиялық ережелерді, көп сөздердің мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту да мүмкін емес. Оқушыларға сөздердің құрамындағы негізгі түбір, туынды түбір, жұрнақ (сөз тудырушы) және жалғауларын тапқызып, да


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 552 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)