Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ тілін коммуникативтік тұрғыдан оқыту әдістемесі

Читайте также:
  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  2. Азақ тілі кафедрасы
  3. азақ тілі пәні бойынша 2-деңгейге арналған тест сұрақтары
  4. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификациясы
  5. Азақ тілін оқытудың жаңа технологияларының классификциясы.
  6. Азақ тілінен емтихан сұрақтары

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне коммунткативтік тұрғыдан оқыту қатысым әдісі арқылы жүзеге асатындығы. Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындай бастаған мынадай: тіке байланыс; адамның жеке қабілетін ескеру; сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстарды айқындау; сатылап даму; динамикалық өзгеру; өзектілік принциптерінің тілді үйретудегі маңыздылығы. Тіке байланыс принципі бойынша оқыту процесі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасы арқылы болатындығы. Бұл – қатысымдық әдіс арқылы ғана жүзеге асатын ерекшелік екендігі. Өйткені тілдік қатынастың өзі адамзаттың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделетіндігі. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты – бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы мүмкіндігінше жиі болуы. Тіке байланыс принципі сабақ үстінде ғана емес, өмірде де жүріп жатады. Ол бір ұлт пен екінші ұлттың адамы ортақ сөйлесе білсе, осының өзі тікелей қарым-қатынасты білдіреді. Сол себепті мұндай жағдайларды оқытушы да, оқушы да тиімді пайдалана білу керек. Тіке байланыс принципінің ерекшелігі – кез келген жағдайды, ортаны дұрыс пайдаланып, барлық уақытта ойға оралған пікірді сыртқа шығарып айта білу және оған қатысты жауап алу. Сйтіп сөйлесу мен түсінісуге жол табу.

Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі принцип тіке байланыс принципіне негізделетіндігі. Бұл қағида оқыту әдісінде тіл үйренушінің жеке басына тән барлық қасиеттерді психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеуге және онымен үнемі санасып отыруға негізделетіндігі. Барлық оқыту жүйесі оқушының зердесіне, ынтасына, қабілетіне қарай бейімделеді.

Сөйлеуге үйретуге жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау принципі қатысымдық әдістің сапалы болуын қамтамасыз ететіндігі. Мұнда тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске аысруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай деген мәселелерді анықтап, белгілемей тұрып, алға қойылған мақсатқа жету де мүмкін емес. Бұл принцип оқыту процесінде өткізілетін жұмыстың бірнеше түрлерін қамти келіп, жұмыс түрлерінің санымен емес, сапасымен еркешеленеді.

Жұмыс түрлерін айқындау принципі мұғалімнің жан-жақты ізденуін, алдына нақаты міндет қоя отырып, әр сабақтың мақсатын айқындап алуын талап етеді және үйрету барысында мұғалімге еркіндік береді, белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының жеке басының қажеттілігіне сай жетілдіріп не азайтып отыруына байланысты екендігі. Жұмыс түрлерін айқындау туралы пинцип сөйлеудегі қатысымдық тұлғалардың атқаратын қызметі мен алатын орнын жан-жақты анықтауды қажет етеді. Осыдан келіп, сатылап даму принципіне сүйенуге тура келеді. Бұл қағида бойынша адам мен адамның тіке байланысы да, оқушының жеке қабілетін ескеру де, сөйлеуге үйрету де, жүргізілетін жұмыстың түрлері де бірте-бірте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан көпке, т.б. сатылап өсу үстінде болу керек. Мұнда бұл ерекшеліктердің бәрі жаңаша, жаңа түрде болуы шарт емес, тек бүкіл оқу жүйесі бір сатыда тоқтап қалмай, дамып отыру керек. даму кейде ескіні жаңаша пайдалану арқылы да, кейде бұрынғы жұмыстарды мақсатына сай пайдалану арқылы да, кейде өткендігіні қайталау арқылы да болуы мүмкін. Сатылап даму прнципінің нақытылы жолдары мен үлгілері арнайы қарастыруды керек етеді және әр түрлі ұсыныстардың арасынан қажеттісін іріктеп алып, оларды жан-жақты толықтырылып, тәжірибеден өткізіп, зерттеуді қажетсінеді. Динамикалық өзгеру принципі тілді оқыту барысында барлық іс-әрекеттің, жұмыстардың, қолданылатын құралдар мен материалдардың – жалпы қатысымдық әдістің іске асуы үшін қажет құрамды бөлшектердің жетіліп, өзгеріп отыруын қадағалайды. Ол жалпы жүйесінің бір орында тұрып қалмай, сан жағынан да, сапа жағынан да үнемі өзгеріп отыруын қажет етеді. Бұл принцип бойынша тек сабақ берудегі жаттығулар мен мәтіндер, тапсырмалар мен тақырыптар, т.б. ғана өзгеріп қоймай, қатысымдық әдіске әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар да, олардың мәні мен маңызы да өзгеріп, дамып отыру керек. Сол арқылы адамдар қарым-қатынасындағы пікірлесу мен сөйлесу де жоғарғы мәдениеттілікке көтеріледі.

Өзектілік принципі барлық тіл үйрету мен оқыту жүйесінің ең басты мақсатқа – тілдік қарым-қатынасқа – бағынуын талап ете келіп, сабақ беру жолдарының әрқайсысы ортақ өзек болатын қағидаға сүйенуін қажет етеді. Әр сабақ үстінде өтілетін тақырыптар, істелетін жұмыстар сөйлесу жаттығулары мен тапсырмалар, т.б. – бәрі сөйлесімді жүзеге асыратын шешімге келіп тірелуі керек.

Тілді үйретудің басты түйіні, кілті – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын жеткізе білу. Ол әрбір сабаққа белгілі бір тақырыпта тілдесе білуден басталып, кез келген ортада пікірлесуге дейін жеткізеді. Сондықтан оқытудағы әртүрлі жұмыстар, сабақтар, т.б. бір орталық өзектен пайда бола келіп, басты түйінге айналып соғып отыруы керек. Сабақтың өзектілік негізі бір сабақта орындалуы да мүмкін, керіснше бірнеше сабаққа, тіптен, сабақтар жүйесіне созылуы да ықтимал.

Оқыту жүйесіне қатысты практика мен теорияны, тәжірибе мен білімді жинақтай келе қатысымдық әдіс туралы анықтама сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгеру мен әдістемелік прициптен ғана құралмайтындығын аңғаруға болады. Бұл әдістердің бәріне тән ортақ мақсат – сөздің қолданылу ерекшеліктерімен мағыналарын түсіндіру, тілдің грамматикалық құрылысын меңгеру, ауызекі сөйлеу тілінің сөздік қорын үйрету. Бұл әдістерді қолданудың нәтижесінде оқушының сөз байлығы дамиды, дұрыс сөйлеу қабілеті артады, тілдік тұлғаларды дұрыс оқып-жазуды игереді, олардың сөйлеу шеберлігі қалыптасады. Қатысымдық әдіс оқыту әдісінің барлық түрлеріне қатысты осы ерекшеліктерді де меңгереді. Сонымен қатар, оның өзіне қатысты айрықша белгілері де жоқ емес. Бұндай өзгешілік оның басқа әдістің түрлері мен артықшылығында немесе алатын орнының маңыздылығында емес, өмірдегі тілді оқыту, үйрету мәселелерінің өзі қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.

Мәтін және тіл дамыту. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мәтіндер арқылы меңгертудің маңыздылығы. Мәтіндер оқушылардың оқу, жазу дағдыларын қалыптастыруда, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыруда, тіл дамытуда, сөздік қорды байытуда, ақпараттарды таба білуде, пікірлесімге және түрлі жағдаяттарда қазақша еркін сөйлей білуге үйретуде негізгі құрал атқаратындығы. Мәтін – тіл үйретудің басты тұлғасы ретінде тілдік қатынаста маңызды рөл атқаратындығы. Мәтіннің түрлерін анықтап, оны сараптаудың жолдары. Мәтіндегі денотат, предикат, прессуппозицияны меңгерту арқылы мәтіннің ішкі мазмұнын ашу жолдарын айқындау. Мәтіндер мазмұнының тұтастығын, жүйелілігін меңгерту мақсаты мен күрделі синтаксистік тұтастықтарды қарастырудың маңыздылығы. Сөйлеу кезінде сөйлемдер тақырыбына, құрылымына және дауыс ырғағына қарай біріктіріліп, күрделі синтаксистік тұтастықтарды құрайтындығы.

Тіл дамыту – қазақ тілін оқыту үрдісінің күретамыры, оның білдіретін ұғымы кең, оны жүзеге асырудың жолдары да сан-саналы болатындығы. Ең алдымен, ол оқушылардың тіл байлығын молайту, кеңейту деген сөз екендігі. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде мәтіндер арқылы тіл дамытудың инновациялық технологиясын айқындаудың маңыздылығы, тіл дамыту жұмыстарын жеке тұлғаға бағыттай жүргізудің тиімді жолдарын көрсету. Тіл дамыту жұмыстарын мәтіндер арқылы жүргізу оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, туған тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізетіндігі; қазақ тілі сабағын жүйелі, сапалы өткізуге әсер ететіндігі. Тіл дамытудың түрлері мен оқу формалары, әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Мәтіндер арқылы шығармашылық бағыттағы тіл дамыту жұмыстарына арналған жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың тілін дамытып, өз ойларын нақты тұжырымдап жеткізуге, сауатты жазуға көмегін тигізетіндігі.

Қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін (компентенция) қалыптастыру. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытуда оқушылардың комуникативтік, тілдік, ақпараттық, этно-мәдениеттанымдық құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы.

Коммуникативтік құзыреттілік (коммуникативная компентенция). Оқушылар сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін меңгеруі тиіс. Оқушылар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім бойынша айтылған ақпараттардың мазмұнын, бұқаралық ақпарат құралдарынан берілген жңалықтарды, әңгімелесу кезіндегі сөз болған мәселенің негізгі тақырыбын және мақсатын айқындап ұғуы тиіс; кез келген ортада өзінің пікірін еркін айтуға, қазақша мақала жазып, ой түюге, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізуге дағдыланып; мәтіндегі ақпараттарды толық түсініп оқи алуы тиіс.

Тілдік құзыреттілік (языковая компентенция). Қазақ тілінің фонетикасы. Қазақ тіліндегі барлық дыбыстарды дұрыс айту және естіген кезде бір-бірінен ажырата білу; дауысты дыбыстарды, соның ішінде, қазақ тіліне тән төл дыбыстарды дұрыс айта білу; қазақ тіліндегі үндестік заңы; интонация, ой екпіні; қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі; орфоэпия, орфография заңдылықтары, т.б. Қазақ тілінің лексикасы. Омоним, синоним, онтоним, көп мағыналы сөздер, тұрақты сөз тіркестері, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, т.б. Қазақ тілінің грамматикасы. Қазақ тіліндегі сөз таптары. Зат есімнің грамматикалық категориялары; етістіктің шақ категориясын игерту; сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелеріне, бастауыш пен баяндауыштың қиысуы; жай сөйлем, құрмалас сөйлем, салалас пен сабақтас сөйлемдердің арасындағы ерекшеліктер, т.б.

Ақпараттық құзыреттілік (информативная компентенция). Сөйлесім әрекеті арқылы игертілген әр мәтіннің мазмұны коммуникативтік тұрғыдан жаңа ақпараттарға толы болуы тиіс. Тіл үйренуші сұрыпталған жаңа мәтінмен таныс болғаннан кейін, сол мәтін бойынша қандай жаңа ақпарат алғанын, мәтіннің қандай проблеманы шешуге бағытталғанын анықтай алуы тиіс.

Этномәдениеттанымдық құзыреттілік (этнокультроведческая компетенция). Тіл үйренушілер қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне мән бере отырып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, халық ауыз әдебиетімен, мақал-мәтелдермен, шешендік өнерімен, қанатты сөздермен, ұлттық ойындарымен, ұлттық сазды аспаптармен, ұлттық кәсібімен, қолөнер бұйымдармен, ұлттық тағамдармен, т.б. танысып, жаңа ақпараттар алуы тиіс.

Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері. Қазақ тілі сабақтары. Оның түрлері және ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері; факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.

Қазақ тілі бағдарламасы. Бағдарламаның мемлекеттік құжат екендігі. Бағдарламаның линиялық және концентрлік түрлері, олардың өзара айырмашылықтары.

Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың жасалу теориясы, оқулықтың жүйелілік-құрылымдық сипаты. Қазақ тілі оқулықтарының даму жолы және олардағы теориялық және практикалық материалдардың берілуінде сәйкестіктердің сақталуы. Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері. Лексикалық тақырыптардың берілу жүйелілігі мен жалғастығы. Жаттығу мен түрлері; оларды оқулықтарда орналастыру желісі.

Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы. Бағдарлама және соған негізделіп жасалған оқулықтан басқа оқу-әдістемелік қосымша құралдар; мұғалімге арналған әдістемелік құралдар; диктанттар мен мазмұндар жинағы; грамматикалық жаттығулар, оқу кітабы, оқушыларға арналған хрестоматиялар; түрлі сөздіктер;дидактикалық картиналар; кеспе қағаздар жинағы; қазақтың грамматикалық материалдары; лингвистикалық-танымдық есептер жинағы; сынақ, емтихан сұрақтары, деңгейлік тапсырмалар жинағы, т.б.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)