Читайте также:
|
|
Взвод командирі (топ, есептоп бастығы) бейбіт және соғыс уақытында: взводтың (топтың, есептоптың) жауынгерлік әзірлігі, жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі; взводтың (топтың, есептоптың) қару-жарағы, әскери, басқа техникасы мен басқа да мүлкінің сақталуы мен техникалық жай-күйі, взводтың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; взводтағы (топтағы, есептоптағы) жарғылық ішкі тәртіпті ұстау үшін жауап береді.
Ол рота (жауынгерлік бөлім) командиріне бағынады және взводтың (топтың, есептоптың) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.
Вводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамымен сабақ өткізуге және бөлімшелер командирлерінің сарбаздарды (матростарды) дұрыс оқытуына, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде взводты (топты, есептопты) шебер басқаруына бақылауды жүзеге асыруға;
жеке құрамның дене жаттығуын ұдайы жетілдіруге, олармен дене дайындығы жөніндегі сабақтарды жеке өзі жүргізуге;
взводтың (топтың, есептоптың) жауынгерлік даярлығының, құқық бұзушылықтары мен тәртіптік теріс қылықтарының есебін жүргізуге;
әрбір әскери қызметшінің тегін, аты-жөнін, туған жылын, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, олармен құқықтық және әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының атаулы тізімін жүргізуге;
материалдық бөлімді, взводта (топта, есептопта) бар қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану ережелерін, эвакуациялауды, жөндеуді білуге және олардың жауынгерлік қолдануға әзірлігін жеке өзі тексеруге;
бағыныстылардың тұрмысы туралы қамқорлық көрсетуге және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге;
взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының әскери тәртіпті сақтауын талап етуге және оның сыртқы пішініне, әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін орындауына, жабдықтарды, киім-кешектерді, аяқ киімді дұрыс шақтап пішуге және жеке гигиенаны сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
рота (жауынгерлік бөлім) командиріне бағыныстылардың мұқтаждықтары туралы, сондай-ақ оларды көтермелеулер мен салынған жазалары туралы баяндауға;
кемінде аптасына бір рет взводтағы (топтағы, есептоптағы) ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңімен қатысуға;
қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, жабдықтарды, киім-кешек пен басқа да мүлікті дұрыс пайдалануға, қызмет көрсетуге, сақтауға, эвакуациялауға және жөндеуге бақылауды жүзеге асыруға және кемінде аптасына бір рет оларды қарауды және болуын тексеруді жеке өзі жүргізуге;
қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді әрбір оқу-жаттығуға немесе сабаққа шығаруға (алып шығуға) дайындауды, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтан қайтып келгеннен кейін олардың болуы мен жай-күйін тексеруге, оқ атулар жүргізілгеннен кейін негізгі қару-жарақты тексеруді жүргізуге;
оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруға; рота командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;
сабақтарда, оқ атуларда, оқу-жаттығуларда және қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жұмыстар, зымырандармен, оқ-дәрілермен, арнайы улы техникалық сұйықтармен, уыттық және жарылғыш заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс толтыруды жүргізуге;
4.Бақылау сұрақтары:
1.мандирлердің жалпы міндеттері.
2. Сарбаздар мен матростардың міндеттері.
3. Бөлімше (топ, экипаж) командирінің міндеттері.
4.Әскери қызметшілердің міндеттері.
5.Взвод (топ, мұнара) командирінің міндеттері.
6.Командирлердің жалпы міндеттері.
7. Бөлім (топ, экипаж) командирінің міндеттері.
8.Взводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының атаулы тізімін жүргізу.
9.Вводтың (топтың, есептоптың) жеке құрамының әскери тәртіпті сақтауы.
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1 Әскери бөлімнің сарбазы (матрос) міндеттеріне талдау жасау.
2. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.
3. Студенттерді бағалау.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1.Әскери бөлім командирлерінің міндеттерін оқытып үйрету әдіс-тәсілдері туралы бейне көрсетілімдер мен материалдар.
2. Әскери бөлім командирлерінің міндеттерін оқытып үйрету әдіс-тәсілдерін толықтыру.
7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі лауазымды адамдардың,сарбаздар мен матростардың міндеттерін оқыту әдістемесі.
8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.
2. И.К.Тұрметов, Ә.Айтуғанов, Т.Қарғабаев,ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. Түркістан, 2007.
http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты
№ 4. Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: " Ішкі тәртіп және әскерлердің қызметі,Әскери қызметшілердің орналастырылуы"
1.Жоспары:
1 Ішкі тәртіп.
2 Әскерлердің қызметі.
3.Әскери бөлімдердің әскери қалашықтарда орналастырылуы.
4.Қоршаған ортаны қорғау.
5.Оқыту әдістемесі
2.Сабақтың мақсаты: Әскери қызметшілердің әскери бөлімде әскери жарғыларда айқындалғандай орналасуы және күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін қатаң сақтаудың маңызын оқыту, әскери бөлімдердің әскери қалашықта орналасу және қалашықтардағы ғимараттарды пайдалану тәртіптерін түсіндіру.
3.Қысқаша мәтіні: Әскери қызметшілердің әскери жарғыларда айқындалғандай орналасуы және күнделікті қызмет пен тұрмыс ережелерін қатаң сақтаудың маңызын түсіндіру.
Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав