Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар

Читайте также:
  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  2. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  3. Байқауға қатысушылар және байқау талаптары
  4. Далалық жағдайда судың сапасына қойылатын талаптар (кесте 3).
  5. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар
  6. Жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастардыемдеуге жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Негізгі ұғымдар: басқару, мемлекеттік басқару, басқару нысаны, басқарудың құқықтық актісі.

1. Әкімшілік құқық теориясы жоғарыда аталған ережелерді ескеріп, мемлекеттік басқарудың екі анықтамасын өңдеп шығарды.

1.Мемлекеттік басқару кең мағынада – бұл мемлекеттің (өкілді билік органдарының, мемлекеттік биліктің атқарушы органдарының, прокуратураның, соттың және т.б.) реттеушілік қызметі. Мемлекеттік басқару кең мағынада, қоғамдық қатынастарға құқықтың арнаулы субьектілері жағынан ұйымдастырылған әсер етудегі мемлекеттің барлық қызметін сипаттайды. Мемлекеттің басқарудың функцияларын (кадрларды іріктеу, орналастыру, аттестациялау, есепке алу және бақылау, мәжбурлеу және мадақтау, тәртіптік әсер ету шараларын қолдану, болжамдау,қаржыландыру және т.б.), мемлекеттің көптеген органдары: сот, прокуратура, биліктің өкілді органдары іске асырады.

2. Мемлекеттік басқару тар мағынад а – бұл әкімшілік қызмет, яғни ҚР мемлекеттік билігінің атқарушы органдарының қызметі.Әкімшілік құқықта мемлекеттік басқару ұғымы тар мағынада қаралады.

Мемлекеттік басқару дегеніміз заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет, объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.

Мемлекеттік басқару тар мағынада – бұл ҚР Үкіметінің, министрліктердің, комитеттерінің, агенттіктерінің және әр түрлі деңгейдегі жергілікті мемлекеттік басқару (әкімдік) органдарының тәжірибелік қызметі. Осы органдар басқарушылық қызметті жүзеге асыруға арнайы құрылған және мемлекеттік басқарудың негізгі субьектілері болып саналады.

Мемлекеттік басқару мемлекет қызметінің ұйымдастырушысы болып саналады және ондағы барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік процестерді қамтиды. Оның құрамында мемлекеттік басқарушылық қызмет, мемлекеттік басқару облысы, мемлекеттік басқару саласы және мемлекеттік басқару (атқарушы билік) органы бар.

Тар мағынада түсінілетін мемлекеттік басқару, мынадай келесі белгілерге ие:

1. Мемлекеттік басқару – мемлекетті атқарушы билігін жүзеге асыратын қызметтің ерекше түрі, ол заңшығарушылық және сот билігін іске асыру қызметінен нысаны, әдістері және мазмұны бойынша айырмашылыққа ие. Мемлекеттік басқару – бұл заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолдану бойынша атқарушы - өкімдік қызметі.

2. Мемлекеттік басқару – құқық қолданушылықпен қатар әкімшілік құқық шығармашылықты жүзеге асырады. Құқық шығармашылықта мемлекеттік басқару органы өз құзіретінің шегінде, басқа құқық субьектілері (басқару нысандары) үшін міндетті мінез-құлық ережелерін өңдейді және бекітеді, осы ережелердің сақталуына бақылау жасайды және әкімшілік юрисдикцияны (құқыққорғау қызметін) жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік басқару – заңды актілердің орындалуын және азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуді қажет ететін барлық жерлерде жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқару, мемлекет пен қоғамның аса маңызды тіршілік ету салаларында, яғни шаруашылық- экономикалық құрылыс, әлеуметтік-саяси және әкімшілік-саяси салаларда жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқару, мемлекетке жататын нысандарда ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда, мемлекеттік реттеуді басқарушылық-реттеушілік және бақылау-қадағалау рәсімдері арқылы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік басқару – бұл атқарушы биліктің қызмет етуінің обьективті заңдылығына негізделген және мемлекеттік мүдделерді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған үзіліссіз, тұрақты және жоспарлы қызмет.

5. Мемлекеттік басқару – арнаулы мемлекеттік атқарушы билік органдарымен жүзеге асырылады және мемлекеттік басқару органдарының жүйесін құрайды. Мемлекет тапсырысы және атынан әрекет ете мемлекеттік басқару функцияларын іске асыра отырып, бұл органдар мемлекеттік-биліктік сипаттағы өкілеттіктерге иеленеді және нормативтік құқықтық актілерде солар үшін белгіленген құзіреттерде әрекет етеді.

6. Мемлекеттік басқару – заңдылық ұстанымына жауап береді, яғни атқарушы билік органдарының қызметі заңдар мен одан туындайтын нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. Бұл органдармен басқарушылық қызмет тек қана өздеріне берілген өкілеттіктер мен құзіреттері шегінде жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік басқару – тік (қатаң бағынушылық, лауазымдық сатылық) және көлденең байланыстар мен қатынастар негізінде құрылады. Көп жағдайда тік қатыеастар кең тараған, яғни басқару субьектілерінің әкімшілік және тәртіптік билікке қатаң бағынушылық қатынастар. Соңғы жылдарда ұйымдастырушылық нысандарының жаңа түрі – басқару субьектілерінің теңдігі негізіндегі көлденең қатынастар пайда болды. Бұл жағдайда атқарушы билік органдары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу деп әкімшілік шарттарды жасауды айтуға болады.

8. мемлекеттік басқару – ұйымдастырушылық ұстанымына негізделеді, яғни ол ұйымдастырушылық нысандарының көптігімен сипатталады, олардың жиынтығы басқару механизмінің барлық қызметінің мақсатты бағыттылығын, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастырушылық қызметі сыртқы және ішкі әкімшілік функциялардың орындалуын қамтиды. Ішкі ұйымдастырушылық қызметті заң шығарушы, сот, прокуратура органдары (заң шығарушылық, сот төрелігі, прокурорлық қадағалау) жүзеге асады.

9. Мемлекеттік басқару – юрисдикциялық сипаттағы құзіретті іске асырады, яғни мәжбүрлеушілік басқаруды жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі атқарушы билік органдарының әкімшілік (соттан тыс) тәртібі (мысалы, әкімшілік жаза салу, әкімшілік ескерту және әкімшілік бұлтартпау шараларын қолдану).

2. Басқару нысаны деп атқарушы органның (лауазымды адамның) өзінің құзыретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекетін айтамыз. Атқарушы биліктің негізгі міндеті – заңдардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндет басқарудың әр түрлі нысандарында жүзеге асырылады. Басқару нысанын заң анықтайды. Нысандар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді.

Басқарудың құқықтық нысандары:

-нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және қабылдау;

-шарттар жасасу.

Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау – жария мүддені тек заңдардың көмегімен қамтамасыз ету мүмкін болмағандықтан атқарушы билік органдарының әкімішлік норма шығаруға мұқтаждығымен байланысты қызметінің негізгі түрі.

Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған жадайда нормативтік-құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау мүмкіндігі де жойылады.

Атқарушылық билік қызметінің шарттар жасасу сияқты өрісіндегі басқарудың мұндай құқықтық формасы мемлекеттік басқару органдарының көнбеу деңдейдегі қызметін үйлестіруге, әр түрлі басқару орталықтары орындайтын мамандандырылған басқарушылық еңбекті біріктіруге, веждомство арсындағы алшақтықты азайтуға т.б. мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқару огандары; 1) іс-әрекеттің заңға сәйкес ережелерін белгілейді; 2) билік ету өкілеттігін жүзеге асырады; 3) әкімшілік әрекетті жүзеге асырады.

Басқарудың құқықтық емес нысандарына ұйымдық және материалдық-техникалық әрекеттер жатқызылады.

Өздерінің мақсаттары бойынша басқару органының ұйымдық әрекеттері құқықтық әрекеттерген ұқсас, тек оларға қол жеткізу құралдары әр түрлі.

Ұйымдық әрекеттер мыналардан көрініс табады:

- заң және басқа актілерінің мазмұнын түсіндіру;

- қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау беру;

- басқару органының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту;

- төменгі тұрған басқару органының басшылары қатыстырып кеңес, мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өткізу және басқа шаралар.

Материалдық-техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:

-органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық—анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;

-іс-қағаздарын жүргізу(хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау)

-есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құжаттарды беру (реестрге кіргізу, тиісті көшірмелерін көрсету).

Мұндай әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзырет берілген органдар да (статистика және т.б.), министрліктің, ведомстволардың актілері де (нұсқамалар, ережелер) анықтай алады.

 

3. Мемлекеттік басқару субъектілері қызметінің құқықтық нысанының объективтендірілген көрінісі болып басқарудың құқықытық актісі саналады.

Құқықтық актінің негізгі белгілері мыналар:

- Заңдылыққа, мемлекеттік биліктік сипаттамаға ие және бағытталғанына байланысты орындау міндеттілігі бар. Басқару актісін орындау кепілділігі мемлекеттің еріксіз көндіру күшімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдардың актілерінің жалпыбелгісі – басқару атісінің құқықытық сипаттамалығында. Басқару актісінің заңдылық сипаттамасы-оның басқару сұрақтарында мемлекеттік-биліктік құқықтық шешім болады.

- бір жақты тәртіпте қолданылады;

- қажетті мінез-құлық ережелерін бекітеді және нақты басқарушылық қатынастарды реттейді. Соңында құқықтық қатынастардың басталуы, өзгеруі немесе аяқталуы көрініс табады. Демек, басқару актісі, басқару аясындағы абстрактілі және нақты қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл мағынада мемлекеттік басқару актісі реттеуші акт болып саналады;

- шығармашылық сипаттамаға ие, өйткені ол басқарушылық істер мен сұрақтарды тиімді шешуге бағытталған. Істі шешетін басқару субъектісінен шығармашылық және ғылыми әдіс-амал, фактілігі, мәліметтерді есепке алу және терең талдау қажет етіледі.

- басқару субъектісі басқару актісін тек қана құқықтық норма белгілеген тәртіппен өзінің өкілеттік шеңберінде қабылдайды. Мұндай тәртіп негізінен әкімшілік-процессуалдық нормалармен реттеледі, мысалы, Үкімет қаулысы тек алқалы тәртіпте және кворум болған жағдайда қабылданады.

Басқарудың құқықтық актісі - бұл басқарушылық қатынасты реттейтін немесе нақты басқарушылық істі шешетін, адресаттың жеке мінез-құлқын анықтайтын, мемлкеттік биліктік шығармашылық сипатқа ие, белгіленген тәртіппен өкілетті орган немесе лауазымды тұлғаның бір жақты тәртіппен шығаратын заңдылық акті.

Басқару актілерінің заңдылық мағынасы көп жақты: олар құқық нормаларын белгілейді, өзгертеді немесе күшін жояды (бұл жерде басқарудың нормативтік актілері туралы сөз болып отыр); басқару субъектілеріне нақты міндеттер жүктейді немесе белгілі құқықтарға ие етеді (мысалы, басқару аясында қандай да болмасын әрекеттерді жасауға міндеттейді, ҚР ішкі істер Министрі республика аумағында орындауға міндетті актілер(бұйрық)шығарады). Басқару актілері зады фактілер ретінде, яғни басқару аясында құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе аяқталуына негіз болады (мысалы, ҚР азаматын ҚР ІІМ-нің кадрлар қатарына енгізу, қызметтік қатынастарды туғызуға заңды факт ретінде қабылданады).

 

4. Құқықтық актілерді дайындау, ұсыну, талқылау тәртібін

«Нормативтік актілер туралы» Заң және басқа актілер реттейді. Көптеген

мамандардың жұмыстарында (Б.В. Дрейшев, И.Я. Дюрячин, Ю.А. Тихомиров және т.б.) құқықтық актілерді қабылдау процесі мынандай кзеңдерге бөлінеді:

- Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау

- Акт жобасын дайындау

- Актіні қарау және қабылдау

- Орындаушыларға жеткізу, жариялау.

Актіні шығарудың қажеттілігін анықтау, оның жобасының тұжырымдамасын дайындау мына жағдайларда туындайды:

- Ол жағдайда тұрған нормативтік құқықтық актілерде көзделсе;

- Жаңа актіге нақты мұқтаждық туындаса.

Басқарудың жаңа құқықтық актілеріне мұқтаждық мына негіздерде анықталады:

- Күшіндегі заңнаманың жайына, оның жаңа мәселелерді шешу

мүмкіндігіне талдау жасау,

- Басқа актілерді өзгерту қажеттігін анықтауға жаңа актіні қабылдауға

байланысты оларды келісімді жүйеге келтірудің қисынын іздестіру.

Жаңа құқықтық актінің қажет екендігі дәлелді болған жағдайда, оның жобасы дайындалады, қаржы экономикалық негіздеме жасалынады, актінің нақты орындаушылары анықталады.

Жаңа акті шығаруға мыналар ынта білдіре алады:

- Мұндай акт қабылдауға өкілетті орган

- Төменгі тұрған басқару органы

- Басқа мүдделі субъектілер

Басқару құқықтық актілердің реквизиттері:

- Форманың аты

- Реттеу затын қысқа формада білдіретін тақырып

- Қабылданған күні мен орны

- Тиісті актіге қол қоюға өкілетті адамның қолы

- Күшіне кіру уақыты, қажет болған жағдайда күшінде болу мерзімі

- Белгіленген жағдайда тіркеу нөмірі.

 

5. Басқарудың құқықтық актісі заңдылық ұстаным талаптарына қатаң сәйкес, заңды орындау негізінде қабылдануы қажет. Заңға сәйкес келмейтін басқару актісінің күші жойылады. Сонымен қатар, төмен деңгейдегі (атқарушы билік органдарының актілері) нормативтік актілерінің әрқайсысы жғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.

Мемлекеттік басқару актілеріне қойылатын негізгі талаптар:

1. ҚР Конституциясында, сондай-ақ органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзіретіне сәйкес ҚР мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары басқарудың құқықтық актісін қабылдауға хақылы.

2. Басқарудың құқықтық актісі белгіленген тәртіпте қабылдануы тиіс. Басқарудың құқықтық актілерінің жобаларын дайындау жоспарлары бір жылға жасалатын ағымды және неғұрлым ұсақ мерзімге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлінеді және ҚР «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 2,3-тарауларында белгіленген реттерде жүргізіледі.

3. Басқарудың құқықтық актісі белгіленген нысанда шығарылуы және лауазымды тұлғаның қол қоюымен ресімделуі қажет. Нормативтік құқықтық актілерде мынадай реквизиттер болуға тиіс:

- ҚР мемлекеттік Елтаңбасы;

- актінің нысанына нұсқау (әкімшілік шешім);

- осы нормативтік құқықтық акт реттейтін істі білдіретін тақырып;

- қабылданған жері мен күні;

- актінің тіркеу нөмірі;

- актіге қол қоюға уәкілдік берілетін тұлғаның қолы (ҚР Үкіметінің қаулысына-Премьер-Министр; әкімнің шешімдеріне – әкім; өзге де нормативтік құқықтық актіге – оны қабылдаған (шығарған)органның басшысы қол қояды;

- нормативтік құқықтық актілердің ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі (жалпыға міндетті маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтры мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері) оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады;

- елтаңбалы мөр.

 

 

№7 Дәріс. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық

әдістер.

Жоспар:


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)