Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының ішкі істер органдары

Читайте также:
  1. Tl ертінділерінен бөліп алу әдістері
  2. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  3. Азақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы
  4. Азақстан республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері
  5. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  6. Азақстан Республикасындағы мемлекттік билік органдарының жүйесі
  7. Азақстан Республикасының ұлттық қаауіпсіздік органдары

Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқығына, қоғам мүддесіне және мемлекетке қылмыстық және өзгеде заңға қарсы қастандықтың алдын алу және оған жол бермеу жөнінднгі атқарушы және өкімдік функцияларды жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Қылмыстың және өзгеде құқық бұзудың алдын алу, айғақтау, кесу;

Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын ала тергеу жүргізуді жүзеге асыру;

Әкімшілік құқық бұзу істері бойынша іс жүргізу;

Қылмыстық және әкімшілік жазаларын орындау;

Бас бостандығынан айырған және әкімшілік күзетпен ұстаған жерлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және ерекше режимді сақтау;

Кәмелетке толмағандардың панасыздығын және құқық бұзуын айғақтау және болдырмау;

Жол қауіпсіздігін сақтауға және қамтамасыз етуге бақылау жасау;

Төлқұжат және визалдық жұмыстарды іске асыру, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ дамдардың Қазақстан аумағында болу ережелерін сақтауына бақылау жасау;

Заң белгілеген басқа да міндеттер;

Ішкі істер органдарының қызметі жалпы құқыққорғау қызметіне тән мынандай принциптерге құрылған:

Заңдылық, дара басшылық, біржүйелілік, жариялық, басқа құқыққорғау органдарымен өз ара қарым-қатынас, ұйымдары мен және азаматтармен бірлесіп қызмет істеу.

Ішкі істер органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның құрамына кіретін депертаменттер және өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынырылған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының ішкі істер басқармалары, көліктегі қалалық, аудандық, қалаларағы ауандық,поселкелік, жол ішкі істер органары, мекемелер және басқа ұйымдар құрайды. Бүкіл жүйені ішкі істер министрі басқарады, ол әрі ішкі істер министрі басқарады, ол әрі ішкі әскерлердің қолбасшысы болып есептеледі. Оны Пример-министрдің ұсынымы бойынша еліміздің Призиденті тағайындайы. Министр бағынышты ведомстоваларға жалпы басшылық етеді.

Қазіргі кезде ішкі істер органдарының жүйксінде: криминалық полиция, әкімшілік полициясы және өзге де қызмет полициялары, сондай-ақ әскери-тергеу органдары және Ішкі істер министрлігінің әскери құрама мәртебесі бар әскери полициясы бар.

Криминалдық полиция депертаментінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: қылмыстарды іздеп табу, алдын алу, жолын кесу, ашу және тексеру,ішкі істер органдарының қарауына жататын қылмыстық әстер туралы анықтау жүргізу, тергеуден қашып жүрген адамдарды іздестіру ұйымдастыру және іске асыру, қылмыстық жазаның орындалуынан бой тасалаушыларды, іс-түзсіз жоғаландыру анықтау және т.б Криминалдық полицияны жедел іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және алда тұрған міндеттерді шешуге қажетті, Қазақстан Республикассы Ішкі істер министірлігіне тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полициясының депертаменті әкімшілік құқықбұзушылықты болдырмауыды жүзеге асырады. Патрульдік полиция депертаменті қалалардағы және елді мекендегі көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау жұмысын ұйымдастыру. Жол полициясының депертаменті бұрынғы МАИ жұмысын орындайды. Қылмыстық-атқару жүйесінің депертаменті еңбекпен түзету мекемелерінің қызметін ұйымдастырады.

Қойылған міндеттерге сәйкес органдарының кең өкілеттіктері бар. Олар мыналарды іске асыра алады: азаматтардан қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздіктерді сақтауды талап етеді; құқық бұзуға жол бермейді, оның ішінде заңда белгіленген жағдайларда оны күш қолдану және қару жұмсау арқылы тыяды; қылмыстың жасалғанына сезік туғанда және әкімшілік құқық бұзылған кезде құжаттарды тексереді; құқық бұзушыны күзетпен ұстайды; жедел-іздестіру шараларын жүргізідеді, өз құзыреттеріне жататын істер бойынша (мәселен, ұрлық, алаяқтық, тонау, бопсалау істері бойынша- біліктіліксіз құрам) анықтау жүргізіледі; олардың құзыретіне жататын істер бойынша (мәселен, кісі өлтіру, қарақшылық шабуыл және т.б істер бойынша) алдын ала тергеу жүргізеді; әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік жазалау шараларын қолданады: адамгершілік қасиет қоғамдық имандылықты қорлайтындай удай мас адамдарды арнайы медициналық сауықтыру орындарына жеткізіледі және күзетпен ұстайды; белгіленген тәртіп бойынша адамдардың алкогель, есірткі және психотроптық заттарды қабылдағандығының куәлендіреді; жоғалған азаматтарды іздестіру шараларын жүзеге асырады.

Бұдан біз ішкі істер органдар қызметінің көпқырлы және қоғам өмірінің толып жатқан салаларын қамтитын көреміз. Олардың сандық құрамы-құқыққорғау органдарының ішіндегі көбі. Сондықтан кадыр құрамы мұнда әрекеті деуге болады. Соған қарамастан ішкі органдарына қызметке алу үшін қойылатын талап бірдей деседе болады. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтығы; жеке бастың мороальдық, іскерлік, біліктілік қасиеттері; денсаулық жағдайы және дене тәрбиесінің жетілділігі; қызметке сай білім деңгейі (әдетте жоғары немесе заңгерлік орта білімінің болуы); жас шамасы 18-ден кем болмауы керек.

Қатардағы және кіші басшылық құрамына 32 жастан аспайтын, орта және басшылық құрамына 40 жас аспайтын азаматтар қабылданады.

Ішкі істер органдарының қызметіне бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақталмаған себептерден босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін шығарылған адамдар қабылдамайды.

Ішкі істер органдарында қызмет ету оның қызметкерлеріне белгілі дәрежеде шектеу қояды. Мәселен, олардың қызметі оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық жұмыстарды қоспағанда, депутаттықпен, қандай да бір ақы төйленетін жұмыспен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымдардың басшылық органына немесе бақылау кеңесіне мүше болумен сыйыспайды. Олардың ереуілдер ұйымдастыруына, оларға қатысуына тыйым салады, партияларға, кәсіподақтарға мүше болуына, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлеуіне рұқсат етілмейді.

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)