Читайте также:
|
|
MACROMEDIA FLASH
Зертханалық жұмыс №1
Суреттерді салудың негізгі принциптері
Әрекеттер жасау алаңының көлемі мен түсін өзгерту
Бағдарламаны қосып, қолданушы объектілерді жасауды және анимациялауды бастаған кезде әрекеттержасау аумағы таза парақ түрінде болады.
1. Құжат ерекшеліктерін ашу үшін Modify мәзірінде Document бұйрығын іске қосыңыз.
2. Width және Height жолында ені мен биіктігінің мәндерін пиксельде беріңіз. ОК түймесін басыңыз. Аумақ өлшемдері сол мезетте өзгереді.
Әрекеттер жасау алаңының сыртқы келбетін Properties панелінің көмегімен де өзгертуге болады.
1. Window мәзірінде Properties бұйрығын таңдап, Properties панелін ашыңыз.
2. Егер әрекеттер жасау алаңында белгіленген объектілер болмаса, Properties панелінде осы алаң ерекшеліктерін басқаруға арналған элементтер пайда болады.
3. Фон түсін өзгерту үшін Background палитрасынан ыңғайлы түсті таңдап алыңыз.
4. Properties панелінде сондай-ақ Size түймесі де бар, оны басқан кезде Document Properties терезесі пайда болады, оның көмегімен әрекеттержасау алаңының өлшемдерін өзгертуге болады.
Сурет салу және бояу
1. Құралдар панелінде Oval (Овал) түймесін басып, жұмыс алаңына өтіңіз. Сопақша (овал) суретін салыңыз. Құрал белгіленіп тұрғанда (құрал түймесі басулы) құралдар панелінің төменгі бөлігінде оның модификаторлары – құралдарды реттеу түймелері пайда болады.
2. Oval құралын және оның Stroke (штрих түсі) және Fill (Бояу түсі) модификаторларын дайындап алыңыз. Stroke және Fill модификаторларын қолдану үшін сәйкес түймені басып, ашылған палитрадан түс таңдаңыз.
3. Жұмыс алаңына өтіп, сопақша суретін салыңыз. Line және Rectangle құралдары да Oval сияқты әрекеттеретеді, бірақ олардың бірнеше басқа модификаторлары бар.
4. Жұмыс алаңына өтіп, тікбұрыш суретін салыңыз. Содан кейін жұмыс алаңына қайта келіп, Rectangle түймесін басыңыз, ал содан кейін Rectangle Radius (Бұрыштардың дөңгеленуі) модификаторының түймесін басып, қисық дөңгеленетін нүктелер саны ретінде 20 мәнін көрсетіңіз.
5. Pencil құралын таңдаңыз, содан кейін Pencil Mode (Қарындаш режимі) модификаторының түймесін басып, Straighten (Түзету) нұсқасын таңдаңыз.
6. Жұмыс алаңында сызық салыңыз. Flash сызықтарды қалай түзететініне мән беріңіз.
7. Pencil құралымен квадрат және үшбұрыш суретін салыңыз, жүргізіліп жатқан сызықтар сапалығы үшін уайымдамаңыз.
8. Pencil mode модификаторының түймесін басып, Smooth (Дөңгелену) нұсқасын таңдаңыз да толқынды сызықты суреттеңіз. Flash қисық сызықтарды түзетіп, оларды бірқалыпты етіп жасап жатқанына мән беріңіз.
9. Pencil mode модификаторының түймесін басып, Ink (Сия) нұсқасын таңдаңыз да осындай сызық салыңыз. Квадрат пен үшбұрыш салуға тырысыңыз. Эффект өзгергеніне мән беріңіз, бірақ дегенмен Flash әлі де сызықтарлы түзетіп жатыр.
10. Brush түймесін басып, жұмыс алаңында көрсетілген фигураларды бояп, эксперимент жасаңыз. Paint mode (Қылқалам режимі) модификаторының Paint Inside (Ішінде сурет салу) нұсқасы боялып жатқан алаңды толтыруға мүмкіндік беретініне мән беріңіз. Бірақ, бояуды бос жерде бастаса ештене болмайды.
11. Боялған бөліктің түсін өзгертуге Paint Bucket (Бояу) құралы көмектеседі. Ол сондай-ақ контурмен шектелген түссіз бөліктерді таңдап алынған түспен шектеп тастайды. Paint Bucket түймесін басыңыз, содан кейін жұмыс алыңындаға квадрат контур ішінде шертіңіз..
12. Gaps модификаторының Close Large Gaps (Аралықтар)нұсқасын таңдап, сопақша ішінде және жұмыс алаңында шертіңіз. Осылайша, Flash тұйықталмаған контурларды да бояуға мүмкіндік береді. Қажет контурды негізгі түстермен ғана емес градиенттермен де бояй аласыздар.
13. Fill Color (Бояу түсі)модификаторының палитрасында Paint Bucket түймесін басып отырып, градиентті бояу нұсқасын таңдаңыз да боялатын бөліктің ішінде шертіп жіберіңіз. Әртүрлі түстер эффектін жасау үшін Flash градиентті бояуды редакциялау жолының бірнеше түрін ұсынады.
14. Ink Bottle (Сиясауыт) құралы салынып қойылған сызықтың қалындығын, түсін тіпті стилін өзгертуге көмектеседі. Ink Bottle түймесін басып, Line Color (Сызықтың түсі) модификаторының көмегіменұнаған сызықтардың түрлері мен түсін таңдаңыз. Сияға айналған көрсеткішпен контур мен жұмыс алаңын шертіңіз. Контурға барлық көрсетілген сипаттамалар қолданылады.
15. Eraser (Өшіргіш) құралы сызықтар мен бояуды өшіреді.Оны шертілген тек сызықтарды, тек бояуды, тек белгіленген бояу нұсқаларын немесе тек сол бояуды өшіру үшін реттеуге болады. Eraser түймесін басып, Eraser Mode (Өшіру режимі) модификаторының Erase Normal (Қалыпты өшіру) нұсқасын таңдаңыз да оны жұмыс алаңындағы суреттерде байқап көріңіз. Eraser Mode модификаторының Erase Fills (Бояуды өшіру) нұсқасын таңдаңыз да бояуды контур ішінде өшіріңіз. Faucet (Шашыратқыш)модификаторының түймесін басыңыз, содан кейін барлық бояуды бірден өшіру үшін жұмыс алаңында контур ішінде шертіңіз. Бұл модификатор сызықтарды да өшіруге мүмкіндік береді. Модификаторлардың әртүрлі нұсқаларымен тәжірибе жасап көріңіз, олардың беретін эффектерін байқап көріңіз.
Сызықтар мен фигураларды белгілеу
Сызық пен фигураны өзгерту үшін оны белгілеп алу керек. Ол Arrow (Тіл) немесе Lasso (Ілмек) құралымен жасалады.
1. Arrow түймесін басыңыз, содан кейінжұмыс алаңындафигура ортасын шертіңіз.Белгіленген контур пунктирмен қоршалады.
2. Тышқанмен үлгіде көрсетілгендей етіп белгіленген бөлікті оңға жылжытыңыз. Белгіленген бөлік қана жылжитынын, ал контур орнында қалатынына мән беріңіз.
3. Жұмыс алаңында фигура ортасын екі рет шертіңіз де оны оңға қарай жылжытыңыз. Осылайша, екі рет жасалған шертпек бояуда оған жанасқан барлық сызықтарды белгілеп шығады. Осыған ұқсас кесіп өтетін сызықтар да белгіленеді: олардың біреуінде екі рет шертпек жасалады.
4. Алдымен бір рет шертіңіз, содан кейін жұмыс алаңында кесіп өтетін сызықтардың біреуінде екі рет шертіңіз. Бір рет жасалған шертпек кесіп өтетін сызықтардың біреуін белгеп алады, ал екі рет жасалған шертпек барлығын бірден белгілеп алады.
<Shift> клавишін басып тұрып, бір реттік шертпектер жасаңыз, бұл бір мезгілде кесіп өтпейтін сызықтарды да белгілеп алуға мүмкіндік береді.
Arrow құралының көмегімен белгілеп алу жиектемесін жасауға болады. Осындай жиектеменің ішінде болған барлық нарсе белгіленіп алынады.
1. Тышқан түймесін ұстап тұрып, жұмыс алаңында крестпен белгіленген бірінші нүктеден нұсқарды екінші нүктеге жылжытыңыз. Сурет белгіленіп алынады. Белгіленіп алынған суретті барлық мүмкін модификаторлармен өңдеуге болады.
2. Жұмыс алаңында фигураны белгілеп алып, Smooth (Дөңгелету) модификаторының түймесін бірнеше рет шерту арқылы оны тегістеп көріңіз.
Lasso құралы ерікті бөліктерді белгілеп алуға және жылжытуға арналған.
1. Lasso түймесін басып, жұмыс алаңындағы фигураны тышқан түймесін басу арқылы нұсқармен қоршап шығыңыз. Тышқан түймесін жібергеннен кейін Flash автоматты түрде контурды өзі аяқтайды (сіз бұны өзіңіз жасамасаңыз да).
2. Белгіленген бөлікті бір жаққа қойыңыз. Белгіленіп алынған фигураның бөлігі қалай ажыратылатынына мән беріңіз.
Polygon (Көпбұрыш) модификаторы тура жақты көп бұрышты бөліктерді белгілеп алуға көмектеседі.
Lasso түймесін басып тұрып, Polygon модификаторында шертіңіз, содан кейін жұмыс алаңындағы көрсетілген нүктелерді кезек кезек шертіңіз.
Осылайша белгіліп алынған ерікті бөлікті жылжытуға? Сондай-ақ кез келген мүмкін командалармен және модификаторлармен өзгертуге болады.
Сызықтар мен фигураларды өзгерту
1. Үшбұрыш сурет салыңыз.
2. Arrow түймесін басып, жұмыс алаңындағы жоғарғы үшбұрыштың сызықтарын оларды белгілемей жылжытыңыз (егер оларды сол Arrow құралының көмегімен алдын ала белгілейтін болсақ, формасын өзгертудің орнына олар жай жылжитын болады). Сызық формасын өзгерту кезінде нұсқар қасындағы бұрыш сызық ұшының өзгеріп жатқанын, ал қисық – оның ортасының өзгеріп жатқанын білдіреді.
3. Жұмыс алаңында төменгі үшбұрышпен тәжірибе жасап көріңіз. Оның сызықтармен белгіленгендей болып тұрғанына мән беріңіз (жоғарғы үшбұрыш сияқты, ал негізі оның көрінетін шекаралары жоқ.
4. Arrow құралының көмегімен жұмыс алаңында фигураны белгілеп алыңыз. Scale (Өлшем) модификаторының түймесін басыңыз. Белгілеу жиектемесінде сегіз стандарт маркер пайда болады. Фигураның өлшемін өзгерту үшін маркерлердің кез келгенін ауыстырыңыз. Пропорциясын сақтай отырып, масштабын өзгерту үшін бұрыш маркерлерді ауыстырыңыз.
5. Фигураны белгілеп алып, Rotate (Айналдыру) модификаторының түймесін басыңыз. фигураны айналдыру үшін бұрыш маркерлерді ауыстырыңыз, ал бүйір маркерлерді оларды қисайту үшін ауыстырыңыз.
6. Transform (Өзгерту) панелінде бұрылыс бұрыштарының және өлшемдерді өзгертудің дәл мәндерін өзгертуге болады. Жұмыс алаңында фигураны белгілеп алыңыз да Window (Терезе) - Panels (Панельдер) - Transform (Өзгерту) бұйрығын таңдаңыз. Constrain ( Қысу) түймесін басып, масштаб үшін 50% мәнін енгізіңіз. Rotate (Айналдыру) түймесінде шертіңіз де бұрылыс үшін 45 градус мәнін енгізіңіз. <Enter> клавишін және Apply (Қолдану) түймесін басыңыз. Бұл түймені көру үшін инспектор терезесінің өлшемін өзгерту керек болуы мүмкін.
Саралау және топтау
1. Ағаш және үй суретін салыңыз.
2. Жұмыс алаңында ағаш суретін үйді жауып тұратындай етіп жылжытып әкеліңіз де белгілеуді алыңыз. Егер бірінің үстіне бірі қойылған фигуралар бір түсті болса, белгілеуді алып тастағаннан кейін Flash оларды біріктіріп жібереді. Фигураларды біріктіргеннен кейін оларды айыру мүмкін болмайды. Егер фигуралар әртүрлі түсті болса бірігу болмайды.
3. Жұмыс алаңында жасыл түсті ағаш суретін үйдің суретін жауып тұратындай етіп жылжытып әкеліңіз же белгілеуді алыңыз.
4. Ағаш суретін қайтадан белгілеп алыңыз да бір жаққа қойыңыз. Төменде орналасқан сурет (бұл жағдайда үй) қалай сараланып жатқанына мән беріңіз. Flash жабылып қалған фигура бөліктерін және сызықтарды өшіріп тастайды.
Фигураларды топтастыру арқылы саралау мен бірігуді болдырмауға болады. Топтастырлыған фигураларды бағдарлама бір нысан ретінде өңдейді.
1. Arrow (Тіл) құралының көмегімен ағаш суретін белгілеп алыңыз да оны тік бұрыш етіп белгілеңіз, Modify (Өзгерту) – Group (Топтастыру) бұйрығын таңдаңыз. Ағашты жасап тұрған барлық фигуралар мен сызықтар топтасқан болады.
2. Ағаш суретін үйдің суретін жауып тұратындай етіп жылжытып әкеліңіз же белгілеуді алыңыз.
3. Ағаш суретін қайтадан белгілеп алыңыз да бір жаққа қойыңыз. Саралау да, бірігу де болмағанына мән беріңіз.
4. Ағаш суретін екі рет шертіңіз (дәлірек айтқанда ағаш суретін жасап тұрған фигуралар мен сызықтарды). Топты редакциялау кезінде жұмыс алаңының қалған кеңістігі көлеңкеленіп қалады.
Топтан белгілеуді алып тастау үшін ағаш суретінынң сыртын бір рет шертіңіз, содан кейін Arrow (немесе басқа кез келген) құралын топқа кіретін сызықтар мен фигураларды өзгерту үшін пайдаланыңыз.
6. Редакциялауды бітіргеннен кейін топ сыртын екі рет шертіңіз. Бұдан бұрын көлеңкеленген жұмыс алағы қайтадан ашық болады.
Символдар мен трансформалар
Flash бағдарламасында Сурет фильмінде бірнеше рет қолданылатын анимация немесе түйме символ деп аталады. Символ трансформасы – бұл символды Үстелде көрсету. Символдар фильмнің соңғы файлының өлшемін қысқартуға және оны редакциялауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Символдар сондай-ақ интерактивті фильмдер жасау үшін қажет болады.
1. Елес суретін салыңыз. Жұмыс алаңында елес суретінің үстін белгілеп алып оны екі рет шертіңіз де Insert (Ендіру) - Convert to Symbol (Символға өзгерту) бұйрығын таңдаңыз.
2. Symbol Properties ( Символ қасиеттері) диалог терезесінде символ атауы ретінде "ghost" енгізіңіз де ОК түймесін басыңыз. енді елестің суретін жұмыс алаңында симводың трансформасы болды, әзірге ешқандай өзгертусіз.
3. Белгілеуді алып тастаңыз, ал содан кейін символдың ghost трансформасын қайтадан белгілеп алыңыз да оны жылжытып әкеліңіз. Трансформа оны құрайтын жеке фигуралар сияқты емес бірыңғай нысан ретінде жылжып жатқанына мән беріңіз.
4. Window (Терезе) - Library (Кітапхана) бұйрығын таңдаңыз. Кітапхана терезесі ашылады да жасалған символ кітапхана терезесіндегі осы фильмнің басқа да симводарының қатарынан пайда болды.
5. Елес суретін кітапхана терезесінен жұмыс алаңына жылжытып әкеліңіз. Әрбір жалжытқан сайын жаңа символ трансформасы жасалады. Тәжірибе жасау үшін бірнеше трансформалар жасаңыз. трансформаларды өзгерту символдың басқа трансформаларына да, симводың өзіне де ешқандай әсер етпейді.
6. Символдың жасалған трансформаларының өлшемдері мен бұрылыс бұрыштарын өзгерту үшін Arrow (Тіл) құралының Scale (Өлшем) және Rotate (Айналдыру) модификаторларын пайдаланыңыз.
7. Color Mixer панелінің көмегімен трансформаның түс ерекшеліктерін таңдай отырып, оның ашықтығын, контрастын немесе мөлдірлігін өзгерту мүмкіндігі бар.
8. Елес символының трансформасын белгілеп алыңыз да Edit (Түзету) - Edit Symbols (Символдарды түзету) бұйрығын таңдаңыз. Симводы редакциялау оның барлық трансформаларына әсер етеді, бірақ әрбір транфсформа өзінің ерекшеліктерін сақтап қалады.
Қабаттар
Қабатар жеке суреттерді фильмге айналдыруға көмектеседі. Басқа қабаттардағы суреттерге ешқандай әсерсіз бір қабатта жаңа сурет жасауға немесе бар суретті редакциялауға болады.
Белсенді қабатта ғана сурет салуға және редакциялауға болады, ал белсенді қабат жасау үшін оны белгілеп алу керек. Белсенді қабат уақытша диаграммада сәулеленіп тұрады, ал қарындаш белгісі қабатты редакциялауға болатынын білдіреді.
Жоғарыда уақытша диаграммада орналасқан қабаттардың ішіндегілер дәл сол төмендегі диаграммада орналасқан қабаттардың ішіндегілерімен жабылады. Дегенмен қабаттардың кезек тәртібін өзгертуге болады.
Жаңа қабатта бірден сурет салуға болады, бірақ алдымен жоғарғы қабаттардың ішіндегілерді жасырып қою, ал қалғандарын өзгеріс жасаудан оқшаулау ыңғайлы.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Движение по заданной траектории. | | | Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу |