Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мысал. «Салют» әсерін модельдеу

Суреттерді салудың негізгі принциптері | Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу | Мәтінмен жұмыс жасау | Дыбыспен жұмыс |


Читайте также:
  1. Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу

Салют — бұл қашанда мереке және Flash бағдарламасында да виртуалды салют жасауға болады.

Бірінші салюттің ұшып жатқан бөлшектерінің визуалды әсерін модельдеп алыңыз.

Insert => New symbol командасын пайдалана отырып, trajec атаулы графикалық символ жасаңыз. Сосын Brush құралының көмегімен ең кіші өлшемнен қозғалыс траекторияларын саламыз.

Салют қара фонда анағұрлым ұтымды көрінеді, сол себепті Arrow құралын таңдап алып, фонның үстінен шертіңіз де Background бөліміндегі Properties терезесінде фон түсін қара етіп таңдаңыз.

Firecolor-1 атаулы тағы да графикалық символ жасаңыз да Oval құралын пайдалана отырып, шеңбер сызыңыз, содан кейін оны үш белгіні пайдаланатын радиалды градиенті бояумен бояңыз:

• бірінші (ең сол жақтағы) —Alpha = 0% мәні бар қызыл түс;

• екінші (ортаншы) —Alpha = 100% мәні бар қызыл түс;

• үшінші —Alpha = 100% мәні бар қызғылт сары түс.

Негізгі сахнада trajec атаулы қабат жасаңыз, осы қабаттың бірінші кадрына кітапханадан аттас симводың үлгісін тартып әкеліңіз де motion tween қозғалысының автоматты түрдегі анимациясын жасаңыз, мұнда салют бөлшектерінің қозғалыс траекториялары жоғарыдан төменге қозғалатын болады.

Тышқанның оң түймесін басып, тиісті мәзірге кіріп бірінші қабат атауымен тағы бір қабат қосыңыз да оның атауын firecolor-1 қойыңыз. Осы кадрдың бірінші қабатына кітапханадан firecolor-1 символының үлгісін тартып әкеліңіз, сосын 20 кадрда қозғалыстардың автоматты түрдегі анимациясын жасаңыз, бұл жерде firecolor-1 символы бірінші кадрде минималды радиустан соңғы кадрда максималды радиусқа үлкееді. Суретте бұл процесс калькалау режимінде көрсетілген, параллельді екі процес өтуде – салют бөлшектерінің траекториясы жоғарыдан төменге орын ауыстыруы және firecolor-1 символының радиусы ұлғаюы.

Trajec атаулы қабатқа жасырын қабат ерекшелігін беріңіз. Ол үшін тышқанның оң жақ түймесімен trajec қабатын шерту қажет, сосын шыққан мәзірденMask ерекшлігін таңдау керек. Нәтижесінде firecolor-1 шеңберінің ұлғаюы салют шашырандылары арасынан көрініп тұратын болады, бұл керек әсерді береді.

2. Жарқылдау кезеңін қосу.

Жаңа Flash-файл ашыңыз. Бірнеше дүркінді модельдеу ыңғайлы болу үшін бұл әсерді жеке мувиклип түрінде жасайтын боламыз. Insert => New Symbol (Ctrl+F8) командасымен жаңа символ қоямыз, ашылған мәзірден Movie Clip таңдап, оған fireworks атауын береміз. Оны редакциялауды ашу үшін символдар кітапханада fireworks символын екі рет шертіңіз. Екінші қабатты қоыңыз да қабаттарды мысалдағыдай trajec және firecolor етіп атаңыз. Firecolor қабатында жарқылдауды бейнелейтін: қара кадр, ақ және тағы да қара үш кадр жасаңыз. firecolor қабатының 1-кадрінде қара фон қосыңыз, ал осы қабаттың 2-кадрінде негізгі кадрды қосыңыз да сахна өлшемдерінен асатын ақ тікбұрыш суретін салыңыз. Ақ тікбұрышты графикалық символға айналдырыңыз.

Жарқылдау тым ашық болмасы үшін осы символ үшін (alpha) 80% шамасында мөлдір емес параметрін алыңыз.

Firecolor қабатының 3-кадрінде бос кадр (F7) қойыңыз,ол да қара түсті болады. Содан кейін алдыңғы мысалдағыдай салют шашырандыларына ұқсататын кадрлар қосыңыз, сосын тиісті әсерді аламыз.

Негізгі сахнаға (scene 1) қайта орылып, екінші қабат жасаңыз. Кітапханадан бірінші кадр Layer 1 қабатына fireworks мувиклип үлгісін тартып әкеліңіз және 23-кадрде негізгі кадрды қойыңыз. Содан кейін екінші қабаттың 20-кадрінде негізгі кадрді қойыңыз да fireworks символының үлгісін экранның басқа бөлігіне қосыңыз.

Басқа түсті firecolor-2 графикалық символын қосыңыз да оның негізінде fireworks-2 мувиклипін жасаңыз.

Scene 1 сахнасында тағы бір қабат қосыңыз, оның ішіне басқа түс дүркінділігін бейнелейтін мувмклип үлгісін орналастырыңыз, сонда салют шығады.

3. Дыбыстық сүйемелдеуді жасау

Wav форматында кез келген дыбыстық әсерді жүктеп алыңыз да оны жекеленген қабатта (біздің мысалда layer 8) жарылыс дауысы шығатын кездерде қосңыз, нәтижесінде дыбысы бар салют шығады.

Салют көрінісін түрлендіру үшін бірнеше басқа салют бөлшектері траекторияларының дүркінін қосуға болады, сондай-ақ түстерді де түрлендіруге болады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лгі. Flash-презентация| Пример 3. Анимацияланған үш өлшемді логотип жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)