Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пример 3. Анимацияланған үш өлшемді логотип жасау

Суреттерді салудың негізгі принциптері | Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу | Мәтінмен жұмыс жасау | Дыбыспен жұмыс | Лгі. Flash-презентация |


Читайте также:
  1. Boot (англ. загрузка. Пример: основной загрузочный сектор) -вирусы
  2. C) модульдері тең, бір біріне қарсы бағытталған екі параллель күш
  3. D) қос күш қосу керек
  4. D) маркетингтік шараларды енгізу үшін
  5. D.1. Примеры уязвимостей
  6. Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі
  7. III. После этого раненую конечность лучше всего зафиксировать, например, подвесив на косынке или при помощи шин, что является третьим принципом оказания помощи при ранениях.

1. Үш өлшемді анимацияны экспорттау

3D Studio Max бағдарламасында логотип үшін кез келген анимацияны жасап, 3D_object.avi. атаулы avi-ролик жасаңыз.

2. Flash ортасында логотипке кейбір элементтерді қосыңыз.

Flash қосыңыз. Modify > Document (Модификация > Құжат) командасын іске қосыңыз. Ашылған Document Properties (Құжат параметрлері) терезеде 550x300 пикселге тең әрекет ету ауданының өлшемдерін беріңіз. Содан кейін Background Color үлгісінде шертіп, фон үшін #999999 сұр түсті таңдаңыз.

Негізгі пішінді артқы жоспарда жасауды бастаңыз. Ол үшін Insert > New Symbol (Қою > Жаңа символ) командасын іске қосыңыз, нәтижесінде Create New Symbol (Жаңа символ жасау) терезесі ашылады. Name жолында background атауын енгізіңіз, Graphic (Графикалық) қосқышын орнатыңыз да ОК түймесін басыңыз. Символды редакциялау режимінде пішіндерді жасау үшін сурет салу және бояу құралдарын пайланыңыз.

Пішінді жасау үшін қандай құрал қолданылды маңызды емес. Ең бастысы пішінді бояу түстері мынадай болуы керек: жасаушы қызыл мәні – 255, жасыл – 152, ал көк – 0. Сондай-ақ контур жасаушы сызықтар қара түсті және 3 пиксел қалыңдықта болуы қажет.

Артқы жоспар пішінін жасап болғаннан кейін тағы бір құабат қосып, оны text деп атаңыз. Text қабатының бірінші кадрін белгілеп алыңыз, Text құралын таңдап алыңыз, әрекет ету ауданында шертіп, retro-labs мәтінін енгізіңіз. Жаңа ғана жасалған мәтінді таңдап, Windows > Properties командасының ерекшеліктер панелін ашыңыз. Ерекшеліктер панелінде Font тізімінен шрифт таңдаңыз. Font Size (Шрифт өлшемі) жолында шрифт өлшемі үшін 35 мәнін енгізіңіз. Character Spacing (Симводарды бәсеңдету) жолында 1 мәнін еңгізіңіз. Мәтін символдарына қара түс беріңіз. Bold (Жартылай қалың) және Italic (Курсив) стильдерін қосыңыз. Мәтін рәсімдеу параметрлерін бергеннен кейін белгілеп алуды кейін қайтару үшін осы мәтіннен тысқары әрекет ету ауданында шертіңіз.

Негізгі уақытша шкалаға өтіңіз. Insert > New Symbol (Қою > Жаңа символ) командасын іске қосыңыз. Create New Symbol ашылған терезесінің Name жолында 3D_Object атауын енгізіңіз, Movie Clip қосқышын орнатып, ОК түймесін басыңыз. Flash бағдарламасы симводарды редакциялау режиміне өтеді. File > Import (Файл > Импорттау) командасын іске қосыңыз. Import (Импорт) ашылған терезеде бұрын сақталған 3D_object.avi файлын таңдап алыңыз да Open түймесін басыңыз. Файл ішіндегілер жеке-жеке кадрлардың әр анимациясы түрінде импортталатын болады.

Логотиптің ақырғы нұсқасын жасау үшін кейіннен артқы жоспар символын негізгі уақытша шкалаға орналастыру үшін артқы жоспар символын анимациямыен біріктіріңіз. Insert > New Symbol командасын іске қосыңыз. Ашылған Create New Symbol (Жаңа симводы жасау) терезесінің Name жолында logo атауын енгізіңіз, Clip қосқышын орнатып, ОК түймесін басыңыз. Жасалған символды редакциялау режимінде қолданыстағы қабатқа background атауын беріңіз. Тағы бір қабат қосыңыз да оны 3D_Animation деп атаңыз. Window(Терезе) мәзірінде Library (Кітапхана) элементін таңдап алып Кітапхана терезесін ашыңыз (егер ол ашық болмаса). Содан кейін background қабатында бірінші негізгі кадрді белгілеп алып, кітапханадан background символын әрекет ету ауданына тартып әкеліңіз. 3D_Animation қабатында бірінші негізгі кадрді белгілеп алып, кітапханадан 3D_Object клипін әрекет ету ауданына тартып әкеліңіз. Негізгі уақытша шкалаға қайта оралыңыз, жалғыз қабаттан бірінші негізгі кадрді таңдап алып, кітапханадан logo клипін әрекет ету ауданына тартып әкеліңіз. Логотипті әрекет ету ауданының ортасына орналастырыңыз.

Control > Test Movie командасын таңдап алып, жасалған фильмді тексеріңіз.

Жұмыс нәтижелерін SWF-файлына экспорттаңыз. Ол үшін File > Export Movie (Файл > Фильмді экспорттау) командасын іске қосыңыз. Ашылған Export Movie терезесінің Name жолында retro_logo атауын енгізіңіз, файлды сақтау керек папканы көрсетіп, Save түймесін басыңыз. Ашылған Export Flash Player (Flash ойнатқышы үшінг экспорт) терезесінде барлық ретке келтірулерді қалауыңыз бойынша қалдырыңыз да ОК түймісн басыңыз.

3. Dreamweaver құжатына анимацияны орналастырыңыз.

Dreamweaver бағдарламасын қосыңыз.

Page Properties терезесін ашу үшін Modify > Page Properties (Модификация – Парақ параметрлері) командасын іске қосыңыз. Осы терезеде фон түсін анимация фонының түсіне сәйкес келетіндей етіп өзгертіңіз.

Title (Атау) жолында Retro Studious Web-парағының атауын енгізіңіз. Background (Фон) түс үлгісіне шертіп, ашылған түстер палитрасында жүйелік палитра белгісін (палитраның жоғарғы оң бұрыштағы түсті шеңберлі кішкентай белгі) таңдап алыңыз. Ашылған терезеде Red, Green және Blue жолдарында 153 мәнін енгізіңіз де ОК түймесін басыңыз. Page Properties терезесінде Apply (Қолдану) түймесін, содан кейін ОК түймесін басыңыз.

Логотипті Dreamweaver құжатына орналастырыңыз. Ол үшін Insert > Media > Flash (Қою > Тасымалдаушы > Flash) командасын іске асырыңыз. Ашылған Select File (Файл таңдау) терезесінде оны белгілеп алып, Select (Таңдау) түймесін шертіңіз. Dreamweaver бағдарламасының Flash-файл үшін салыстырмалы жолын қолдану керек пе сұранымына жауап ретінде ОК түймесін басыңыз, ал Flash-файлын локалды торапқа сақтау керек па деген сұранымға No түймесін басыңыз.

Flash-файлдан шамалы солда (таңдалып алынбасы үшін) шертіңіз. Содан кейін Window мәзірінде Properties элементін іске қосып, ерекшеліктер панелін ашыңыз. Align Center (Ортасына туралау) түймесін басыңыз. Файлдан шамалы солда шертіп, Enter/Return пернесін үш немесе төрт рет басыңыз. Осылайша сіз беттің ортасында орналасуы үшін Flash-фильмді аз ғана төмен жылжытасыз.

Flash-фильмді таңдап алыңыз. Ерекшеліктер паліне өтіңіз. Панельдің төменгі оң бұрышында орналасқан төменге бағытталған кішкентай нұсқарды шертіп, панель ерекшеліктерін кеңейтіңіз. Quality (Сапасы) тізімінен High (Жоғары) элементін таңдаңыз. Auto play жалаушасын орналастырыңыз. Бұл жағдайда HTML-бетін ашу кезінде фильм автоматты түрде ойнатылатын болады. Scale (Масштаб) тізімінен Default (Show All) элементін таңдаңыз. Фильмді алдын ала көру үшін Play түймесін басыңыз.

Құжатты сақтау үшін File > Save командасын іске қосыңыз. Ашылған Save As терезесінде HTML-файлды сақтау керек папканы көрсетіңіз (ол retro_logo.swf файлы сақталған папкада сақталуы тиіс), Name (Атау) жолында retro_splash атауын енгізіп, Save түймесін басыңыз.

Шыққан логотипті Web-браузерде қарау үшін F12 немесе File > Preview in Browser командасын қолданыңыз.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мысал. «Салют» әсерін модельдеу| Методические основы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)