Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мысал. Нысандар мен қабаттарды пайдаланып бақша суретін салу

Дыбыспен жұмыс | Лгі. Flash-презентация | Мысал. «Салют» әсерін модельдеу | Пример 3. Анимацияланған үш өлшемді логотип жасау |


Читайте также:
  1. Мысал. «Салют» әсерін модельдеу
  2. Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау

Аспан – фон суретін жасау

1. File мәзірінде New бұйрығын таңдап, жаңа құжат жасаңыз.

2. Document Properties диалог терезесін ашыңыз. Ол үшін Modify мәзірінде Document бұйрығын іске қосыңыз.

3. Background Color элементін шертіңіз және пайда болған палитрадан көгілдір түс таңдаңыз.

4. ОК түймесін басыңыз.

Виртуальды гүлдер өсіп тұратын көгал жасау.

1. Пайдаланып жатқан қабаттың белгісін екі рет шертіп (оның атауынан сол жақты), Layer Properties (Қабаттың ерекшеліктері) диалог терезесін ашыңыз.

2. Name жолында Ground атауын беріңіз.

3. ОК түймесін шертіңіз.

4. Rectangle құралын қосыңыз. Tools панелінің Colors секциясында орналасқан Fill Color элементін шертіңіз де пайда болған палитрадан жасыл түсті таңдаңыз.

5. Жасалынып жатқан объекттің, топырақтың контурлары болмауы керек болғандықтан айналдыра жиекті алып тастаңыз. Осы мақсатта Stroke Color (Tools панелі) айналдыра жиекті түсінің үлгісін шертіңіз. Экранда палитра пайда болады. Жоғарғы оң бұрышта No Color түймесін басыңыз.

6. Топырақ жасау үшін барлығы дайын. Rectangle құралының көмегімен суретте көрсетілгендей әрекет жасау алаңының төменгі жағында болатын тікбұрыш сызыңыз.

7. Тікбұрышты символға айналдырыңыз. Ол үшін тікбұрышты белгілеп алыңыз да Insert мәзірінде Convert to Symbol бұйрығын іске қосыңыз немесе F8 клавишін басыңыз.

8. Ашылған Convert to Symbol (Символды конверсиялау) диалог терезесінде Name жолында Ground атауын беріңіз. Movie clip ауыстырып-қосқышы орнатылғанына көз жеткізіңіз.

9. ОК түймесін шертіңіз.

Гүлзар жасау

1. Гүлзар орналастыратын бірнеше қабаттар жасаңыз. қабатты қою үшін Insert Layer түймесін басыңыз, ол уақытша шкаланың сол жақ төменгі бұрышта орналасқан немесе Insert мәзірінде Layer бұйрығын шақырыңыз.

2. Қабат белгісінде екі рет шертпек жасаңыз және Name жолында flowerbedl атауын енгізіңіз.

3. Процестті екі рет қайталаңыз, барлық қабаттарға айқвн атаулар беріңіз (мысалы, flowerbed2, flowerbed3).

4. Rectangle қралын қосыңыз.

5. Жерге ұқсату үшін Fill Color палитрасында қоңыр түсті таңдаңыз (Tools панелінің Colors секциясы).

6. Жасалынып жатқан объектілер, гүлзардың контурлары болмау керек болғандықтан айналдыра жиекті алып тастаңыз. Ол үшін (Tools панелі) Stroke Color элементін шертіңіз. Экранда палитра пайда болады. Оң жақ жоғарғы бұрышта No Color түймесін шертіңіз.

7. Гүлзарға табиғи кескін беру үшін Round Rectangle Radius (тікбұрыш бұрыштарының дөңгелену радиусы) түймесін басыңыз, егер Rectangle жұмысшы құрал болып табылса, бұл түйме Tools панеліндегі Options секциясында бар. Ашылған Rectangle Settings (Тікбұрыш параметрлері) диалог терезесінде Corner Radius жолында 5 мәнін жазыңыз.

8. Flowerbedl қабатын таңдап алыңыз да жасыл бөлікте вертикал шығыңқы тікбұрыш салыңыз.

9. Салынған тікбұрышты белгілеп алыңыз да Insert мәзіріндегі Convert to Symbol командасы арқылы немесе F8 клавиші арқылы оны символға айналдырыңыз. Graphic ауыстырып-қосқышы орналастырылғанына көз жеткізіңіз.

10. Тікбұрышты белгілеп алыңыз, Free Transform құралын қосып, Options секциясындағы Rotate and Skew (Дөңгелену және еңкею) түймесін басыңыз. маркерлері бар белгілеу жиектемелері пайда болғанда бұрыш және бүйір маркерлер арасында тышқан көрсеткішін орнатыңыз. Тышқан көрсеткіштің екі әртүрлі бағыттағы тілдері пайда болады, вертикал немесе горизонтал, ол маркер жиектеменің қай жағында орналасқанына байланысты. Манипулятордың сол түймесін басыңыз, оны ұстап тұрып қажет нәтиже алмайынша маркерді жылжытыңыз.

11. flowerbed2 қабатын таңдаңыз.

12. Window мәзірінде Library бұйрығы немесе F11 басу арқылы кітапхана терезесін ашыңыз.

13. Flowerbedl символын таңдаңыз. Тышқанның оң түймесін басыңыз да (Windows) контексті мәзірдің Duplicate (Қайталау) бұйрығын қосыңыз. Duplicate Symbol диалог терезесінде Name жолында flowerbed2 атауын беріңіз. ОК түймесін басыңыз.

14.flowerbed2 қабаты қазіргі қабат екеніне көз жеткізіңіз. flowerbed2 символын кітапханадан әрекет жасау алаңыныңне жылжытып әкеліңіз.

15.flowerbed1 символының айна қатесіз суреті болатындай етіп flowerbed2 қабатына әкелінген символды қисайтыңыз. Ол үшін Free Transform құралын қосып, Options секциясындағы Rotate and Skew түймесін шертіңіз. Маркерлері бар белгілеу жиектемесі пайда болғанда бұрыш және бүйір маркерлер арасында тышқан көрсеткішін орнатыңыз.тышқанның сол түймесін басыңыз, оны ұстап тұрып, қажет нәтиже алмайынша көрсеткішті жылжытыңыз.

16.Объектіні солға еңкейткеннен кейін оны сахнаның солбұрышына орналастырыңыз.

17. Window мәзірінде Library бұйрығы немесе F11 басу арқылы кітапхана терезесін ашыңыз. Flowerbedl символын таңдаңыз. контексті мәзірдің Duplicate (Қайталау) бұйрығын қосыңыз. Duplicate Symbol диалог терезесінде Name жолында flowerbed3 атауын беріңіз. ОК түймесін басыңыз.

18.Кітапхана терезесін ашық қалдырыңыз да редакциялау режиміне ауысу үшін flowerbed3 симолының белгісін екі рет шертіңіз. Symbol Editor редактор терезесінде Arrow құралының көмегімен flowerbed3 символын белгілеп алыңыз. Free Transform құралын қосып, Options секциясындағы Distort түймесін басыңыз. Shift түймесін ұстап тұрып, тышқан көрсеткішін белгілеу жиектемесінің оң немесе сол жоғарғы бұрышында орналасқан маркер жаңына орналастырыңыз. Тышқанның сол түймесін басыңыз, оны ұстап тұрып, маркерді объектінің ортасына ауыстырыңыз. Трансформация аяқталғаннан кейін тышқан түймесін жіберіңіз. Shift клавишін ұстап тұрып, белгілеу жиектемесінің оң немесе сол төменгі бұрышында орналасқан маркер жанында көрсеткіш орналастырыңыз. Тышқанның сол ьүймесін басыңыз да оны ұстап тұрып, фигураның төменгі жағы жоғарғы жағынан кеңірек болуы үшін маркерді сыртқа ауыстырыңыз. Тышқан түймесін жіберіңіз. flowerbed3 символы суретте көрсетілгендей болуы тиіс.

19. Әрекет жасау алаңыныңне қайьып келу үшін Scene and Symbol жолындағы Scene 1 сілтемесін шертіңіз.

20.flowerbed3 қабатына өтіңіз.

21.flowerbed3 символын кітапханадан әрекет жасау алаңына жылжытып әкеліңіз де оны екі символға қарап тегістеңіз.

Түстер элементтері

1. Symbol Editing режиміне ауысыңыз. Insert мәзірінде New Symbol бұйрығын беріңіз. New Symbol диалог терезесінде Name жолында daisy (түймедақ) атауын беріңіз. Graphic ауыстырып-қосқышы орналастырылғанына көз жеткізіңіз.

2. Қазіргі қабатқа stem (сабақ) атауын беріңіз.

3. leaf1, leaf2, petals және center атаулары бар қосымша қабаттар қойыңыз.

4. Brush (Қылқалам) құралын қосыңыз және Colors секциясында Fill Color элементін шертіңіз. Қою жасыл түс беріңіз. Ашылып жатқан тізімден Brush Size кішкентай диаметрлі қылқаламдардың біреуін таңдаңыз. Бұл тізім Brush құралы жұмысшы құрал болғанда Options секциясында болады.

5. Ұзындығы 2,5 см болатын (1 дюйм) вертикал сызық салыңыз.

6. Pencil құралын таңдаңыз.

7. leaf 1 қабатына өтіп, жапырақ салыңыз. Контурдың тұйықталғанына көз жеткізіңіз. Fill Color палитрасында жасыл түсті көрсетіңіз және фигураны Paint Bucket құралының көмегімен толтырыңыз.

8. Жапырақтың бәрін (бояуды және айналдыра сызықты) белгілеп алыңыз да Modify мәзірінде Group бұйрығын шақырыңыз.

9. Қазіргі жапырақты таңдаңыз да Edit мәзіріндегі Сору бұйрығы арқылы көшіріп алыңыз.

10. leaf2 қабатын қазіргі қабар етіңіз және Edit мәзіріндегі Paste бұйрығының көмегімен жапырақтың көшірмесін қойыңыз.

11. Жаңа ғана қойылған жапырақты белгілеп алыңыз да Modify >Transform > Flip Horizontal (модификация/Трансформация/Горизонтал суреттеу бұйрығын орындаңыз. Жапырақтарды сабақтан өсіп тұрғандай етіп жасаңыз.

12. Center қабатын таңдаңыз. Oval құралының көмегімен кішкене дөңгелек сызыңыз да оны сабақтың жоғарғы бөлігіне жылжытыңыз. Оны кез келген ұнаған түспен бояңыз.

13. Уақытша шкалада petals (жапырақшалар) қабатын таңдаңыз. Pencil құралының көмегімен жапырақша суретін салыңыз. Контурдың тұйықталғанына көз жеткізіңіз. Paint Bucket құралының көмегімен жапырақшаларды бояңыз.

14. Жапырақшаны таңдаңыз, содан кейін Edit мәзірінде Сору бұйрығының көмегімен оны көшіріп алыңыз. Сосын Edit мәзірінде Paste бұйрығы арқылы жапырақшаны сол қабатқа қойыңыз. Оның бір шеті гүлдің ортасына бекітілетіндей етіп бірінші жапырақшаның сол жағына орналастыр.

15. Arrow құралының көмегімен жапырақшаны таңдаңыз. Free Transform құралын іске қосып, Options секциясында Rotate and Skew (Айналу және иілу) түймесін басыңыз. Бұрыш маркерлерінің біреуінің жанында тышқан көрсеткішін орналастырыңыз, осыдан кейін ол дөңгелек тілге айналады. Тышқанның сол жақ түймесін ұстап тұрып, маркерді жорамалды белдеу гүлдің ортасынан өтетіндей етіп жылжытыңыз. Гүлдің ортасы жапырақшаларға тоғанша қадамдарды қайталай бересіз.

Гүлдерді отырғызу

1. Ең бірінші сахнаға қайту үшін Scene and Symbol жолындағы Scene 1 түймесін басыңыз.

2. Қосымша қабат жасаңыз да оған daisy1 атауын беріңіз. Қосылған daisy1 қабатын таңдаңыз және кітапханадан daisy символын гүлзардың біреуіне жылжытып әкеліңіз.

3. Тағы да бір қабат жасаңыз да оған daisy2 атауын беріңіз. Daisy2 қабатына өтіңіз және кітапханадан әрекет ету алаңына daisy символын жылжытып әкеліңіз. Символ данасының таңдалғанына көз жеткізіңіз, Modify > Transform > Flip Horizontal бұйрығын орындаңыз. Объектінің айна-қатесіз сутерін гүлзардың біреуіне орналастырыңыз.

4. Қосымша қабат жасаңыз да оған daisy3 атауын беріңіз. daisy3 қабаты ашулы екеніне көз жеткізгеннен кейін кітапханадан daisy символын әрекет ету алаңына жылжытып әкеліңіз. Arrow құралының көмегімен қосымша қосылған симводы белгілеп алыңыз. Free Transform қралын қосыңыз және Option секциясында Scale (Масштабтау) түймесін басыңыз. Shift клавишін ұстап тұрып бұрыш маркерлерінің біреуінің жанында көрсеткіш орналастырыңыз. Тышқанның сол жақ түймесін басып тұрғанда маркер екі есе кішіреетіндей етіп объект ортасына орналастырыңыз. Трансформация аяқталғаннан кейін тышқан түймесін жіберіңіз. Кішірейтілген гүлді гүлзардың біреуіне суретте көрсетлгендей етіп орналастырыңыз.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Суреттерді салудың негізгі принциптері| Мәтінмен жұмыс жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)