Читайте также:
|
|
Дыбыстық файлдардың импортталуы
Flash ортасында дыбыстық файлдарды қолдану үшін ең алдымен кітапханаға енгізу қажет. Кітапханаға аудиофайлдарды орналастыру процесі импорттау болып табылады. Импортталған файлдар типі компьютерде орнатылған операциондық жүйемен анықталады. Windows операциондық жүйесінде көбінесе WAV файлдар типі қолданылады. Екі платформада да MP3 файл типімен байланыс жасайды.
1.File > Import (Файл > Импортировать) командасын қосамыз. Import (Импорт) диалогтік терезесі пайда болады.
2.Ашылған тізімнен All Sound Formats (Все звуковые форматы) типін таңдап, содан соң импорттау терезесінен тек дыбыстық файлдарды бейнелеу керек. Импорттайтын файлдар орналасқан каталогті табыңыз.
3.Файлды таңдап болған соң, Open (Открыть) кнопкасын басыңыз. Барлық белгіленген файлдар кітапханаға импортталынады. Оның құрамын көре отырып көз жеткізе аласыз. Кітапхана панелін көрсету үшін Window > Library (Окно > Библиотека) командасын іске қосамыз. Сонда импортталған барлық дыбыстық файлдар динамика суреті бар таңбамен белгіленген. Кітапхана терезесінің жоғарғы бөлігінен файлдардың біреуін таңдау кезінде дыбыстық толқынға сәйкес келетін форма бейнеленеді. Терезенің жоғарғы оң жақ бөлігіндегі Play (Воспроизвести) кнопкасын шерткен кезде берілген файлды тыңдай аласыз. Кітапханада импортталған дыбыстық файлдарды фильмдерде көп мәрте қолдануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ ұқсас файлдар бірнеше фильмдерге ортақ кітапхананың бөлігі бола алады.
Фильмге дыбысты қосу
Аудиофайлдарды импорттау - бұл тек бастамасы ғана. Одан әрі дыбыстық файлдарды кітапханадан фильмнің уақытша шкаласынан оның бөлігі болуы үшін орналастыру керек. Уақытша шкалаға дыбысты қою үшін Properties (Свойства) панелін қолданасыз.
1.Жаңа қабат құрыңыз да, оны мысалы, sound деп атаңыз. Бұл маңызды операция емес, алайда ол дыбыстық файлдарды жеке қабатта сақтауға мүмкіндік береді. Әр қабатқа негізінде ондағы файлдарды бейнелейтін ат қойған жөн. Сонымен қатар, егер дыбыстар фильмнің басқа элементерінен бөлініп шыққан болса, онда оларды басқару оңайға түседі.
2.Дыбысты жүргізу басталатын кадрды белгілеңіз, содан кейін тағы жаңа кілтті кадрды беру үшін Insert > Keyframe (Вставить > Ключевой кадр) командасын қолданыңыз.
3.Window > Properties (Окно > Свойства) командасын пайдалана отырып, Properties панелін белгілеңіз. Осыған дейін сіз файлдарды өзіңіздің фильміңізге импорттап алуыңыз керек.
4.Sound (звук) тізімінен керекті дыбыстық файлды таңдаңыз. Қасиеттері терезесінен оның атрибуттары суреттеледі: жиілігі, іріктеме ауқымдылығы, дыбыстың секундта ұзақтығы, сондай-ақ файл көлемі. Көрсетілген файл таңдалған кадрды қосқан соң жүргізіледі.
5.Sync (синхронизация) тізімінен керекті синхронизация типін таңдаңыз. Берілген тізімнен көбінесе Event (Событие) элементі суреті бар қысқа дыбыстардың, мысалы, соққы, шерту және т.б. уақыт жағынан дәл сәйкес келтіру беріледі. Мұндай дыбыстар өшірілгенге дейін немесе өздері тоқтамайынша қосылып тұра береді. Осы тізімнің Stream (Поток) элементі арқылы дыбыспен сурет уақыт жағынан дәл сәйкес келтіріліп орнатылады.
6.Loop (Цикл) өрісінен берілген дыбыстық файлды қанша рет жүргізу керек екендігін көрсетіңіз.
Дыбыстың жүргізуін тоқтату
Әдетте дыбысты жүргізілуі кадрды қарап болғаннан кейін(егер бұл дыбыс типі Stream) немесе циклді орындауды аяқтағаннан кейін тоқтатылады. Бұл дыбыстық фрагменттің ұзақтығына байланысты, сондай-ақ фильмде бірінші жүргізіліп таңдалған дыбыстың параметріне де қатысты. Алайда кейбір жағдайларда дыбыс серияларын немесе жүріп жатқан дыбысты мәжбүрлі (принудительный) тоқтату керек жағдай болады.
1.Егер дыбысты өшіргіңіз келсе кадрде орналасқан дыбыстық қабатты шертіңіз.
2.Жаңа кілттік кадрға тапсырма үшін Insert > Keyframe командасын іске қосыңыз.
3.Window > Properties командасын қолданған соң, қасиеттер панелін ашыңыз.
4.Sound тізімінен жүргізілуін тоқтату керек дыбыстық файлдың атын таңдаңыз, ал Sync тізімінен - Stop (Стоп) элементін. Дыбыстың жүргізілуі берілген кілттік кадрде тоқтатылады.
Барлық дыбысты мынандай жағдайларда өшіруге болады:
1.Фильмнің қай жерінен дыбысты өшіргіңіз келетін кадрды таңдаңыз. Фильмде дыбысты өшіру үшін негізінде арнайы батырма болады.
2.Кез келген қолданғыңыз келетін кадр немесе батырма үшін Actions (Действия) панелін ашыңыз. Normal (Обычный режим) режимінде Actions > Movie Control (Действия > Элементы управления фильмом) категориясынан stopAllSounds командасын сценарий аумағына орналастырыңыз. Expert (Режим эксперта) режимінде осы команданы орын алмастырып қана қоймай, сонымен қатар берілген аумаққа қолдан енгізу керек. (Normal және Expert режимдері менюдің Actions панелінің оң жағында орналасқан сценарий аумағындағы View Options кнопкасының көмегімен таңдалады). Көрсетілген кадрды жүргізген кезде немесе батырманы басумен барлық дыбыстар өшіріледі.
Дыбысты батырмаларға бекіту
Батырмаға дыбысты қосу – өңдеуде аудиторияны өзіне қаратудың өте қарапайым әрі тиімді тәсілі.
1.Фильмге өзіңіздің батырмаңызға дыбысты импорттау.
2.Дыбысты байланыстырғыңыз келген кнопканы белгілеңіз, және Edit (Правка) менюінен Edit Symbols (Правка символов) элементін таңдаңыз. Flash көрсетілген кнопка үшін символдарды редакторлеу режиміне өтеді. Кнопканың келесідей кілттік кадрдің мүмкін жағдайларымен уақытша шкаласы көрінеді: Up, over, down және hit.
3.Over батырма жағдайын таңдаңыз да, Insert >Keyframe командасын жаңа кілттік кадр үшін пайдаланыңыз.
4.Windows > Properties командасын жүзеге асыру арқылы экран бетіне Properties панелін шығарыңыз. Сондай-ақ, басты уақытша шкалаға дыбысты қосқандай кнопканың уақытша шкаласына да қосыңыз. Осындай мақсатпен Sound тізімінде керекті дыбыстық файлды көрсетіңіз, Effect тізімінен қалаған эффектіні, ал Sync тізімінен – Start(Старт) элемент элементін таңдаңыз.
5.Edit менюінен Edit Document (правка документа) командасын уақытша басты шкалаға оралу үшін таңдаңыз. Control (Управление) менюінен Enable Simple Buttons (Разрешить проверку кнопок) командасын жүзеге асыру арқылы фильмді редакторлеу режимінде кнопканы дыбыспен қайта тексеруге болады. Егер фильмді қарау кезінде жұмыстың нәтижесін тексергіңіз келсе, Control > Test Movie (Управление > Проверить фильм) командасын қолданыңыз. Тышқан тетігін осы жағдайға дыбыстық реакцияны алу үшін кнопкаға дәлдеңіз. Ұқсас түрде дыбыстарды басқа кнопка түрлерімен де, мысалы Down, байланыстыруға болады. Жоғарыда көрсетілген нұсқаулықтарға бағынатын болсақ, Down батырмасы үшін жаңадан кілттік кадр құрып, оған керекті дыбысты байланыстырыңыз. Сондықтан да екі кадр әр түрлі жағдайды көрсетеді, аудиоэффектілерді құру бөлек жүзеге асырады: бірі батырмаға тышқанмен көрсету арқылы(Over жағдайы), ал басқасы – соған басқан кезде(Down жағдайы).
Аудиоэффектілердің құрылуы
Дыбыстармен жұмыс жасау кезінде ең қызықты сәттердің бірі аудиоэффектілерді қолданылуы болып табылады. Аудиоэффект деп дыбыстың дауыс шығару деңгейін, сондай-ақ дыбыстың панорамалау позициясын атауға болады. Соған ұқсас өзгертулер аудиофайлдардың әр түрлі дыбысталуына әкеледі. Сіз өзіңізге керек дыбысты алу үшін эффектілерді қолдана аласыз, мысалы жақын немесе алыста орналасушыға ұқсата аласыз я болмаса қозғалыстағы дыбысты құруға болады. Эффектіні құру барысында аудиоэффектілердің болуы дыбысты үшөлшемді етеді. Дыбыстық редакторды пайдалана отырып, Flash ортасында аудиоэффектілерді импорттамастан бұрын дыбыстық файлға қосуға болады. Алайда, аудиоэффектілердің құрылуы Flash ортасында тікелей артықшылығы бар. Соның ішінде, фильмге аудиофайлдарды орналастырғаннан кейін дыбыстық эффектілердің қосылуы берілген файлдың әр түрлі эффектілерімен бірталай көшірмесі импорттаудан құтқарады. Сонымен қатар, Flash ортасында стереоэффектілердің құрылуы панорамалық дыбысты аудиофайлдың көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
1.Дыбысты жүргізу басталатын кілттік кадрді белгілеп, панель қасиеті экран бетіне егер ол ашық болмаса Window > Properties командасын таңдаңыз.
2.Панель қасиетіндегі Sound өрісінде дыбыстық файлдың аты шығады, Sync өрісі – оның синхронизация типі, Loop өрісінде – қайталау саны. Мұнда Effect тізімімен бірнеше элементтен тұратын өріс орналасқан.
> Left/Right Channel (Левый/Правый канал) – сол жақтағы немесе оң жақтағы каналдағы дыбысты жүргізу;
> Fade Left to Right (Плавный переход слева направо) және Fade Right to Left (Плавный переход справа налево) — дыбыс жүріп тұрған уақытта бір каналдан басқа каналға дыбыстың панорамалануы;
> Fade In (Плавное возрастание) — дыбыстың дауысының деңгейі нөлдік мағынадан максималға дейін ақырын көтерілуі;
> Fade Out (Плавное затухание) — дыбыстың дауысының деңгейі максимал мағынадан нөлге дейін ақырын түсуі;
> Custom (Пользовательский) — өзіндік аудиоэффектілердің құрылуы үшін қолданылатын Edit Envelope (Правка огибающей) диалогтік терезенің шақырылуы.
Циклдік дыбыстар үшін санаулы эффектілерді қолдану кезінде кейбір ерекшеліктерді ескеру қажет. Мысалға, Fade Left to Right эффекті циклдің тек бірінші өту кезінде жасайды, содан кейін дыбыс тек оң жақ каналда ғана жүргізіледі.
3.Фильм контекстінде жасалған эффектілерді бағалау үшін Control > Test Movie командасын таңдаңыз.
Edit Envelope терезесінің көмегімен эффектілерді құру
Flash-те өзіндік дыбыстық эффектілерді сол жақ және оң жақ каналдар үшін дауысын өзгертудің әр түрлі комбинацияларын қолдану және уақытымен дауыс қаттылығын өзгерту жолымен жасауға болады.
1.Өзгерту енгізгіңіз келген жерден дыбыс қабатындағы кілттік кадрды белгілеңіз. Егер экранда қасиеттер панелі болмаса оны көрсету үшін Window > Properties командасын жүзеге асырыңыз. \
2.Қасиеттер панелінде Effect тізімінен Custom элементін таңдап немесе Edit батырмасына басыңыз. Экранға Edit Envelope диалогтік терезесі шығады.
3.Дауыс қаттылығын қалыпты күйге келтіру үшін уақытымен әр каналдағы дауыс қаттылығының қисық деңгей белгісіне басыңыз да оны керек жеріне орналастырыңыз. Мысалы, бір каналдан екінші каналға немесе кері дыбысты ауыстыру эффектісіне жету үшін соңғы дыбыстық толқынның сол жақ шетіндегі канал үшін қисық дауыс қаттылығына шертіңіз. Шертілген нүкте тірек болады. Осындай тәсілмен сызық ортасына тірек нүктесін құрыңыз, содан соң төмен қарай созыңыз. Дәл осылай оң жақ каналға, бірақ айна суреті түрінде істеңіз. Қалаған эффект дайын.
4.Өзгеріс енгізгеннен кейін басты уақытша шкалаға оралу үшін ОК батырмасын шертіңіз.
Осыдан басқа, Edit Envelope диалогтік терезесінде басқа элементтер бар. Play және Stop батырмалары эффектіні тыңдауға пайдаланылады. Zoom (Масштаб) батырмасы дыбыстық толқынды толық қарауға арналған. Бұл қысқа динамикалық дыбыс эффектілерін жасау үшін қажет болады. Effect тізіміндегі Fade In және Fade Out элементтері файлдың басын немесе соңын тазалауға арналған. Бұл командалар батырмаға тіркелетін дыбыстарды жасауға көмегі тиеді.
Егер сіз циклдік дыбысқа эффект қолдансаңыз,біріншісінен басқа циклдің барлық қайталануы сұр түспен белгіленген болады. Барлық қайталану болатын интервалға эффект беру үшін қоршалған графикті редакторлеу керек.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 393 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Мәтінмен жұмыс жасау | | | Лгі. Flash-презентация |