Читайте также:
|
|
БАЯНДАМА
ТАҚЫРЫБЫ: Оралмандардың құқықтық жағдайы
Орындаған: Маманова Ф. 3A
Тексерген: Әбділдә Д.
Қаскелең 2014 ж.
Оралман түсінігі
Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары;
Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады.
Ондай жеңілдік түрлері мыналар:
· жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға көмектесу;
· мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
· Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;
· орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
· мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;
· зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
· бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;
· Қазақстан Республикасына кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;
· заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
· Қазақстан Республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;
· кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
· тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соның ішінде сиыр);
· келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу
Оралмандардың құқықтық жағдайы
Басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп- келушілерге оралман мәртебесі беріледі. Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi. Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді.
Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелерінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға олардың оралман мәртебесін беру туралы өтініштерін қарауға қажетті анық мәліметтерді ұсынуға;
2) денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық қарап-тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емдеу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
3) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығына жолдама алған жағдайда, күнтізбелік үш күннің ішінде сонда қоныстануға және халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін берілген үй-жайды босатуға;
уақытша орналастыру орталықтарында және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
· уәкілетті органның аумақтық органдарына оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өз өтініштерін қарау үшін қажетті отбасының барлық мүшелеріне дұрыс мәліметтерді табыс етуге;
· денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер қабылдауға, емделу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
· оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына жолдама алған кезде үш күннің ішінде сонда қоныстануға және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген кезеңі аяқталғаннан кейін өздеріне берілген үй-жайды босатуға;
· уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
Оралмандардың құқықтары:
· Оралман мәртебесін алған тұлғалар үшін көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктердің негізгі бағыттары жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсету;
· мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз ету;
· Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыру;
· техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн квoтa бөлу;
· мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын беру;
· біржолғы жәрдемақылар мен зейнетақыны төлеу;
· азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыру;
· Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшін консулдық алымдардан босату;заңнамаға сәйкес медициналық көмектің кепілдеме бөлігін тегін алу;
· Қазақстан Республикасының азаматтарына қарастырылған атаулы көмекті алу;
· мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізу;
· тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу;
· тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу.
· жеңілдетілген (тіркелген) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға;
· жеңілдіктерді, өтемақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға;
· Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қолда бар құжаттарының негізінде атын, әкесінің атын (ол болғанда) және тегін қазақ тілінде дұрыстап жазуға құқығы бар.
Қосымша жеңілдіктерді, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақыларды қоспағанда, жеңілдіктерді, өтемақыларды, жәрдемақыларды және атаулы көмектің басқа да түрлерін алу құқығы оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына қарамастан, оралман мәртебесі берілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 242 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ | | | Сложите оружие |