Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Читайте также:
  1. НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Оғамдық экологиялық бақылау жұртшылықты мемлекеттiң экологиялық проблемаларына тарту мақсатында жүргiзiледi. Қоғамдық экологиялық бақылау жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес айқындайды. Жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жұмысы және оның нәтижелерi туралы ақпаратқа қол жеткiзуге тиiс. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жекелеген тексерулер нәтижелерiнiң және жылдық есептiлiктiң жариялануын қамтамасыз етедi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыру үшiн жарғыларында қоғамдық экологиялық бақылау функциясы көзделген қоғамдық бiрлестiктердiң тiзбесiн жасайды. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi жұмысқа жеке және заңды тұлғаларды ерiктi негiзде тартуы мүмкiн.

Азіргі қалыптасып келе жатқан құқықтық механизмде қоғамдық экологиялық бақылау дамуда. Азаматтар мен бірлестіктер экологиялық талаптардың орындалуын бақылау мен орындалуын қамтамасыз етуге қатысуға біршама мүмкіндіктерінің болуы өте маңызды. Азаматтардың өз пікірін білдіруі экологиялық теріс қылықтардың пайда болуын алдын алуға және табиғат пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді.


 

ОРЫТЫНДЫ

Экологиялық бақылау экологиялық құқықтың ерекше бөлімінің құқықтық институты болып табылады. Тиімді экологиялық бақылаусыз экологиялық басқару мүмкін емес. Экологиялық бақылауды бірнеше аспектілерден қарастырсақ болады. Біріншіден, экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы, экологиялық құқықтың институты ретінде. Екіншіден, экологиялық талаптарды бұзуды анықтау, оның алдан алу және шаруашылық, өзге де қызметпен айналысатын субъектілердің сол талаптарды орындауын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. Экологиялық бақылау бір жұйе ретінде бақылау түрлерінен, ал экологиялық басқару қызметінің функциясы ретінде бақылаудағы объектілер туралы ақпарат жинау шараларының жүйесінен тұрады. Экологиялық бақылау кепіл ретінде экологиялық мәселелерді шешудің элементі болып табылады. Экологиялық бақылау құқықтық нысан ретінде экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау, табиғат пайдалану туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ететін іс әрекеттер жүйесі. Экологиялық бақылаудың пәні болып субъектілердің экологиялық заңнама мен экологиялық талаптарды орындау табылады. Түрлері: мемлекеттік, қоғамдық және өндірістік. Экологиялық бақылаудың нысан ретінде ақпараттық экологиялық бақылау қөрсетіледі. Бұл түр экологиялық мониторинг пен мемлекеттік статистикалық бақылау жүйксі арқылы жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану аясында шешімдер қабылдау үшін керекті ақпараттың жиналуы мен талдануы қоршаған орта мен оның жекелеген компоненттерінің жай күйін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеріне байланысты инспекциялық, аналитикалық лабораторлық деп қарастырылады. Инспекциялық бақылау деп техникалық және нормативтік құжаттамамен танысуды айтамыз. Аналитикалық бақылау алынған мәліметтерді талдаудан тұрады. Лабораторлық бақылау дегеніміз анализдер жасау, нәтижелерді нормативтік көрсеткіштермен салыстыру.

Экологиялық бақылаудың түрлері: мемлекеттік, қоғамдық, өндірістік.

Экологиялық бақылаудың негізгі міндеті қоршаған ортаны зиянды әсерден қорғауды, ұтымды табиғат пайдалануды, экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

 


 

Қолданылған әдебиеттер

§ ҚР Экологиялық Кодексі;

§ Бринчук М.М. «Экологическое право»;

§ Боголюбов С.А. «Экологическое право»;

§ www.google.kz

§ www.twirpx.com


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 167 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ| Оралмандардың құқықтық жағдайы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)