Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру.

ТАРАУ. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым. | Неке жағдайы. | Ықтарды қорғаудың пайда болуы. | Легисакциялық процесс. | Талап ұғымы. | Ықтар коллизиясы және талаптардың бәсекесі | Зат құқығы және иелену. | Меншiк құқығының ұғымы. | Меншiк құқығының түрлерi | Алдырылатын құқықтар. Эмфитевзис. Суперфиций. |


Міндеттіліктің мұра бойынша ауысуы.

Кредитордың талап ету немесе борышқордың міндеттілік құқылары, олардың қайтыс болуларына байланысты мұрагерлеріне ауысу өте ертеде пайда болды. Мұра құрамына енетін құқықта және міндеттілікте мұрагерді кабылдау ерте заманда жанұялық меншіктік сипатына сай болды. Мұның заңы бойынша үй иесі кредитор немесе борышқор ретінде енген міндеттілік жанұяның барлық мүшелеріне жалпы болды.

Цессия.

Міндеттіліктегі кредитор мен борышқорды, олардың тірі кезінде басқа тұлғамен ауыстыруға, ерте заманғы Римде мүлдем тыйым салынды.

Ішкі және сыртқы, шет саудаларының дамуына байланысты міндеттіліктің қозғалыссыз болуы шыдамсыз болды. Келісім шарттар күнделікті бола бастады: міндеттілік рим азаматтарының мүліктік құрамдарында көріну орынға ие болды.

Шаруашылық өмірде осы сұранысты қанағаттандыруда, талап ету құқын беру мақсатында өте ерте кезде міндеттілікті жаңартумен айналысты.

Міндеттілікті жаңартудың маңызы, бұл кредитор, борышқор және кредитор өзінің талап ету құқын тапсырғысы келген тұлғаның жалпы келісуімен, осы ақырғы тұлға борышқормен алдыңғы міндеттілікте болған мазмұнда келісім-шарт құраған, яғни, жаңа міндеттілікпен алдыңғы міндеттілікті ауыстыру мақсатында.

Өмір талап етуді тура тапсыруды (цессияны) талап етті. Осы мақсатта процессуалдық өкілеттік институтымен қолданды. Римдік түжырымдық процессінде сотта істі жүргізу талап етілуімен немесе жауап берілуімен емес, cognitor деп аталатын өкілетпен жүргізуге, егер ол белгілі талаптарға сәйкес тағайындалса немесе procurator егер дұрыс тағайындалмаса, рұқсат етілді.

Талап ету құқын басқа тұлғаға табыс ету үшін, өз құқын табыс етуші (цедент) кредитор, өз құқын тапсырғысы келген тұлғаны (цессионария) процесте өзінің өкілі ретінде тағайындаған, тек бір келісумен: бұл тұлға өзінен кейін алуды қалдыра алады.

Қарызды ауыстыру кредитор мен жаңа борышқор арасында міндеттілікті тоқтату мақсатында жасалған жаңа келісім шарт құрумен жүзеге асырылды.

10.5.Міндеттемені орындау.

Міндеттемені орындау борышқорды міндетінен босату үшін, бірқатар талаптарды орындау қажет болды:

- орындау өз мүлкімен өкілетті тұлғамен ғана орындалуы қажет;

- орындау, оны қабылдап алуға қабілеттілігі бар тұлғаға қатысты болу керек;

- орындау міндеттіліктің мазмұнына қатаң сәйкес келу керек. Дәлірек айтсақ, борышқор кредитордың келісімісіз міндеттілікті бөлшектеп орындай алмайды;

- орындау орны ретінде талап қоюға болатын жер анықталады, ал ондай жер деп борышқордың мекен-жайы немесе (тараптардың біреуінің тілегі бойынша) Рим саналды;

- міндеттілік келісім шартта көрсетілген немесе келісім шарттың сипатынан шығатын немесе оны құрастыру жағдайынан шығатын мерзімде орындалуы керек.

Егер мерзімі белгіленбесе, онда міндеттілік кредитордың алғашқы талабы бойынша орындалуы керек.

Мерзімінен ерте міндеттілікті орындау кредитордың мүддесіне тимесе ғана рұқсат етілді.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАРАУ. МІНДЕТТЕМЕ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.| Saplienti sat - Ақылды түсінеді.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)