|
(Латын мақалы.)
11 ТАРАУ: Міндеттемелердің жеке түрлері.
11.1.Міндеттемелердің жүйесі.
11.2.Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)
11.3.Сатып алу - сату (Emptio - Vendizio)
11.4.Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum).
11.5.Серіктестік келісім-шарты (Sociеtas)
11.6. Тапсырма келісім-шарты (Mandatum)
11.1. Міндеттемелердің жүйесі.
Рум құқығы бізге бірнеше мідеттемелердің түрлерін мұра ретінде қалдырған. Ондай түрлер қанша болғаны есептелген жоқ. Көбі қазіргі азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнамаларға кірген. Кейбіреулері кірмесе де, мүмкін қажеті болса жаңадан шығады, оны біз рум құқығының рецепциясы деп атаймыз. Осы тарауда міндеттеме түрлі рум құқығындағы келісім-шарттары көрсетіледі. Басқаларды тек міндеттемелердің жүйесінде белгілейміз.
Жоғарыда айтылғандай міндеттемелер не болмаса шарттардан, әлде құқық бұзушылықтардан (заң тізімінде болғаны, әлде болмағаны) шығады. Бұл бірінші бөлімде. Шарттарды да румдықтар екіге бөлетін. Бір жағынан контракттар Contractus, екеіншіден, пакттар Pactus. Контракт және пакт-келісім шарттардың екі түрі. Контракттар шарттардың заңды түрі, оларды және осы шарттарды бекіткен тұлғаларды (талапкер және жауапкер) мемлекет заң бойынша талап қорғаумен қорғаған. Ал тізімге кірмеген шарттарды пакт деп атаған. Оларды кейде қорғаған, кейде жоқ. Бірақ та румдықтар контрактіні әлде пактыны бекітсе, әдет бойынша өте қатал ретінде орындайтын.
Котракттарды да екі тізімге бөледі. Шарт ауызша бекітілсе, оны ауызша шарт - Contractus verbalis – вербальдық контракттар деп атаған. Жазбаша түрінде бекітілсе – Contractus litteralis -литтералдық контракттар.
Ауызша әлде жазбаша да болса контракттар екі үлкен тізімдерге кіргізіледі. Ол тізімдердің атақтары – реалдық және консенсуалдық контракттар - Contractus realis et Contractus consenssualis. Сонда реалдық котракттар затты әлде заттарды (Res - заттар) бір тұлғаның қолынан басқа қолға берілген кезінде бекітілді болатын. Консенсуалдық контракттар одан ерте, екі жақ келісімге (Consenssus -келісім) ғана келсе бекітілді саналатын.
Реалдық контракттарға - қарыз (Mutuum) шарты, несие (Commodatum) шарты, сақтау (Depositum) шарты, және кепілдік (Fiducio, Pignus, Hipoteca –түрлі) шарттары енеді.
Консенсуалдық контракттардың ішінде сатып алу - сату (Emptio-Venditio), жалдау (Locatio-conductio), тапсырма (Mandatum), серіктестік (Societas) шарттары табылады.
Міндеттемелердің жүйесінде құқықбұзушылақтардың міндеттеме ашатын түрлері да бар. Олардың ішінде - Injuria - әділетсіздік, Furtuum –ұрлық, Rapina - тонау, Damnum injuria datum - заңсыз зиян келтіру тағы басқалар.
11.2. Жалдау келісім-шарты (Locatio - Conductio)
Рум құқығындағы жалдау келісім-шарты.
Ортақ пікірлі яғни келіскен уақыттан бастап күшіне енеді. Екі жақты.
Бір жақ екінші бір жаққа бір немесе бірнеше заттарды уақытша пайдалануға беруге міндеттенетін, ал екінші жақ өз кезегінде сияпат төлеп, алған затты басқа қалпында қайтаруға міндеттенетін.
Байқаусыздан қаза табуға жалға беруші жауап беретін.
Жалдаудың үш түрі болды: заттарды жалдау; мердігерлік қызмет, көрсетулерді жалдау. Жалдауға жарайтын заттар жылжитын және жылжымайтын мүліктер: жалға біреудің мүлігін беруге болатын. Жалдаудың мерзімі әдетте бес жылға дейін берілетін, бірақ егерде жалдаушы затты мерзімі асып кетсе де пайдалана берсе, онда жалдау үнсіз созылған болып саналады.
Затпен бірге оған жататын нәрселер де берілетін. Жаладушы белгіленген күнды (төлемақы) пайдалану мерзіміне байланысты төлеп орытарады. Жалға беретін тұлғаны локатор, ал алатын кондуктор атаған. Кондуктордың міңдеттері осындай:
- төлемақыны төлеу;
- жалдауға беру.
Егер жалдау келісім-шартының мерзімі бітпей тұрып затың иесі ауысатын болса, онда бұл келісім-шарт жойылу арқылы күшін тоқтататын. Локатордың құқықтары мен міндеттері: уақытша пайдалануға беру; көрінбейтін жетіспеушіліктер үшін жауап беру.
Мердігерліктің мәні мынада:
Қызметтерді келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде орындау міндеттері;
Басқа біреудің көмегінсіз, өзі орындау;
Жалданушы келтірілген зиян үшін өзі жауап берген. Жалдаушы қызмет көрсетілгеннен кейін сияпат төлеуге міндетті, ал егер қызмет осы жалдаушының кінәсімен көрсетілмеген болса, онда сияпат келісім-шартта белгіленген мерзім ішінде төленуі қажет.
Қызмет жалдау келісім-шарты, құлдарды жалдауда дамыған болуы керек. Ал, кейін батрақтар мен қолөнершілердің қол еңбгіне таратылған.
Мердігерлік шарты осылай көрінеді - бір жақ (мердігер) екінші бір жақ үшін мерзімінде және жоғары сапалықпен жұмысты орындап беру міндеттемесін алған. Бұл келісім-шарт түрінің мәні жұмыстың өзі емес, оның нәтижесі еді (киімді тазалау, үй салу, адамдарды көлікпен жүргізу). Теңіз тасымалдары ерекше келісім-шартпен реттелетін. Мердігердің міндеттері:
Жұмысты дұрыс түрде орындау және қолына қайтару ол қандай болсын кінә үшін ғана емес, сонымен қатар жұмысты орындаған мамандар білімінің жеткіліксіздігі және жұмысқа көмекшілерді жалдаса, оларды таңдауы мен бақылауы үшін де жауап берген.
Қабылдағанға дейін тауар жайылып немесе бұзылып кеткен жағдайдың өзінде орындалған жұмысты қабылдап, сияпат төлеуге міндетті.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 238 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру. | | | Сатып алу-сату (Emptio - Venditio) шарты. |