Читайте также: |
|
Халықты құқықтық және гендерлік жағынан ауқымды түрде оқу-ағарту.
Гендерлік проблемаларды көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс осы мәселе жөніндегі бағдарламалардың санын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік береді.
Журналистерді оқытып-үйрету БАҚ-тарда гендерлік мәселелердің толығымен ашып көрсетуге ықпал ететін болады.
Қатерлер
Мемлекеттің гендерлік саясатының БАҚ-тарда жеткілікті түрде көрсетілмеуі жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін белгілі бір дәрежеде төмендетуі мүмкін.
Гендерлік таптаурындардың жариялануын жалғастыру елдегі демократиялық қайта құруларды іске асыруда елеулі тежегішке айналуы мүмкін.
58.Неге балаларды гендерлік ерекшеліктерді есепке ала отырып тәрбиелеу тиімді? Ұлдар мен қыздар 4 жаста. Олар қандай? Сіздің көзқарасыңыз. Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді. Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.Бес-алты жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады. Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың үлкендермен қалыпты жағдайдан тыс - тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Бес-алты жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады. Өзінің тартымдылығымен құрдастары үлкендерді басып озып бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны — іскерлік ынтымақтастығы мен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне онымен бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қатынас құзіреттілігі қалыптасады.
Леуметтік педагог ұстанымы тұрғысынан ата –аналардың гендерлік құзіреттілігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар құрастырыңыз.
Оқушының өзін белгілі бір жыныс өкілі ретінде танытуға қабілеттілігі;
Отбасының құндылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру; Әйел мен ер адамның отбасындағы рөлдік айырмашылығы туралы түсінігін қалыптастыру.
Отбасы қарым-қатынастарының этикасы мен психологиясына қатысты мәліметтерді білу, түсіну мен қолдану қабілеттерін қалыптастыру;
Гендерлік ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық ерекшелік пен дүниетанымдық білімдерін қалыптастыру;.
Бұл адамның өзінің гендерлік рөлін игеру процесі. Осы процесс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, өз жынысына тиісті құндылықтарды, қажеттіліктерді үйренеді.
Балаларды қазақ отбасында гендерлік әлеуметтендіру ұлтымыздың ұрпағына тағылым берудегі жыныстық тәрбие мәселесі. Өз жынысына сай сапаларын жойып алмай, өмірге жан-жақты даярлау-басты парыз болмақ. Қазақстан Республикасынаң мызғымас, біртұтас мемлекет ретінде көру мұратымыз болса, онда бақытты отбасылық өмірге жасөспірімдерді баулу да басты мақсат болатыны сөзсіз. Қазақ халқының өзіне сай ұлттық құндылықтарын дәріптеу арқылы тәрбиелеу ұлт ұрпағын жаһандану кезеңіне өз ерекшелігімен жетіліп, кемелденіп жетеді деген мүддені алға ұстанғанымыз жөн.
Отан от басынан басталады» - дейді халық. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әкенің негізгі мақсаты-баланы өмірге баулу тәлімгерлік тәрбиелеу. Ана – отбасының ұйтқысы ананың ақ мейірімі, оның қызметі, ересен еңбегін бағалау керек.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Қожахметова ұлттық тәрбие арқылы сана сезімі толысқан қазақ қызының бейнесін төмендегі өлшемдермен бағалайды. Тектілігі, ақыл-парасаты, сыр-сымбаты, іскерлігі.
Пайғамбарымыз айтқандай: ер адам-өз отбасының тәрбиешісісі тағы да профессор К.Ж. Қожахметованың еңбегіне жүгінелік. Нағыз жігіт бейнесі: кескін-келбеті, қадыр-қасиеті, қабілет-икемі, іскерлігі.
Ғалым ұсынып отырған нағыз жігіт бейнесіне ішкі дүниесі сай қазақ азаматын тәрбиелеу үшін бала тәрбиесіне қатысты барлық факторлар ықпалдастық табуы керек.
Ұлттық тәрбие беруді негізге алар болсақ, этнопедагогика ғылымына жүгінеміз. Халықтық, ұлттық тәрбиенің дені халықтың салт-дәстүріне ғана емес, діни сеніміне негізденуі шарт. Өмірге даярлау тек мектептің ғана емес, әрбір ата-ананың міндеті. Болашақ өмірдің этноәлеуметтік рөлдерін меңгеруге баулу, жан саулығы мен деннің саулығын сақтау, тазалық пен адалдық ұғымының талаптарына сай болу-өз бағының гүлденуіне себілген ізгілік дәні. Сан талапқа сай сұрыпталып, іріктелген ізгілік дәнін даярлау-баршамыздың жауапкершілігіміз.
Леуметтік педагог ұстанымы тұрғысынан ұлдар мен қыздарды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата –аналарға кеңес беру ұсыныстарын құрастырыңыз.
Отан от басынан басталады» - дейді халық. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әкенің негізгі мақсаты-баланы өмірге баулу тәлімгерлік тәрбиелеу. Ана – отбасының ұйтқысы ананың ақ мейірімі, оның қызметі, ересен еңбегін бағалау керек.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Қожахметова ұлттық тәрбие арқылы сана сезімі толысқан қазақ қызының бейнесін төмендегі өлшемдермен бағалайды. Тектілігі, ақыл-парасаты, сыр-сымбаты, іскерлігі.
Пайғамбарымыз айтқандай: ер адам-өз отбасының тәрбиешісісі тағы да профессор К.Ж. Қожахметованың еңбегіне жүгінелік. Нағыз жігіт бейнесі: кескін-келбеті, қадыр-қасиеті, қабілет-икемі, іскерлігі.
Ғалым ұсынып отырған нағыз жігіт бейнесіне ішкі дүниесі сай қазақ азаматын тәрбиелеу үшін бала тәрбиесіне қатысты барлық факторлар ықпалдастық табуы керек.
Ұлттық тәрбие беруді негізге алар болсақ, этнопедагогика ғылымына жүгінеміз. Халықтық, ұлттық тәрбиенің дені халықтың салт-дәстүріне ғана емес, діни сеніміне негізденуі шарт. Өмірге даярлау тек мектептің ғана емес, әрбір ата-ананың міндеті. Болашақ өмірдің этноәлеуметтік рөлдерін меңгеруге баулу, жан саулығы мен деннің саулығын сақтау, тазалық пен адалдық ұғымының талаптарына сай болу-өз бағының гүлденуіне себілген ізгілік дәні. Сан талапқа сай сұрыпталып, іріктелген ізгілік дәнін даярлау-баршамыздың жауапкершілігіміз.
l Адами даму біліктілігін зерттейтін педагогикалық инновациялардың бірі – гендерлік білім мен тәрбие беру.
l Гендерлік білім беру – халықтық педагогика мен салт – дәстүрлердің сақталу маңыздылығы мен ғаламдануды ғылыми тұрғыдан түсіндіретін жаңа технология.
l Бұл технология қоғамдағы адамдардың әлеуметтенуі мен әлеуметтануын түсіндіреді.
l Гендерлік зерттеулер ұлттық таным мен түрлі стереотиптердің жеке тұлғаның қалыптасуы мен жаһанданудағы ортақ көзқарастардың жандасуына тигізетін пайдасы мен кері әсері жөніндегі мағұлматты айқын ашып береді.
Отбасының құндылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру; Әйел мен ер адамның отбасындағы рөлдік айырмашылығы туралы түсінігін қалыптастыру.
Отбасының құндылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру; Әйел мен ер адамның отбасындағы рөлдік айырмашылығы туралы түсінігін қалыптастыру.
Отбасы қарым-қатынастарының этикасы мен психологиясына қатысты мәліметтерді білу, түсіну мен қолдану қабілеттерін қалыптастыру;
Гендерлік ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық ерекшелік пен дүниетанымдық білімдерін қалыптастыру;.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 101 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дәстүрлі гендерлік рөлдердің жағымды және жағымсыз жақтарын сипаттаңыз. | | | GENDER OF NOUNS |