Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СаҚтандыру тӨлемін жҮзеге асырудыҢ жалпы шарттары.

БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ. | ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ. | ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ | САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |


Читайте также:
  1. АССО Лтд» ЖШС қызмет көрсету кәсіпорынының басқару құрылымы және жалпы сипаттамасы
  2. Егер жалпы қан мөлшері 5 л, ал гематокриті 40 % болса, плазманың көлемі неге тең болады?
  3. Жалпы қан аналізі
  4. Жалпы ережелер
  5. курс «жалпы медицина» факультеті 1 страница
  6. курс «жалпы медицина» факультеті 2 страница
  7. курс «жалпы медицина» факультеті 3 страница

10.1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі жайлы талабын Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын, банкілік деректемелерін (қажетіне қарай), сақтандыру төлемін алу тәртібін – қолма-қол ақшалай түрде немесе банкілік шотқа аудару түрінде, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қосарлаумен жазбаша түрде ұсынады.

10.2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке келесі құжаттар қосарланады:

10.2.1. өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі зардап шегушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның салдарынан туындаған тұлғаның сақтандыру полисі (соның телқұжаты), ол болмаған жағдайда сақтандыру полисінің көшірмесі, немесе көрсетілген сақтандыру полисі бойынша (Сақтандырушының атауы, сақтандыру полисінің нөмірі, берілген күні) немесе сақтанушы туралы (сақтанушының тегі, есімі, бар болса - әкесінің есімі, көліктік құралды мемлекеттік тіркеу нөмірі) мәліметтердің бірі болған жағдайда;

10.2.2. сақтандыру жағдайының орын алу фактісін және зардап шегушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжат;

10.2.3. зардап шегушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі орын алған жағдайда зардап шегушінің уақытша еңбекке қабілетсіздігінің мерзімі жайлы денсаулық сақтау ұйымы берген анықтаманың немесе мамандандырылған мекемелердің зардап шегушінің мүгедектігі тағайындалған жағдайда – оның мүгедектігін тағайындау туралы анықтамасының көшірмесі;

10.2.4. зардап шегушінің өлімі туралы куәліктің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

10.2.5. пайда алушының зиянды өндіріп алу құқығын растайтын құжат (көшірмесі);

10.2.6. Заңның 22-бабының 7-тармағымен ескерілген жағдайда баға беруді ұйымдастыру туралы өтініші;

10.2.7. Заңның 22-бабының 6-тармағымен ескерілген жағдайда тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиянның мөлшеріне баға беру жөніндегі құжаттар;

10.2.8. пайда алушының жеке құжатының көшірмесі (жеке тұлға үшін) немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхаттың түпнұсқасы;

10.2.9. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалдардың алдын-алу немесе олар болған жағдайда соларды азайту мақсатында арқалаған шығындарын растайтын құжаттар;

10.2.10. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) немесе көліктік құралды басқарған тұлғаның жүргізуші куәлігінің көшірмесі, және соның сол көліктік құралды басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесі, сонымен бірге көліктік құралды тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі.

Сақтандырушының Сақтанушыдан (Сақтандырылған тұлғадан) немесе зардап шегушіден қосымша өзге құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.

10.3. Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы арыз беруші ұсынған құжаттардың толық тізімін және оларды қабылдаған күнін көрсетумен екі данада анықтама әзірлеуге міндетті.

Анықтаманың бір данасы өтінім берушіге ұсынылады, екінші данасы өтінім берушінің соны алғаны туралы белгі қоюымен Сақтандырушыда қалады.

10.4. Пайда алушыға зардап шегуші (ол өлген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зардап шегушінің өліміне орай зиянның өтемақысын алуға құқылы болатын тұлға), сондай-ақ Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе зардап шегушіге (зиянды өндіріп алуға құқылы тұлғаға) келтірілген зиянды Сақтандырушының Бас келсімшартпен, тиісті Сақтандыру полисімен бекітілген жауапкершілік көлемі шегінде өтеп берген және сақтандыру төлемін алу құқығына ие болған өзге тұлға жатады.

Мүлікке зиян келтірілген жағдайда зардап шегуші деп сол мүліктің иегері танылады, ал ол өлген жағдайда – зиянды өндіріп алуға құқылы тұлғалар танылады.

10.5. Зардап шегушінің жазбаша түрде ресімделген өтініші бойынша, немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхаты бойынша сақтандыру төлемі соған денсаулығын және (немесе) мүлкін қалпына келтіру қызметтерін ұсынған (ұсынып отырған) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

10.6. Зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жүргізілетін сақтандыру төлемі оған (зиянды өндіріп алуға құқылы тұлғаларға) өзге сақтандыру келісімшарттары бойынша тиесілі болып отырған сомаларға байланыссыз түрде жүзеге асырылады.

10.7. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде Сақтандырушының пайда алушыдан соның Сақтандырушыға қатысты талап ету құқығын шектейтін шарттарды қабылдауын талап етуге құқы болмайды.

10.8. Сақтандырушы ол сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайының орын алған күніне қатысты сол мүліктің нарықтық бағасы мөлшерінде жүзеге асырған жағдайда мүлікке немесе соның қалдықтарын иеленіп қалуға құқылы болады.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.| САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)