Читайте также:
|
|
11.1. Сақтандыру төлемін Сақтандырушы Бас келісімшарттың 10.2-т. ескерілген құжаттарды алған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлейді.
11.2. Бірнеше зардап шегушінің мүлкіне зиян келтірген жағдайда Сақтандырушы барлық зардап шегушілердің құжаттарын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, алайда Сақтандырушыға құжаттарын бірінші болып ұсынған зардап шегушінің құжаттарын алған күннен бастап 15 (он бес) күннен кешіктірмей, өзге сақтандырылған тұлғалардың құжаттарды ұсыну-ұсынбауына байланыссыз сақтандыру төлемін жүзеге асыра бастауға міндетті.
11.3. Егер сақтандыру жағдайының орын алуын тудырған оқиғаның нәтижесінде зардап шегушінің денсаулығы нашарлайтын болса (мүгедектігі тағайындалып немесе бұрынғыдан жоғары мүгедектік тобы тағайындалатын болса) немесе қайтыс болса, онда Сақтандырушы зардап шегушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтінішке және тиісті құжаттарға негізделумен Бас келісімшартта, тиісті Сақтандыру полисінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен бекітілген тәртіп пен мөлшерде сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуге міндетті. Бұл жағдайда сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде тиісті Сақтандыру полисі бойынша бұрын төленіп кеткен сомалар есепке алынып отырады.
11.4. Сақтандыру төлемін уақытында жүргізбеген жағдайда Сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабымен бекітілген тәртіп пен мөлшердегі тұрақсыздық айыппұлын төлеуге міндетті.
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ. | | | ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ |