Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СаҚтандыру сомасы. СаҚтандыру тӨлемініҢ мӨлшерін белгілеу.

БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ. | ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ. | ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ | САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |


Читайте также:
  1. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.
  2. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ.
  3. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ.
  4. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ.
  5. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ.
  6. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ.

8.1. Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша шекті жауапкершілік көлемі (сақтандыру сомасы) әрбір Сақтандыру полисіне сәйкес түрде белгіленіп отырады және келесі шаманы құрайды (айлық есептік көрсеткіштермен):

1) әрбір зардап шегушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген және төмендегідей зардаптарды тудырған зиян үшін:

өлім – 1 000 (бір мың);

мүгедектігін тағайындау:

I топтағы – 800 (сегіз жүз),

II топтағы – 600 (алты жүз),

III топтағы – 500 (бес жүз);

«мүгедек бала» - 500 (бес жүз);

мүгедектігін тағайындаусыз мертігу, жарақат алу немесе денсаулығын өзге түрдегі зақымдау – амбулаториялық және (немесе) тұрғылықты емдеуге джұмсалатын нақты шығындардың мөлшерінде, алайда ары кеткенде 300 (үш жүз). Бұл ретте тұрғылықты емдеудің әр күні үшін сақтандыру төлемінің мөлшері кем дегенде 10 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс;

2) бір зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін, — келтірілген зиян мөлшерінде, алайда ары кеткенде 600 (алты жүз);

3) екі немесе одан көп зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — әрбір зардап шегушіге келтірілген зиян мөлшерінде, алайда ары кеткенде 600 (алты жүз). Бұл жағдайда барлық зардап шегушілерге төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2 000 (екі мың) аспауы тиіс. Зиянның мөлшері Сақтандырушының шекті жауапкершілік көлемінен асқан жағдайда әрбір зардап шегушіге сақтандыру төлемі соның мүлкіне келтірілген зиянның дәрежесіне сай түрде жүзеге асырылып отырады.

8.2. Зардап шегушінің өлімін немесе мүгедектігін тағайындауды тудырған соның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі Бас келісімшарттың 8.1-тарм. 1-тармақш. бекітілген Сақтандырушының шекті жауапкершілік көлемі мөлшерінде жүзеге асырылады.

8.3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне қатысты айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

8.4. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) залалдардың алдын-алу немесе азайту мақсатында арқалаған шығындары егер мұндай шығындар Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін қажет болып немесе соған арнап жүргізілген болса, мұндай шаралар тіпті сәтсіз болып шыққан жағдайдың өзінде Сақтандырушының өтеуіне жатады.

Мұндай шығындар іс-жүзіндегі мөлшерде өтеледі, бұл жағдайда сақтандыру төлемі мен шығындардың өтемақысының жалпы сомасы Бас келісімшартта, тиісті Сақтандыру полисімен бекітілген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс. Егер шығындар Сақтанушының Сақтандырушының нұсқауларын орындауының нәтижесінде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз түрде толық мөлшерде өтеледі.

Аталмыш шығындарды Сақтандырушы соларды арқалаған тұлғаға тікелей өтеп береді.

8.5. Сақтандыру сомасы келтірілген зиянды толығымен өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Сақтанушы зардап шегушіге сақтандыру сомасы мен зиянның іс-жүзіндегі мөлшерінің арасындағы айырманы өтеп береді.

8.6. Задрдап шегуші қайтыс болған жағдайда зардап шегушіні жерлеген тұлғаға Сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығынды жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.

 

ЗДЕРІНІҢ ӨМІРІНЕ, ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН КЕЛТІРІЛГЕН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕР БОЛМАҒАН КЕЗДЕГІ КӨЛІКТІК ТОСЫН ОҚИҒА ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ.

9.1. Көліктік тосын оқиға кезінде өздерінің өміріне, денсаулығына зиян келтірілген зардап шегушілер болмаған жағдайда соның қатысушылары мүмкіндігінше сақтандырушыларға орын алған көліктік тосын оқиға жайлы хабарлауы тиіс.

9.2. Сақтандырушылар көліктік тосын оқиға орын алған жерге өз өкілдерін жіберуге құқықлы.

9.3. Көліктік тосын оқиғаның қатысушылары орын алған жағдайға баға беруде және өзінің көзделіп отырған мөлшері 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс болатын мүлікке келтірілген зиянның мөлшері бойынша өзара келісімге келу бойынша оқиғаның сұлбасын өз бетінше құрастырып және оған қол қоюмен ішкі істер органдарының жақын жердегі қосынына немесе бөлімшесіне сонны ресімдеу үшін келуге құқылы.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 104 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.| САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)