Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СаҚтандыру жаҒдайы мен келтірілген зиянныҢ мӨлшерін белгілеу.

БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ. | ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ | САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |


Читайте также:
  1. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ.
  2. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ.
  3. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.
  4. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ.
  5. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ.
  6. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ.

7.1. Сақтандыру жағдайы деп Сақтандырылған тұлғаның зардап шегушіге моральдік зиянды және жіберіп алған пайдасын өтеуді, мүліктің тауарлық құнын жоғалтуды, сондай-ақ зардап шегушінің тауарларды жеткізу немесе жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) мерзімдерін, немесе оның келісімшарттар бойынша өзге міндеттемелерін бұзуына байланысты тұрақсыздық айыппұлын өтеуді санамағанда, оның (Сақтандырылған тұлғаның) тиісті сақтандыру полистерінде көрсетілген көліктік құралдарды пайдалануының нәтижесінде зардап шегуші деп танылған тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісін танылады.

7.2. Зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері Қазақстан Республикасының Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру заңына сәйкес тиісті ұйымдардың ұсынған құжаттарына негізделумен белгіленеді.

7.3. Мүлік бүлінген жағдайда келтірілген зиянның мөлшері бүлінген мүліктің құнын қалпына келтірудің есебімен одан сақтандыру жағдайына дейін орын алған мүліктің есептелген тозуын шегерумен анықталады.

Бүлінген мүлікті қалпына келтірудің құны сақтандыру жағдайы орын алған сәтте қолданыста жүрген нарықтық бағаларға негізделумен есептеледі.

7.4. Мүлікті жою кезінде келтірілген зиянның мөлшері сақтандыру жағдайы орын алған сәтте қолданыста жүрген нарықтық бағаларға негізделумен есептеледі.

Мүлік, егер оны қалпына келтіру техникалық тұрғыдан мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп саналған болса, жойылған деп саналады. Мүлікті қалпына келтіру егер мүлікті қалпына келтіруге жұмсалатын күтілетін шығын сақтандыру жағдайының орын алу күніне қарсы соның нарықтық бағасының 80% (сексен пайызынан) асатын болса, экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп саналады.

7.5. Мүлік бүлінген кезде келтірілген зиянның мөлшерін құзырлы органның нормативтік-құқықтық актісімен бекітілген пішім бойынша баға беру туралы өтінішке негізделумен жеті жұмыс күні ішінде тәуелсіз сарапшы бағалайды. Оның баға беруінің нәтижесі Сақтандырушы үшін міндетті сипатқа ие болады.

7.6. Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе зардап шегуші (пайда алушы) немесе солардың өкілдері тәуелсіз сарапшының қызметін өз бетінше пайдалануға құқылы. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне баға беруге жұмсалған шығынды Сақтандырушы арқалайды.

7.7. Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе зардап шегуші (пайда алушы) немесе солардың өкілдері арызданған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе зардап шегуші (пайда алушы) немесе солардың өкілдері ұсынған құзырлы органның нормативтік-құқықтық актісімен бекітілген пішім бойынша баға беруді ұйымдастыру туралы өтінішке негізделумен он жұмыс күні ішінде аталмыш тұлғалар таңдаған тәуелсіз сарапшының мүлікке келтірілген зиынның мөлшеріне баға беруін өз есебінен ұйымдастырады.

Баға берудің нәтижелері Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе зардап шегуші (пайда алушы) немесе солардың өкілдері үшін міндетті шартқа ие болмайды, олар өзгесін дәлелдеуге құқылы.

Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен баға беруді жүргізуге жұмсаған өз шығынын ұстап қалуға құқы жоқ.

7.8. Егер Сақтандырушы Бас келісімшарттың 7.7-тармағында бекітілген мерзім ішінде тәуелсіз сарапшының келтірілген зиянға баға беруін ұйымдастырмаған болса, онда Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) және зардап шегуші (пайда алушы) немесе солардың өкілдері тәуелсіз сарапшының қызметін өз бетінше пайдаланып және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауы мүмкін. Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) және зардап шегуші (пайда алушы) немесе солардың өкілдерінің тәуелсіз сарапшының қызметіне жұмсаған шығыны сақтандыру төлеміне байланыссыз түрде Сақтандырушының өтеуіне жатады.

7.9. Өзінің мүлкіне зиян келтірілген зардап шегуші өзінің немесе Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сол мүлікті ол көліктік тосын оқиғадан кейін болғандай күйінде сақтап отыруға, және Сақтандырушыға бүлінген мүлікті қарап шығуға, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыға келтірілген зиянға баға беру мүмкіндігін ұсынуға міндетті.

7.10. Сақтандыру жағдайын қасақана түрде тудыру, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз түрде алуға бағытталған өзге алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікті тудырады.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.| САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)