Читайте также: |
|
15.1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы төмендегідей оқиғалардың салдарынан орын алған болса, сақтандыру төлемін толықтай немесе жартылай төлеуден бас тартуға құқылы:
15.1.1. пайда алушының қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайларында жасаған әрекеттерін санамағанда, сақтандыру жағдайының туындауына немесе соның басталуына арналған қасақана жасалған әрекеттерінің салдарынан;
15.1.2. пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген тәртіп бойынша сақтандыру жағдайымен себептік байланысы бар қасақана қылмыс немесе әкімшіліктік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан.
15.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына сондай-ақ төмендегідей жағдайлар негіз болуы мүмкін:
15.2.1. Пайда алушының зиян шектіргені үшін кінәлі тұлғадан тиісті өтемақыны алуы;
15.2.3. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) көліктік құралды жарыстарда, сынақтарда немесе арнайы орындарда көлік айдауға үйрету кезінде пайдалануы;
15.2.4. көліктік құралды тиеу немесе түсіру кезінде зиян келтіру;
15.2.5. зардап шегушінің мүлкіне ақша, құнды қағаздар, алтын, күмістен жасалған бұйымдар, асыл тастар, әшекейлер, өнер туындылары немесе өзге құндылықтар түрінде зиян келтіру;
15.2.6. зардап шегушінің Бас келісімшарттың 7.7-т. талаптарын бұзуы.
15.3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға себептер болған жағдайда Сақтандырушы өтінішті және Бас келісімшарттың 10.2-т. ескерілген құжаттардың барлығын алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде арызданушыға бас тарту себебін көрсетумен жазбаша түрде сақтандыру төлемін толығымен немесе жартылай төлеуден бас тартатындығы туралы шешімін жіберуге міндетті.
15.4. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың әсерінен орын алған болса сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:
15.5.1. ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті залалданудың әсерінен;
15.5.2. әскери әрекеттердің әсерінен;
15.5.3. азамат соғысының, кез келген түрдегі халықтық толқулар, жаппай түрдегі тәртіпсіздіктер немесе көтерілістердің әсерінен.
15.6. Сақтандыру төлемі тиісті Сақтандыру полисінде көрсетілмеген бүлінген көліктік құрал үшін жүзеге асырылмайды.
Сақтандырушының Бас келісімшарттың 15-т. ескерілмеген негіздемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқы жоқ.
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ | | | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |