|
Көліктік құрал иеленушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
Міндетті сақтандыру туралы
СЕРИЯСЫ/№__________________________ БАС КЕЛІСІМШАРТ
(заңды тұлғаларға арналған)
Алматы қ. 2014ж. “___1__” __ақпан________
_______________________________________ (бұдан ары қарай – «Сақтандырушы») 20___ж. «___» ___ №___ сенімхатқа негізделумен әрекет ететін Филиалдың / Агенттіктің Директоры ___, ___, тұлғасында бір жағынан, және _______________ негізделумен әрекет ететін __________________________ (бұдан ары қарай «Сақтанушы») екінші жағынан Қазақстан Республикасының «Көліктік құрал иеленушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңына (бұдан әрі – «Заң») сәйкес және Көліктік құрал иеленушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы ережелеріне сәйкес мазмұны төмендегідей осы Бас келісімшартты (бұдан әрі – «Бас келісімшарт») жасасты:
БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ.
1.1. Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтанушының асқын қауіптілік көздері ретінде көліктік құралдарды пайдалануымен байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін Бас келісімшарттың тәртібі мен шарттарына сәйкес сақтандыруға тапсырады, ал Сақтандырушы Сақтанушыға әрбір пайдаланылып отырған көліктік құралға арнап сақтандыру полисін (бұдан әрі - «Сақтандыру полисі») ұсынумен аталмыш жауапкершілікті сақтандыруға қабылдайды.
1.2. Сақтанушы Сақтандырушыға осы Бас келісімде белгіленген мөлшерде, тәртіп пен мерзімдерде сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде Бас келісімде бекітілген мөлшерде, көлем мен мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
1.3. Сақтандыру полисін ресімдеудің негізіне Сақтанушының өтініші жатады, оның мазмұнына қатысты талаптар құзырлы органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
1.4. Сақтандыру полисі жоғалған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініші бойынша оған Сақтандыру полисінің телқұжатын ұсынуға міндетті.
Сақтандырушының Сақтандыру полисінің телқұжатын толтыру кезіндегі істі жүргізуге жұмсаған шығынын Сақтанушы өтейді, бұл жағдайда өтелетін шығындардың жалпы сомасы тиісті өтінішті берген күніне қарсы Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес бекітілген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ПОРЯДОК ЗАКЛЮЧЕНИЯ СДЕЛОК | | | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ. |