Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

БАС КЕЛІСІМШАРТТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. | САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ. | САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ. | ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ | САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕЛЕРІ. | САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ. |


6.1. Сақтанушының құқықтары:

6.1.1. Сақтандырушының көліктік құрал иеленушілердінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың шарттарын, Сақтандыру полисіне сәйкес Бас келісім бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп беруін талап ету;

6.1.2. мәліметтер қорын жинақтау және енгізу жөніндегі ұйымнан Сақтанушының Сақтандырушымен жасасқан Сақтандыру полисі туралы мәліметтердің дерекқорда бар-жоғы туралы ақпаратты сұрату. Бұл құқықтың күші сондай-ақ Сақтандырылған тұлғаға да тарайды;

6.1.3. Сақтандыру полисін жоғалтқан жағдайда соның телқұжатын алу;

6.1.4. зардап шегушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшеріне баға беру үшін тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалану;

6.1.5. тәуелсіз сарапшы жасаған келтірілген зиянның мөлшеріне баға берудің нәтижелерімен, және Сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлем өлшемінің есептеулерімен танысып шығу;

6.1.6. сақтандыру полисінің күшін уақытынан бұрын тоқтату;

6.1.7. Сақтандыру полисінен туындап отырған мәселелерді реттеу үшін сақтандырушы омбудсманға жүгініп отыру;

6.1.8. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешімін Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіппен даулау;

6.1.9. Бас келісімшарт пен тиісті Сақтандыру полисімен ескерілген жағдайларда сақтандыру төлемін алу.

Көліктік құралдарды иеленушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартымен сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары ескерілуі мүмкін.

 

6.2. Сақтанушының міндеттері:

6.2.1. Сақтандыру полисін жасасқан кезде Сақтандырушыға өтінішке енгізу үшін қажетті өзі жайлы, сақтандыру полисіне енгізілген әрбір көліктік құрал (құралдар) жайлы, қос сақтандыру, көліктік құралды маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша ену жайлы және сақтандыру сыйақысының мөлшерін Заңмен ескерілген тәртіппен азайту құқығы туралы мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

6.2.2. сақтандыру сыйақыларын Сақтандыру полисімен бекітілген мөлшерде, тәртіп пен мерзімдерде төлеп отыру;

6.2.3. дереу түрде, алайда өзіне көліктік оқиға мен сақтандыру жағдайының басталғаны туралы мәлім болған күннен бастап 3 (үш) күннен кешіктірмей осы жайлы өзімен көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшарты жасалған Сақтандырушыға қол жетімді әдістермен (ауызша, жазбаша) хабарлау. Ауызша жасалған хабарлама артынша (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша расталуы тиіс. Сақтанушы мен Сақтандырылған тұлға бір тұлға болып табылмайтын жағдайларда Сақтандырушыға көліктік тосын оқиға мен сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлау міндеті Сақтандырылған тұлғаға жүктеледі. Егер Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) орынды себептермен аталмыш әрекеттерді орындай алмаған болса, ол мұны құжат түрінде растауы тиіс;

6.2.4. көліктік тосын оқиға жасалған жағдайда зардап шегушілер мен жол полициясының қызметкерлеріне өзімен көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасасқан Сақтандырушының атауы мен орналасқан жерін хабарлау;

6.2.5. көліктік тосын оқиға жасалған жағдайда ықтимал залалдардың алдын-алуға немесе азайтуға арналған орын алып отырған жағдайларда қисынды және қол жетімді болатын шараларды, сонымен бірге мүлікті құтқаруға және зардап шегуші тұлғаларға көмек көрсетуге арналған шараларды қабылдау;

6.2.6. өздерінің құзырлығына негізделумен тиісті органдар мен ұйымдарға (ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелеріне, өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметіне, апаттық қызметтерге) көліктік тосын оқиға мен зардап шеккен тұлғалар туралы хабарлау;

6.2.7. көліктік тосын оқиға жасалған жағдайда дереу, алайда құзырлы лауазымды тұлғаның медициналық куәландырудан өту жайлы жазбаша жолдамасын алған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірмей Қазақстан Республикасы заңдарының талабына сәйкес психобелсенді затты қолдану фактісін және масайырау күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өту;

6.2.8. дереу түрде, алайда Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен кейінгі 2 (екі) күннен кешіктірмей осы жайлы зардап шегушіге хабарлау;

6.2.9. сақтандыру жағдайының орын алғаны үшін жауапты тұлғаға кері қарай талап ету құқығының Сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз ету.

Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартында Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін сақтанушының өзге де құқықтары ескерілуі мүмкін.

Сақтанушының 6-тарм. 6.2.4-6.2.6-тармақш. көрсетілген міндеттері көліктік тосын оқиға сәтінде көліктік құралды тікелей басқарған тұлғаға жүктеледі.

 

6.3. Сақтандырушының құқықтары:

6.3.1. сақтандыру полисін жасасқан кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен ескерілген мәліметтермен қатар Сақтанушының осы Полиске Заңға сәйкес енгізуі үшін қажетті мәліметтерді, сонымен бірге көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін алдыңғы міндетті сақтандыру келісімшарттары туралы, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуын талап ету;

6.3.2. тиісті мемлекет органдары мен ұйымдардан олардың құзырлығына негізделумен сақтандыру жағдайының орын алу фактісін және зардап шегушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратып отыру;

6.3.3. көліктік тосын оқиғаның себептері мен өзге де жағдайларын анықтап отыру;

6.3.4. Заңның 28-бабында ескерілген жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап ету құқығын ұсынып отыру;

6.3.5. Заңның 29-бабында ескерілген негіздемелер бойынша сақтандыру төлемін толығымен немесе жартылай төлеуден бас тарту.

Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары ескерілуі мүмкін.

 

6.4. Сақтандырушының міндеттері:

6.4.1. Сақтанушыны (Сақтандырылған тұлғаны) көліктік құралды иеленушілердің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың шарттарымен таныстырып шығу, оған тиісті Сақтандыру полисінен туындап отырған соның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

6.4.2. Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартын жасасқаннан кейін Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға) Сақтандыру полисін тапсыру;

6.4.3. Заңның 20-бабының 1-тармағының бірінші бөлімінде көрсетілген тұлғаларға сақтандыру сыйақысын төлеу бойынша жеңілдік ұсыну;

6.4.4. көліктік тосын оқиға туралы хабарлама алған жағдайда оны дереу түрде тіркеу;

6.4.5. зардап шегушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зардап шегушінің қаза болуына орай өтемақы алуға құқы бар тұлғаның жазбаша арызын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көліктік тосын оқиғаға кінәлі болып табылатын Сақтанушының (Сақтанушының тегі, есімі, бар болса әкесінің есімі, көліктік құралды мемлекеттік тіркеу нөмірі, берілу нөмірі мен күні) сақтандыру полисінің бар екендігі жайлы мәліметтерді жазбаша түрде ұсыну;

6.4.6. Заңмен бекітілген мерзім мен тәртіп бойынша Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) немесе зардап шегушінің (пайда алушының) немесе солардың өкілдерінің баға беруді жүргізу туралы өтініші бойынша бүлінген (жойылған) мүлікке тәуелсіз сарапшының баға беруін ұйымдастыру және баға беру туралы есеп беруді Пайда алушының танысып шығуына арнап ұсыну;

6.4.7. Сақтанушы Заңның 25-бабының 2-тармағында ескерілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда дере түрде, алайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оған жетіспей тұрған құжаттар жайлы хабарлау;

6.4.8. сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңмен бекітілген мөлшерде, тәртіп пен мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізу;

6.4.9. Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға) оның сақтандыру жағдайы кезінде залалдардың алдын-ала немесе азайту мақсатында арқалаған шығынын өтеп беру;

6.4.10. сақтандырудың құпиялылығын қамтамасыз ету.

Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартында Сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттері ескерілуі мүмкін

6.5. Зардап шегушінің құқығы:

6.5.1. өзінің нәтижесінде Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) өзіне зиян келтірген көліктік тосын оқиға туралы Сақтандырушыға хабарлау;

6.5.2. Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет болатын құжаттарды жинастырып оларды Сақтандырушыға ұсыну;

6.5.3. мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне баға беру үшін тәуелсіз сарапшының қызметін пайдалану;

6.5.4. кез келген медициналық мекеменің қызметін пайдалану;

6.5.5. тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиянның мөлшеріне баға берудің нәтижелерімен, және сақтандырушы жүзеге асырған сақтандыру төлем мөлшерінің есептеулерімен танысып шығу;

6.5.6. зардап шегушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін кінәлі тұлғаның сақтандырушысына сол тұлғаның сақтандыру полисінің бар-жоғы жайлы мәліметтерді (Сақтанушының тегі, есімі, бар болса әкесінің есімі, көліктік құралды мемлекеттік тіркеу нөмірі, берілу нөмірі мен күні) Заңның 17 –бабының 5-1) тармақшасында ескерілген тәртіп бойынша растау жөнінде жазбаша жүгіну;

6.5.7. мәліметтер қорын жинақтау және енгізу жөніндегі ұйымнан сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған жағдайда зардап шегушінің өміріне, денсаулығы мен (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаның (Сақтанушының тегі, есімі, бар болса әкесінің есімі, көліктік құралды мемлекеттік тіркеу нөмірі, берілу нөмірі мен күні) Сақтандыру полисі туралы мәліметтердің дерекқорда бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсыну жайлы жазбаша өтініш жасау;

Сақтандыру төлемін Заңмен бекітілген мөлшерде, тәртіп пен көлемде алу;

6.5.8. Көліктік құралдарды иеленушілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісімшартынан туындап отырған мәселелерді реттеу үшін сақтандырушы омбудсманға жүгініп отыру;

6.5.9. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешімін Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіппен даулау;

6.5.10. көліктік құралды иеленушіге келтірілген зиянды алынған сақтандыру төлемінің сомасынан келтірілген зиян сомасынан асу мөлшеріндегі өтеу туралы талабын ұсыну.

Осы Заңмен ескерілген жағдайларда зардап шегушінің Бас келісімшарттың 6.5-тармағымен бекітілген құқықтары пайда алушылар ретінде шығып отырған өзге тұлғаларға ауысады.

 


Дата добавления: 2015-07-12; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ КҮШІ.| САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ МЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯННЫҢ МӨЛШЕРІН БЕЛГІЛЕУ.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)