Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тесттік тапсырмалар

Читайте также:
  1. БАӨЖ тапсырмаларын орындау кестесі
  2. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
  3. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  4. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  5. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  6. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар
  7. Сызбалар, тапсырмалар, ахуалдар

Стоматология факультетінің 3 курс студенттері үшін

Фармакология пәні бойынша 2014-2015 оқу жылында

Емтиханға арналған

ТЕСТТІК ТАПСЫРМАЛАР

 

1. Фармакодинамика зерттейді:

1. Дәрілік заттардың ағзадан шығарылу жолдарын

+2. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерін

3. Дәрілік заттардың биотрансформациясынн

4. Дәрілік заттың сіңірілуін

5. Дәрілік заттың түсу жолдарын

2. ГЭТ арқылы оңай өтетін қосылыс:

1. Гидрофилді

+2. Липофилді

3. Полярлы

4. Төртіншілік

5. Салыстырмалы полярлы

3. Дәрілік заттардың жүктілік кезінде туа біткен ақауларды дамытатын әсері:

1. Канцерогенді

+2. Тератогенді

3. Мутагенді

4. Эмбриотоксикалық

5. Фетотоксикалық

4. Дәрілік заттарды қайталап енгізгенде әсерінің төмендеуі аталады:

+1. Бейімделу

2. Дәріге тәуелділік

3. Сенсибилизация

4. Антагонизм

5. Синергизм

5. Рефлекторлы әсер:

1. Дәрілік заттың енгізген жердегі әсері

2. Дәрілік заттың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

+3. Дәрілік заттың рецепторды ынталандыру нәтижесінде дамыған жергілікті әсері

4. Тікелей таңдамалы әсері

5. Тікелей емес таңдамалы әсері

6. Стоматологияда кең қолданылатын дәрілік затты енгізу жолы:

1. Бұлшықетке

+2. Апликациялық

3. Ректалды

4. Ингаляциялық

5. Көктамырға

7. Дәрілік заттың бір рет қабылдауда арналған мөлшерін атайды:

1. Тәуліктік доза

2. Уытты доза

3. Табалдырық мөлшер

4. Орташа емдік доза

+5. Бір реттік доза

 

8. Дәрілік затты үнемі қабылдауға деген тегеуірінсіз құштарлық, аталады:

1. Кумуляция

2. Бейімделу

+3. Дәріге тәуелділік

4. Идиосинкразия

5. Сенсибилизация

9. Теріге және шырышты қабатқа жергілікті әсер ету үшін келесі дәрілік қалыптар қолданылады:

1. Капсулалар

+2.Пасталар

3. Суппозиториялар

4. Ұнтақтар

5. Түйіршіктер

10. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда болатын құбылыстарға жатады:

1. Сенсибилизация

+2. Синергизм

3. Кумуляция

4. Бейімделу

5. Аффинитет

11. Кумуляцияның түрі:

1. Психикалық

2. идиосинкразия

3. Физикалық

+4. Функционалдық

5. Жұптастырылған

?12. Дәрілік заттардың биотрансформациясы түсінігі жатады:

+1. Фармакокинетикаға

2. Фармакодинамикаға

3. Әсер ету механизміне

4. Әсердің түрлеріне

5. Синергизмге

13. Абстинентік синдром пайда болады:

1. Кумуляция кезінде

+2. Дәріге тәуелділіктің физикалық түрінде

3. Идиосинкразия кезінде

4. Бейімделу кезінде

5. Сенсибилизация кезінде

14. Фармакологияның дәрілік заттардың енгізу жолдарын, сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын, шығарылуын оқытатын бөлімін аталады:

+1. Фармакокинетика

2. Фармакодинамика

3. Хронофармакология

4. Фармакогенетика

5. Фармакотерапия

15. Сезімтал рецепторларды дәрілік заттармен ынталандырғаннан кейін пайда болатын әсер аталады:

+1. Рефлекторлы

2. Резорбтивті

3. Жергілікті

4. Негізгі

5. Жанама

16. Аурудың патогенезі дамуының негізгі механизмін жою үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

+4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

17. Аурудың жағымсыз симптомдарын жою үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

3. Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

+5. Симптоматикалық терапия

18. Биологиялық табиғи заттардың жетіспеушілігінде орын басу үшін дәрілік заттардың қолданылуы аталады:

1. Этиотропты терапия

2. Профилактикалық терапия

+3.Орын басушы терапия

4. Патогенетикалық терапия

5. Симптоматикалық терапия

19. Резорбтивті әсер, бұл:

1. Дәрілік заттың енгізген жердегі әсері

+2. Дәрілік заттың қанға сіңгеннен кейінгі әсері

3. Дәрілік заттың тікелей таңдамалы әсері

4. Дәрілік заттың тікелей емес таңдамалы әсері

5. Дәрілік заттың рецепторды ынталындыру нәтижесінде дамыған жергілікті әсері

20. Дәрілік заттар келесі дозаларда аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін:

1. Емдік дозадан аз

2. Емдік дозада

3. Уытты дозада

4. Леталды дозада

+5. Әртүрлі дозада

21. Дәрілік заттардың қатерлі ісік туғызатын әсері аталады:

+1. Канцерогенді

2. Мутагенді

3. Эмбриотоксикалық

4. Тератогенді

5. Фетотоксикалық

22. Дәрілік затты қайта енгізгендегі әсерлерінің жинақталуы:

1. Сенсибилизация

+2. Функционалдық кумуляция

3. Бейімделушілік

4. Тахифилаксия

5. Материалдық кумуляция

23. Basіs, бұл:

1. Жағымсыз дәмді, иісті жоятын зат

2. Дәрілік қалып беретін зат

3. Дәрілік заттың сіңірілуін жақсартатын зат

4. Дәрілік заттың бұзылуына жол бермейтін зат

+5. Емдік әсер көрсететін зат

24. Дәрілік затты қайталап қолдануға деген ұмтылыс тән:

1. Сенсиблизация

2. Тахифилаксия

+3. Дәріге тәуелділік

4. Бейімделу

5. Кумуляция

25. Дәрілік заттардың фармакодинамикасына жатады:

+1. Дәрілік заттардың әсер ету механизмі

2. Дәрілік заттардың бауырдағы биотрансформациясы

3. Дәрілік заттардың түсу жолдары

4. Экскреция

5. Пассивті диффузия

26. Аурудың алдын алу үшін қолданылатын фармакотерапия:

1. Патогенетикалық ем

2. Симптоматикалық ем

3. Орын басушы ем

4. Этиотропты ем

+5. Профилактикалық ем

27. Дәрілік заттардың парентералды енгізу жолдарына жатады:

1. Тіл астына

2. Ректалды

+3. Артерия ішіне

4. Ішке

5. Буккалды

28. Тұнба дайындағанда қосып қолданылады:

1. Вазелин майы

2. Глицерин

3. Тазартылған су

+4. Этил спирті

5. Шабдалы майы

29. Corrіgens:

1. Дәрілік қалып беретін зат

+2. Жағымсыз дәмді, иісті кетіретін зат

3. Дәрілік заттың сіңірілуін жақсартатын зат

4. Дәрілік заттың бұзылуына жол бермейтін зат

5. Емдік әсер көрсететін зат

30. Стоматологиялық практикада жиі қолданылатын енгізу жолдары:

1. Бұлшық етке

2. Көктамырға

+3. Қызыл иекке инъекция жолымен енгізу

4. Тері астына

5. Ішке

31. Шырышты қабаттың жаралы зақымдалуын антибактериялық заттармен өңдеу фармакотерапияның келесі түріне жатады:

1. Патогенетикалық

+2. Этиотропты

3. Симптоматикалық

4. Орын басушы

5. Алдын-алу

32. Дозаланған қатты дәрілік қалыптар:

+1. Таблетка, капсулалар

2. Жағылма, ұнтақтар

3. Капсула, пасталар

4. Тұндырма, сығындылар

5. Драже, суппозиториялар

33. Жұмсақ дәрілік қалыптарға жатады:

1. Ұнтақтар

+2. Суппозиториялар

3. Сығындылар

4. Ерітінділер

5. Тұнбалар

34. Сұйық дәрілік қалыптарға жатады:

+1. Тұнба, суспензиялар

2. Ерітінд, таблеткалар

3. Қайнатпа, пасталар

4. Капсула, линименттер

5. Таблеткалар, түйіршіктер

35. Қатты дәрілік қалыптарға жатады:

+1. Сеппе, таблеткалар

2. Тұнба, ұнтақтар

3. Суспензия, суппозиториялар

4. Дозаланған ұнтақ, сығындылар

5. Таблетка, тұндырмалар

36. Дәрілік заттардың қатерлі ісік дамуына әкелетін әсері:

1. Тератогенді

2. Эмбриотоксикалық

+3. Канцерогенді

4. Мутагендік

5. Фетотоксикалық

37. Adjuvans, бұл:

1. Жағымсыз дәмі мен исін кетіретін зат

+2. Қосымша (толықтырғыш) зат

3. Дәрілік заттың бұзылуына жол бермейді

4. Емдік әсер көрсетеді

5. Дәрілік қалып береді

38. Өте тез дамитын бейімделу аталады:

1. Идиосинкразия

2. Кумуляция

3. Сенсибилизация

+4. Тахифилаксия

4. Антагонизм

39. Пасталар, жағылмалар бұл:

1. Дозаланған қатты дәрілік қалыптар

2. Дозаланбаған қатты дәрілік қалыптар

3. Дозаланған жұмсақ дәрілік қалыптар

+4. Дозаланбаған жұмсақ дәрілік қалыптар

5. Сұйық дәрілік қалыптар

2 Бөлім «Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттар»

40. Кураре тәрізді деполяризацияға қарсы миорелаксанттармен уланғанда қолданылатын зат:

1. Атропин, холинэстераза реактиваторлары

2. Калий хлориді, магний сульфаты

+3. Прозерин, галантамин

4. ЭДТА (тетрасірке қышқылының динатрий тұзы), унитиол

5. Пилокарпин, ацеклидин

41. Холинэстеразаға қарсы фосфорорганикалық заттармен уланғанда қолданылатын заттар:

1. Налоксон, налтрексон

+2. Атропин, дипироксим

3. Пипекуроний, дитилин

4. Калий хлориді, ЭДТА

5. Пилокарпин, атропин

42. Бет жүйкесінің салдануында қолданылатын зат:

1. Атропин

2. Пилокарпин

3. Платифиллин гидротартраты

+4. Прозерин

5. Ипратропий бромиді

43. Симпатомиметиктерге жатады:

1. Резерпин

2. Пропранолол

+3. Эфедрин гидрохлориді

4. Мезатон

5. Норадреналин

Препаратты анықтау: альфа-адреномиметик. Артериялық қысым жедел төмендегенде, жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін және ринит кезінде жергілікті қолданылады.

1. Изадрин

2. Атропин

3. Добутамин

4. Нафтизин

+5. Мезатон

45. Стоматитте және гингивитте қолданылатын қармаушы заттарға жатады:

+ 1. Танин, емен қабығының қайнатпасы

2. Аммиак ерітіндісі, танин

3. Емен қабығының қайнатпасы, қыша қағаз

4. Крахмал қоймалжыңы, новокаин

5. Белсендірілген көмір, дикаин

46. Уыттығы аз жергілікті анестетиктер:

1. Пиромекаин, тримекаин

2. Дикаин, анестезин

+3. Анестезин, новокаин

4. Новокаин, дикаин

5. Лидокаин, новокаин

 

47. Стоматит кезінде ауыру сезімді басу үшін ауыз қуысының шырышты қабатына ерітінді немесе жағылма түрінде қолданылатын препараттарға жатады:

+1. Анестезин, лидокаин

2. Белсендірілген көмір, тримекаин

3. Новокаин, горчичник

4. Аммиак ерітіндісі, ментол

5. Пиромекаин, аммиак ерітіндісі

Препаратты анықтау: жергілікті анестетик, алмастырылған амидтер тобына жатады, жансыздандыратын белсенділігі жеткілікті, анестезияның барлық түрінде, сондай-ақ аритмияға қарсы зат ретінде қолданылады.

1. Новокаин

+2. Лидокаин

3. Дикаин

4. Танин

5. Анестезин

49. Тітіркендіргіш заттарға жатады:

1. Крахмал шырышы

+2. Ментол

3. Ақ балшық

4. Анестезин

5. Белсендірілген көмір

50. Әсері қайтымсыз холинэстеразаға қарсы зат:

1. Платифиллин

+2. Армин

3. Галантамин

4. Прозерин

5. Атропин

51. Адреналинді қолдану көрсеткіштері:

1. Артериялық гипертензия

+2. Анафилаксиялық шок

3. Стенокардия

4. Тахикардия

5. Ішек атониясы

52. Салдануда және парезде қолданылатын препарат:

1. Атропин

2. Пилокарпин

3. Платифиллин

+4. Прозерин

5. Ацеклидин

53. Стоматитте қолданылатын анестетик:

+1. Анестезиннің майлы ерітіндісі

2. Емен қабығының қайнатпасы

3. Танин

4. Крахмал шырышы

5. Новокаин

54. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзартатын заттар:

1. Қармаушы

+2. Адреномиметиктер

3. Холиноблокаторлар

4. Тітіркендіргіш

5. Ауыру сезімін басатын

55. Уыттығы ең жоғары жергілікті анестетик:

1. Новокаин

+2. Дикаин

3. Анестезин

4. Тримекаин

5. Пиромекаин

56. Қаптаушы заттардың негізгі қолданылуы:

1. АІЖ-дағы инфекциялық үрдістерде

2. Бас ауырғанда

3. Қуыстарды жуу үшін

+4. Тітіркендіретін қасиеті бар заттармен жұптастырып

5. Гипертензияда

57. Препаратты анықтау: инертті ұнтақ, сорып алатын беті үлкен, улану кезінде улар мен токсиндерді сорып алу үшін, сондай-ақ метеоризмде қолданылады:

1. Анестезин

+2. Белсендірілген көмір

3. Танин

4. Висмуттың негізгі нитраты

5. Крахмал шырышы

58. Ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну аурулары кезінде ауру сезімін басу мақсатында қолданылатын препарат:

1. Белсендірілген көмір

2. Ақ балшық

3. Новокаин

4. Магний үшсиликаты

+5. Лидокаин

59. Сульфаниламидтермен үйлесетін жергілікті анестетиктер:

  1. Новокаин, тримекаин
  2. +Лидокаин, бупивакаин
  3. Тримекаин, анестезин
  4. Бупивакаин, дикаин
  5. Дикаин, анестезин

60. Сорып алушы заттар:

1. Активтелген көмір, қыша

2. Танин, крахмал шырышы

3. Ментол, анестезин

4. Емен қабығы, ақ саз

+5. Тальк, белсендендірілген көмір

61. Стоматит пен гингивитте қабынуға қарсы зат ретінде қолданылатын дәрілік зат:

1. Жергілікті анестетиктер

+2. Қармаушы

3. Сорып алушы

4. Тітіркендіргіш

5. Өт айдаушы

62. Ауыздағы шірікті жағымсыз иісті жоюға қолдануға болатын препарат:

1. Белсендірілген көмір

2. Крахмал шырышы

+3. Емен қабығының қайнатпасы

4. Анестезин

5. Дикаин

63. Инфильтрациялық анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик:

+1. Новокаиннің 0,5% ерітіндісі

2. Дикаиннің 0,1% ерітіндісі

3. Тримекаиннің 2% ерітіндісі

4. Лидокаиннің 2% ерітіндісі

5. Анестезиннің 0,5% ерітіндісі

64. Өткізгіштік анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик:

1. Новокаиннің 0,5% ерітіндісі

2. Дикаиннің 0,1% ерітіндісі

3. Тримекаиннің 0,05% ерітіндісі

+4. Лидокаиннің 1% ерітіндісі

5. Анестезиннің 0,5% ерітіндісі

65. Қаптаушы заттардың әсер ету механизмі:

1. Рецепторлық құрылымдарды тежеу

+2. Шырышты қабықтарда қорғаныш қабатының түзілуі

3. Шырышты қабықтардың бетіндегі ақуыздардың коагуляциясы

4. Натрий каналдарын тежеу

5. Тітіркендіретін заттарды сорып алу

66. Сорып алушы заттар негізінен қолданылады:

1. Тіс ауырғанда

2. Бас ауырғанда

+3. Метеоризмде

4. Ішек атониясында

5. Қуыстарды жуу үшін

67. Препаратты анықтау: парааминобензой қышқылының туындысы, суда нашар еруіне байланысты терминалдық анестезияда жағылма, суппозитория, паста түрінде, асқазан ауырғанда және құсу кезінде ұнтақ пен таблеткалары ішке тағайындалады:

1. Танин

2. Новокаин

+3. Анестезин

4. Лидокаин

5. Дикаин

68. Лидокаинге тән әсер:

+1. Жергілікті жансыздандыратын

2. Қармаушы

3. Қаптаушы

4. Зәр айдағыш

5. Сорып алушы

69. Ацеклидинге тән әсерлер:

+1. Қарашықтың тарылуы және көзішілік қысымның төмендеуі

2. Бронх және ас қорыту бездерінің секрециясының төмендеуі азаюы

3. Жүйке-бұлшық еттік қозу берілуінің жеңілдеуі

4. Ішек, қуық, жатыр тонусының төмендеуі

5. Тахикардия

70. Ацеклидин жатады:

1. Альфа-адреномиметиктерге

2. Бета-адреномиметиктерге

3. Ганглиоблокаторларға

+4. М-холиномиметиктерге

5. М-холиноблокаторларға

71. Холинэстеразаға қарсы заттардың жанама әсерлері:

+1. Гиперсаливация, бронхоспазм

2. Бронхоспазм, тахикардия

3. Ішек атониясы, артериялық гипотензия

4. Миастения, миоз

5. Мидриаз, брадикардия

72. Фосфорорганикалық заттармен жедел уланғанда тағайындалады:

1. Н-холиномиметиктер, адреноблокаторлар

+2. М-холиноблокаторлар, холинэстераза реактиваторлары

3. М-, Н-холиноблокаторлар, симпатолитиктер

4. Ганглиоблокаторлар, миорелаксанттар

5. Симпатолитиктер, бета-адреномиметиктер

73. М-холиноблокатор:

1. Адреналин

2. Пилокарпин

+3. Атропин сульфаты

4. Пентамин

5. Ацеклидин

74. Платифиллин:

1. М-холиномиметик

+2. М-холиноблокатор

3. Тікелей әсерлі адреномиметик

4. Тікелей емес әсерлі адреномиметик

5. Симпатолитик

75. Бета-адренорецепторларды ынталандыратын заттарға жатады:

+1. Сальбутамол

2. Мезатон

3. Пропранолол

4. Нафтизин

5. Прозерин

76. Адреналин тағайындалады:

+1. Жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін

2. Жабық бұрышты глаукомада

3. Артериялық гипертензияда

4. Гипергликемиялық комада

5. Стенокардияда

77. Альфа-адреноблокаторлар қолданылады:

1. Артериялық гипотензияда

+2. Облитерациялық эндартериитте

3. Бронх демікпесінде

4. Тамырлық коллапста

5. Ашық бұрышты глаукомада

78. Пропранолол жатады:

1. Альфа- адреноблокаторларға

+2. Бета - адреноблокаторларға

3. М-холиноблокаторларға

4. М-холиномиметиктерге

5. Н – холиномиметиктерге

79. Бета-адреноблокаторлардың қолдануға көрсетулер:

+1. Артериялық гипертензия, стенокардия

2. Стенокардия, артериялық гипотензия

3. Бронх демікпесі, тахикардия

4. Брадиаритмия, глаукома

5.Тахиаритмия, бронхоспазм

80. Гиперсаливацияда қолданылатын зат:

1. Ацеклидин

+2. Атропин

3. Пилокарпин

4. Прозерин

5. Адреналин

81. Бета- адреноблокаторға жатады:

+1. Пропранолол

2. Норадреналин

3. Мезатон

4. Адреналин

5. Сальметерол

82. Резерпин жатады:

1. Альфа- адреноблокаторларға

2. Бета -адреноблокаторларға

+3. Симпатолитиктерге

4. М-холиноблокаторларға

5. Н-холиноблокаторларға

83. Тек альфа-2-адренорецепторларды ынталандыратын заттар:

  1. Изадрин
  2. Сальбутамол
  3. Атропин
  4. Добутамин

+5. Нафтизин

84. Альфа- адреноблокатор:

1. Пропранолол

2. Прозерин

3. Адреналин

+4. Празозин

5. Резерпин

85. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын анестетик:

+1. Лидокаин

2. Адреналин

3. Анестезин

4. Сальбутамол

5. Пропранолол

86. Анафилаксиялық шокта қолданылатын препарат:

1. Изадрин

+2. Адреналин

3. Фентоламин

4. Пропранолол

5. Нафтизин

87. Празозин жатады:

+1. Альфа адреноблокаторларға

2. Бета -адреноблокаторларға

3. Холинэстеразаға қарсы заттарға

4. Н-холиноблокаторларға

5. Миорелаксанттарға

88. Карведилол жатады:

+1. Альфа және бета-адреноблокаторларға

2. Альфа -адреноблокаторларға

3. Бета-адреноблокаторларға

4. М-холиномиметиктерге

5. Холинэстеразаға қарсы заттарға

89. Сульфаниламидті препараттармен үйлесетін жергілікті анестетиктер:

  1. Анестезин, лидокаин
  2. +Лидокаин, тримекаин
  3. Тримекаин, анестезин
  4. Бупивакаин, дикаин
  5. Новокаин, танин

90. Ішек және қуық атониясының алдын алу және емдеу үшін қолданылады:

  1. Атропин
  2. +Прозерин
  3. +Галантамин
  4. Гигроний
  5. Мезатон

91. М-холинорецепторларды ынталандыратын препараттар:

1. Ацеклидин, атропин

2. +Пилокарпин, ацеклидин

3. Пирензепин, галантамин

4. Платифиллин, прозерин

5. Атропин, пилокарпин

92. М-холиномиметиктерге жатады:

1. Цититон

+2. Ацеклидин

3. Атропин

4. Пентамин

+5. Пилокарпин

93. Холинэстеразаға қарсы әсері қайтымды заттар:

+1.Прозерин

2. Армин

3.Платифиллин

4. Мезатон

5. Атропин

94. Препаратты анықтау: каротидті синустағы Н-холинорецепторларды қоздыру арқылы тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандырады. Тынысты рефлекторлы ынталандыратын аналептик ретінде қолданылады:

1. Дитилин

+2. Цититон

3. Атропин

4. Платифиллин

5. Прозерин

95. Деполяризациялаушы миорелаксант:

1. Атропин

+2.Дитилин

3. Тубокурарин

4. Мезатон

5. Адреналин

96. Деполяризацияға қарсы әсер ететін миорелаксанттарға жатады:

  1. Дитилин, атропин
  2. +Атракурий, тубокурарин
  3. Тубокурарин, дитилин
  4. Пентамин, платифиллин
  5. Прозерин, пипекурония бромид

97. Басқарылатын гипотония үшін қолданылады:

1. Дитилин

2. Тубокурарин

3. Мезатон

+4. Гигроний

5. Атропин

98. Дитилиннің артық мөлшері енгізілгенде қолданылады:

+1. Жаңа цитратты қан

2. Холинэстеразаға қарсы заттар

3. Пентамин

4. Тубокурарин

5. Цититон

99. М-холиномиметик:

1. Прозерин

2. Цититон

3. Атропин

+4. Пилокарпин

5. Галантамин

100. Бронх демікпесінде қолданылатын М-холиноблокатор:

1. Ацеклидин

2. Прозерин

3. Пилокарпин

+4. Ипратропий бромиді

5. Пирензепин

101. Холинэстеразаға қарсы заттармен уланғанда қолданылатын заттар:

+1. М-холиноблокаторлар

2. М-холиномиметиктер

3. Н-холиноблокаторлар

4. Н-холиномиметиктер

5. Ганглиоблокаторлар

102. Сальбутамол жатады:

1. Симпатолитиктерге

+2. Бета-адреномиметиктерге

3. Альфа-адреноблокаторларға

4. Бета-адреноблокаторларға

5. Ганглиоблокаторларға

103. Өткізгіштік және инфильтрациялық анестезия үшін қолданылатын заттар:

1. Анестезин, новокаин

2. Дикаин, пиромекаин

3. +Лидокаин, бупивакаин

4. Бупивакаин, анестезин

5. Танин, лидокаин

104. Бета-2 адренорецепторларды ынталандыратын зат:

1. Норадреналин

+2. Сальбутамол

3. Мезатон

4. Нафтизин

5. Эфедрин

105. Аналептиктерге жатады:

1. +Кофеин, бемегрид

2. Бемегрид, морфин

3. Гигроний, диазепам

4. Цититон, промедол

5. Кордиамин, пирацетам

106. Тек терминалды анестезия үшін қолданылатын жергілікті анестетиктер:

1. Новокаин, пиромекаин

2. +Анестезин, дикаин

3. Лидокаин, бупивакаин

4. Дикаин, тримекаин

5. Бупивакаин, анестезин

107. Сорып алушы заттар:

1. Еменнің қабығы, анестезин

+2. Ақ балшық, тальк

3. Танин, қыша

4. Анестезин, ақ балшық

5. Тальк, пиромекаин

108. Афферентті иннервацияны тежейтін дәрілік заттардың топтары:

+1. Қаптаушы заттар

2. Холиноблокаторлық заттар

3. Адреноблокаторлық заттар

4. Симпатомиметикалық заттар

5. Тітіркендіргіш заттар

109. Уыттығы төмен жергілікті анестетиктер:

1. Дикаин

2. Тримекаин

3. Лидокаин

4. Пиромекаин

+5. Анестезин

110. Тітіркендіретін заттар:

1. Крахмал шырышы, танин

+2. Ментол, аммиак ерітіндісі

3. Емен қабығы, белсендендірілген көмір

4. Аммиак ерітіндісі, новокаин

5. Түймедақ гүлдері, емен қабығы

111. Аммиак ерітіндісі қолданылады:

1. Дерматитте, экземада жергілікті

+2. Тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандыру және есінен тану жағдайынан шығару үшін

3. Дезинфекциялық зат ретінде бөлмені өңдеу үшін

4. Іріңді жараларды өңдеу үшін жергілікті

5. Ауыз қуысының шырышты қабатын өңдеу үшін

112. Препаратты анықтау: алмастырылған амидтерге жатады, анестезияның барлық түрінде және қарыншалық аритмияда қолданылады:

1. Новокаин

2. Анестезин

+3. Лидокаин

4. Дикаин

5. Бупивакаин

113. Анестезинге тән әсерлер:

1. Анестезияның барлық түрінде қолданылады

+2. Тек терминалдық анестезияда қолданылады

3. Өткізгіштік анестезия үшін қолданылады

4. Суда жақсы ериді

5. Инфильтрациялық анестезия үшін қолданылады

114. Лидокаинге тән:

1. Тек терминалдық анестезияда тиімді

+2. Анестезияның барлық түрінде тиімді

3. Анестезиялық белсенділігі дикаинге қарағанда жоғары

4. Уыттығы жоғары

5. Артериялық қан қысымын жоғарылатады

115. Жергілікті анестетиктердің әсерін күшейтетін және ұзартатын фактор:

1. Қышқыл орта

2. Бейтарап орта

3. Сульфаниламидті препараттармен қосып енгізу

4. Анестетиктерді қолданған аймақта қабыну үрдісінің болуы

+5. Адреномиметиктерді қолдану

116. Новокаинге тән:

1. Уыттығы өте жоғары

+2. Уыттығы төмен

3. Беткейлік анестезияда тиімді

4. Анестезияның барлық түрлерінде тиімді

5. Әсері ұзақ

117. Бейорганикалық қармаушы зат:

+1. Висмут негізінің нитраты

2. Белсендірілген көмір

3. Ментол

4. Танин

5. Крахмал шырышы

118. Сорып алушы заттар:

1. Висмут негізінің нитраты, тальк

+2. Белсендірілген көмір, тальк

3. Ментол, қыша қағазы, аммиак ерітіндісі

4. Танин, емен қабығының қайнатпасы

5. Крахмал шырышы, алюминий гидрототығы

119. Тітіркендіргіш зат:

1. Танин

+2. Аммиак ертіндісі

3. Тальк

4. Крахмалдың шырышы

5. Белсендірілген көмір

120. Аса ұзақ әсер ететін анестетик:

1. Лидокаин

2. Тримекаин

+3. Бупивакаин

4. Новокаин

5. Дикаин

121. Холинэстеразаға қарсы зат:

1. Атропин

+2. Прозерин

3. Ацетилхолин

4. Адреналин

5. Пилокарпин

122. Атропиннің негізгі фармакологиялық әсерлері:

1. Миоз, көз ішілік қысымның төмендеуі

+2. Мидриаз, көз ішілік қысымның жоғарылауы

3. Гиперсаливация, тершеңдік

4. Бронх тонусының жоғарылауы, бронхоспазм

5. Асқазан-ішек жолы тонусының жоғарылауы, диарея

123. Ганглиоблокаторларға жатады:

  1. Ацеклидин, пропранолол
  2. Гигроний, атропин
  3. +Гигроний, пентамин
  4. Пентамин, адреналин
  5. Атропин, платифиллин

124. Айрықша бета-2 –адреномиметиктер:

  1. Нафтизин, мезатон
  2. Изадрин, метапролол
  3. +Салбутамол, тербуталин
  4. Сальметерол, изадрин
  5. Адреналин, добутамин

125. М-холиноблокаторлар:

  1. Салбутамол, мезатон
  2. Празозин, платифиллин
  3. +Ипратропиум бромиді, атропин
  4. Изадрин, ипротропия бромиді
  5. Танин, ақ балшық

126. Қармаушы заттар:

  1. Прозерин, атропин
  2. +Емен қабығы, танин
  3. Ақ балшық, ментол
  4. Танин, қыша
  5. Аммиак ерітіндісі, атропин

127. М- холиномиметиктерді қолдануға көрсетулері:

1. Миастения

+2. Глаукома

3. Бүйрек шаншуы

4. Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы

5. Ішек және қуық түйілуі

128. Холинэстеразаға қарсы заттарды қолдануға көрсетілулер:

1. Іш өтуі

2. Бронх демікпесі

+3. Ішек пен қуықтың атониясы

+4. М-холиноблокаторлармен улану

5. Бронхоспазм

129. Атропиннің жанама әсерлері:

+1. Ауыз қуысының, терінің құрғауы

+2. Аккомодация спазмы

3. Брадикардия

4. Ішек перистальтикасы жоғарылауы

5. Гиперсаливация

130. М-холиномиметиктерге тән әсерлер:

+1. Қарашықтың тарылуы және көз ішінің қысымы төмендеуі

2. Бронх және ас қорыту бездерінің секрециясы тежелуі

+3. Ішек, қуық тонусы жоғарылауы

4. Импульстің нерв-бұлшықеттік берілуі жеңілдеуі

5. Тахикардия

131. Айрықша бета 1-адреноблокаторға (кардиоселективті) жатады:

  1. +Атенолол, метопролол
  2. Адреналин, мезатон
  3. Сальбутамол, добутамин
  4. Мезатон, адреналин
  5. Метопролол, изадрин

132. Бета-адреноблокаторлардың жанама әсері:

  1. Артериалық гипертензия, тахикардия
  2. +Бронхоспазм, брадикардия
  3. Тахикардия, бронхоспазм
  4. Гиперсаливация, миоз
  5. Мидриаз, гипосаливация

133. Адреналиннің жүрек-қан тамыр жүйесіне тигізетін әсерлері:

1. Жүректің жиырылу күшін және жиілігін төмендетеді

2. Жүректің минуттық және соғу көлемін төмендетеді

+3. Систолалық және орташа артериялық қысымды жоғарылатады

+4. Әдетте артериялық қысымның жоғарылауы шамалы төмендеумен орын ауысады

5. Миокардтың оттегіне қажеттілігі төмендейді

134. Бета-адреноблокаторлардың тән әсер:

+1. Жүректің жиырылу күшін және жиілігін төмендетеді

2. Миокардтың оттегіне қажеттілігін жоғарылатады

3. Рениннің өндірілуін жоғарылатады

4. Бронхтардың тонусын төмендетеді

5. Артериялық қысымды жоғарылатады

135. Н-холиномиметиктердің негізгі әсері:

1. Қарашықты кеңейтеді

2. Артериялық қысымды төмендетеді

3. Бронхтарды босаңсытады

4. Асқазан-ішек жолының (АІЖ) тегіс салалы бұлшықетін босаңсытады

+5. Тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандырады

136. Тубокураринді жоғары дозада енгізілгенде қолданылады:

1. Ацетилхолин

+2. Прозерин

3. Цититон

4. Платифиллин

5. Жаңа цитратты қан

137. Ганглиоблокаторлар:

1. +Гигроний, пентамин

2. Тубокурарин, адреналин

3. Ацетилхолин, цититон

4. Гигроний, прозерин

5. Дитилин, ипротропий бромиді

138. М-холиномиметиктер көзге әсерінің нәтижесінде дамиды:

1. Қарашықтың кеңеюі

+2. Көз ішінің қысымы төмендеуі

3. Аккомодация салдануы

4. Көз анық көретін алыстағы нүктеге тоқталады

5. Көз ішінің қысымы жоғарылауы

139. М-холиномиметиктерді қолдануға көрсету:

1. Миастения

2. Гиперсаливация

3. Бүйрек шаншуы

+4. Ішек және қуық атониясы

5. Бронх демікпесі

140. Салданулар және парезде қолданылады:

1. Платифиллин, армин

2. Ацетилхолин, атропин

+3. Галантамин, прозерин

4. Атропин, галантамин

5. Прозерин, адреналин

141. М-холиноблокаторларға жатады:

+1. Атропин, платифиллин

2. Ипратропий бромиді. прозерин

3. Платифиллин, мезатон

4. Гигроний, адреналин

5. Пилокарпин, мезатон

142. М- холиноблокаторларға тән әсер:

1. Брадикардия

2. Бронх және ас қорыту бездерінің секрециясы жоғарылауы

3. Ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшық еттерінің тонусы жоғарылауы

+4. Қарашықтың кеңеюі, көз ішінің қысымы жоғарылауы

5. Сілекей бездерінің секрециясы жоғарылауы

143. Атропиннің қолдануға көрсетілуі:

+1. Сілекей бездерінің гипосекрециясы

+2. Гипоацидті гастрит

+3. Асқазан мен 12- ішектің ойық жара аурулары

4. Ішек атониясы

5. Тахикардия

144. Ипратропиум бромиді қолданылады:

+1. Бронхоспазмның алдын алу үшін

2. Наркоз кезінде жүректің рефлекторлы тоқтауының алдын алу үшін

3. Ішек және қуық атониясында

4. Тахикардияда

5. Асқазан мен 12-елі ішектің ойық жара ауруларында

145. Гигроний жатады:

1. М-холиномиметиктерге

2. М-холиноблокаторларға

3. Холинэстеразаға қарсы заттарға

+4. Ганглиоблокаторларға

5. Миорелаксанттарға

146. Тыныс алу орталығын рефлекторлы ынталандыратын зат:

1. +Цититон

2. Норадреналин

3. Резерпин

4. Этил спирті

5. Кофеин


Дата добавления: 2015-10-16; просмотров: 504 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глава XXX| Глаукоманы емдеу үшін қолданылатын заттар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.156 сек.)