Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТТР теңдеуіндегі коэффициенттер электрондық және электронды-иондық баланс арқылы анықталады.

Читайте также:
  1. GPON негіздік маманданым және өзгешеліктері
  2. Азақстан суырлары олардың биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
  3. Анализ бухгалтерского баланса. Разработка аналитического баланса. Вертикальный и горизонтальный анализ. Анализ активов организации и источников их формирования.
  4. Анализ состава и структуры пассива баланса
  5. Анализ удовлетворительности структуры баланса ООО Строительная Компания «СтройИнжиниринг»
  6. Анамнез жинауды және пациентті объективті тексеруді бағалау критерийлері
  7. Аралық топ арқылы табу

Электродтық потенциалдардың пайда болуы электрондардың тасымалдануына байланысты болып келеді.

Егер металл суға салынатын болса, металдың иондары еріткіштің полюсті молекулаларының әсерінен ерітіндіге ауысады. Металдың беткейі теріс зарядталады, себебі онда электрондардың артық мөлшері пайда болады, ал металдың беткейіне жақын орналасқан су қабаты катиондардың жиналуына байланысты оң зарядталады. Сол себепті металл-су бөліну шекарасында қос электр қабаты түзіліп, потенциалдар айырмасы пайда болады.

Пайда болған потенциалдар айырмасы иондардың металдан ерітіндіге немесе ерітіндіден металға ауысуын шектейді. Сол себепті белгілі бір концентрациялы өз тұзының ерітіндісіне салынған металға белгілі бір потенциал шамасы сәйкес келеді. Өз тұзының ерітіндісіне салынған металл мен ерітіндінің арасында пайда болатын потенциалдар

айырмасы электродтық потенциал деп аталады. Оның шамасы Нернст теңдеуі бойынша есептеледі:

 

0,059

Е = Е0 + ---------- lgС

n

Е – металдың электродтық потенциалы, В

Е0 – металдың стандартты электродтық потенциалы, В

n - тасымалданған электрондардың саны

С – ерітіндідегі металл иондарының концентрациясы, моль⁄л

Концентрациясы 1 моль⁄л өз тұзының ерітіндісіне салынған металдың 250 С температурада өлшенген электродтық потенциалын стандартты электродтық потенциал деп атайды. Яғни С = 1 моль/л болса, Е = Е0.

Оны анықтау үшін концентрациясы 1 моль/л өз тұзының ерітіндісіне салынған металдан және потенциалы шартты түрде ноль деп есептелетін, стандартты салыстыру электродынан гальваникалық элемент құрастырылады. Осындай гальваникалық элементтің 250 С температурада анықталатын электр қозғалыс күші (ЭҚК) металдың стандартты электродтық потенциалы болып есептеледі. Стандартты салыстыру электродының мысалына қалыпты сутектік электрод жатады.

Егер иондардың жоғары тотығу дәрежесінен төменгі тотығу дәрежесіне ауысуына сәйкес келетін стандартты тотықтырғыш немесе тотығу-тотықсыздану потенциалын өлшеу қажет болса, дәл осылай анықталады, яғни әртүрлі тотығу-тотықсыздану жұптары стандартты жұппен жалғастырылып, гальваникалық элемент жасалады, бірақ тотығу-тотықсыздану жүйесіндегі барлық компоненттердің белсенділігі немесе концентрациясы 1 моль/л болу керек. Осындай галваникалық элементтің 250С температурада анықталған стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалының көмегімен кез-келген жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалы түрленген Нернст теңдеуі бойынша есептеледі:

 

0,059 [тотыққан форма]

Е = Е0 + --------- lg ----------------------------------

n [тотықсызданған форма]

 

Е – тотығу-тотықсыздану потенциалы, В

Е0 – стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы, В

n – тасымалданған электрондар саны

[тотыққан форма] - тотыққан форманың концентрациясы

[тотықсызданған форма] – тотықсызданған форманың концентрациясы

Нернст теңдеуі тотығу-тотықсыздану потенциалы мен тотыққан және тотықсызданған формалардың концентрацияларының арасындағы байланысты сипаттайды.

Кез-келген гальваникалық элемент әрқайсысы тотығу-тотықсыздану жұбы болып табылатын екі жарты элементтен немесе екі жарты жұптан құралады

 

1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының аналитикалық химиядағы сапалық талдауда пайдаланылуы. Күшті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.


Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 414 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ышқылдың иондану константасы| Тотығу – тотықсыздану потенциал шамасына әсер ететін факторлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)