Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ысылған жарақтар 46

 

?17 жастағы оқушы доп ойнап жүріп кенеттен оң жақ шап аймағындағы қатты ауру сезіміне шағынданды. Анамнез жинау барысында белгілі болғаны, оң жақ шап жарығының барлығы және бұған дейін бірнеше рет қысылғанды анықталды. Науқас өз бетімен ішке енгізуге әрекет жасаған болатын, нәтижесіз. Сіз емдеу әдісін анықтаңыз:

* 2-3 сағаттан кейін ішке енгізіп көреміз

* спазмолитиктер салып, сол аймаққа жылу басамыз

* антибиотики и строгий постельный режим

* + шұғыл операция.

* жатқызып және тұрғызып іш қуысына жалпы рентгеноскопия жасаймыз

 

? Іштің ақ сызығының жарығында эзофагогастродуоденоскопия не үшін жасалады:

* жарық қабындағы ағзаны анықтау үшін

* жарық қақпасының көлемін анықтау үшін

* ішастар алды май мен дифференциация жасау мақсатында

*+ асқазанның қосалқы ауруларын табу үшін.

*бұл зерттеу артық

 

? Іш жарықтарының қысылуындағы алғашқы белгілер:

1 лоқсу және құсу

*ішке енбейтін жарық

*+жарықтың тығыздануы және қатты ауру сезімінің пайда болуы.

* аурудың кенеттен басталуы

* дене қызуының жоғарылауы

 

? Рихтер қысылуы дегеніміз не?

* ұлтабардың ащы ішекке жалғасатын бөлігінің қысылуы

* бұралған сигма тәрізді ішектің қысылуы

* көкет жарығына асқазанның қысылуы

* +ішек қабырғасының қысылуы.

* Меккел дивертикулінің қысылуы

 

? Перитонит клиникасы дамыған қысылған жарықтың өз бетімен іш қуысына ену барысындағы емдеу тактикасы:

*жоспарлы операция жасау мақсатында үйіне жіберу

*+шұғыл операция жасау керек.

* амбулаториялық ем тағайындау керек

* анальгетиктер тағайындау керек, операцияның керегі жоқ

* барлығы дұрыс емес

 

? Сан жарығы кімдерде жиі кездеседі:

* ерлерде

*+ әйелдерде.

*балдарда

* қарияларда

* жынысы мен жасында маңыз жоқ

 

? Ең жиі кездесетін жарық:

*кіндік жарығы

*+қиғаш шап жарығы.

* сан жарығы

*іштің ақ сызығының жарығы

* тік шап жарығы

 

? Іштің ақ сызық жарығының даму себебі:

* асқазан бұзылыстары

* ақ сызық бойымен қан тамырларымен нервтің жүруі

* +ақ сызықтағы ақау.

* тері асты май қабатының жақсы дамуы

* асцит

 

? Туа біткен шап жарығының қабы неден түзіледі:

* париеталды ішастар

* ішек шажырқайынан

* +ішастардың қынап өсіндісінен.

* висцералдық ішастардан

* көлденең шандыр

 

? Шап каналының қандай қабырғасының әлсіздігінен тік шап жарығы дамиды?

* +артқы.

* үстіңгі

* алдыңғы

* төменгі

* барлық қабырғасы

 

? Қысылған сан жарығын немен дифференция жасау керек:

* +қысылған шап жарығымен.

* варикоцелемен

* аталық без шемені

* туберкулез іріңдігімен

* липомамен

 

? Шап- ұма жарығын аталық без шеменімен ажырату барысында істеуге болмайды.

* +пункция.

* аускультация

* перкуссия

* трансиллюминация

* пальпация

 

? Қысылғанына ұзақ уақыт болған шап жарығында қолданылатын іс шара?

* жылы былау (ванна)

* жарықты ішке енгізу әрекеті

* +шұғыл операция.

* жарықты ішке енгізу мақсатында спазмолитиктер салу

* жарықты ішке енгізу мақсатында анальгетиктер салу

 

? Не себептен қысылған жарыққа шұғыл түрде операция жасалу керек?

* ауру сезімін байланысты

* қайталаған қысылған жарық

* +жарық қабындағы қысылған ағзалардың өлеттенуіне байланысты.

*жарықтың ену мүмкіндігіне байланысты

* диагностикалық қиындыққа байланысты

 

? Ауруханаға рихтер қысылуымен науқас келіп түсті.Сіздің тактикаңыз?

* нақты дигноз қойылғанша бақылаймыз

* консервативті ем

* енгізілген жарық

* операция болмаған жағдайда, 6 сағатқа дейін науқас жағдайын бақылау

* +шұғыл операция.

 

? Жылжымалы жарықтың белгілері?

* қатты ауру сезімі

* керілген ішек симптомы

* жарық құрамының болуы

* +интраперитонельды орналасқан ағзаның жарық қабын түзуге қатысуы.

* айтылғандардың ешқайсысы емес

 

? Операциядан кейінгі жарықтардың пайда болуына әкелетін жәйттар?

* +жараның іріңдеуі.

* операциядан кейінгі кезеңдегі ішектің салдануы

* іш қатпа

* іш бұлшықеттерінің нервтенуінің бұзылыстары

* операциядан кейін төсектен ерте тұрып кету

 

? Науқаста жедел миокард инфаргы және қысылған жарық анықталды.Сіздің іс әрекетіңіз?

* жағдайын бақылау, ішіне салқын қоямыз

* жарықты қалпына келтіру

* құрсау(бандаж) салу

* көктамыр ішіне спазмолитиктер енгіземіз

* +жүректің қарқынды терапиясымен байланыстырып шұғыл операцияға алу керек.

 

? Жылжымалы жарықтың негізігі белгілерін анықтаңыз:

* іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозымен бұлшықетінің арасынан өтеді

* туа пайда болған жарық болып табылады

* сыртқы шап каналының шығатын жерінен санға түсуі

* +жарық қабының бір қабырғасы іш қуысы ағзалары болып табылады.

* бәрі дұрыс емес

 

? Өздігінен енетін қысылған жарық кезіндегі шұғыл операциялық жағдайға көрсеткіш болып табылады?

* жарық қабының шығуы

* +перитонеальді белгілердің пайда болуы.

* температураның көтерілуі

* дизуриялық жағдайлар

* айтылғандардың ешқайсысы емес

 

? Науқас, 60 жаста, қуық асты безі аденомасы бар, тік шап жарығы анықталды. Қалдық зәр – 100мл. Сіздің ұсыныстарыңыз
* жарық тілу операциясына бағыттау

* +аденомэктомиядан кейін жарық тілуді ұсыну.

* тек консервативтік ем

* жарықты тіліп, кейін аденомэктомия ұсыну

* барлық жауап дұрыс

 

? Қабылдау бөліміне қысылған шап жарығы бар науқасты қараған кезінде, жарық құрамының өздігінен енуі болды, қысылу уақыты – 2 сағат. Сіздің емдеу тактикаңыз..

* +науқасты стационар жағдайында бақылау.

* шұғыл жарықты тілу

* науқасты үйге жіберуге болады

* ішек ревизиясымен лапаротомия және жарықты тілу

 

? Операциядан кейінгі вентральді жарыққа не тән емес?
* жиі қайтадан енбеуі

* кең жарық қақпасы

* жарық қақпасының тығыз жиектері
* +қысылуға бейімділік.
* ұлғаюға бейімділіктің болмауы

 

? Келесі белгілер жарық қысылуына тән, біреуінен басқасы. Қайсысы тән емес:

* жарықтық томпаю аймағындағы айқын ауру сезімі

* аурудың кенеттен басталуы

* ішек түйілу симптомдары

* +іш қуысына оңай енуі.

* іш қуысына енуінің болмауы

 

? Даму механизмі бойынша қысылу түрлері:

* ретроградты

* қабырғалық

* +эластикалық.

* рихтер

* сырғымалы.

 

? Іш қабырғасының жарығының қысылуының ерте белгісі:

* +жарықтың қайта енбеуі.

* лейкоцитоз

* жарықтық томпаю

* дене қызуының жоғарлауы

* жарық аймағындағы гиперемия

 

? Жақын арада миокард инфарктісі болған, қысылған жарығы бар науқасты емдеу тактикасы.

* жарыққа көңіл бөлмей, кардиальді терапия жүргізу

* спазмолитик және анальгетиктер тағайындау

* жарықты қайта ендіру

*+ кардиальді терапия фонында шұғыл операция.

* наркотиктерді тағайындау

 

? Қысылған шап жарығының көріністері:

*+ жедел ішек түйілуі.

* жедел тыныс жетіспеушілігі

* жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі

* жедел бауыр жетіспеушілігі

* полиорганды жетіспеушілік

 

? Қысылған шап-ұмалық жарық қандай болып келеді?

* тік

* +қиғаш.

* сырғымалы

* рецидивті

* жүре пайда болған

 

? Қысылған шап-ұмалық жарықтарды қай аурулардан ажырата білу керек?

* сан липомасы

* +аталық бездің шемені.

* шап лимфадениті

* сан жарығы

* туберкулезді іріңдік

 

? Іштің ақ сызығының жарықтары кезінде не жиі қысылады?

* асқазан

* аш ішек

* тоқ ішек

*+ ішастар алдылық май.

* өт қабы

 

? Енгізілмейтін жарығы бар науқаста 2 сағат бұрын жарықтық томпаюдың айқын ауру сезімі және керулуі пайда болды. Не істеу керек?

* +шұғыл хирургияға жеткізу.

* спазмолитиктер енгізу

* іш қуысына қайта енгізу

* бандажды шешіп, динамикалық бақылау

* жарыққа жылы грелка басу

 

? Енгізілмейтін және қысылған шап жарығының дифференциальді диагностика үшін маңызды симптом:

* +жарықтың айқын ауру сезімі және керіліп тұруы.

* жарық қайта енбейді

* жарық құрамы ұмада

* жүрек айнуы және құсу

* дене қызуының жоғарлауы

 

? Қиғаш шап жарығына тән емес симптом:

* жарықтық томпаюдың пішіні сопақ

* жарық құрамы ұмаға түсуі мүмкін

* жарық туа біткен болуы мүмкін

* жарық екі жақты болуы мүмкін

* +жарық қабының қабырғасы ішастармен толық емес қапталған ағза болуы мүмкін.

 

? Іштің ақ сызығының кіндіктен жоғары орналасуының себебі:

* қан айналым және иннервация ерекшеліктері

* алдыңғы іш қабырғасының бұлшықет апоневроздары мен көлденең шандыр кіндіктен жоғары тік бұлшықеттердің футлярын түзіп, екеуін бөліп тұрады

*+іштің ақ сызығының дефекттерінің болуы.

* іш қуысының жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі қысымның әр түрлі болуы

* тік бұлшықеттердің анатомиялық әлсіздігі

 

? Жарық қысылуына тән емес:

* кенеттен басталуы

* жарықтық томпаю аймағындағы айқын ауру сезімі

* +«жөтелдік түрткі».

* ішек түйілу симптомдары

* іш қуысына қайта енбеуі

 

? Қысылған жарықтың өздігімен қайта енген кезіндегі тактика:

* +хирургиялық стационарға шұғыл госпитализация.

* ауру сезімі болмаса, емханаға жіберу

* ауру сезімі болса – ауру сезімін жою, спазмолитиктер, 2 сағаттан кейін қайта қарау

* ауру сезімі болса – ауру сезімін жою, спазмолитиктер, хирургиялық стационарға жатқызу

* амбулаторлы емдеу

 

? Жарық қысылуының ең анық ерте белгісі:
* +жарықтағы керілу және ауру сезімі.
* жарықтың қайта енбеуі
* «жөтел түрткісі» симптомының оң болуы
* жарықтық томпаюдың болуы және оның ауырсынуы
* жарықтық томпаю үстіндегі терінің керілуі, тіндердің ісінуі.

 

? Жарық асқынуларының өмірге ең қауіптісі:
* эвентрация
* қайта енбеуі
* жарақат
* копростаз
* +қысылу.

 

 

? Қабырғалық(рихтер) қысылуын анықтауға ең маңызды симптом:
* іш қату
* ішектің механикалық түйілу симптомдары
* газ шығып тұрған кезде, үлкен дәреттің болмауы
* +ішектің механикалық түйілу белгілері жоқ.

* жүрек айну және құсу

 

? Жарық қысылуының ерте белгілері:
* жүрек айну, құсу, жарық ауырсынуы
* жүрек айну, құсу,жарықтың қайта енбеуі
* жүрек айну, құсу, ішек түйілуі
* дене қызуының жоғарлауы, қысылу аймағындағы тері гиперемиясі
* +жарық ауырсынуы, ішке қайта енбеуі + жарықтық томпаюдың керіліп тұруы.

 

? Келесі симптомдар жарық қысылуына тән, біреуінен басқасы:

* жарықтық томпаю аймағындағы айқын ауру сезімі

* аурудың кенеттен басталуы

* ішек түйілу симптомдары

*+іш қуысына оңай қайта енуі.

* іш қуысына қайта ену мүмкіндігінің кенеттен жоғалуы

 

? Алдыңғы іш қабырға жарықтары мен эвентрацияны ажырату үшін маңызды белгілер:

* Іш қабырғасының бұлшықет-апоневроздық құрылымындағы туа біткен және жүре пайда болған ақаудың болуы

* жарық қақпасынан тек жарық қабының шығып тұруы

* +жарық қақпасы, жарық қабы және жарық құрамының болуы.

* эвентрация тек кәрі адамдарда пайда болады

* жарық құрамында тек ішек ілмектері болады

 

? Көп сағат қысылған жарықты күшпен қайта енгізген кезде, қандай нәтиже болуының ықтималдығы аз:

* ішек жарылуы разрыв кишки

* перитонит дамуы

* жалған қайта ену

* шажырқай жарылуы, қансырау

* +қысылудың жойылуы, сауығу.

 

? Қысылған сан жарығы мен жедел лимфаденитті ажырату мүмкіндігі болмаса, не істеу керек?

* 12 сағат бойы консервативті ем, ауру сезімі басылмаса -- операция

* 24 сағат бойы консервативті ем(антибиотикотерапия), ауру сезімі басылмаса, операция

* +шұғыл операция.

* жедел операция срочная операция

* жоспарлы операция

 

? Қысылған жарық кезінде жедел ішек түйілу симптомдары сақталып, ауру сезімі басылса, не ойлауға тиіспіз?

* ауруға бейімделу

* сауығу

* қысылудың қайта енбеуге айналуы

* копростаз

* +ішек некрозы.

 

 


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 245 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Іш жарақаты 176 1 страница | Іш жарақаты 176 2 страница | Іш жарақаты 176 3 страница | Іш жарақаты 176 4 страница | Іш жарақаты 176 5 страница | Жарықтар 134 | АІЖ қан кету 120 | Мезентериалды қанайналымның жедел бұзылыстары 95 | Жедел панкреатит 200 | Жедел холецистит. 146 |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ішектің жедел түйілуі 46| Іштің жабық жарақаттары 46

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)